• Менің таңдаулыларым
  • Word –да сақтау
  • Word - та сақтау (альбом бағдарлауы)
  • Word - та сақтау (мазмұнымен)
  • PDF – та сақтау
  • Отправить по почте
Құжат демонстрациялық түрде көрсетілген Бағасы: 240 тг/жылы
Назар аударыңыз! Қолданыста жоқ құжат редакциясы Қолданыстағы редакцияны қарау

Отправить по почте

Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 780 Жарлығы Қазақстан Республикасының Президенті 
 мен Үкіметі актілерінің жинағында  
 жариялануға тиіс                
        Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 57-бабының 3-тармағына сәйкес Қ  АУЛЫ ЕТЕМІН:  
1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджет комиссиясы туралы ереже бекітілсін. 
2. "Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 24 тамыздағы N 1426 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 30, 400-құжат) күші жойылды деп танылсын. 
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2009 жылғы 1 сәуірдегі
 N 780 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
1. Республикалық бюджет комиссиясы туралы осы ереже (бұдан әрі - Ереже) тұрақты негізде жұмыс істейтін Республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрі - комиссия) қызметін реттейді. 
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже комиссия қызметінің құқықтық негізін құрайды.
3. Комиссия қызметінің негізгі мақсаттары жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттің жобасын уақтылы және сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету мен республикалық бюджетті нақтылау және атқару жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
1) республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы жөнінде ұсыныстарды тұжырымдау; 
2) жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет жобасының көрсеткіштерін айқындау жөнінде ұсыныстарды тұжырымдау; 
3) республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін қысқартуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстарды тұжырымдау; 
4) республикалық бюджетті нақтылау жөнінде ұсыныстарды тұжырымдау; 
5) бюджеттік мониторингтің нәтижелерін, нәтижелерге жүргізілген бағалауды қарау және олар бойынша ұсыныстарды тұжырымдау; 
6) Бюджет кодексінде және осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктер болып табылады.
5. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
1) комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды және:
бюджет қаражатын жұмсаудың және заңды тұлғаларды субсидиялаудың басым бағыттарын;