2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік ресімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:










Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 1486 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 17.06.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 17.05.2014 жылғы № 505 Қаулысына сәйкес
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік ресімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) «Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
4) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мұрағаты шегінде мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 1486 қаулысымен бекітілген
«Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, 2-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (бұдан әрі – уәкілетті орган), мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – орталық), халыққа ұтқыр қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ұтқыр орталық) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 29-бабының және «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) уәкілетті органның www.prokuror.kz интернет-ресурсында;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Орталық РМК) www.con.gov.kz. интернет-ресурсында;
3) тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген ресми ақпарат көздерінде, уәкілетті органның және орталықтың ғимараттарында орналасқан стенділерде, үлгілері бар ақпараттық тақталарда орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны бойынша да алуға болады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелері:
уәкілетті органда:
тұлғаның қолтаңбасының түпнұсқалығын куәландыратын және оның өкілеттігін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртабанның түпнұсқалығын не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап беруді растайтын арнайы мөртабан – апостиль қойылған қағаз тасымалдағышта құжат беру болып табылады;
орталықта:
қолтаңбаның түпнұсқалығын куәландыратын және оның өкілеттігін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртабанның түпнұсқалығын не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беруді растайтын арнайы мөртабан – апостиль қойылған электрондық нысандағы құжат беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органға жүгінген кезде:
мемлекеттік қызмет көрсетудің ең ұзақ мерзімі – 1 күннен аспауы тиіс;
құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 40 минут;
құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 10 минут;
2) мемлекеттік қызметті алушы орталыққа жүгінген кезде:
мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі – қажетті құжаттар уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап 1 күн (құжаттарды қабылдау және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспауы тиіс;
құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспауы тиіс.
8. Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 540-бабы 8) тармақшасына сәйкес республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және мемлекеттік баж төленген күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 50%-ы мөлшерінде мемлекеттік баж алынады. Мемлекеттік баж банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер немесе мекемелер арқылы төленеді.
9. Мемлекеттік қызметті уәкілетті орган демалыс және мереке күндерін қоспағанда, аптаның бес жұмыс күні ішінде көрсетеді, құжаттарды қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз, сағат 11.00-ден 11.30-ға дейін, құжаттарды беру сағат 17.30-дан 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Орталықтарда мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, еңбек заңнамасына сәйкес сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, үзіліссіз, дүйсенбіден сенбіге дейінгі аралықта күн сайын көрсетіледі.
Қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
Ұтқыр орталықтар құжаттарды орталық бекіткен кестеге сәйкес бірақ бір елді мекенде кемінде алты сағат бойы қабылдайды.
10. Уәкілетті органның үй-жайының жеке кіретін есігі, күту залы болады, ол ақпараттық стенділермен жарақтандырылады және ғимараттың бірінші қабатында орналасады, мүмкіндіктері шектеулі мемлекеттік қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.
Орталықтардың ғимараттарында мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, бланкілерді толтыру үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы:
уәкілетті органға:
өтінішті;
жеке куәліктің көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын бере отырып);
шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын, Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің аумағында заңдастыру талап етілетін прокуратура органдарының, тергеу және анықтау органдарының ресми құжатын;
мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртекті;
мемлекеттік қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде нотариус растаған сенімхатты;

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |