• Менің таңдаулыларым
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Назар аударыңыз! Құжаттың 21.06.2025 күші жойылды

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
  • 1

Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр өкiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 9 ақпандағы N 99 Өкімі

Осы Өкім 2025 жылдың 21 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Президентінің 05.06.2025 жылғы № 898 Жарлығына сәйкес 
ПҮАЖ-да жариялануға тиіс (үзінді)
1) "Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөнiндегi комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 3 қарашадағы N 88  өкiмiне  мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
аталған өкiммен бекiтiлген Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөнiндегi комиссия туралы Ереженiң 4-тарауының 5-тармағындағы "Мемлекеттiк-құқық бөлiмi" деген сөздер "Құқық қорғау және сот жүйелерi мәселелерi бөлiмi" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөнiндегi комиссияның құрамын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 18 сәуiрдегі N 323  өкiмiне  (Қазақстан Республикасының  ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 51, 671-құжат; 2005 ж., N 50, 638-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
аталған өкiммен бекiтiлген Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөнiндегi комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн: 
Жұмабеков Оңалсын Исламұлы - Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары, төраға,         Баймағанбетов Серiк Нұртайұлы - Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгінiң Құқық қорғау және сот жүйелерi мәселелерi бөлiмiнiң меңгерушiсi,         Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы;
көрсетiлген комиссия құрамынан Б.М. Имашев, М.К.Әбiлхатаев, А.А.Тiлеубердин шығарылсын.
Қазақстан Республикасының 
Президентi