Bestprofi Logo

Қаулы № 467 от 2004-04-26г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Республика және өңiр экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттiк басқаруды енгiзу ережесiн бекiту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Республика және өңiр экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттiк басқаруды енгiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 сәуірдегі N 467 қаулысы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiне сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Республика және өңiр экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттiк басқаруды енгiзу eрежесi бекiтiлсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 сәуірдегі N 467 қаулысымен бекітілген

Республика және өңір экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттік басқаруды енгізу ережесі

1. Осы Республика және өңір экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттік басқаруды енгізу ережесі Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес әзірленді және жалға немесе сенімгерлік басқаруға берілген, сондай-ақ жеке меншіктегі Республика және өңір экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар су шаруашылығы құрылыстарын (бұдан әрі - су шаруашылығы құрылыстары) уақытша мемлекеттік басқаруды енгізу тәртібін белгілейді.

2. Республика және өңір экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар су шаруашылығы құрылыстарына республика немесе өңір халқы мен экономикасының тіршілігін қамтамасыз етуге басым ықпал ететін су шаруашылығы құрылыстары жатады.

3. Ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда және су шаруашылығы құрылыстарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында уақытша мемлекеттік басқару енгізіледі.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание