• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасының теңiз көлiгінде экспедиторлық қызметті жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 18.06.2010 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының теңiз көлiгінде экспедиторлық қызметті жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 қазандағы N 1033 қаулысы
"Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының теңiз көлiгiнде экспедиторлық қызметтi жүзеге асыру ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2003 жылғы 7 қазандағы
 N 1033 қаулысымен
 бекiтiлген Қазақстан Республикасының теңiз көлiгiнде экспедиторлық қызметтi жүзеге асыру ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының теңiз көлiгiнде экспедиторлық қызметтi жүзеге асыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес әзiрлендi және жүктердi теңiз көлiгiмен тасымалдауға байланысты теңiз көлiгiнде экспедиторлық қызметтер көрсету рыногындағы қатынастарды реттеуге арналған және Қазақстан Республикасының теңiз көлiгiнде экспедиторлық қызметтi жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады. 
2. Ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар: 
теңiз көлiгiндегi экспедиторлық қызмет - жүктi тасымалдауды, оларды жинақтауды/таратуды, буып-түюдi, сақтауды, тиеу-түсiру жұмыстарын, жүктердi жөнелту мен алуды қамтамасыз етудi қоса алғанда, олардың қозғалысының барлық сатысындағы оларды тасымалдауға және оларға қызмет көрсетуге байланысты қызметтер көрсетуге, сондай-ақ оларға байланысты қосымша және консультативтiк қызмет көрсетуге, құжаттарды алуға, осы қызмет саласындағы тәуекелдiң барлық түрлерi бойынша баждар, салықтар, өзге де алымдар мен кепiлдiктердi төлеудi қамтамасыз етуге сұранысты қанағаттандыруға бағытталған қызмет; 
экспедитор - қызмет түpi құрылтай құжаттарына сәйкес клиенттерге жүктi тасымалдауға байланысты экспедициялық қызметтер көрсету болып табылатын клиентпен көлiк экспедициясы шартын жасасқан тұлға; 
сенiмхат - егер сенiмхат экспедитордың мiндеттерiн орындау үшiн қажет болса, оған жүктiң клиентi (жөнелтушi-алушы) беретiн құжат; 
клиент - экспедитормен жасасқан жүктердi теңiз көлiгiмен жөнелту жөнiндегi қызметтер көрсетудi орындауға арналған шарт бойынша немесе осы шартты орындауға байланысты экспедитордың iс-әрекетi нәтижесiнде құқықтары және (немесе) мiндеттерi бар кез келген тұлға; 
тасымалдаушы - бұл жолаушыларды, багажды, почтаны және тасымалдау құжаттарында көрсетiлгендi тасымалдау жөнiндегi қызметтер көрсетудi ұсынатын меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде кемеге иелiк ететiн жеке немесе заңды тұлға; 
көлiк экспедициясының шарты - оған сәйкес экспедитор сыйақы үшiн және клиент есебiнен оның немесе өзiнiң атынан осы шартта белгiленген жүктi тасымалдауға байланысты экспедиторлық қызметтер көрсетудi орындауға немесе орындауды ұйымдастыруға экспедитор мiндеттенген шарт; 
жүк - жануарларды, контейнерлердi, табандықтарды және буып-түюге немесе тасымалдауға байланысты басқа да заттарды қоса алғанда, экспедитор ұсынбайтын кез келген мүлiк; 
қауiптi жүк - өзiне тән қасиеттерiне қарай тасымалдау, тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу және сақтау кезiнде жарылысқа, өртке немесе техникалық құралдардың, құрылғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың бұзылуына, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың өлiм-жiтiмiне, жарақат алуына немесе ауруына себеп болуы, қоршаған ортаға зиян келтiруi мүмкiн жүк.
2. Теңiз көлiгiнде экспедиторлық қызметтi ұйымдастыру тәртiбi
3. Қазақстан Республикасының теңiз көлiгiндегi экспедиторлық қызмет осы процеске қатысушының әрқайсысына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сенiмдi кепiлдiктi қамтамасыз ететiн өзара тиiмдi тең құқықтық негiзде жүзеге асырылуы тиiс. 
4. Экспедитор мен клиенттiң өзара қатынасы жазбаша нысанда жасалатын көлiк экспедициясы шартының талаптарында құрылады. Экспедитор тасымалдаушымен тасымалдау шартын клиент атынан жасасқан жағдайда, тасымалдаушының экспедитормен өзара қатынасы жүк жөнелтушiмен сияқты құрылады. 
5. Теңiз көлiгiндегi экспедиторлық қызмет мынадай қызмет көрсетудi ұсыну арқылы жүзеге асырылады: 
1) жөнелту орнынан жеткiзу орнына дейiн тасымалдауды ұйымдастыру; 
2) клиент атынан немесе өз атынан тасымалдау шартын жасасу; 
3) көлiктiк теңiз жүкқұжатын және (немесе) тасымалдау құжаттарының жинақталымын, соның iшiнде бiрыңғай халықаралық тасымалдау құжаттарын ресiмдеу; 
4) жүктi жаңа мекен-жайға жiберуге өтiнiмдi ресiмдеу; 
5) жүктi тасымалдауға көрсету; 
6) жүктi aлу;