Toggle Dropdown
Осы редакция 03.09.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы N 787 Қаулысы
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы » 2003 жылғы 13 мамырдағы және «Мемлекеттік мүлік туралы » 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесі бекітілсін.
2. Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар акцияларының пакеттеріне иелік ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 28 мамырдағы
N 787 қаулысымен
бекітілген
Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесі (бұдан әрі - Үлгі ереже) Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы » 2003 жылғы 13 мамырдағы және «Мемлекеттік мүлік туралы » 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес әзірленді.
Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар Үлгі ереженің негізінде Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру ережесін (бұдан әрі - Сатып алу ережесі) әзірлейді және бекітеді.
2. Осы Үлгі ережеде пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) әлеуетті өнім беруші - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);
2) қазақстандық қамту - сатып алу туралы шартты орындауға жұмылдырылған Қазақстан Республикасының азаматтарына еңбекақы төлеу құнының осы шарт бойынша жалпы еңбекақы төлеу қорынан және (немесе) сатып алу туралы шарт бойынша тауардың (тауарлардың) жалпы құнынан Қазақстан Республикасы резиденттерінің жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу немесе толығымен өндіру өлшемдеріне сәйкес тауарда (тауарларда) белгіленген қазақстандық қамту үлесі (үлестері) құнынан пайыздық мәні;
3) отандық жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер - Қазақстан Республикасының жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жөніндегі жергілікті еңбек ресурстарының кемінде тоқсан бес пайызын пайдаланатын Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
4) отандық кәсіпкерлер - Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын әлеуетті өнім берушілер;
5) отандық тауар өндірушілер - Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және мыналарды:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысымен бекітілген Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ереженің 5-тармағында санамаланған, толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларды;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысымен бекітілген Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ереженің 7-тармағында белгіленген жеткілікті өңдеу өлшемдеріне сәйкес Қазақстан Республикасында жеткілікті өңделген тауарларды өндіретін әлеуетті өнім берушілер (бұдан әрі - отандық тауар өндірушілер) - жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
6) өнім беруші - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), тапсырыс берушімен сатып алу туралы жасалған шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);
7) сатып алу - мыналарды:
еңбек шарттары бойынша жеке тұлғаларда не қызметтерді өтемді көрсету шарттары бойынша кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғаларда жүзеге асырылатын қызметтерді сатып алуды;
жарналарды (салымдарды), оның ішінде жаңадан құрылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына салуды;
заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы үлесті сатып алуды;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, банктер және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялардың негізінде банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банктік операцияларды жүргізуге байланысты қаржы қызметтерін сатып алуды қоспағанда, тапсырыс берушінің жұмыс істеуін, сондай-ақ функцияларын не жарғылық қызметін орындауын қамтамасыз ету үшін қажет тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тапсырыс берушілердің осы Үлгі ережеде, сондай-ақ азаматтық заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын ақылы негізде сатып алуы;
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы, электр және (немесе) жылу энергиясы туралы заңнамасына сәйкес орталықтандырылған сауда-саттықта, спот нарығында Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын білікті энергия өндіруші ұйымдардан теңгерімделген электр энергиясын, электр энергиясын сатып алу;
теңіз портында алынатын алымдар мен төлемдерді төлеу;
іссапар шығыстарына өтемақы төлеу;
басқару органының және бақылау кеңесінің мүшелеріне сыйақылар төлеу;
"Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерден Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін және оның өңделген өнімдерін, сондай-ақ оларды сақтау, өңдеу және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
Астана қаласында жаңа мешіт салу жөніндегі жобалау компаниясы» корпоративтік қорының демеушілік және (немесе) қайырымдылық көмектен түскен ақша есебінен Астана қаласында жаңа мешітті салу құрылысына байланысты тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
ұлттық басқарушы холдингтің стратегиялық консультативтік-кеңесші органының қызметін қамтамасыз ету үшін ұлттық басқарушы холдингтің қызметтерді сатып алуы;
отандық және шетелдік селекцияның асыл тұқымды малдары мен ауыл шаруашылығы малдарын сатып алу;
8) сатып алуды ұйымдастырушы - сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерін орындауға жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесі атынан тапсырыс беруші не сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерін орындау мақсатында тапсырыс беруші анықтаған заңды тұлға;
8-1) стратегиялық әріптестер - тапсырыс беруші айқындайтын ұйым, оның ішінде қажетті ресурстарға (интеллектуалдық, ғылыми, әдіснамалық, білім беру, технологиялық, кадрлық) ие және мынадай:
қазіргі заманғы әдіснамалар мен жаңа технологияларды білім беруге енгізу;
білім берудің инновациялық мазмұны мен қазіргі заманғы білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
білім беру қызметі мен оның нәтижелеріне, оның ішінде оқытудың сапасына және оқушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру нәтижелеріне мониторингті, сыртқы бағалауды жүзеге асыру;
білім беру қызметінің сапасын, балалар мен педагогтарды конкурстық іріктеудің аспаптары мен технологияларын бақылау мен бағалау құралдарын әзірлеу және енгізу;
оқу үдерісін қамтамасыз ететін кабинеттер мен зертханалар үшін жабдықтарды әзірлеу және өндіру салаларының бірінде немесе бірнешеуінде халықаралық қызмет тәжірибесі бар шетелдік ұйым.
9) тапсырыс берушілер - ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар;
10) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3. Үлгі ереже негізінде бекітілетін Сатып алу ережесі талаптарды қамтуы және мыналарды:
1) инвестициялық жобаларды тиімді іске асыруды;
2) әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды жүргізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер ұсынуды;
3) әлеуетті өнім берушілер арасында адал бәсекелестікті;
4) сатып алу процесінің жариялылығы мен айқындылығын;
5) отандық кәсіпкерлерді қолдауды;