Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының кеден органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1149 Қаулысы
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 216-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кеден органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидасы бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 3 қарашадағы
№ 1149 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының кеден органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидасы
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Қағида «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 216-бабына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының кеден органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін (бұдан әрі - ТБЖ) қолдану тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағиданың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) іске қосылған тәуекел бейіні - кедендік декларациядағы мәліметтердің тәуекел бейініндегі мәліметтермен сәйкес келуі;
Toggle Dropdown
2) тәуекел бейінін өзекті ету — тәуекел бейініндегі мәліметтерді өзгерту не тәуекел бейінінің қолданылуының күші жойылды деп тану;
Toggle Dropdown
3) тәуекелдердің алдын алу және (немесе) азайту жөніндегі шаралар - «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 199-бабымен, сондай-ақ Кодекстің 25-тарауына сәйкес кедендік сараптамамен анықталған кеден одағының кеден заңнамасын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды болдырмау және (немесе) анықтау мақсатында кедендік бақылаудың бір немесе бірнеше нысандарын қолдану;
Toggle Dropdown
4) тәуекелдерді анықтау жөніндегі нысаналы әдістеме - математикалық-статистикалық әдістерді пайдаланумен және (немесе) сарапшылық әдістерді қолданумен ақпаратқа талдау жүргізу тәртібі.
Toggle Dropdown
3. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары іріктеу қағидатын негізге алады және кедендік бақылаудың кеден одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларының сақталуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті нысандарымен ғана шектеледі.
Toggle Dropdown
Кедендік бақылаудың объектілері мен нысандарын таңдаған кезде ТБЖ қолданылады.
Toggle Dropdown
2. Кеден органдарында тәуекелдерді басқару жүйесінің қағидаттары мен элементтері
Toggle Dropdown
4. Кеден органдарында ТЖБ тәуекелдердің алдын алу және (немесе) азайту жөніндегі шараларды әзірлеу және практикалық іске асыру, оларды қолдану тиімділігін бағалау, сондай-ақ кедендік операциялардың жасалуын бақылау жөніндегі, кеден органдарында бар ақпаратты үздіксіз жаңартуды, талдауды және түзетуді көздейтін жұмыстардың жиынтығын білдіреді.
Toggle Dropdown
5. Кеден органдарындағы ТБЖ қағидаттары:
Toggle Dropdown
1) тәуекелдердің алдын алу және (немесе) азайту жөніндегі қабылданған шараларға сәйкес кеден одағының қолданыстағы кеден заңнамасы мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін білдіретін заңдылық қағидаттары;
Toggle Dropdown
2) кеден одағының кеден заңнамасы мен Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы кеден органдарының барлық міндеттерін және оларды шешу тәсілдерін бағындыруды білдіретін нысананы бағыттау қағидаттары;
Toggle Dropdown
3) тәуекелдердің алдын алу және (немесе) азайту жөніндегі қабылданған шаралар бойынша шешімдер қабылдауға бірыңғай тәсілдерді айқындауды білдіретін тәуекелдерді басқару бірлігінің қағидаттары;
Toggle Dropdown
4) кеден органдарында бар барлық ақпараттық жүйелерді бірыңғай ықпалдастыру процесінде пайдалануды және ақпарат көздерінің үйлесімділігін, оларды өңдеу және талдау рәсімдеріне бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз ету, сондай-ақ кедендік әкімшілендірудің барлық деңгейінде ақпараттың өзара байланысын білдіретін ақпараттық бірлік және біртұтастық қағидаттары;
Toggle Dropdown
6. Кеден органдарындағы ТБЖ элементтері:
Toggle Dropdown
1) кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар туралы ақпаратты жинау және өңдеу;
Toggle Dropdown
2) тәуекелді талдау және бағалау;
Toggle Dropdown
3) тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру;
Toggle Dropdown
4) қабылданған шаралардың нәтижелерін қорытындылау және ұсыныстар дайындау.
Toggle Dropdown
3. Кедендік бақылау кезінде тәуекелді басқару жүйесін қолдану
Toggle Dropdown
7. Кеден органдары ТБЖ-ны тауарларды, халықаралық тасымалдың көлік құралдарын, бақылауға жататын құжаттар мен адамдарды, сондай-ақ осындай тауарлар мен халықаралық тасымалдың көлік құралдарына, құжаттарға және адамдарға қолданылатын кедендік бақылау нысандарын және кедендік бақылауды жүргізу дәрежесін айқындау үшін қолданады.
Toggle Dropdown
8. Кедендік бақылау кезінде ТБЖ қолдану екі бағытта тауарларды шығарғанға дейін және шығарғаннан кейін жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
9. Кеден органдарының лауазымды адамдары тауарларды шығарғанға дейін кедендік бақылау жүргізген кезде:
Toggle Dropdown
1) тәуекел бейіндерін және тәуекел индикаторларын қалыптастыруды;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің және (немесе) кеден ісі саласындағы уәкілетті органның барлық деңгейдегі аумақтық бөлімшелерінің тәуекел бейіндерін және тәуекел индикаторларын әзірлеу кезіндегі өзара іс-қимылын;
Toggle Dropdown
3) кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің кедендік бақылауды жүргізу кезінде тәуекел бейіндерін және тәуекел индикаторларын қолдануын;
Toggle Dropdown
4) кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің тәуекелдердің алдын алу және (немесе) азайту жөніндегі шараларды қолдануын талдау мен бақылауды;
Toggle Dropdown
5) тәуекел бейіндерін және тәуекел индикаторларын өзекті етуді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
10. Кеден органдарының лауазымды адамдары тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылау жүргізген кезде:
Toggle Dropdown
1) тәуекел индикаторларын қалыптастыруды;
Toggle Dropdown
2) ТБЖ негізінде кедендік тексеру жүргізу үшін объектілерді таңдауды;
Toggle Dropdown
3) жүргізілген кедендік тексерулер бойынша нәтижелер жүргізуді, талдауды және бағалауды;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің және (немесе) кеден ісі саласындағы уәкілетті органның барлық деңгейдегі кедендік тексерулер жүргізуге уәкілетті аумақтық бөлімшелерінің тәуекел индикаторларын әзірлеу кезіндегі өзара іс-қимылын жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
11. Кеден органдары тәуекел бейіндерін және тәуекел индикаторларын әзірлеу мақсатында:
Toggle Dropdown
1) тәуекелді талдау объектілері туралы ақпаратты жинақтау жөнінде іс-шараларды ұйымдастыруды;
Toggle Dropdown
2) әр түрлі көздерден алынған ақпаратты жинау мен өңдеуді, сондай-ақ ақпараттық дерекқор қалыптастыру мен жүргізуді;
Toggle Dropdown
3) тәуекелдерді анықтау, оларды сәйкестендіру және бағалау үшін деректерді (мәліметтерді) талдауды;
Toggle Dropdown
4) кеден заңнамасын ықтимал бұзушылықтардың белгілерін анықтау мен талдауды;
Toggle Dropdown
5) талдау нәтижелері бойынша тәуекелдерді бағалауға негізделе отырып, тәуекелдердің алдын алу және (немесе) азайту жөнінде шараларды қолдану жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
4. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тазалау кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып кедендік бақылау
Toggle Dropdown
12. ТБЖ-ны қолдана отырып кедендік бақылауды жүргізу мақсатында кедендік тазалауды жүргізуге уәкілетті кеден ісі саласындағы уәкілетті орган аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары мынадай іс-қимылдарды жүргізеді:
Toggle Dropdown
1) кедендік декларацияда мәлімделген және кедендік тазалауға ұсынылған өзге де құжаттарда мәлімделген мәліметтерді тәуекел бейіндеріндегі және тәуекел индикаторларындағы мәліметтермен іске қосылған тәуекел бейіндерінің бар-жоқтығына салыстырып тексеру жүргізеді;
Toggle Dropdown
2) іске қосылған тәуекел бейіндері болған жағдайда тәуекел бейіндеріндегі және тәуекел индикатордарындағы тәуекелдердің алдын алу және (немесе) азайту жөнінде шаралар қабылдайды.
Toggle Dropdown
Әлеуетті тәуекел болған жағдайда кедендік тазалауды жүргізуге уәкілетті кеден органдарының лауазымды адамдары кеден органы басшысының немесе оны алмастырушы адамның жазбаша рұқсатымен тәуекел бейіндерінде және тәуекел индикаторларында көрсетілгендерден басқа тәуекелдердің алдын алу және (немесе) азайту жөнінде қосымша шаралар қабылдайды.
Toggle Dropdown
Кедендік декларацияда және кедендік тазалауға ұсынылған өзге де құжаттарда мәлімделген мәліметтерді тәуекел бейіндеріндегі және тәуекел индикаторларындағы мәліметтермен салыстыруды жүргізгеннен кейін кедендік декларацияға өзгерістер енгізу кезінде іске қосылған тәуекел бейіндерінің бар-жоқтығына қайталап салыстырып тексеру жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Кедендік бақылаудың жүргізілген нысандарының нәтижелері бойынша тәуекелдердің алдын алу мен азайту жөнінде қабылданған шаралардың нәтижелері туралы есеп толтырылады.
Toggle Dropdown
13. Кедендік бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау мен басқару ақпараттық жүйелерді қолданумен және (немесе) қағаз тасымалдағыштар негізінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Тәуекелдерді бағалау және басқарудың ақпараттық жүйесін қолданумен кедендік бақылауды жүргізу кезінде кедендік тазалауды жүргізуге уәкілетті кеден ісі саласындағы уәкілетті орган аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары жүйе берген тәуекелдердің алдын алу және (немесе) азайту, оның ішінде кездейсоқ іріктеу әдісімен де жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
5. Кеден органдарында тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмыс істеу мониторингінің және есепке алудың тәртібі
Toggle Dropdown
14. ТБЖ-ның жұмыс істеу мониторингін және есепке алуды жүзеге асыру мақсаты кедендік бақылау кезінде тәуекел бейіндерін және тәуекел индикаторларын қолдануға бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
Toggle Dropdown
ТБЖ-ның жұмыс істеу мониторингі және есепке алу кедендік бақылау жүргізген кезде тәуекелдердің алдын алу және (немесе) азайту жөніндегі шараларды қолдану нәтижелері туралы есептерге талдау жүргізуді көздейді.
Toggle Dropdown
Кеден органдары тәуекел бейіндерін және тәуекел индикаторларын одан әрі іске асырудың орындылығын айқындау, қолданудың тиімділігін болжамдау және санын қысқарту үшін қолдану нәтижелерін талдауды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Қолда бар тәуекел бейіндерін және тәуекел индикаторларын одан әрі қолданудың тиімділігін талдау және болжамдау, сондай-ақ тәуекелдердің алдын алу және (немесе) азайту жөнінде шаралар қабылдаудың нәтижелерін талдау нәтижелері бойынша тәуекел бейіндерін және тәуекел индикаторларын өзекті ету туралы шешім қабылданады.