Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3039 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 наурыздағы N 76 Жарлығы
1. "Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3039 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Серік Байсейітұлы Ақылбай енгізілсін (келісім бойынша);
"Әбілхатаев - Қазақстан Республикасы
Марат Кәрімұлы Президенті Әкімшілігінің
Мемлекеттік-құқық басқармасы
Құқық қорғау қызметі бөлімінің меңгерушісі, төрағаның орынбасары"
"Мемлекеттік-құқық басқармасы Құқық қорғау қызметі" деген сөздер "Құқық қорғау мен сот жүйелері мәселелері" деген сөздермен алмастырылсын;
аталған Комиссия құрамынан: Б.З.Әшитов, А.О.Қожағалиев шығарылсын;
3-тармақта "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі," деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта "Мемлекеттік-құқық басқармасы" деген сөздер "Құқық қорғау мен сот жүйелері мәселелері бөлімі" деген сөздермен алмастырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының