Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 57-бабының 3-тармағына сәйкес Қ АУЛЫ ЕТЕМІН:
Отправить по почте
Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 780 Жарлығы Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 57-бабының 3-тармағына сәйкес Қ АУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджет комиссиясы туралы ереже бекітілсін.
2. "Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 24 тамыздағы N 1426 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 30, 400-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 780 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Республикалық бюджет комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Республикалық бюджет комиссиясы туралы осы ереже (бұдан әрі - Ереже) тұрақты негізде жұмыс істейтін Республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрі - комиссия) қызметін реттейді.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже комиссия қызметінің құқықтық негізін құрайды.
2. Комиссия қызметінің мақсаттары
3. Комиссия қызметінің негізгі мақсаттары жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттің жобасын уақтылы және сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету мен республикалық бюджетті нақтылау және атқару жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
3. Комиссияның міндеттері мен функциялары
4. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлерінің болжамы жөнінде ұсыныстарды тұжырымдау;
2) жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет жобасының көрсеткіштерін айқындау жөнінде ұсыныстарды тұжырымдау;
3) республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін қысқартуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;
4) республикалық бюджетті нақтылау жөнінде ұсыныстарды тұжырымдау;
5) бюджеттік мониторингтің нәтижелерін, нәтижелерге жүргізілген бағалауды қарау және олар бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;
6) Бюджет кодексінде және осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктер болып табылады.
5. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды және:
мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің үш жылға арналған болжамдарын;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |