Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 164 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қазандағы N 1079 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, қорғанысының, қауiпсiздiгiнiң және құқық тәртiбiн қорғаудың мұқтаждары үшiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiлерiн дайындау мен пайдаланудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 164 қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 53-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, қорғаныс, қауiпсiздiк және құқық тәртiбiн қорғау органдарының мұқтаждары үшiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiлерiн, бiртұтас телекоммуникациялар желiлерiнiң ресурстарын дайындау мен пайдаланудың ережесiн бекiту туралы";
кiрiспеде:
"1999 жылғы 18 мамырдағы" деген сөздер "2004 жылғы 5 шiлдедегi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"және "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 қаулысын " деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақта "қорғанысының, қауiпсiздiгiнiң және құқық тәртiбiн қорғаудың" деген сөздер "қорғаныс, қауiпсiздiк және құқық тәртiбiн қорғау органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын, "желілерiн" деген сөзден кейiн ", бiртұтас телекоммуникациялар желілерiнiң ресурстарын" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, қорғанысының, қауiпсiздiгiнiң және құқық тәртiбiн қорғаудың мұқтаждары үшiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiлерiн дайындау мен пайдаланудың ережесiнде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, қорғаныс, қауiпсiздiк және құқық тәртiбiн қорғау органдарының мұқтаждары үшiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiлерiн, бiртұтас телекоммуникациялар желiлерiнiң ресурстарын дайындау мен пайдаланудың ережесi";
барлық мәтiн бойынша "ұлттық оператордың", "ұлттық байланыс операторы" және "ұлттық оператор" деген сөздер "қалааралық және халықаралық байланыс операторының", "қалааралық және халықаралық байланыс операторы" және "қалааралық және халықаралық байланыс операторы" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) бейбiт уақытта, төтенше жағдайлар туындаған кезде, айрықша маңызды жұмыстар мен iс-шаралар жүргiзген кезде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауiпсiздiк және құқық тәртiбiн қорғау органдарының мұқтаждары үшiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiлерiн (бұдан әрi - ЖПТЖ), бiртұтас телекоммуникациялар желілерiнiң ресурстарын (бұдан әрi - БТЖ) дайындау мен пайдаланудың тәртiбiн;";
2-тармақта:
алтыншы және жетiншi абзацтар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, қорғаныс, қауiпсiздiк және құқық тәртiбiн қорғау органдарының мұқтаждары үшiн бiртұтас телекоммуникациялар желiлерiнiң ресурстары - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына, қорғаныс, қауiпсiздiк және құқық тәртiбiн қорғау органдарына байланыс қызметтерiн көрсетуге арналған телекоммуникациялар желiлерiнiң (нумерация ресурсының) жиынтығы;";
3-тармақта:
"Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi," деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi," деген сөздермен толықтырылсын;
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
2, 3 және 4-тақырыптарда:
"ЖПТЖ-ны" деген аббревиатурадан кейiн ", БТЖ-ны" деген аббревиатурамен толықтырылсын;
"қорғаудың" деген сөз "қорғау органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшінe енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi