Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан оны міндетті сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды және ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" 2010 жылғы 1 наурыздағы № 28 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 143 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 11 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6536 болып енгізілді
Сақтандыру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан оны міндетті сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды және ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» 2010 жылғы 1 наурыздағы № 28 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6156 тіркелген, 2010 жылғы 7 шілдеде Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, № 12) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілген Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдерді есептеу ережесі және аннуитет шарты мен сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейіне қойылатын талаптары туралы ережеде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Сақтандыру ұйымдары аннуитет шарттары бойынша аннуитеттік төлемдердің ағымдағы құн факторын есептеген кезде осы Ережеге 1, 2-қосымшаларында көрсетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 25 шілдедегі № 249 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2462 тіркелген) бекітілген Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы сақтандыру ұйымдарының зейнетақымен қамсыздандыру ережесінде (бұдан әрі - № 249 Ереже) белгіленген көрсеткіштерден аспайтын өлім-жітім көрсеткіштерін пайдаланады.
Зардап шеккен қызметкердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 940-бабының 3-тармағына сәйкес өтетін алуға құқығы бар тұлғаның пайдасына жасалған аннуитет шарттары бойынша аннуитеттік төлемдердің ағымдағы құн факторын есептеген кезде мынадай өлім-жітім көрсеткіштері қолданылады:
1) зардап шеккен қызметкер үшін - осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілгендер;
2) елу сегіз жастан асқан әйелдер үшін және алпыс үш жастан асқан еркектер үшін - № 249 Ереженің 2-қосымшасында көрсетілгендер;
3) он алты жастан асқан мүгедектер үшін - осы Ереженің 2-қосымшасында көрсетілгендер;
4) он алты жасқа толмаған мүгедектер, кәмелетке толмағандар, оқушылар, қайтыс болған қызметкердің асырауында болған балаларын, немерелерін, аға-інілерін, апа-қарындастарын күтумен айналысатын ата- аналары, зайыбы не басқа отбасы мүшесі үшін - нөлге тең өлім-жітім көрсеткіштері қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Осы Ереженің 6-тармағында көзделген өлім-жітім көрсеткіштерінен төмен болып табылатын өлім-жітім көрсеткіштері қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі - уәкілетті орган) келісуге жатады.
Өлім-жітім көрсеткіштерін келісу үшін сақтандыру ұйымы уәкілетті органға өлім-жітім көрсеткіштерін қоса тіркей отырып, ерікті нысанда хат жібереді. Уәкілетті орган сақтандыру ұйымынан хат алған күннен бастап отыз күн ішінде сақтандыру ұйымына өлім-жітім көрсеткіштерін қарау қорытындысы бар хат жібереді. Келісу нәтижелері оң болмаған жағдайда сақтандыру ұйымы осы Ереженің 6-тармағында көзделген өлім-жітім көрсеткіштерін қолданады.»;
10-тармақтың 6) тармақшасындағы «қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда 1, 2-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы оны бірінші рет ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш.Қарақұлова):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының
2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 143
қаулысына қосымша
«Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік
төлемдерді есептеу және аннуитет
шарты мен сақтандырушының жасалатын
аннуитет шарттары бойынша істі
жүргізуге арналған шығыстарының жол
берілетін деңгейіне қойылатын талаптары
туралы ережеге 1-қосымша
Кәсіби еңбекке жарамдылығын жоғалтқан тұлғалардың еңбек жарамдылығын жоғалту дәрежесі бойынша бөлінген өлім-жітім көрсеткіштері
«Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік
төлемдерді есептеу және аннуитет
шарты мен сақтандырушының жасалатын
аннуитет шарттары бойынша істі
жүргізуге арналған шығыстарының жол
берілетін деңгейіне қойылатын талаптары
туралы ережеге 2-қосымша
Мүгедектердің өлім-жітім көрсеткіштері