• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Осы редакция 29.12.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Азаматтық істер жөніндегі сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қараудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 12 Нормативтік қаулысы
Азаматтық істер жөніндегі заңды күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК) нормаларын сот тәжірибесінде біркелкі ұғыну және дұрыс қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
1. АІЖК  44-тарауымен реттелген сот өндірісі, заңды күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарауға құқықтық негіз болатын себептерді айқындауға бағытталған азаматтық іс жүргізудің дербес кезеңі болып табылады. Мұндай құқықтық негіздер қатарына қайта қарау жөнінде арыз берілген сот шешімі қабылданған кезде іс жүзінде орын алған, бірақ арызданушыға белгісіз және белгілі болуы мүмкін емес, ал сотқа хабарланған жағдайда басқа шешім қабылдауға себеп болатын мән-жайлар, сондай-ақ АІЖК  404-бабының 2)-5) тармақшаларында көрсетілген өзге де негіздер жатады.
2. Заңды күшіне енген мынадай сот актілері: 
- бірінші сатыдағы соттың шешімі, соның ішінде сырттай шығарылған шешім; 
- іс бойынша өндірісті қысқарту туралы сот ұйғарымы; 
- төрелік соттың (арбитраждың) шешіміне шағымдану туралы және төрелік соттың (арбитраждың) шешімін мәжбүрлеп орындау туралы арызды қарау нәтижелері бойынша соттың ұйғарымы; 
- бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертілген немесе жаңа шешім шығарған апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау сатыларының ұйғарымы, шешімі, қаулысы жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қаралуы мүмкін. 
Бірінші сатыдағы соттың өзге сот актілері (мысалы, талап арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым, талап арызды кері қайтару туралы ұйғарым, іс жүргізу мерзімін қалпына келтіру туралы немесе қалпына келтіруден бас тарту туралы ұйғарым, сот шешімін түсіндіру туралы ұйғарым, жеке ұйғарым және тағы басқа) жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қаралмайды. 
Заңды күшіне енбеген сот актісіне жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз беруге жол берілмейді.
2-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 Нормативтік қаулысымен.
3. Заңды күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз (бұдан әрі - Арыз) АІЖК  404-бабында көрсетілген негіздердің түпкілікті тізбесі шегінде берілуі мүмкін. 
АІЖК  404-бабында көрсетілген негіздер болмаған жағдайда, заңды күшіне енген сот актілері, сот қадағалау тәртібімен ғана қайта қаралуы мүмкін.
4. Арызды іске қатысушы тұлғалар ғана (мысалы, талапкер, жауапкер, олардың өкілдері, прокурор және басқа тұлғалар) бере алады. 
Құқықтары мен міндеттері туралы мәселесі сотпен шешілген, алайда іске қатысуға тартылмаған тұлғалар, заңды күшіне енген сот актісіне қадағалау тәртібімен шағымдануға құқылы. Сондай-ақ, егер арыз беруші материалдық құқық нормаларын сот дұрыс қолданбады немесе АІЖК  187-бабында көрсетілген негіздер бойынша істің қаралуын кейінге қалдыру туралы өтініш бола тұра, сот істі қарап жіберді деген сілтемелер жасаса, онда заңды күшіне енген сот актілері жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша емес, сот қадағалау тәртібімен қаралады.
5. Сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін тараптар арасында бітімгершілік келісім жасалып, оны сот бекітсе, алайда ол келісімге сәйкес даулы құқықтық қатынас бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері сот актісімен салыстырғанда басқаша болса, онда олар жаңадан анықталған мән-жайлар болып табылмайды. Ондай бітімгершілік келісімнің шарттарын тараптар жеке дара орындауы тиіс, ал алғашқы сот актісін мәжбүрлеп орындату бойынша атқарушылық іс жүргізу "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес қысқартылуға жатады.
5-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 Нормативтік қаулысымен.
6. Жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша сот актісін қайта қарау туралы арыз сотқа жазбаша нысанда беріледі. Арызға оны берген адам немесе оның уәкілетті өкілі қол қояды және арыз АІЖК-нің 406-1-бабының 2 -4-бөліктерінде көзделген талаптарға сай болуға тиіс.
Егер арыз осы Кодекстің 405-бабында белгіленген қағидалар бұзыла отырып берілсе, белгіленген мерзім өткеннен кейін берілсе және оны қалпына келтіру туралы өтініш болмаса немесе арыз берудің өткен мерзімін қалпына келтіруден бас тартылса, арыздың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар сақталмаса, арыз қайтарылуға жатады.
Арызды қайтару туралы ұйғарым шығарылады және арызбен және оған қоса тіркелген құжаттармен бірге ұйғарым шыққан күннен кейінгі келесі күннен кешіктірілмей арыз берушіге жіберіледі.
Аталған ұйғарымға шағым жасалуы, наразылық берілуі мүмкін. (АІЖК-нің 406-3-бабы ).
6-тармақ жаңа редакцияда ҚР Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 Нормативтік қаулысымен.
7. АІЖК-нің 154-бабының ұқсастығына сәйкес арыздар, егер:
а) ол қаралғанға дейін арыз беруші оны кері қайтарып алса;
б) оны беруге өкілеттігі жоқ тұлға, не іс-әрекетке қабілетсіз адам берсе;