Тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті және қол жетімді техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін құру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі N 626 Жарлығы
Күші жойылды ҚР Президентінің 07.12.2010 № 1118 Жарлығымен (01.07.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(01.01.2011 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) #$Жарлықтың күші жойылады - ҚР Президентінің 07.12.2010 № 1118 Жарлығымен.(2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында толық мәтіні және республикалық баспасөзде мазмұны жариялануға тиіс
Тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті және қол жетімді техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін құру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға (1-кезең) арналған іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі N 626 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Астана, 2008 жыл
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің қазіргі жай-күйін талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері
5.1. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің қолжетімділігі мен тартымдылығын қамтамасыз ету үшін оның мазмұнын, материалдық-техникалық базасын, инфрақұрылымын жаңғырту
5.2. Техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау мен бәсекеге қабілеттілік сапасын көтеру
5.3. Техникалық және кәсіптік білім беруді басқару мен қаржыландыру жүйесін жетілдіру
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер мен оның индикаторлары
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның Қазақстан Республикасында техникалық атауы және кәсіптік білім беруді дамытудың
2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің негіздеме 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 310
Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы
Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспары; Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 14 ақпандағы N 535 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру -
мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы
14 наурыздағы N 246 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру -
мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 29 тамыздағы
N 753 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының
2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарының 2008 - 2010 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар тізбесі
Әзірлеуші Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Бағдарламаның мақсаты Экономика салалары мен жұмыс берушілерді бәсекеге қабілетті дағдылары мен білім алуды жалғастыру үшін жеткілікті әлеуеті бар техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарымен қамтамасыз ету үшін техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту
Бағдарламаның Техникалық және кәсіптік білім міндеттері берудің қолжетімділігі мен тартымдылығын қамтамасыз ету;
техникалық қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау мен бәсекеге қабілеттілік сапасын көтеру;
техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін басқару мен қаржыландыру тиімділігін қамтамасыз ету
Бағдарламаны іске Институционалды жаңғыртудың 1-кезеңі:
асыру мерзімдері 2008 - 2010 жылдар;
Тұрақты дамудың 2-кезеңі:
2010-2012 жылдар
Қажетті ресурстар Бағдарламаны іске асыруға мен қаржыландыру көздері республикалық және жергілікті бюджетте көзделген қаражат, түрлі мүдделі тараптардың үлестік қатысуы бар тікелей инвестициялар, қорлар мен халықаралық ұйымдардың қаражаты пайдаланылатын болады.
Бағдарламаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар: 58178,9 млн.
теңгені, соның ішінде: 2008 жылы -
5707,8 млн. теңгені, 2009 жылы -
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |