Toggle Dropdown
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 24 қарашадағы N 329 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 12 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3348
Редакция 29.03.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енеді.
3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын және оны қабылдауға байланысты өзге де шараларды қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру брокерлеріне жіберсін.
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау жөніндегі
агенттігі Басқармасының
2004 жылғы 27 қарашадағы
N 329 қаулысымен бекітілген
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және
сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесі
1. Осы Ереже "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары (бұдан әрі - сақтандыру ұйымдары) және сақтандыру брокерлері ұсынатын есептің тізбесін, нысандарын, мерзімдері мен тәртібін белгілейді.
2. Есепті Қазақстан Республикасының аумағында, барлық өзінің филиалдары және/немесе өкілеттіктері бойынша деректерді қоса отырып, сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясы бар барлық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокерлері уәкілетті мемлекеттік органға ұсынады.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мынадай кезеңдікте және мына нысандар бойынша есептілікті береді:
1) есептік айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақытымен 18.00 сағаттан кешіктірмей, ай сайын (2010 жылғы 31 желтоқсаннан бастап - айдың есептік он күндігінен кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақытымен 18.00 сағаттан кешіктірмей, әр он күндік сайын):
осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес ақша қалдығы туралы есепті;
осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес орналастырылған салымдар туралы есепті;
осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес бағалы қағаздар туралы есепті;
осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес "кері РЕПО", "РЕПО" операциялары туралы есепті;
осы Ереженің 4-1 қосымшасына сәйкес қайта сақтандырушылардан алынуға тиіс сомалар, сақтанушылар (қайта сақтанушылардан) және делдалдардан алынуға тиіс сақтандыру сыйлықақылары туралы есепті;
осы Ереженің 4-2 қосымшасына сәйкес ұлттық және шетел валютасындағы активтер мен міндеттемелердің мерзімін салыстыру кестесін;
осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес сақтанушыларға берілген заемдар (жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін) туралы есепті;
осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есепті;
осы Ереженің 7-1 қосымшасына сәйкес инвестициялық мүлік және негізгі қаражаттар туралы есепті;
осы Ереженің 8-қосымшасына сәйкес сақтандыру резервтері (жалпы сақтандыру) туралы есепті;
осы Ереженің 9-қосымшасына сәйкес сақтандыру резервтері (өмірді сақтандыру) туралы есепті;
осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес алынған заемдар туралы есепті;
осы Ереженің 12-қосымшасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлері туралы мәліметтерді;
осы Ереженің 13-қосымшасына сәйкес сақтандыру сыйлықақылары туралы есепті;
осы Ереженің 13-2-қосымшасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларымен жасалған сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша ақпаратты;
осы Ереженің 13-3-қосымшасына сәйкес екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың қатысуымен (банктік сақтандыру) жасалған сақтандыру шарттары бойынша ақпаратты;
осы Ереженің 14-қосымшасына сәйкес сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы түріндегі кірістер мен шығыстар туралы есепті;
осы Ереженің 16-қосымшасына сәйкес сақтандыру төлемдері туралы есепті;
осы Ереженің 17-қосымшасына сәйкес сақтандыру резервтерінің (жалпы сақтандыру) өзгеруі туралы есепті;
осы Ереженің 18-қосымшасына сәйкес сақтандыру резервтерінің (өмірді сақтандыру) өзгеруі туралы есепті;
осы Ереженің 23-қосымшасына сәйкес міндеттемелердің ауқымы бойынша есепті;
осы Ереженің 24-қосымшасына сәйкес қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақылары туралы есепті;
осы Ереженің 25-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы резидент еместерімен сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау бойынша есепті;
2) есептік айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақытымен 18.00 сағатта кешіктірмей, тоқсан сайын:
осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес басқа дебиторлық берешек туралы есепті;
осы Ереженің 11-қосымшасына сәйкес басқа кредиторлық берешек туралы есепті;
осы Ереженің 13-1 қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары туралы есепті;
осы Ереженің 15-қосымшасына сәйкес инвестициялық қызметтен түсетін басқа кірістер туралы есепті;
осы Ереженің 16-1 қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша сақтандыру шарттарымен жүзеге асырылған сақтандыру төлемдері туралы есепті;
осы Ереженің 19-қосымшасына сәйкес жалпы және әкімшілік шығыстар туралы есепті;
осы Ереженің 20-қосымшасына сәйкес басқа шығыстар туралы есепті;