• Мое избранное
Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 3

Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 25-03-01/82 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 наурызда № 7492 тіркелді

Редакция 30.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 37) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.12.2015 жылғы № 18-03/1111 Бұйрығына сәйкес (01.03.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіппен осы бұйрықтың ресми жариялануын және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Министр                                    А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2012 жылғы 1 наурыздағы
 № 25-03-01/82 бұйрығымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында
 жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі
 нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.02.2020 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (24.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 37) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағындағы жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу тәртібін егжей-тегжейлі түсіндіреді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.12.2015 жылғы № 18-03/1111 Бұйрығына сәйкес (01.03.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Жануарлар түрлерінің есебін жүргізуді аңшылық шаруашылығы субъектілері (бұдан әрі – жануарлар дүниесін пайдаланушылар), жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасы болып табылатын аумақтар мен акваториялар бекітілген Аумақтық бөлімшелер, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік мекемелер жүзеге асырады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.02.2020 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (24.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы бекітіп берілген аңшылық алқаптарында аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің санын есепке алуды жүргізуге қатысуды, аңшылық шаруашылығының субъектілері ұсынған деректерді талдау мен жалпылауды және жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимитін дайындау үшін уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне ұсынымдар енгізуді жузеге асырады.
3. Аңшылық алқаптардың резервтік қорында жануарлар түрлерін есепке алуды уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - аумақтық бөлімшелер) ұйымдастырады және жүргізеді.
4. Жануарлар түрлерінің есебін жүргізу олардың республика аумағы бойынша таралуы (мекендеу орындары мен алқаптары), олардың саны және ықтимал пайдаланылу көлемі туралы деректер алуды қамтамасыз етеді.
Жануарлар дүниесі объектілерінің жай-күйінің сандық және сапалық өзгерістеріне бақылау жасау мақсатында олардың санын есепке алуды осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес мерзімде жануарлар дүниесін пайдаланушылар жүзеге асырады.
2-тарау. Жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.02.2020 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (24.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Жануарлар түрлерін есепке алу мынадай түрлерге бөлінеді:
1) белгілі бір аумақтағы жануарлардың сол немесе басқа түрінің саны туралы сенімді мәліметтер (дарақтарда) алуға мүмкіндік беретін абсолюттік санын есепке алу;
2) есепке алу мәліметтерін өткен жылдағы ұқсас табиғи жағдайында және сол бір уақытта алынған сол аумақтағы ұқсас мәліметтермен салыстыру арқылы белгілі бір аумақтағы жануарлардың сол немесе басқа түрі санының динамикасының үрдісін анықтауға мүмкіндік беретін (саны өседі, азаяды, тұрақты) салыстырмалы санын есепке алу;
3) белгілі бір аумақтағы жануарлардың сол немесе басқа түрінің (көп, аз, жеткілікті) санының жай-күйі туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін санын сараптамалық бағалау.
6. Есепке алудың барлық түрі мына тәсілдермен жүргізіледі:
1) маршруттық есепке алу - жануарлардың барлық түрін есепке алу үшін пайдаланылады;
2) сынақ алаңдарында есепке алу – жануарлардың барлық түрін есепке алу үшін қолданылады;
3) есепке алудың қоршау әдісі - бұл әдіс тұяқтыларды, жыртқыштар мен кеміргіштерді есепке алу үшін қолданылады;
4) айдау арқылы есепке алу - тұяқтылар, жыртқыштар, кеміргіштер және тауық тектестер есепке алынады;
5) қыста жиналу орындарында есепке алу - тұяқтылар мен тауық тектестерді есепке алу үшін пайдаланылады;
6) күйлеу мерзімдерінде және қырмандарда аталықтарының дауысы бойынша есепке алу – тұяқтылар, тауық тектестер, жыртқыштар есепке алынады;
7) тауларда көзбен шолып есепке алу - тұяқтыларды, жыртқыштарды, кеміргіштерді, тауық тектестерді есепке алу үшін қолданылады;
8) жануарлардың көп мөлшері жиналатын орындарда (сортаңдар, суаттар) есепке алу – бұл тәсіл тұяқтыларды, бұлдырықтарды, қылқұйрықты есепке алу үшін қолданылады;
9) қи үйінділері бойынша есепке алу – ірі жыртқыштар мен тұяқты жануарлар үшін қолданылады;
10) тұрғын орындар мен ұялар бойынша есепке алу - жыртқыштарды, кеміргіштерді, суда жүзетіндерді және тауық тектестерді есепке алу үшін қолданылады;
11) балапандар бойынша есепке алу - суда жүзетіндер мен тауық тектестерді есепке алу үшін пайдаланылады;
12) ұшу қарқыны бойынша есепке алу - суда жүзетіндер есепке алынады;
13) түлеген құстардың жиналу орындары бойынша есепке алу - бұл тәсіл суда жүзетіндерді есепке алу үшін қолданылады;
14) ұя учаскелері бойынша есепке алу – жыртқыштар, тауық тектестер санын анықтауға қызмет етеді;
15) таралымның жас құрамын есепке алу - тұяқтылар мен тауық тектестерді есепке алу үшін пайдаланылады;
16) таңбалау мен сақина тағу арқылы есепке алу – жануарлардың іс жүзінде барлық түрі үшін қолданылады;
17) авиаесеп - тұяқтыларды, жыртқыштарды, суда жүзетіндерді есепке алу үшін пайдаланылады;
18) автомашинадан (мотоциклден) есепке алу - тұяқтыларды, кеміргіштерді, жыртқыштарды есепке алу үшін қолданылады.
7. Санына сараптамалық баға беру үшін не жоғарыда аталған тәсілдерге қосымша ретінде мына әдістер қолданылуы мүмкін:
1) сауалнамалық (сұрау) есепке алу;
2) кәсіпшілік (аң аулау) нәтижелерін есепке алу;
3) сақина салу;
4) фото-киноға түсіру.
8. Жануарлар түрлерін есепке алудың алдында олардың биологиясының, экологиясының негізгі қасиеттерімен және олар мекендейтін аудандармен танысып алады.
Есепке алу жұмыстары жүргізілгенге дейін:
1) мекендеу орындары бойынша таралу сипаты;
2) тұрақты топтар - табындар, үйірлер, ұялас балапандар тобын құруға бейімділігі;
3) бір біріне жалғасатын немесе оқшауланған нақты шектелген аңшылық аудандарының болуы;
4) жүйелі маусымдық үйірлер құруға бейімділігі;
5) белсенділіктің тәуліктік және маусымдық өзгеруі;
6) тәуліктік және маусымдық жылыстауы және көшуі зерттеледі.
9. Есепке алуды жүргізу басталмас бұрын жануарлар дүниесін пайдаланушы, ал аңшылық алқаптардың резервтік қорында есепке алу жүргізген жағдайда аумақтық бөлімшенің басшысы жануарлар дүниесі объектілерін есепке алуды ұйымдастыру туралы шешім қабылдайды, онда:
1) есепке алу жүргізілетін жануарлардың түрлері, есепке алу әдістері мен оны өткізу мерзімдері;
2) есепке алуды және алынған деректерді камералдық өңдеуді ұйымдастыруға, жүргізуге жауапты тұлға;
3) жануарлар дүниесі объектілерін есепке алуды жүргізуге қатысатын тұлғалар тізімі (бұдан әрі – есепшілер);
4) есепке алу маршруттары және (немесе) алаңдары көрсетіледі.
10. Есепке алуды ұйымдастыру мен жүргізуге жауапты тұлға оны өткізу шарттарын жоспарлайды, еркін түрде есепке алу карточкаларын, есепке алу маршруттарының және (немесе) алаңдарының сызбасын және құрал-жабдықтар дайындайды және есепшілерге береді, есепке алуды жүргізудің тәсілдері мен ерекшеліктері, есепке алу карточкаларын толтыру тәртібі бойынша нұсқама өткізеді.
11. Жануарлар түрлерін есепке алуды орман және аңшылық шаруашылығы саласында кемінде үш жыл жұмыс өтілі және (немесе) осы жұмыстарды жүргізудің кемінде бір жыл тәжірибесі бар есепшілер жүргізеді.
12. Жануарлар түрлерін есепке алуды өткізу нәтижелері бойынша есепшілер есепке алу карточкаларын толтырады және оларға қол қояды.
3-тарау. Қорытынды ережелер
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.02.2020 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (24.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13. Толтырылған есепке алу карточкаларының негізінде жануарлар түрлерінің санына математикалық есеп жүргізіледі және «Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 363-Ө (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9203 болып тіркелген) бұйрығына 16-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар ресімделеді.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 13.08.2024 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес (28.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар екі данада ресімделеді, олардың біреуі аумақтық бөлімшеге жіберіледі, екінші данасы аңшылық шаруашылығы субъектілерінде қалады.
14. Математикалық есептеулері бар есепке алу карточкаларын жануарлар дүниесін пайдаланушылар және аумақтық бөлімшеде олар толтырылған күннен бастап бес жыл бойы сақтайды, әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар аумақтық бөлімшеде тұрақты сақталады.
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 13.08.2024 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес (28.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15. Жануарлар дүниесін пайдаланушы ұсынатын жануарлар санын есепке алу деректерінің шынайылығын тексеру мақсатында уәкілетті органның ведомствосы жануарлар түрлерінің бақылаулық есепке алынуын ұйымдастырады.
Бақылаулық есепке алу деректері жануарлар дүниесін пайдаланушының деректерімен қайшы келсе, жануарлар түрлерін алып қоюды жоспарлау үшін бақылаулық есепке алу деректері қолданылады.
16. Жануарлар дүниесін пайдаланушы аумақтық бөлімшеге аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің санын есепке алудың дұрыс емес деректерін ұсынған кезде, жаунарлар дүниесі объектілерін аулауға квота берілмейді.
16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.02.2020 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (24.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының аумағында
 жануарлар түрлерін есепке алуды
 жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 28.11.2023 жылғы № 333 Бұйрығына сәйкес (04.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жануарлар түрлерінің санын есепке алуды жүргізу мерзімдері

Жануарлар түрлері

Есепке алуды жүргізу мерзімдері

1.

Бұлан

1 ақпаннан 31 наурызға дейін /

15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін

2.

Елік

1 ақпаннан 31 наурызға дейін /

15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін

3.

Марал

1 ақпаннан 31 наурызға дейін /

15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін

4.

Қабан

1 ақпаннан 31 наурызға дейін /

15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін

5.

Сібір тау текесі

1 ақпаннан 31 наурызға дейін /

15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін

6.

Құдыр

1 ақпаннан 31 наурызға дейін /

15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін

7.

Аю

1 ақпаннан 31 наурызға дейін /

15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін

8.

Қасқыр

1 ақпаннан 31 наурызға дейін /

15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін

9.

Түлкі

1 ақпаннан 31 наурызға дейін /

15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін

10.

Қарсақ

1 ақпаннан 31 наурызға дейін /

15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін

11.

Бұлғын

1 ақпаннан 31 наурызға дейін /

15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін

12.

Ондатр

1 ақпаннан 31 наурызға дейін /

15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін

13.

Ақкіс

1 ақпаннан 31 наурызға дейін /

15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін

14.

Сары күзен

1 ақпаннан 31 наурызға дейін /

15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін

15.

Сілеусін

1 ақпаннан 31 наурызға дейін /

15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін

16.

Дала күзені

1 ақпаннан 31 наурызға дейін /

15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін

17.

Ақ тиін

1 ақпаннан 31 наурызға дейін /

15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін

18.

Ақ қоян

1 ақпаннан 31 наурызға дейін /

15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін

19.

Құм қоян

1 ақпаннан 31 наурызға дейін /

15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін

20.

Ор қоян

1 ақпаннан 31 наурызға дейін /

15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін

21.

Құну

1 ақпаннан 31 наурызға дейін /

15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін

22.

Саңырау құр

1 ақпаннан 31 наурызға дейін /

15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін

23.

Арқар

1 ақпаннан 31 наурызға дейін /

15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін

24.

Барыс, сабаншы

1 ақпаннан 31 наурызға дейін /

15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін

25.

Тас сусары

1 ақпаннан 31 наурызға дейін /

15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін

26.

Алтай ұлары

1 ақпаннан 31 наурызға дейін /

15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін

27.

Құр

1 ақпаннан 15 мамырға дейін /

15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін

28.

Суда жүзетіндер (үйректер, қаз тектестер, қасқалдақтар, сұқсыр үйректер, шалшықшылар) оның ішінде Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енгізілгендер

1 ақпаннан 15 маусымға дейін /

15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін

29.

Ақшіл

1 ақпаннан 31 наурызға дейін

30.

Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енгізілген жыртқыш құстар (бүркіт, қыран, ақиық, сұңқар, қаршыға, үкі, балықшы тұйғын)

1 наурыздан 30 мамырға дейін /

10 шілдеден 20 тамызға дейін

31.

Сұр құр

1 сәуірден 31 мамырға дейін/

15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін

32.

Қырғауыл

1 сәуірден 31 мамырға дейін

33.

Дуадақ

1 сәуірден 15 маусымға дейін

34.

Ақбас тырна, сұр тырна, қара дегелек

1 сәуірден 15 маусымға дейін

35.

Борсық

15 сәуірден 15 маусымға дейін /

15 қыркүйектен 30 қазанға дейін

36.

Суыр

15 сәуірден 15 маусымға дейін

37.

Гималай ұлары, кекілік, бөдене

1 шілдеден 31 тамызға дейін /

15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін

38

Кәмшат

1 қыркүйектен 15 қазанға дейін

39

Киік

20 наурыздан 1 мамырға дейін/

1 қыркүйектен 30 қарашаға дейін

Ескертпе:
Жабайы жануарлар түрлерінің санын күзгі есепке алу ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда өткізіледі, ал таралымның жыныстық-жас құрамын және сандық өзгерісінің үрдісін барынша нақты зерттеу қажет болған кезде оны жануарлар дүниесін пайдаланушылар өткізеді.
Қазақстан Республикасының аумағында
 жануарлар түрлерін есепке алуды
 жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
 2-қосымша
2-қосымша алынып тасталды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 13.08.2024 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес (28.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының аумағында
 жануарлар түрлерін есепке алуды
 жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
 3-қосымша
3-қосымша алынып тасталды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 13.08.2024 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес (28.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
Қазақстан Республикасының аумағында
 жануарлар түрлерін есепке алуды
 жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
 4-қосымша
4-қосымша алынып тасталды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 13.08.2024 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес (28.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)