Bestprofi Logo

Жарлық № 1443 от 2004-09-17г./Қазақстан Республикасының Президенті

Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі N 1443 Жарлығы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiне сәйкес қаулы етемін:

1. Қоса берiлiп отырған Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасау және ұсыну ережесi бекiтiлсiн.

2. Осы Жарлық 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 17 қыркүйектегi N 1443 Жарлығымен Бекітілген

Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасау және ұсыну Ережесі

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi әрi есептi кезеңде республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасау және ұсыну тәртiбiн анықтайды.

2. Түсiмдердiң және қаржыландыру жиынтық жоспарының, мiндеттемелер бойынша қаржыландыру жиынтық жоспарының атқарылуы туралы есептердiң деректерi есептi кезеңде республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасау үшiн негiз болып табылады.

3. Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есеп есептi кезеңде жүргiзiлген республикалық бюджеттiң түсiмдерi және шығыстарын қаржыландыру жөнiндегi барлық операцияларды көрсетедi.

4. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептi Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне және осы Ережеде белгiленген талаптарға сәйкес бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жасайды.

5. Есептi кезеңде республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi қалыптастыру Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде айқындалған бюджет құрылымы бойынша кассалық негiзде, мың теңгемен жүзеге асырылады.

6. Мерзiмдiлiгi бойынша республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептер мерзiмдiлiгi бойынша ай сайын және қаржы жылының қорытындысы бойынша жасалады.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание