• Менің таңдаулыларым
Назар аударыңыз! Құжаттың 28.05.2021 күші жойылды

Отправить по почте

2

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (9-шығарылым) бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 27 наурыздағы № 98-ө-м Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 сәуірде № 7597 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 28 мамырдан бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.04.2021 жылғы № 149 Бұйрығына сәйкес 
1
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру және кәсіптерінің дұрыс атауларын айқындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (9-шығарылым) бекітілсін.
2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А.Ә.Сарбасов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Вице-министрi Б.Б.Нұрымбетовке жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Еңбек және халықты
 әлеуметтік қорғау министрінің
 2012 жылғы 27-наурыздағы
 № 98-ө-м бұйрығымен
 бекітілген
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (9-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің тарифтік-біліктілік бірыңғай анықтамалығы (бұдан әрі - БТБА) (9-шығарылым) «Электр станцияларымен желі жабдықтарын пайдалануға беру, энергия тұтынушыларына қызмет көрсету», «Электр станциялар мен желілердің жабдықтарын жөндеу», «Жылу электр станциялары», «Гидроэлектр станциялар», «Электр желілері», «Жылу желілері», «Энергия өткізу және оны пайдалану жөніндегі кәсіпорын (энергия өткізу)» бөлімдерінен тұрады.
Жұмыстардың разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей (еңбектің күрделілігі деңгейіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды жоғарлататын төтенше жағдайларды қоспағанда) белгіленді.
Әрбір кәсіптің тарифтік-біліктілік сипаттамасы «Жұмыс сипаттамасы», «Білуге тиіс» және «Жұмыс үлгілері» деген үш бөлімнен тұрады.
«Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде жұмысшы орындауға тиіс жұмыс сипаттамасы қамтылады.
«Білуге тиіс» бөлімі жұмысшыға арнайы біліміне, сондай-ақ жұмысшы қолдануға тиіс ережелерді, нұсқаулықтар мен басқа да материалдарды, әдістер мен құралдарды білуге қатысты қойылатын талаптарды қамтиды.
«Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық талаптармен қатар, жұмысшы: өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ережелер мен нормаларды, жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін, орындалатын (қызметтің) сапасына, жұмыс орнында еңбекті тиімді ұйымдастыруға қойылатын талаптарды, ақау түрлерін және оның алдын алу мен жоюдың тәсілдерін, өндірістік дабылдатуды білуге тиіс.
«Жұмыс үлгілері» бөлімінде осы кәсіп пен жұмыстардың разрядына анағұрлым үйлесімді жұмыстардың тізбесі келтіріледі. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде атқарылатын жұмыстардың суреттемесі жеткілікті түрде толық берілген жағдайларда, біліктілік сипаттамаларында «Жұмыс үлгілері» бөлімі келтірілмейді.
БТБА осы шығарылымында кейбір кәсіптердің біліктілігі төмен топтарының сипаттамаларында өндіріс жағдайын немесе орындалатын жұмыс сипаттамасын негізге ала отырып, жекелеген жұмыстар біліктілігі жоғары жұмыскердің басшылығымен орындалады деп көрсетілген.
Бұндай жағдайларда біліктілігі жоғары жұмыскерлер осы кәсіптегі біліктілігі төмен жұмысшыларды басқара білулері керек. Осыған байланысты төмен разрядты кәсіптердің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында келтірілген жұмыстар ережеге сәйкес жоғары разрядтардың сипаттамаларында берілмейді.
Агрегаттарға, машиналарға және басқа технологиялық жабдықтарға қызмет көрсетумен байланысты жұмыстарға тағайындалған жұмысшыға кәсіпорынның әкімшілігі кәсіподақтар комитетінің келісімі бойынша, егер жұмысшы технологиялық процестерді өздігінен жүргізу шаралары мен әдістерін игермесе, 6 айға дейін осы БТБА шығарылымында көзделген төмен топ біліктілігін беруге құқығы бар.
Осы мерзім аяқталған кезде біліктілік тобын беру туралы шешім белгіленген тәртіппен шешіледі.
Тарифтік-біліктілік сипаттамалары жұмыстарды тарифтеу және ерекше айтылған жағдайларды қоспағанда, осы бөлімде(дерде) көрсетілген өндірістер мен жұмыстар бар ұйымдарда, меншік нысаны мен ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады.
Тарифтік-біліктілік сипаттамалары сегіз разрядты тарифтік кестеге лайықталып әзірленді.
Қызметкердің еңбек қызметін растаушы құжаттарды толтыру кезінде, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерту кезінде оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.
Қолданыста ыңғайлы болу үшін БТБА (9-шығарылым) жұмысшы кәсіптерінен, разрядтар аралығынан және беттердің нөмірленуінен тұратын алфавиттік көрсеткіштерді көздейді (1, 2-қосымшалар ).
2. Электр станциялары мен желі жабдықтарын пайдалануға беру, энергия тұтынушыларына қызмет көрсету
Электр станцияларындағы ақабасуды тазалау жөніндегі аппаратшы
1. Электр станцияларындағы ақабасуды тазалау жөніндегі аппаратшы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ақабасуды бейтараптандыру және тұндыру үдерістерін, ағындарды ақабасудың сапасы бойынша бөлу. Реагенттерді даярлау, жоғарылау білікті аппаратшының басшылығымен оларды түсетін ақабасудың көлемі мен құрамына байланысты мөлшерлеу. Тазаланған суларды, қождарды және тұнбаларды тартып алу және қайта жіберу. Аппараттар мен коммуникацияларды қождан тазарту. Технологиялық журналдағы жазбаларды жүргізу.
Білуге тиіс. Тазалау тәсімі аппараттарының, бақылау-өлшеу аспаптарының міндеті мен жұмыс істеу қағидаттары, ақабасуларды тазалау үдерісінің технологиялық параметрлері, қолданылатын реагенттердің химиялық қасиеттері.
2. Электр станцияларындағы ақабасуды тазалау жөніндегі аппаратшы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өнеркәсіптік ақабасуларды технологиялық үдерістерде тұндыру, флотациялау және фильтрден өткізу әдістерімен қоспалардан тазарту және бағалы заттарды ұстау үдерістерін жүргізу. Өлшеу құралдарының көрсеткіштері және химиялық талдау нәтижелері бойынша үдеріс параметрлерін реттеу. Ақабасуларды тазалау толықтығына бақылау талдау жүргізу. Сүзгілердің жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру. Жұмыстағы ақаулықтарды жөндеуге анықтау, жөндеуден қабылдап алу. Жабдықтың остандарын іске қосу. Технологиялық журналда жазбаларды жүргізу.
Білуге тиіс: Ақабасуды тазалау жөніндегі құрылғының технологиялық тәсімі мен қызмет көрсетілетін жабдық пен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы мен жұмыс істеу қағидатын, үдерістің технологиялық тәртібін, физика мен жалпы химия негіздерін.
3. Химиялық реагенттерді даярлау жөніндегі аппаратшы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қолданылатын реагент атауларының үшеуге дейінгі санымен химиялық реагенттер мен реагенттік шаруашылық қоймасының (бактар, бункерлер, цистерналар, сорғылар, араластырғыштар мен тиеу-түсіру тетіктері) жабдықтарына қызмет көрсету. Аппараттарда әкті езу, әкті сүтті, коагулянт, фосфат, гидразин-гидрат, гидразин-сульфат, трилон және басқа химиялық сумен тазартуға арналған реагенттер ерітінділерін даярлау. Химиялық реагенттер мен материалдарды жұмыс орнының шеңберінде тасымалдау. Тетіктердің мойынтіректерін майлау.
Білуге тиіс: жүк түсіру мен реагенттер даярлау тораптарының технологиялық тәсімін, қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғысы туралы негізгі мәліметтерді, реагенттер мен сүзгіден өтетін заттардың құрамы мен қасиеттерін, суды механикалық және химиялық тазалаудың негізгі тәсілдерін, ыдыстар мен аппаратураны тазалау және жуу ережесін.
4. Химиялық реагенттерді даярлау жөніндегі аппаратшы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Реагенттерді шығын бактары, өлшегіштер, араластырғыштарға қабылдап, тартып алып және бере отырып реагенттік шаруашылығы тәсімдеріне қызмет көрсету. Коагуляциямен әктендіру, сүзгілердің алмастырғыш қабілетін қалпына келтіру, ішетін және қазандық суларын түзете отырып өңдеу үдерістері, қазандық агрегаттарын бейтараптандыру және химиялық жуу үшін берілген шоғырландырудың химиялық реагенттерін (3-ден 10-дейін) даярлау. Технологиялық регламентті сақтауды бақылау. Бақылау-өлшеу аспаптардың көрсеткіштері мен химиялық талдау нәтижелері бойынша берілген ерітінді шоғырландыруын қолдап отыру. Жабдықтың жағдайын бақылау және оны тазалау. Жабдықты жөндеуге даярлау және жөндеуден қабылдап алу. Реагенттің жұмсалуы мен болуын бақылау. Технологиялық журналда жазбаларды жүргізу.
Білуге тиіс: реагенттерді қабылдап алу, беру және даярлаудың технологиялық тәсімін, негізгі және қосалқы жабдықтардың және бақылау-өлшеу аспаптардың құрылғысы және жұмыс істеу қағидаттарын, үдерістің технологиялық тәртібі мен реттеу ережесін, сынамаларға таңдап алу ережесін, қолмен химиялық талдау әдісін және есептеу әдістемесін, қорғану құралдарын қолдану және бірінші дәрігерге дейінгі көмекті көрсету ережесін.
Электр станциялардың химиялық сумен тазалау аппаратшысы
5. Электр станциялардың химиялық сумен тазалау аппаратшысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қазандықтар мен жылу беретін желілер үшін бастапқы судың сапасына байланысты ағартқышта суды реагентті өңдеумен және одан кейін механикалық сүзгілер арқылы сүзгілеумен жұмсарту тәсімі бойынша суды химиялық тазалау үдерісін жүргізу. Салынды заттар мен мұнай өнімдерінен суды тазарту үдерісін жүргізу. Өлшеу құралдары көрсеткіштері және химиялық талдау нәтижелері бойынша өңдеу сатылары жөніндегі салынды заттар мен мұнай өнімдерінен суды тазарту үдерістерін бақылау. Үдеріс параметрлерін реттеу. Тұз ерітіндісімен регенерациялық ерітінді, сүзгі регенерациясын даярлау. Флотатор, механикалық және көмір сүзгілерінің, технологиялық қорғау, АВР блоктау және дабыл қағу жабдықтарын қосу, тоқтату және сынамалау жөніндегі операцияларды жүргізу. Жабдықтың, арматураның, коммуникациялар мен аспаптардың жағдайын бақылау және жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау. Апаттық жағдайларды жоюға қатысу. Жабдықты жөндеуге шығару және жөндеуден қабылдап алу. Жабдықты іске қосу және тоқтату. Шұғыл құжатнаманы жүргізу.
Білуге тиіс: химиялық-сумен тазалаудың технологиялық тәсімін, қызмет көрсетілетін (сүзгілер, сорғылар, өлшейтін құрылғылар) жабдықтардың құрылғысы және жұмыс істеу қағидаттарын, негізгі технологиялық параметрлерді, оларды бақылау және өлшеу құралдары, химиялық талдау мен есептерді орындау әдістері, химиялық реагенттерді қолдану ережесін, жалпы химия негіздерін.
Жоғарылау білікті аппаратшының басшылығымен суды химиялық  тазалау үдерісін жүргізуде - 2-разряд.
6. Электр станциялардың химиялық сумен тазалау аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Одан әрі механикалық сүзгілер арқылы сүзгілеумен ағартқыштардағы (коагуляция, әктеу) суды алдын-ала реагентті өңдеу үдерісін жүргізу. Сыланған және өндірістік қойыртпаны, катиондық алмасу жолымен жұмсарту тәсімі бойынша қазандықтар ен жылу желілері үшін суды химиялық тазалауды, ішкі регенерациямен блоктық тұзсыздандырылған құрылғыларда қойыртпаны тұзсыздандыруды жүргізу. Өлшеу құралдарының көрсеткіштері мен химиялық талдау нәтижелері бойынша суды реагентті өңдеу және жұмсарту үдерістерінің параметрлерін реттеу. Ион алмасу және реагенттердің салыстырмалы шығысының технологиялық сипаттамасын есептеу. Жоғарылау білікті аппаратшының басшылығымен қазандықтарды қоректендіру және ионитті сүзгілерді тұздың, қышқылдың, сілтілердің ерітінділерімен регенерациялау үшін суды тұзсыздандыру үдерісін жүргізу. Химиялық талдауды орындау және жұмсарту, тұзсыздандыру және қойыртпаны тазалау, алдын-ала тазалау тәсімі бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін бақылау. Флотатор, механикалық және көмір сүзгілері, технологиялық қорғау, АВР блоктау және дабыл қағу жабдықтарын іске қосу, тоқтату және сынамалау. Апаттық жағдайларды анықтау және жою. Жабдықты жөндеуге даярлау және жөндеуден қабылдап алу. Шұғыл құжатнаманы жүргізу.
Білуге тиіс: суды алдын-ала реагентті өңдеу, катионды алмасу жолымен қоректендіру суды жұмсарту және ішкі регенерациямен блокты тұзсыздандыру құрылғыларының технологиялық тәсімін, аппараттардың, жабдықтардың және бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс істеу қағидаттарын, сүзгілердің жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру үдерісін, химиялық талдау және есептеуді орындау әдістемесін, тазаланған су және қойыртпа сапасының нормативтік көрсеткіштерін, жалпы химия негіздерін.
7. Электр станциялардың химиялық сумен тазалау аппаратшысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тұзсыздандырудың бір және екі сатылы тәсімдері және «тізбек» тәсімі бойынша суды тұзсыздандыру үдерісін жүргізу. Қойыртпаны блоктық тұзсыздандыру құрылғыларында шығармалы регенерация және суды екі ағынды-қарсы ағынды сүзгілерде жұмсартумен және ағындардың қайталама пайдаланумен тұзсыздандыру үдерісін жүргізу. Үдерістердің өлшеу құралдары көрсеткіштері және химиялық талдау нәтижелері бойынша параметрлерін реттеу. Сүзгілердің алмасу қабілетін қышқыл, сілті, тұз ерітінділерімен қалпына келтіру. Ақабасуларды бейтараптандыру және жарым-жартылай пайдалану. Тұзсыздандыру тәсімінің технологиялық сипаттамасын есептеу. Флотатор, механикалық және көмір сүзгілерінің, технологиялық қорғау, АВР блоктау және дабыл қағу жабдықтарын қосу, тоқтату және сынамалау жөніндегі операцияларды жүргізу. Жабдықтар мен аспаптардың жұмысын бақылау, ақауларды анықтау және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау. Апаттық жағдайларды жоюға қатысу.