Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:










Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 6 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), ұлттық басқарушы мен ұлттық холдингтер:
1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) апта сайын, есепті аптаның жұма күні сағат 18:00-ге және ай сайын, есептіден кейінгі айдың 1-күніне Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат, оның ішінде Жоспарды іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі:
1) апта сайын, есептіден кейінгі аптаның дүйсенбісіне және ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күніне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат, оның ішінде Жоспарды іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсін;
2) ай сайын, 15-күнге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар берсін;
3) екі апта мерзімде әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, мониторингінің нысандарын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізсін.
4. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" және "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамдары ай сайын, есептіден кейінгі айдың 1-күніне Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспарды іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы ақпарат берсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 13 қаңтардағы
N 6 қаулысымен бекітілген

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |