• Мое избранное
Қазақстан Республикасында Орман экологиялық жүйесі мониторингін жүргізудің құрылымы, мазмұны және тәртібі туралы ережені бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 17.02.2004 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасында Орман экологиялық жүйесi мониторингiн жүргiзудiң құрылымы, мазмұны және тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 19 қазан 1993 ж. N 1030

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасының Орман кодексiн күшiне енгiзу тәртiбi туралы" 1993 жылғы 23 қаңтардағы N 1925-ХII қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
1. Қазақстан Республикасында орман экологиялық жүйесi мониторингiн жүргiзудiң құрылымы, мазмұны және тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн. 
Орман экологиялық жүйесi мониторингiн жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды орман шаруашылығын басқарудың мемлекеттiк органдары жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi орман шаруашылығын жүргiзуге бөлген қаражат шегiндегi республикалық бюджеттiң есебiнен қаржыландырылады деп белгiленсiн. 
2. Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң Орман шаруашылығы комитетi: 
орман қорының жай-күйiндегi өзгерiстердi дер кезiнде анықтау, оларды бағалау, орманға антропогендiк және басқа экологиялық факторлардың қолайсыз әсер етуiнiң алдын алу және оның салдарын жою үшiн орман экологиялық жүйесiнiң мониторингiн жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруға 1994 жылдан бастап кiрiсетiн болсын; 
Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен келiсе отырып, орман экологиялық жүйесi мониторингi бойынша статистикалық есеп берудiң нысандарын айқындасын. 
3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi бас басқарма, Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi, айналадағы ортаның мониторингiмен шұғылданатын басқа 
да министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволар орман 
экологиялық жүйесi мониторингiн жүргiзуге қажеттi ақпаратты Орман
экологиялық жүйесi мониторингiнiң республикалық орталығына қайтарып
алынбайтын негiзде бередi деп белгiленсiн.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi
                                      Қазақстан Республикасы     
                                      Министрлер Кабинетiнiң
                                      1993 жылғы 19 қазандағы
                                        N 1030 қаулысымен
                                           Бекiтiлген
           Қазақстан Республикасында орман экологиялық жүйесi
             мониторингiн жүргiзудiң құрылымы, мазмұны және
                           тәртiбi туралы
                               ЕРЕЖЕ
1. Орман мониторингi дегенiмiз ормандарды ұдайы кешендi байқау, бағалау, бақылау және олардың жай-күйiн болжау жүйесi болып табылады. Бұл жұмыс орман қоры жөнiнде ұдайы жаңарып отыратын ақпарат алу үшiн жүргiзiледi, соның негiзiнде орман ресурстарын көп жақты мақсатта пайдалану жөнiнде шешiм қабылданады, табиғи және антропогендiк факторлар әсерiнен орман экологиялық жүйесi жай-күйiнiң өзгеру болжамы берiледi. 
2. Орман экологиялық жүйесi мониторингi қызметiн Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқару мемлекеттiк органы құрады, ол Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң орман шаруашылығын жүргiзуге бөлiнген қаражаты шегiнде республикалық бюджеттiң есебiнен қаржыландырылады. Орман экологиялық жүйесiнiң мониторинг қызметi Орман экологиялық жүйесiнiң республикалық мониторинг орталығын және мониторингтiң аймақтық орталықтар жүйесiн қамтиды. 
3. Орман экологиялық жүйесiнiң республикалық мониторинг орталығы: 
орман қоры туралы статистикалық және картографиялық деректер түзедi және жүргiзедi; 
аэроғарыштық және жер бетiндегi ақпаратты өңдеуге, орман қоры картасын жасауға, деректер банкiсiнiң белгiлi бiр бөлiгiнiң маңызын арттыруға, статистикалық есеп берудiң белгiленген нысандарын беруге арналған бағдарламаны әзiрлейдi, иеленедi; 
ормандарды өрттен сақтау, шыбын-шiркей зиянкестерден қорғау, ормандардың өнеркәсiптiң ластауынан болатын бүлiнуiн байқау, сирек кездесетiн және жойыла бастаған орман өсiмдiктерiнiң жай-күйi мен саны жөнiндегi ақпаратты жинаумен, өңдеумен, талдаумен және оны берумен шұғылданады; 
орманды пайдалану және ормандарды қалпына келтiру тәртiбiн бақылауды, антропогендiк ықпалынан және басқа факторлардан орман қорының ағымдағы өзгерiстерiн есептеудi жүзеге асырады, орман қоры туралы дерек банкiндегi картографиялық және статистикалық ақпараттың маңызын арттыру үшiн тәжiрибелер жүргiзудi жоспарлайды; 
аймақтық орталықтарды орман экологиялық жүйесiнiң аймақтық мониторингiн жүргiзу үшiн қажеттi аэроғарыштық, метеорологиялық және басқа ақпаратпен жабдықтайды. 
4. Орман экологиялық жүйесiнiң аймақтық мониторинг орталықтары жекелеген аймақ немесе аумақ шегiндегi мониторингiнi жүзеге асырады және ұйымдық жағынан Орман жүйесi мониторингiнiң республикалық орталығының құрамына енедi. Қажет жағдайда бұлар улағыш заттардың көзi болып табылатын кәсiпорындар орналасқан аудандарда, сондай-ақ басқа да антропогендiк қолайсыз факторлар әсер ететiн жерлерде ормандарды жергiлiктi мониторингтеу жөнiнде жұмыстар жүргiзедi. 
Аймақтық орталықтардың орман шаруашылық кәсiпорындар мен орман қорғау қызметi қызметкерлерi бiрлесе жұмыс iстейтiн өзiнiң ақпаратты өңдеу орталықтары мен жинаушы топтары бар. Олар талдап қорытқан ақпараттар одан әрi жинақтап, талдау үшiн оқтын-оқтын Орман экологиялық жүйесi мониторингiнiң республикалық орталығына жiберiлiп отырады. 
5. Орман экологиялық жүйесi мониторингiн жүргiзудiң тәртiбi: 
а/ ауаның, топырақтың, судың ластануы туралы метеомәлiмет, ақпарат, ормандарды жер бетiнде зерттеудiң нәтижелерiн орман қоры шекарасындағы өзгерiстердiң мәлiметiн, аэроғарыштық ақпаратты және басқаларды алуды; 
б/ аэроғарыштық суреттердi өңдеудi, талдауды, алынған ақпаратты статистикалық және картографиялық ақпарат банкiнiң деректерiмен салыстыруды, орман қорында болған өзгерiстердi айқындауды; 
в/ шаруашылық қызметi мен табиғи күйзелiске ұшырамаған бөлiктердегi деректердiң маңызын арттыруды; 
г/ бөлiктiк және картографиялық деректер банкiне өзгерiстер енгiзудi; 
д/ орын алған өзгерiстердi ескере отырып, орман қорының статистикалық көрсеткiштерiн қайта есептеудi; 
е/ түрлi тақырыпта орман карталарын жасауды; 
ж/ орман қорындағы өзгерiстердi талдау мен болжалауды, сондай-ақ әр түрлi факторлар ықпалынан болған зиянды ең аз мөлшерге жеткiзу жөнiндегi шаралар әзiрлеудi көздейдi. 
Байқаудың мерзiмдiлiгi нұсқаулар мен әдiстемелiк нұсқамаларға сәйкес алынған ақпарат түрiне байланысты белгiленедi. 
6. Ормандар мониторингiн жүргiзу кезiнде орман экологиялық жүйесiне өрттiң, энтомзиянкестердiң, техногендiк ластаудың, орман шаруашылық және басқа кәсiпорындар қызметiнiң, сондай-ақ басқа да антропогендiк факторлардың әсерiн байқаудың жер бетiндегi және ара қашықтық тәсiлдерi пайдаланылады. Жер бетiндегi зерттеулер тұрақты және уақытша сынау алаңдарында /полигондарда/ орман орналастыру ұйымдарының, орманды сақтау және қорғау қызметтерiнiң, саланың жобалау және ғылыми ұйымдарының ақпараттарын кеңiнен қатыстыра отырып жүргiзiледi. Неғұрлым тиiмдi жұмыс үшiн ауа ортасының, топырақ пен қардың түрлi заттармен ластануының деңгейi туралы метеорологиялық деректер мен ақпараттар берiледi. Қосымша ақпарат ретiнде топографиялық-геодезиялық материалдар /соның iшiнде жергiлiктi жердiң цифрлық үлгiсi/, табиғи экономикалық жағдай мен шаруашылық қызмет туралы басқа да материалдар пайдаланылады. 
Байқаудың ара қашықтық әдiстерi суретке түсiрудiң, түрлi шешiмдегi көп спектрлi сканерлiк, жылу инфрақызыл және радиолокациялық түсiрудiң, аэроғарыштық құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады. Күллi ақпарат республикалық және аймақтық есептеу орталықтарына келiп түседi, мұнда олар өңделiп, жүйеге келтiрiлген соң деректердiң екшелген банкi мен картографиялық деректер банкi қалыптастырылады және жаңартылады. Осы мәлiметтер негiзiнде Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органы бекiткен әдiстеме бойынша түрлi масштабтағы тақырыптық орман карталары жасалады. 
Орман экологиялық жүйесi мониторингiн жүргiзудi қамтамасыз ету үшiн айналадағы табиғи орта мониторингiнiң басқа төменгi жүйелерi қажеттi материалдарды /метеорологиялық көрсеткiштер, ауаның, топырақтың, судың, қардың ластануы туралы ақпараттар, топырақты зерттеудiң нәтижелерi, аэроғарыш суреттерi/ тиiстi ведомстволар мен қызметтер белгiлеген тәртiппен орман экологиялық жүйесi мониторингiнiң республикалық орталығына тапсырады. 
7. Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органы ормандар мониторингiн жүргiзу үшiн: 
ормандардың жай-күйiн байқау үшiн топырақтық, геоботаникалық, орман патологиялық, ормантану және басқа тексеру мен iздестiру жөнiндегi жұмысты жүргiзудi ұйымдастырады; 
аэроғарыштық және метеорологиялық ақпаратты, айналадағы ортаның ластануы туралы деректердi алуды ұйымдастырады; 
есептеу орталықтарына келiп түскен ақпаратты өңдеудi, орман қорын картаға түсiрудi және ормандарға абиотикалық, биотикалық және антропогендiк факторлардың қолайсыз әсерiн кемiту үшiн шаралар әзiрлеудi ұйымдастырады; 
мүдделi министрлiктердiң және ведомстволардың қатысуымен орман қорын жер бетiндегi және ара қашықтықтағы әдiстермен зерттеу, оны картаға түсiру, ормандар мониторингiн жүргiзу үшiн банк деректерiн жасау және жүргiзу, тақырыптық орман карталарын жасау жөнiндегi әдiстемелiк нұсқамалар мен нұсқауларды әзiрлейдi және бекiтедi; 
ұзақ мерзiмдi жедел ақпарат пен тақырыптық карталарға деген сұранысты және қажеттiлiктi жүйелi зерделеудi, орман қорының жай-күйiн бағалауды, бұған халық шаруашылығы мен табиғат қорғау сұранымына сәйкес деректердi енгiзудi жүзеге асырады; 
орман қоры туралы статистикалық және картографиялық ақпаратты жүйелеудi, зерделеудi және сақтауды, сондай-ақ жариялауға жататын материалдарды басып шығару мен орман экологиялық жүйесi мониторингiн жүргiзу жөнiндегi жұмысты қаржыландыруды қамтамасыз етедi. 
8. Ормандар мониторингi құжаттарының нысандары мыналар болып табылады: 
орман қоры жай-күйiн тақырыптық карталары, оны орман иелерi, алаңдар, жыныстар, орман түрлерi және басқалар бойынша бөлу; 
орман қорының түгелдiлiгi, жай-күйi мен бағалануы туралы жазбаша және статистикалық материалдар. 
9. Орман экологиялық жүйесi мониторингiнiң материалдары мыналарға берiледi: 
ормандарға түрлi экологиялық факторлардың әсерiнен келген зиянды болдырмау және азайту жөнiндегi ұсыныстар әзiрлеп, шешiмдер қабылдау үшiн - мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарына; 
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен - кәсiпорындарға, ұйымдарға және азаматтарға.