Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20-тармақшасына сәйкес қаулы етемiн:
Отправить по почте
Азаматтық мәселелер жөнiндегi комиссияны құру туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3039
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 10.10.2006 жылғы № 198 Жарлығына сәйкес
1. Қазақстан Республикасының азаматтығына және шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында саяси баспана беруге байланысты мәселелердi алдын ала қарау және ұсыныстар әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасының Президентi жанынан консультативтiк-кеңесшi орган - Азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссия құрылсын.
2. Азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссия мынадай құрамда бекiтiлсiн:
Комиссия төрағасы
Әбдiкәрiмов Оралбай - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы, төраға,
Комиссия төрағасының орынбасары
Әбiлхатаев Марат Кәрiмұлы - Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшілiгiнiң Құқық қорғау мен сот жүйелері мәселелері бөлiмiнiң меңгерушiсi, төрағаның орынбасары
Комиссия мүшелерi:
Шер Раиса Петровна - Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігінiң басқарма бастығы
Избанов Мұхит Кәрімұлы - Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары
Жолшыбеков Әмзебек Рысбекұлы - Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілiсiнiң депутаты (келiсiм бойынша)
Ақылбай Серік Байсейітұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)
3. Азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссия құрамына, сондай-ақ лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi, Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, ал олар орнында болмаған жағдайда осы республикалық органдар басшыларының орынбасарлары кiредi.
#$3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 28.03.2006. № 76 Жарлығымен.
4. Азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссияның жұмыс органы Комиссия мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауы үшiн азаматтық және саяси баспана беру мәселелерi жөнiндегi қажеттi материалдарды даярлауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшілігінiң Құқық қорғау мен сот жүйелері мәселелері бөлімі болып табылады деп белгiленсiн.
#$4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 07.02.1997. № 3349, 15.12.2004. № 1504, 28.03.2006. № 76 Жарлықтарымен.
5. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамын өзгерту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 8 шiлдедегi N 1789 қаулысының және "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамын өзгерту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 8 шiлдедегi N 1789 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 28 тамыздағы N 2425 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |