Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
-
Продукты:
Судебная практика
Судебная практика
Отправить по почте
Норма шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 30 мамыр N 598
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
2. Заң жобаларын әзiрлеушi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар көрсетiлген Ереженiң талаптарына сәйкес барлық заң жобасы бойынша ғылыми сараптама жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
3. Орталық атқарушы және өзге де мүдделi мемлекеттiк органдар белгiленген тәртiппен:
2002 жылы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бірлесiп 2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Заң жобалау жұмыстары" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзудi қамтамасыз етсiн;
мемлекеттiк тiлде заң жобаларын дайындаудың жай-күйiн жақсартсын және тиiстi мәселелерге тiкелей жетекшiлiк ететiн лауазымды адамдардың жауапкершiлiгiн арттыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
2002 жылдың үшiншi тоқсаны iшiнде жоғары тұрған кесiмдердiң орындалуы үшiн қабылдануы тиiс қолда бар ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдерге талдау жасасын және талдау нәтижелерi бойынша олардың уақытында қабылдануын қамтамасыз етсiн.
4. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар 2002 жылдың үшiншi тоқсаны iшiнде бұл органдардың тиiстi бекiтiлген штат саны лимитiнiң шегiнде әрi оларды ұстауға көзделген әкiмшiлiк шығындардың есебiнен заңгерлiк қызметтердi толық жинақтауды және заңгерлiк бөлiмшелер құрылмаған органдарда оларды құруды жүргiзудi жүзеге асырсын әрі жұмыстың нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Yкiметiн хабардар етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi:
2002 жылдың үшiншi тоқсанында орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың заңгерлiк қызмет қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын бiлуiн тестiлеудi жүргiзсiн және тестiлеу нәтижелерi туралы тиiстi мемлекеттiк органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Yкiметiн хабардар етсiн.
6. Премьер-Министрдiң 2001 жылғы 2 шiлдедегi N 51 өкiмiнде көрсетiлген мемлекеттiк органдар:
дайындау мерзiмi аяқталған нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын Қазақстан Республикасының Yкiметiне 2002 жылдың 1 шiлдесiне дейiн енгiзсiн;
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң лауазымды адамдарының шешiмдерiмен бақылаудан алынған тармақтар бойынша көрсетiлген өкiмге белгiленген тәртiппен тиiстi өзгерiстер енгiзсiн.
7. Осы қаулының iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Б.Ә.Мұхамеджановқа жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 30 мамырдағы N 598 қаулысымен бекiтiлген
Заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу ережесi
Осы Ереже "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес заң актiлерiн әзiрлеу бойынша мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында әзiрлендi.
1. Жалпы қағидалар
1. Заң жобаларының ғылыми сараптамасын қаралатын жобаның мазмұнына қарай, тиiстi бейiндегi ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындары, ғалымдар мен мамандар арасынан тартылатын сарапшылар (бұдан әрi - Сарапшылар) жүргiзедi.
2. Заң жобалары бойынша тиiстi ғылыми сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық, криминологиялық, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы және тағы басқа) заң жобасында реттелетiн құқықтық қатынастарға байланысты жүргiзiлуi тиiс.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2003. № 898, 03.11.2005. № 1096 қаулыларымен. (30.05.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасының Yкiметi бастамашылық еткен заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзудi ұйымдастыру заң жобаларын әзiрлеушi уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға (бұдан әрi - Сараптаманы ұйымдастырушылар) жүктеледi.
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 04.09.2003. № 898 қаулысымен. (30.05.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Заң жобалары ғылыми сараптамасының мiндеттерi
5. Заң жобаларына ғылыми сараптаманың негiзгi мiндеттерi:
1) заң жобасын қабылдаудың сапасын, негiздiлiгiн және уақтылылығын бағалау;
2) заң жобасының Қазақстан Республикасының Конституциясына, жоғары деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерге, Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiне сәйкестiгiн тексеру;
3) заң жобасын қабылдаудың әлеуметтiк, экономикалық, ғылыми- техникалық, экологиялық және өзге де салдарларын бағалау;
4) заң жобасының мүмкiн болатын тиiмдiлiгiн айқындау;
5) заң жобасы қабылдануына байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар жасау үшiн жағдайлар пайда болуын айқындау;
6) Сараптаманы ұйымдастырушы қойған өзге де сұрақтарға жауаптар алу.
5-1. Криминологиялық сараптама мынадай мiндеттердi басшылыққа алады:
1) заң жобалау базасын жетiлдiру;
2) заң жобасының қабылдануына байланысты құқық бұзушылықтарды жасауға мүмкiн жағдайларды анықтау;
3) қылмыстық әрекеттiң үстiнен әлеуметтiк-құқықтық бақылаудың мүмкiн болатын тиiмдiлiгiн айқындау және заң жобасы қабылданған жағдайда оның алдын алу;
4) заң жобасында Қазақстан Республикасындағы қазiргi кездегi қылмыстың жай-күйiн, сипатын және құрылымын есепке алу;
5) заң жобасын қабылдаудың қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi шараларға қатысты салдарлары;
6) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қарсы күрестiң мүмкiн болатын тиiмдiлiгiн айқындау;
7) заң жобасын қабылдаудың қылмыс субъектiлерiнiң әлеуметтiк-психологиялық қасиеттерi жүйесiне қатысты салдарлары;
8) жәбiрленушi тараптың өз құқықтарының қорғалуын жүзеге асыру мүмкiндiгi;
9) заң жобасымен реттелетiн құқық бұзушылықтардың түрлерi бойынша статистикалық деректердiң болуы;
10) заң жобасында көрсетiлген құқық бұзушылықтардың түрлерi бойынша жасырын қылмысты есепке алу мүмкiндiгi;
11) террорлық актiлер, қасақана құқық бұзушылықтар, сондай-ақ абайсыздықпен құқық бұзушылықтар жасау мүмкiндiгiн анықтау;
12) заң жобасы қабылданған жағдайда криминологиялық болжауды енгiзу;
13) заң жобасы қабылданған жағдайда криминологиялық жоспарлауды жүзеге асыру;
14) экономикалық қылмыстың криминологиялық сипаттамасын талдау.
5-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 04.09.2003. № 898 қаулысымен.
3. Ғылыми сараптаманы жүзеге асыратын сарапшылар. Ғылыми сараптама жүргiзудiң тәртiбi мен шарттары
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |