ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Отправить по почте
"Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 780 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 419 Жарлығы Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 780 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 18, 155-құжат; 2011 ж., № 7, 87-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды және:
бюджет қаражатын жұмсаудың және заңды тұлғаларды субсидиялаудың басым бағыттарын;
бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын;
мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясатты;
объектілер бөлінісінде республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен жоспарлы кезеңге арналған концессиялық жобалардың тізбесін;
объектілер бөлінісінде бюджеттік инвестицияларды, сондай-ақ жоспарлы кезеңге облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана бөлінісінде нысаналы даму трансферттерін және кредиттерді қоса алғанда, басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесін айқындайды;
2) комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды және:
республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы;
облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы;
бюджеттік мониторинг нәтижелері мен жүргізілген бағалау нәтижелері;
орталық мемлекеттік органдардың заттай нормаларды өзгерту немесе олардың күшін жою туралы ұсыныстары;
бюджеттік өтінімдер бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның және стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындыларын ескере отырып, жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары;
орталық мемлекеттік органдар өтінімдерінің тізбесіне сәйкес байланысты гранттарды тартудың орындылығы;
республикалық немесе жергілікті бюджеттер шығыстарының ұлғаюын немесе кірістерінің азаюын көздейтін Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобалары;
бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган төтенше немесе соғыс жағдайы іс-шараларын қаржыландыру үшін жасаған бюджеттік бағдарламалардың тізбесі мен көлемі;
республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне берілетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемі;
республикалық бюджетті нақтылау, секвестрлеу және түзету;
жекелеген мемлекеттік қызметтердің, бюджеттік инвестициялық жобалардың және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған, мемлекеттік тапсырма нысанында орындалуы жоспарланып отырған өзге міндеттердің тізбесі;
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдардың арасындағы келіспеушіліктерді реттеу;
есепті қаржы жылында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке аударылмаған кепілдік берілген трансферт сомасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің бюджетті түзету арқылы тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша төленбей тіркелген міндеттемелер сомасынан аспайтын көлемде өткен қаржы жылындағы республикалық бюджетте бекітілген ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін ағымдағы қаржы жылында пайдалануы;
техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптама жүргізу үшін концессиялық жобаларды қаржыландыру;
бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптама жүргізу;
концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді қаржыландыру көлемі;
концессиялық жобаларды бюджеттен қоса қаржыландыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жоспарлау кезеңінен өтпеген аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарды әзірлейді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Жұмыстың жоспар-кестесін комиссия белгілейді. Комиссия мүшелерімен келісу және комиссия жұмысының жоспар-кестесін жіберу бюджеттік өтінімдерді және стратегиялық жоспарлар жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын қарау жөніндегі комиссияның жұмысы басталғанға дейін бір ай бұрын жүзеге асырылады.»;
16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Комиссияның жұмыс органы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган болып табылады.
17. Комиссия отырыстарының арасындағы кезеңде оның қызметінің ұйымдық мәселелерін комиссияның жұмыс органы шешеді.
Комиссия құзыретіне кіретін мәселелерді жұмыс органы жиырма жұмыс күнінен асырмай қарайды және құжаттардың толық пакеті болған жағдайда комиссияның қарауына шығарады.
Жұмыс органы комиссия отырысында қарау үшін материалдарды комиссия мүшелеріне отырыс өткізілетін күнге дейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.».
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |