Toggle Dropdown
1
«Ертіс» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы», «Жетісу» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы» акционерлiк қоғамдары қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандумдарды бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 мамырдағы N 392 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 30.12.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
"Ертіс", "Жетісу" және "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 320 Жарлығының 1-тармағының 3) тармақшасын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум;
Toggle Dropdown
2) «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 19 мамырдағы
N 392 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
«Epтic» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы» акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум
Toggle Dropdown
1. Құру мақсаты
Toggle Dropdown
«Ертіс» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы» акционерлiк қоғамын (бұдан әрi – «Ертіс» ӘКК» АҚ) құрудың мақсаты мемлекеттiк және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлiк әдiс негiзiнде бiрыңғай экономикалық нарықты құру, инвестициялар мен инновациялар тарту үшiн қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, өңiрлердi әлеуметтiк дамытуға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды, оның iшiнде мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, қайта өңдеуге бағытталған бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруға қатысу жолымен Шығыс Қазақстан облысының экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Ертіс» ӘКК» АҚ-ға:
Toggle Dropdown
жарғылық капиталды капиталдандыру үшiн қаржы қаражаты;
Toggle Dropdown
инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн жер учаскелерi;
Toggle Dropdown
жер қойнауын пайдалану құқығы;
Toggle Dropdown
пайдаланылуына ақы төлеу есебiнен кiрiстердi жинақтауға қабiлеттi инфрақұрылым объектілері, инженерлік коммуникациялар мен желілер;
Toggle Dropdown
мемлекеттiк меншiктегi жылжымалы және жылжымайтын мүлiк объектiлерi;
Toggle Dropdown
акционерлiк қоғамдардың акциялары, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге қатысу үлестерi және мемлекеттiк меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындар (бұдан әрi – ұйымдар) берiлетiн болады.
Toggle Dropdown
2. «Ертіс» ӘКК» АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары
Toggle Dropdown
«Ертіс» ӘКК» АҚ-ның қызметi транспаренттілік, кешендiлiк және басымдылық қағидаттарына негiзделетiн болады.
Toggle Dropdown
Транспаренттілік қағидаты корпоративтiк басқарудың ашық жүйесiн құруды және менеджерлердiң жауапкершiлiгiн, қаржы ресурстарының тиiмдi пайдаланылуын тиiстi бақылауды болжамдайды. Осы қағидатты iске асыру үшiн мiнсiз iскерлiк беделi бар кәсiби менеджерлердi тарта отырып, тәуелсiз директорлар институты белсендi түрде пайдаланылатын болады.
Toggle Dropdown
Кешендiлiк қағидаты белгiлi бiр операцияларда және/немесе қызмет түрлерiнде ұйымдардың мамандануын қолдаудың әртүрлi көздерi мен бағыттары болған кезде экономиканың жеке және мемлекеттiк секторларының бастамаларын теңгерiмдi қолдау жүзеге асырылатынын бiлдiредi.
Toggle Dropdown
Басымдылық қағидаты iске асырылатын жобаларды дайындау және таңдау жөнiндегi жұмыста тиiстi өңiрдiң әлеуметтiк маңызды проблемаларын шешу көрсетiлетiн жобаларға басымдық берiлетiнiн бiлдiредi.
Toggle Dropdown
3. «Ертіс» ӘКК» АҚ-ның мiндеттерi
Toggle Dropdown
«Ертіс» ӘКК» АҚ-ны құру мақсатына қол жеткiзу мынадай негiзгi мiндеттердi шешуге негiзделетiн болады:
Toggle Dropdown
мемлекеттiк активтердi басқарудың тиiмдi жүйесiн құру;
Toggle Dropdown
өңiрлерде бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi қағидаттарын енгiзу;
Toggle Dropdown
мемлекеттiк-жекешелік әрiптестiк негiзiнде бәсекеге қабiлеттi, экспортқа бағдарланған өндiрiстердi құру;
Toggle Dropdown
инвестицияларды тарту мен инновацияларды енгiзу үшiн қолайлы орта қалыптастыру;
Toggle Dropdown
бизнес-жобаларды, оның iшiнде концессиялар мен кластерлiк бастамалар негiзiнде iске асыру;
Toggle Dropdown
шағын және орта бизнестi дамыту үшiн институционалдық жағдайлар жасау;
Toggle Dropdown
пайданы өңiрлiк әлеуметтiк проблемаларды шешуге бағыттау;
Toggle Dropdown
мемлекеттiк активтер мен кәсiпкерлiк бастаманы шоғырландыру жолымен өңiрлердiң серпiндi дамуын қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
өңiрдiң iшкi және сыртқы нарықтарындағы экономикалық беделiн арттыру;
Toggle Dropdown
кластерлiк өндiрiстi дамыту және жаңа технологияларды енгiзу жолымен шағын және орта кәсiпкерлiктiң өнiмдiлiгiн арттыру;
Toggle Dropdown
мемлекеттiк кәсiпорындарды оңалту, қайта құрылымдау, олардың негiзiнде бәсекеге қабiлеттi жаңа өндiрiстер мен технологияларды дамыту;
Toggle Dropdown
бизнес-жобалардың базасын қалыптастыру, қаржыландыру және оларды iске асыру үшiн жағдайлар жасау.
Toggle Dropdown
Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу «Ертіс» ӘКК» АҚ өзіндік және бірлескен жобаларды іске асыру арқылы, сондай-ақ «Ертіс» ӘКК»
Toggle Dropdown
АҚ-ға берілген ұйымдардың қызметіне қатысу арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
4. «Ертіс» ӘКК» АҚ-ның функциялары
Toggle Dropdown
Ұйымдарды олардың жалпы жиналыстары және директорлар кеңестерi арқылы корпоративтiк басқаруды жүзеге асыру шеңберiнде «Ертіс» ӘКК» АҚ-ның негiзгi функциялары:
Toggle Dropdown
ұйымдар үшін мақсаттар қою;
Toggle Dropdown
орта мерзімді бизнес-жоспарларды, қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған инвестициялық бағдарламалар мен ұйымдардың жылдық бюджеттерін бекіту;
Toggle Dropdown
жеке сектор бастамаларын іске асыруға бөлінген ақша қаражатын тиімді пайдалануды бақылау;
Toggle Dropdown
ұйым басшыларын іріктеу мен ынталандыру болып табылады.
Toggle Dropdown
5. «Ертіс» ӘКК» АҚ-ны басқару мәселелерi
Toggle Dropdown
«Ертіс» ӘКК» АҚ» Директорлар кеңесінің құрамына Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдері, «Ертіс» ӘКК» АҚ» Басқармасының төрағасы кіреді.
Toggle Dropdown
«Ертіс» ӘКК» АҚ Директорлар кеңесiнiң құзыретiне:
Toggle Dropdown
«Ертіс» ӘКК» АҚ қызметiнiң басым бағыттарын айқындау;
Toggle Dropdown
«Ертіс» ӘКК» АҚ қызметiнiң мақсаттарын қою;
Toggle Dropdown
«Ертіс» ӘКК» АҚ-ның бюджетiн бекiту;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер кiредi.
Toggle Dropdown
«Ертіс» ӘКК» АҚ-ның қызметiн қаржыландыру заңнамаға сәйкес жарғылық капитал қаражаты, инвестициялық кредиттер, гранттар немесе өзге де кiрiстер есебiнен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
6. «Ертіс» ӘКК» АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар
Toggle Dropdown
«Ертіс» ӘКК» АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар оның жоғарыда көрсетiлген функцияларымен айқындалады. Бұл ретте «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның ұйымдар қызметiне әсерi акционер функцияларын жүзеге асыру және ұйымдардың тиiстi директорлар кеңестерiнде өкiлдiк ету, сондай-ақ ұйымдарға қатысу функциясы арқылы корпоративтiк басқару шеңберiнде шектеледi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 19 мамырдағы
N 392 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
«Жетісу» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы» акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум
Toggle Dropdown
1. Құру мақсаты
Toggle Dropdown
«Жетісу» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы» акционерлiк қоғамын (бұдан әрi – «Жетісу» ӘКК» АҚ) құрудың мақсаты мемлекеттiк және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлiк әдiс негiзiнде бiрыңғай экономикалық нарықты құру, инвестициялар мен инновациялар тарту үшiн қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, өңiрлердi әлеуметтiк дамытуға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды, оның iшiнде мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, қайта өңдеуге бағытталған бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруға қатысу жолымен Алматы облысының экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Жетісу» ӘКК» АҚ-ға:
Toggle Dropdown
жарғылық капиталды капиталдандыру үшiн қаржы қаражаты;
Toggle Dropdown
инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн жер учаскелерi;
Toggle Dropdown
жер қойнауын пайдалану құқығы;
Toggle Dropdown
пайдаланылуына ақы төлеу есебiнен кiрiстердi жинақтауға қабiлеттi инфрақұрылым объектілері, инженерлік коммуникациялар мен желілер;
Toggle Dropdown
мемлекеттiк меншiктегi жылжымалы және жылжымайтын мүлiк объектiлерi;
Toggle Dropdown
акционерлiк қоғамдардың акциялары, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге қатысу үлестерi және мемлекеттiк меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындар (бұдан әрi – ұйымдар) берiлетiн болады.
Toggle Dropdown
2. «Жетісу» ӘКК» АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары
Toggle Dropdown
«Жетісу» ӘКК» АҚ-ның қызметi транспаренттілік, кешендiлiк және басымдылық қағидаттарына негiзделетiн болады.
Toggle Dropdown
Транспаренттілік қағидаты корпоративтiк басқарудың ашық жүйесiн құруды және менеджерлердiң жауапкершiлiгiн, қаржы ресурстарының тиiмдi пайдаланылуын тиiстi бақылауды болжамдайды. Осы қағидатты iске асыру үшiн мiнсiз iскерлiк беделi бар кәсiби менеджерлердi тарта отырып, тәуелсiз директорлар институты белсендi түрде пайдаланылатын болады.
Toggle Dropdown
Кешендiлiк қағидаты белгiлi бiр операцияларда және/немесе қызмет түрлерiнде ұйымдардың мамандануын қолдаудың әртүрлi көздерi мен бағыттары болған кезде экономиканың жеке және мемлекеттiк секторларының бастамаларын теңгерiмдi қолдау жүзеге асырылатынын бiлдiредi.
Toggle Dropdown
Басымдылық қағидаты iске асырылатын жобаларды дайындау және таңдау жөнiндегi жұмыста тиiстi өңiрдiң әлеуметтiк маңызды проблемаларын шешу көрсетiлетiн жобаларға басымдық берiлетiнiн бiлдiредi.
Toggle Dropdown
3. «Жетісу» ӘКК» АҚ-ның мiндеттерi
Toggle Dropdown
«Жетісу» ӘКК» АҚ-ны құру мақсатына қол жеткiзу мынадай негiзгi мiндеттердi шешуге негiзделетiн болады:
Toggle Dropdown
мемлекеттiк активтердi басқарудың тиiмдi жүйесiн құру;
Toggle Dropdown
өңiрлерде бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi қағидаттарын енгiзу;
Toggle Dropdown
мемлекеттiк-жекешелік әрiптестiк негiзiнде бәсекеге қабiлеттi, экспортқа бағдарланған өндiрiстердi құру;
Toggle Dropdown
инвестицияларды тарту мен инновацияларды енгiзу үшiн қолайлы орта қалыптастыру;
Toggle Dropdown
бизнес-жобаларды, оның iшiнде концессиялар мен кластерлiк бастамалар негiзiнде iске асыру;
Toggle Dropdown
шағын және орта бизнестi дамыту үшiн институционалдық жағдайлар жасау;
Toggle Dropdown
пайданы өңiрлiк әлеуметтiк проблемаларды шешуге бағыттау;
Toggle Dropdown
мемлекеттiк активтер мен кәсiпкерлiк бастаманы шоғырландыру жолымен өңiрлердiң серпiндi дамуын қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
өңiрдiң iшкi және сыртқы нарықтарындағы экономикалық беделiн арттыру;
Toggle Dropdown
кластерлiк өндiрiстi дамыту және жаңа технологияларды енгiзу жолымен шағын және орта кәсiпкерлiктiң өнiмдiлiгiн арттыру;
Toggle Dropdown
мемлекеттiк кәсiпорындарды оңалту, қайта құрылымдау, олардың негiзiнде бәсекеге қабiлеттi жаңа өндiрiстер мен технологияларды дамыту;
Toggle Dropdown
бизнес-жобалардың базасын қалыптастыру, қаржыландыру және оларды iске асыру үшiн жағдайлар жасау.
Toggle Dropdown
Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу «Жетісу» ӘКК» АҚ өзіндік және бірлескен жобаларды іске асыру арқылы, сондай-ақ «Жетісу» ӘКК» АҚ-ға берілген ұйымдардың қызметіне қатысу арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
4. «Жетісу» ӘКК» АҚ-ның функциялары
Toggle Dropdown
Ұйымдарды олардың жалпы жиналыстары және директорлар кеңестерi арқылы корпоративтiк басқаруды жүзеге асыру шеңберiнде «Жетісу» ӘКК» АҚ-ның негiзгi функциялары:
Toggle Dropdown
ұйымдар үшін мақсаттар қою;
Toggle Dropdown
орта мерзімді бизнес-жоспарларды, қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған инвестициялық бағдарламалар мен ұйымдардың жылдық бюджеттерін бекіту;
Toggle Dropdown
жеке сектор бастамаларын іске асыруға бөлінген ақша қаражатын тиімді пайдалануды бақылау;
Toggle Dropdown
ұйым басшыларын іріктеу мен ынталандыру болып табылады.
Toggle Dropdown
5. «Жетісу» ӘКК» АҚ-ны басқару мәселелерi
Toggle Dropdown
«Жетісу» ӘКК» АҚ» Директорлар кеңесінің құрамына Алматы облысы әкімдігінің өкілдері, «Сарыарқа» ӘКК» АҚ» Басқармасының төрағасы кіреді.
Toggle Dropdown
«Жетісу» ӘКК» АҚ Директорлар кеңесiнiң құзыретiне:
Toggle Dropdown
«Жетісу» ӘКК» АҚ қызметiнiң басым бағыттарын айқындау;
Toggle Dropdown
«Жетісу» ӘКК» АҚ қызметiнiң мақсаттарын қою;
Toggle Dropdown
«Жетісу» ӘКК» АҚ-ның бюджетiн бекiту;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер кiредi.
Toggle Dropdown
«Жетісу» ӘКК» АҚ-ның қызметiн қаржыландыру заңнамаға сәйкес жарғылық капитал қаражаты, инвестициялық кредиттер, гранттар немесе өзге де кiрiстер есебiнен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
6. «Жетісу» ӘКК» АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар
Toggle Dropdown
«Жетісу» ӘКК» АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар оның жоғарыда көрсетiлген функцияларымен айқындалады. Бұл ретте «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның ұйымдар қызметiне әсерi акционер функцияларын жүзеге асыру және ұйымдардың тиiстi директорлар кеңестерiнде өкiлдiк ету, сондай-ақ ұйымдарға қатысу функциясы арқылы корпоративтiк басқару шеңберiнде шектеледi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 19 мамырдағы
N 392 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
"Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум