Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 1222 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 1222 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Астана қ.
Мазмұны
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері
4. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал тәуекелдер
1. Миссия және пайымдау
Миссия: қазіргі және болашақ ұрпақтардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қоршаған ортаны сақтау, өсімін молайту және сапасын жақсарту, Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуін қамтамасыз ету жөнінде жағдайлар жасау.
Пайымдау: экологиялық заңнама және ең жақсы халықаралық тәжірибе және стандарттар негізінде оны сақтау тетіктері қоршаған ортаға эмиссияларды төмендетуді қамтамасыз етеді, ең жақсы технологияларды енгізу және табиғат қорғау іс-шаралары табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануды және қалпына келтіруді қамтамасыз етеді, институционалдық шаралар орнықты даму қағидаттарын елдің әлеуметтік экономикалық дамуының әртүрлі аяларына енгізуге мүмкіндік береді, қоршаған орта мониторингінің жүйесін және гидрометқызметті жаңғырту ауа-райын, сұрапыл табиғат құбылыстарын сенімді болжауды және халықтың қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпаратқа қол жетімдігін қамтамасыз етеді.
2. Ағымдағы ахуалды талдау
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 14 қарашадағы N 216 Жарлығымен бекітілген 2007 - 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) басымдықтар ретінде ресурстарды және энергияны тиімді пайдалану мәселелерін, теңгерімделген демографиялық саясатты, экологиялық орнықтылықты қамтамасыз етуді қояды. Дәл осымен экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешудегі мемлекеттің рөлі артады. 2007 жылғы 27 қыркүйектегі N 848 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен орнықты дамуға көшудің нысаналы көрсеткіштері қабылданды. Бұл құжатта маңызды экономикалық, әлеуметтік, экологиялық параметрлердің нақты мәндері анықталған, оларға біздің ел 2009, 2012, 2018 және 2024 жылдарға қарай қол жеткізуді көздеп отыр.
2007 жылы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін қабылдау халықаралық стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз етуге және Қазақстан қолданатын қағидаттарды ең жақсы халықаралық тәжірибемен үндестіруге мүмкіндік берді.
Сол уақытта табиғат ресурстарын ұтымсыз пайдаланумен және қоршаған ортаны ластаумен үйлесетін отандық индустрияның қазіргі заманғы сатыдағы интенсивті дамуы қоршаған ортаға антропогендік әсерді төмендету жөніндегі неғұрлым прогрессивті тетіктерді қолдануды талап етеді.
Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарының атмосфераға шығарындылары жылына үш миллион тоннадан астамды құрайды, олардың ішінде 85%-ы 43 ірі кәсіпорынға келеді. Жер беті суларын ластау, қоқыстау және тозу үдерісі жалғасып келеді, оны басты себебі су айдындарына тазартылмаған немесе жеткіліксіз тазартылған сарқынды суларды төгу болып табылады. Су объектілеріне жыл сайынғы төгінділер 2,5 миллион тоннадан астамды құрайды. Әлі күнге дейін халықтың сапалы ауыз суға қол жетімдігінің проблемасы өзекті тұр.
Жеке оң қозғалыстарға қарамастан, ауаның, топырақтың және судың ластануы сияқты факторлардың адамдардың денсаулығына және экожүйеге кері әсерін байқауды төмендетуге жалпы қол жеткен жоқ.
Ауаны автомобиль көлігімен ластау көлемдері неғұрлым қауіпті болып келеді, бұл республика аумағындағы автокөлік құралдары санының қарқынды өсуімен шартталған. Бұл проблема республиканың ірі қалаларына неғұрлым өзекті, мұнда ауа бассейнін ластауға автокөлік үлесі жалпы қалалық жиынтық шығарындылардың 60%-ына және одан астамына жетеді. Автокөлік құралдарына және автомотор отындарына техникалық талаптар бөлігінде экологиялық қауіпсіздік жөніндегі жаңа нормативтерді және заңнамалық актілерді, халықаралық стандарттарды енгізу, сондай-ақ автокөліктік құралдарының экологиялық әсерін ғылыми негізделген талдау қажет.
Өндірістік қалдықтарымен ахуал барынша қанағаттандырарсыз болып қалып отыр. Қабылдап жатқан шараларды біздерді дамыған елдердің стандарттарына әлі де жақындатпайды. Қазіргі уақытқа қарай қазақстандық кәсіпорындарда 16 миллион тоннадан астам қалдық жинақталған. Жыл сайын олардың саны 650 миллион тоннадан астамға өседі, бұл уақытта түзілген қалдықтардың шамамен 15% кәдеге жаратылады. Салыстыру үшін: дамыған елдерде бұл көрсеткіш 30%-дан асады.
Осыған байланысты барынша проблемалық мәселелер болып мыналар тұрады:
1) ірі қалалар мен өнеркәсіптік орталықтардың ауа бассейндерінің ластануы. Каспий және Балқаш өңірлері;
2) жер беті және жер асты суларының ластануы, трансшекаралық су проблемалары;
3) өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталуы;
4) су бұру жүйелерінің және канализациялық тазарту құрылыстарының қанағаттандырарсыз жай-күйі;
5) шөлейттену үдерістері;
6) Арал және Семей экологиялық апат аймақтары;
7) "тарихи" ластанулар.
Көрсетілген проблемаларды шешу үшін бірінші стратегиялық бағыт ретінде қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту ерекшеленген, оның мақсаттарына қоршаған ортаға эмиссияларды төмендету және табиғи ортаны қалпына келтіру кіреді.
Қоршаған ортаға эмиссияларды төмендету индустриялық объектілерді диверсификациялау және техникалық қайта жарақтандыру, озық қолжетімді технологияларды енгізу, "30 корпоративтік көшбасшы" Бағдарламасын іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады. Еуроодақ тәжірибесі бойынша нормативтік эмиссиялардан өзге энергия тиімділік, энергия және ресурс үнемдеу критерийлерін, сондай-ақ озық қолжетімді технологияларға көшу мерзімдері мен тәртібін қосатын кешенді экологиялық рұқсаттар енгізілуде. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері негізінде экологиялық нормалау енгізілетін болады, сондай-ақ нормаланатын заттардың тізімі мәнді қысқартылатын болады.
Олардың кәсіпорындарына елдің стационарлық көздерден ауаға шығарындыларының 10%-ы, уытты қалдықтардың мәнді үлесінің түзілуі келетін шикі мұнайды және ілеспе газды өндіруден қоршаған ортаға жүктемені төмендету мақсатында мұнайды өндіру, өңдеу және тасымалдау жөніндегі кәсіпорындарды "Жасыл мұнай - Зеленая нефть" қағидаты бойынша экологиялық стандарттарға сәйкестікке мемлекеттік сертификаттау ұйымдастырылатын болады.
Қазақстан Республикасының аумағында айналуға шығарылатын автокөліктік құралдардың зиянды (ластаушы) заттарының шығарындыларына техникалық регламентті қолданысқа енгізумен Еуро-2 экологиялық кезеңде 2009 жылғы қаңтардан бастап аталған техникалық регламентінің 3-қосымшасында көрсетілген сипаттамаларға сәйкес келмейтін автомоторлық отынды өндіру мен импорттауға және 4-қосымшаға сәйкес келмейтін автомобильдерді Қазақстанға әкелуге тиым салынатын болады. 2011 жылдан бастап Еуро-3 экологиялық кезеңде отынның сипаттамаларына және автокөліктік құралдарға оларды республиканың аумағында пайдалануға шығару және пайдалану кезіндегі талаптар қатаңдатылады. Автокөлік шығарындыларын төмендету мақсатында Министрлік жоғарыда аталған техникалық регламентті сақтауды, сондай-ақ бөлшектеп сату желісінде сатылатын автомобильдік отынның сапасын мемлекеттік экологиялық бақылауды күшейтуді көздейді.
Бұл кезеңдегі негізгі кедергі пайдаланылған газдарды және бензин сапасын талдау үшін тиісті аспаптар мен аппаратураның жоқ болуы болып табылады, қажеттілік орташа елдің ірі қалалары үшін кемінде екеуден бағаланады. Бұдан өзге, ескі автомобильдерді пайдаланудан шығару үшін автокөлік құралдарына салықты қайта қарау қажет, ол қозғалтқыштың қуатын да, оны шығару жылын да авто ескі болған сайын салық көбірек қағидаты бойынша ескеруі тиіс.
Табиғат пайдаланушыларды экологиялық-экономикалық ынталандыру тетіктерін енгізу, оның ішінде экологиялық салықтарға көшуді қамтамасыз ету, мемлекеттік экологиялық реттеу мен бақылаудың тиімділігін арттыру, табиғат пайдаланушыларды ISO 14001 стандартына сәйкес қоршаған ортаны қорғау жүйесін енгізуге ынталандыру тәжірибесін кеңейту қажет. Бұл Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру қарсаңында қазақстандық компаниялардың бәсекеге қабілеттіліктерін арттыруға мүмкіндік береді.
Парниктік газдар шығарындылары бойынша мониторинг және есеп берудің ұлттық жүйесін құру және Киото хаттамасы бойынша қызметті реттеу жөніндегі уәкілетті органды құру жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
Рұқсаттық жүйенің тиімді жұмыс істеуі барлық ірі табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға эмиссиялар параметрлерін де, энергия және ресурс үнемдеуге, озық қолжетімді технологияларды енгізуге міндетті талаптарды да қосатын кешенді экологиялық рұқсаттарды алуға кезеңдік көшірумен қамтамасыз етілетін болады.
Халықаралық тәжірибеге сәйкес мемлекеттік табиғат қорғау жүйесінің жұмысы экологиялық заңнаманы қатаң сақтауға, қоршаған ортаға кері әсерді төмендету жөніндегі іс-шараларды іске асыруға, қолданылатын шараларды орындауға негізделген нақты нәтижелілікке бағытталатын болады. Аталған шаралар "Экологиялық ережелердің қаталдығы" Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі бойынша Қазақстанның орнын көтеруге мүмкіндік береді, ол адамдардың табиғатқа деген жүріс-тұрысын заңнамалық жолмен реттеуді көздейді. Бұл индикатор бойынша Қазақстан қазіргі уақытта 95 орында. Олардың кінәсі бойынша қоршаған ортаның ластануымен байланысты шығындар үшін міндеттемелер мен жауапкершілікті бекітетін жаңа нормативтік құжаттарды енгізумен Қазақстанның бұл индекс бойынша позициясы 2011 жылға қарай 93 орынға дейін жоғарылайды.
Табиғи ортаны қалпына келтіру жөніндегі мақсатты іске асыру үшін Тараз, Ақтөбе, Атырау, Орал, Өскемен, Семей, Ақтау, Құрық, Бейнеу, Жаңаөзен, Балқаш және басқа қалалардағы су бұру жүйелерін және канализациялық тазарту құрылыстарын салу, қалпына келтіру және жаңғырту, тарихи ластануларды жою жөніндегі жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету бойынша әрі қарай қадамдар және экологиялық қияпат аймақтарында қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Ел Президентінің Ақтөбедегі алты валентті хроммен және Шымкенттегі қорғасынмен тарихи ластануларды жою туралы тапсырмаларын орындау жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады, бұл үшін қоршаған ортаны тазартудың қазіргі заманғы технологиялары әзірленетін болады. Қазақстан аумағын орнықты органикалық ластағыштардан тазарту, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің ластануының алдын алу жөніндегі әрі қарай шаралар қабылданатын болады. Ірі қазақстандық өзендердің, жекелегенде Ақмола облысындағы Бурабай, Щучье, Жәкей өзендерінің биологиялық ластануларын ("қайырлану") жою жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режиміне талаптар барлық жерде күшейтіледі.
Екінші стратегиялық бағыт болып Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшу тетіктерін құруды анықтаймыз. Орнықты дамуға қол жеткізу экономикалық, әлеуметтік және экологиялық факторлардың оңтайлы үйлесу қағидаттарын сақтауды талап етеді және қоршаған ортаны қорғау даму үдерісінің ажырамас бөлігін құрауы тиіс және одан ерекшеленіп қарастырылуы тиіс емес.
Орнықты даму Қазақстанның 2030 жылға дейін даму стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу үшін қажет. Орнықты даму қағидаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2006 жылғы 1 наурыздағы Жолдауында көрсетілген Қазақстанның әлемнің барынша бәсекеге қабілетті елу елдерінің қатарына кіру стратегиясының негізіне салынған.
Елдің орнықты дамуға көшуін қамтамасыз ету және қоғамның экологиялық орнықты даму мәселелері жөніндегі салааралық үйлестіруді жүзеге асыру үшін Министрлік мыналарды жоспарлайды: