Қазақстан Республикасы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңының 17-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі орталық комиссиясы туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 17 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 22 ақпанда № 6784 тіркелді.
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 29 шілдеден бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.05.2018 жылғы № 325 Бұйрығына сәйкес «Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы» ҚР Мұнай және газ министрінің 01.10.2010 жылғы N 341 Бұйрығын қараңыз
Қазақстан Республикасы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңының 17-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаментінің заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның содан кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары -
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар Министрінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 17 бұйрығымен бекітілген
Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ереже
Ереже өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 26.08.2013 жылғы № 257 Бұйрығымен (28.01.2011 ж. редакциясын қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.11.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 06.11.2015 жылғы № 1049 Бұйрығына сәйкес (26.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1. Жалпы ережелер
1. Осы Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 17-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қызмет тәртібін айқындайды.
2. Комиссия, құру мақсаты уран мен көмірді қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, жерасты сулары және емдік балшықтар кен орындарын іздестіру, бағалау және игеру жөніндегі жобалық құжаттарды қарау болып табылатын, алқалық, консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
3. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарға, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Комиссия құрамын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі бекітеді. Комиссия құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми зерттеу институттарының, ұйымдардың өкілдері, өзге де тұлғалар және келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.
5. Комиссияны төраға, ал ол болмаған кезде төрағаның орынбасары басқарады.
6. Комиссия қызметін ұйымдастыруды, іс жүргізуді, Комиссия материалдары мен құжаттарын жинау мен сақтауды жүзеге асыратын Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті болып табылады.
7. Комиссия отырысы Комиссия төрағасымен шақыртылады және қажеттілігіне қарай кем дегенде айына бiр рет өткiзіледi.
8. Отырыстар, егер оған Комиссия мүшелерi жалпы санынан кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды болып табылады. Комиссия шешімдері отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыс беру тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
9. Ережеде пайдаланылатын терминдер Заңмен айқындалады.
2. Комиссияның міндеті мен функциялары
10. Орталық комиссияның негізгі міндеті пайдалы қазбалардың кен орындарын және жерасты суларын барлау мен игерудің анағұрлым тиімді әдістерін қолдануды қамтамасыз ету болып табылады.
11. Орталық комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөнінде жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын жобалау құжаттарын, оларға толықтырулар мен өзгерістерді бекіту не бекітуден бас тарту жөніндегі ұсынымдарды қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға енгізеді;
2) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға кен орындарын сынамалы пайдалануды жүргізу мерзімдерін ұзарту туралы ұсынымдар жібереді;
3) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға жобалаушы ұйымдар мен жер қойнауын пайдаланушылар үшін минералдық шикізатты ұтымды әрі кешенді пайдалануды арттыру бойынша ұсынымдар жібереді;
4) жобалау құжаттарында пайдалы қазбаларды барлау мен игерудің анағұрлым тиімді әдістері мен технологияларын қолдануды қамтамасыз етеді;
5) ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдарының және жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану, минералдық шикізатты дұрыс есепке алу, ұтымды әрі кешенді пайдалану мәселелері жөніндегі әзірлемелерін қарайды.
12. Комиссияның:
1) ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдарынан және жер қойнауын пайдаланушылардан жер қойнауын пайдалану, минералдық шикізатты ұтымды әрі кешенді пайдалану мәселелері бойынша анықтамалық және басқа да материалдарды сұратуға;
2) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға жер қойнауын пайдаланушылардың өз құзыреті шегінде ұсынылатын жобалау құжаттарына ғылыми-зерттеу ұйымдарында және мемлекеттік органдарда қосымша сараптамалар жүргізу қажеттігі туралы ұсынымдар жіберуге;
3) жобалау ұйымдары мен жер қойнауын пайдаланушыларға ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдарының және жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану, минералдық шикізатты дұрыс есепке алу, ұтымды әрі кешенді пайдалану мәселелері бойынша жаңа нысандар мен әдістер қолдануды ұсынуға құқығы бар.
3. Комиссия қызметін ұйымдастыру
13. Жер қойнауын пайдаланушы Комиссияға бір данада қағаз және он бес данада электрондық тасығыштарда Заңда көзделген міндетті сараптамалардың қосымшасы бар жобалық құжаттарды, түсініктемені, сондай-ақ Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішін жібереді.
14. Комиссияның жұмыс органы Заңың 64, 65, 66 баптарына сәйкес жобалау құжаттардың барлық қажетті сараптамалары түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жобалық құжаттарды жинаумен, Комиссияның барлық мүшелеріне жобалық құжаттардың электрондық нұсқаларын таратумен айналысады.
15. Комиссияның жұмыс органы Комиссияны өткізу күніне дейін алдын ала жеті жұмыс күні ішінде Комиссияның мүшелері мен жер қойнауын пайдаланушыларды отырыстың өткізілетін уақыты мен орнын хабарлайды.
16. Комиссия отырысының нәтижелері бойынша он жұмыс күні ішінде уран мен көмірді және кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды барлау және игеру жөніндегі ұсынылатын жобалық құжаттарды бекіту не бекітуден бас тарту жөніндегі ұсынымдарды қамтитын хаттама жасалады және Комиссияның отырысқа қатысқан мүшелерi қол қойады.
17. Комиссия отырысында жобалық құжаттар қарастырғаннан кейін, Комиссияның жұмыс органы жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі өкілетті органға жобаның бір данасын қағаз тасығышта сақтауға жібереді.
18. Комиссияның өз құзыретіне жатқызылған мәселелерді қараудың жалпы мерзімі бес айдан аспауға тиіс.
4. Комиссия қызметiнiң тоқтатылуы
19. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы негiзiнде тоқтатады.
Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережеге қосымша
Нысаны
Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияға
___________________________________________ (жобалық құжаттың атауы) жобалық құжатты қарауға арналған өтініш
1. Жер қойнауын пайдаланушы__________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты, заңды тұлғаның атауы)
2. Лицензия, сериясы, № ____________________________________ берілген
(объектілер, пайдалану мерзімі)
Берілген күні________________________________________________________
Берілген мақсаты ____________________________________________________
(игеру, барлау,бірлесіп игеру және барлау)
3. __________________________________________________________________
(құзыретті орган және жер қойнауын пайдаланушы)
арасында__________жасалған жер қойнауын пайдалануға келісімшарт.
(күні)
Мемлекеттік тіркеу актісі №__________, күні__________________________
4. Жобалық құжатты әзірлеуші-ұйымның атауы___________________________
_____________________________________________________________________
Өтінішке жобалық құжаттың 1 (бір) данасы қоса беріледі.
Жобалық құжатты ұсынатын кәсіпорын басшысының тегі, аты,
әкесінің аты және қолы.
М.О.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |