"Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтердің реттелетін базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы 347-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 18 қаңтарда № 6748 тіркелді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 14-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтердің реттелетін базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2154 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, № 14, 829-құжат), мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: »;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтердің реттелетін базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөніндегі нұсқаулықта:
1-тармақ «монополиялар» деген сөзден кейін «және реттелетін нарықтар» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта «, оның ішінде орташа мерзімді кезеңге арналған тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын)» деген сөздер «немесе олардың шектi деңгейлерiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта «, оның ішінде орташа мерзімді кезеңге арналған тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын,)» деген сөздер «немесе олардың шектi деңгейлерiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шекті деңгейі – орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңге бекітілетін, табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметіне (тауарына, жұмысына) арналған тарифтің (бағаның, алым ставкасының) ең жоғары шамасы.».
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу департаменті (Қ.Т. Көккөзова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Р.Е. Сүлейменова) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін:
1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.В. Шкарупаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.