• Мое избранное
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 27.12.2018 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.12.2018 жылғы № 895 Қаулысына сәйкес
Редакция 01.09.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 24) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
2) орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
2-1) бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
1-тармақ 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 25.04.2015 жылғы № 327 Қаулысына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.09.2016 жылдан бастап)
2-2) негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
1-тармақ 2-2-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 13.05.2016 жылғы № 292 Қаулысына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.09.2017 жылдан бастап)
2-3) жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
1-тармақ 2-3-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 13.05.2016 жылғы № 292 Қаулысына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.09.2017 жылдан бастап)
3) техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
4) орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
5) жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов