Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 6 Қаулысы
Редакция 30.12.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), ұлттық басқарушы мен ұлттық холдингтер:
1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) апта сайын, есепті аптаның жұма күні сағат 18:00-ге және ай сайын, есептіден кейінгі айдың 1-күніне Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат, оның ішінде Жоспарды іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі:
1) апта сайын, есептіден кейінгі аптаның дүйсенбісіне және ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күніне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат, оның ішінде Жоспарды іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсін;
2) ай сайын, 15-күнге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар берсін;
3) екі апта мерзімде әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, мониторингінің нысандарын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізсін.
4. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" және "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамдары ай сайын, есептіден кейінгі айдың 1-күніне Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспарды іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы ақпарат берсін.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.06.2009 № 890, 20.07.2009. № 1101 Қаулыларымен. (14.05.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 13 қаңтардағы
N 6 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с N | Іс-шараның атауы | Жауапты орындаушылар | Аяқтау нысаны | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
I. Макроэкономикалық тұрақтылықты қолдау | ||||
---|---|---|---|---|
1. | Теңгерімді ақша-кредит және салық-бюджет саясатын жүргізу | ҰБ, ЭБЖМ, Қаржымині, | Үкіметке ақпарат | Үнемі |
2. | Мемлекеттік бюджетке, Ұлттық қорға түсетін түсімдер серпінінің мониторингі және талдау | Қаржымині, ЖАО | Үкіметке есеп | Апта сайын |
3. | Өндіріс пен жұмыспен қамту серпінінің салалар, өңірлер мен ірі кәсіпорындар бөлінісіндегі мониторингі және талдау | ЭБЖМ, ИСМ, Еңбекмині, АШМ, ЖАО | Үкіметке есеп | Ай сайын |
4. | Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуы және басқа да әлеуметтік көмек түрлері бойынша әлеуметтік төлем алуға өтініштердің мониторингі және талдау | Еңбекмині, ЖАО | Үкіметке ақпарат | Жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер бойынша - апта сайын, әлеуметтік көмектің басқа түрлері бойынша ай сайын |
5. | Төлем теңгерімінің мониторингі және бағалау | ҰБ, ЭБЖМ, Қаржымині, ИСМ | Үкіметке ақпарат | Тоқсан сайын |
6. | Бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыруға бөлінетін қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуының мониторингі, талдау және бақылау | Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар | Үкіметке есеп | Ай сайын |
II. Қаржы секторын тұрақтандыру | ||||
1. | Мемлекеттің қаржы секторындағы реттеу және қадағалау функцияларын күшейту | |||
Ағымдағы шаралар: | ||||
1.1. | Инвестициялық қызметке байланысты тәуекелдерді ескере отырып, меншікті капиталдың жеткіліктілігін бағалау бөлігінде жинақтаушы зейнетақы қорларын пруденциалдық реттеуді жетілдіру | ҚҚА | ҚҚА қаулысы | 2009 жылғы ақпан |
1.2. | Базель комитетінің стандарттарына және халықаралық практикаға жақындата отырып, ЕДБ меншікті капиталының (бірінші деңгейдегі капиталдың) жеткіліктілігін бағалау жөніндегі ағымдағы тәсілдерді жетілдіру | ҚҚА | ҚҚА қаулысы | 2009 жылғы ақпан |
Орта мерзімді шаралар | ||||
1.3. | Банк және корпоративтік секторлардың сыртқы борышын талдау және реттеу | ЭБЖМ, Қаржымині, ҚҚА,ҰБ | Үкіметке ақпарат | Тоқсан сайын |
1.4. | Өтімділіктің тәуекелін бақылауға қойылатын талаптарды күшейту және банктер өтімділігінің стресс-тестингіне ұстанымдарды жетілдіру жолымен ЕДБ-дегі тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру | ҚҚА | ҚҚА қаулысы | 2009 жылғы наурыз, бұдан әрі - қажеттілігіне қарай |
1.5. | Арнаулы провизияларды проблемалы активтерге уақтылы қалыптастыруға қатысты ХҚЕС-ға жақындату, қайта құрылымдалған активтерді жіктеуге, провизияларды (резервтерді) жалпыбанктік тәуекелдерге қалыптастыруға тәсілдерді жетілдіру бөлігінде банк активтерін жіктеудің қолданыстағы тәртібін оңтайландыру | ҚҚА, Қаржымині | ҚҚА қаулысы | 2009 жылғы сәуір, бұдан әрі - қажеттілігіне қарай |
2. | Жүйе құраушы екінші деңгейдегі банктерді жай және артықшылығы баракцияларды сатып алу және/немесе депозиттерге орналастыру арқылы қосымша капиталдандыру | |||
Тетіктері: Жүйе құраушы төрт банкті жай және/немесе артықшылығы бар акцияларды сатып алу және/немесе депозиттерге орналастыру арқылы қосымша капиталдандыру және қаржыландыру. Банктерді қосымша капиталдандырудың жалпы сомасы 487,5 млрд. теңгені құрайды, оның бір бөлігі банктерге жай және/немесе артықшылығы бар акцияларды сатып алуға жіберілетін болады, екінші бөлігі экономиканың нақты секторын қаржыландыруға жіберілетін болады. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ банктер акцияларының бақылау пакетін иеленуі мүмкін.Берілген қаражатты банктер резервтердің (провизиялардың) барабар деңгейін қалыптастыруға және ел ішінде қарыз алушыларға кредиттер беруге жіберілген. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ капиталдандырылған банктердің ұзақ мерзімді қатысушысы болып қалмайды. Әлемдік қаржы дағдарысының әлсіреуіне және халықаралық капитал нарықтарына қол жеткізудің ашылуына карай «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ нарықтық қағидаттарымен, бірақ акцияларды сату бағасы сатып алу бағасынан төмен болмайды деген шартпен банктерге қатысушылардың құрамынан шығуы мүмкін | ||||
Ағымдағы шаралар | ||||
2.1. | Банктерді қосымша капиталдандыру жөнінде консультациялық қызметтер көрсету және қаржы секторын тұрақтандыру жөніндегі өзге де іс-шаралар үшін халықаралық қаржы консультанттарын тарту | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | Үкіметке ақпарат | 2009 жылғы 20 қаңтарға |
2.2. | Банктерді кешенді тексеруді жүргізу үшін халықаралық аудиторлық компанияларды тарту | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | Үкіметке ақпарат | 2009 жылғы 20 қаңтарға |
2.3. | Банктердің жай акциялардың қосымша эмиссиясы туралы шешім қабылдауы (банк акционерлерінің жалпы жиналыстарын өткізу) | ЕДБ | Үкіметке ақпарат | 2009 жылғы 1 ақпанға |
2.4. | ЕДБ қаржылық жай-күйін, активтерінің сапасын және ЕДБ қызметінің проблемалы аспектілерін бағалауды айқындау | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, ЕДБ | Үкіметке есеп | 2009 жылғы 15 наурызға |
2.5. | «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысында банктерді жай және артықшылығы бар акцияларды сатып алу және/немесе депозиттерге орналастыру арқылы ЕДБ-ні қолдау туралы шешім қабылдау | «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ | Үкіметке ақпарат | 2009 жылғы 25 наурызға |
2.6. | ЕБД-ге қаржыландыруды беру шарттары (оның ішіне 2008 жылы бюджет қаражатынан капиталдандыруға алынған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорынан бөлінген "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның ақшалай қаражатын депозитке орналастыру жолымен), акцияларды қайта сатып алу, акционерлер арасындағы өзара қарым-қатынастардың және корпоративтік басқаруды жүзеге асырудың негізгі қағидаттары туралы уағдаластықтарға қол жеткізу (іске асыру туралы келісімдерге, опциялық келісімдерге, акционерлер арасындағы келісімдерге және өзге де келісімдерге қол қою) | ЭБЖМ, Қаржымині, "Самұрық Қазына" ҰӘҚ" АҚ, ЕДБ | Үкімет қаулысы | 2009 жылғы ақпан |
2.7. | ЕДБ-ның акциялардың қосымша эмиссиясын тіркеуі | ЕДБ, ҚҚА | Үкіметке ақпарат | 2009 жылғы 1 сәуірге |
2.8. | ЕДБ акционерлерінің жай акциялардың қосымша эмиссиясын артықшылықпен сатып алу құқығынан бас тарту туралы шешім қабылдауы | ЕДБ | Үкіметке ақпарат | 2009 жылғы 1 сәуірге |
2.9 | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның "Банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістердің негізінде ЕДБ-ның жай акцияларын сатып алуы | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, ЕДБ | Үкіметке ақпарат | 2009 жылғы 15 сәуірге |
2.10. | ЕДБ-ның артықшылығы бар акциялардың қосымша эмиссиясы туралы шешім қабылдауы (банктердің акционерлердің жалпы жиналысын өткізуі: Халық Банкі, Қазком, БТӘ Банкі, Альянс Банкі) | ЕДБ | Үкіметке ақпарат | 2009 жылғы 15 сәуірге |
2.11. | Артықшылығы бар акциялардың қосымша эмиссиясын тіркеу | ЕДБ, ҚҚА | Үкіметке ақпарат | 2009 жылғы 15 мамырға |
2.12. | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның артықшылығы бар акцияларды сатып алуы | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, ЕДБ | Үкіметке ақпарат | 2009 жылғы 1 маусымға |
2.13. | Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2309 Қаулысымен. | |||
3. | Стресті активтер қорының банктердің күмәнді активтерін сатып алуы және оларды кейіннен басқаруы | |||
Ағымдағы шаралар | ||||
3.1. | САҚ негізгі қызметінің меморандумын әзірлеу (САҚ Директорлар кеңесінің шешімімен САҚ меморандумын мақұлдау) | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, Қаржымині, ҚҚА | Үкіметке ақпарат | 2009 жылғы қазан |
3.3. | ЕДБ-мен банктердің САҚ сатып алатын стресті активтерін айқындау жөніндегі келіссөздер | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, ЕДБ | Үкіметке ақпарат | 2009 жылғы қараша |
3.4. | САҚ эмиссиялайтын ноталарға тәуекелдердің барабар деңгейін беру | ҚҚА | ҚҚА қаулысы | 2010 жылғы қаңтар |
3.5. | ЕДБ-дан алынған ұсыныстарды бағалау және талдау үшін тәуелсіз консультанттарды тарту (активтерді бағалау, активтердің сыныптарын айқындау және консультанттардың оларды сатып алу бағасы (дисконт) жөніндегі ұсынымдары) | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | Үкіметке ақпарат | 2009 жылғы қараша, желтоқсан |
3.6. | ЕДБ-ның стресті активтерді және олар бойынша кепілдікті қамтамасыз етуді сатып алу ережесін әзірлеу (стресті активтерді және олар бойынша кепілдікті қамтамасыз етуді сатып алудың нақты рәсімдерін белгілеу, Ережені САҚ Директорлар кеңесінің мақұлдауы) | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | Үкіметке ақпарат | 2009 жылғы қазан, қараша |
3.7. | САҚ-тың облигациялық бағдарламасын мемлекеттік тіркеу | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, ҚҚА | Үкіметке ақпарат | 2010 жылғы қаңтар |
3.8. | САҚ облигацияларын шығару және ЕДБ-ның стресті активтерін және олар бойынша кепілдікті қамтамасыз етуді сатып алу | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | Ай сайынғы негізде Үкіметке есеп | 2010 жылғы қаңтардан бастап |
3.9. | САҚ активтерін құрылымдау және (кредиттік портфельді басқарудың кірістілігін қамтамасыз ету) | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | Тоқсан сайынғы негізде Үкіметке есеп | 2010 жылғы мамырдан бастап |
4. | Инфляция деңгейі мен зейнетақы жинақтарының көлемін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналары түсімдерінің мониторингі, республикалық бюджетте инфляцияның деңгейін ескере отырып, іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен алушының зейнетақы төлеміне құқықты алуы сәтіндегі зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы өтеуге қажетті қаражатты жыл сайын жоспарлау | |||
4.1. | Инфляцияның деңгейі мен жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының зейнетақы жинақтарының көлемін ескере отырып, іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналары сомасының мониторингін ұйымдастыру | Еңбекмині, СА, ҚҚА | Үкіметке ақпарат | Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күні |
4.2. | Инфляцияның деңгейі (оның ішінде инфляцияның болжанатын деңгейін) мен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдеріне құқық алатын адамдардың зейнетақы жинақтарының көлемін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналары сомасының болжамдарын жасау | Еңбекмині, ЭБЖМ, ҰБ, ҚҚА | Үкіметке ақпарат | Жыл сайын, сәуір |
4.3. | Инфляцияның деңгейін ескере отырып, іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен алушының зейнетақы төлеміне құқықты алуы сәтіндегі зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы өтеуге қажетті бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастыру (ЭБЖМ-ге бюджеттік өтінім беру) | Еңбекмині | Үкіметке ақпарат | 15 мамырға дейін, жыл сайын |
ІІІ. Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу | ||||
Бағдарламаны қаржыландыру үшін қаражат тарту жөніндегі іс-шаралар | ||||
1. | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның 480 млрд. теңге сомаға облигациялар шығару жолымен Ұлттық қордан қарыз алуды жүзеге асыруы. Ұлттық қордан және жинақтаушы зейнетақы қорларынан қаражат тартқанға дейін құрылысы аяқталмаған объектілерді қаржыландыруды уақтылы ұйымдастыру мақсатында "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ меншікті капиталын пайдаланатын болады. | |||
Ағымдағы шаралар | ||||
1.1. | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ға қаржылық агенттігі мәртебесін беру | ҚҚА, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | ҚҚА басқармасының қаулысы | 2009 жылғы 15 қаңтарға дейін |
1.2. | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ облигацияларын Ұлттық қор қаражатын инвестициялау үшін рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесіне қосу туралы ұсыныс | ЭБЖМ, Қаржымині, ҰБ "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің шешімі | 2009 жылғы 15 қаңтарға |
1.3. | Облигациялық қарыздың негізгі параметрлері мен шарттарын бекіту (транштар кестесін қоса алғанда) | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, ҰБ, ЭБЖМ, Қаржымині, ҚҚА | Үкіметке ақпарат | 2009 жылғы 30 қаңтарға |
1.4. | Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасына өзгерістер енгізу | ЭБЖМ, Қаржымині, ҰБ | Президент Жарлығының жобасы | 2009 жылғы 16 ақпанға |
1.5. | Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген шетелдік қаржы құралдарының тізбесіне Ұлттық қордың активтерін қазақстандық эмитенттердің бағалы қағаздарына инвестициялауға рұқсат беру бөлігінде өзгерістер енгізу | Қаржымині, ҰБ | Үкімет қаулысы | 2009 жылғы 16 ақпанға |
1.6. | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Директорлар кеңесінің отырысында Ұлттық қордың қаражатын тарту үшін облигациялар шығару туралы шешім қабылдау | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Директорлар кеңесі отырысының хаттамасы | 2009 жылғы 20 қаңтарға |
1.7. | Ұлттық қордың қаражатын тарту үшін облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеу | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, ҚҚА | Облигацияларды шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік | 2009 жылғы 23 қаңтарға |
1.8. | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ облигацияларын Ұлттық Банктің Ұлттық қордың портфеліне сатып алуы | ҰБ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, Қаржымині | Облигацияларды сатып алу-сату шарттары; ақша қаражатын "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотына аудару | 2009 жылғы 30 қаңтарға |
2. | Ипотекалық кредит беру бағдарламасын қаржыландыру және тұрғын үй секторын дамыту үшін жинақтаушы зейнетақы қорларының қаражатын тарту Тетіктері ЖЗҚ қаражаты "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ облигацияларын қазақстандық қор биржасында шығару жолымен тартылатын болады. Қарыз алудың негізгі параметрлері: облигацияларды дебютті шығару көлемі - 120 млрд. теңге өтеу мерзімі - 15 жылға дейін купонның индикативтік ставкасы - 8,5% болжамды шығару күні - 2009 ж. қазан. "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ облигацияларына зейнетақы қорлары тарапынан сұраныс болған жағдайда 2009 жылы 360 млрд. теңгеге дейінгі көлемде қаражат тарту болжануда | |||
Ағымдағы шаралар | ||||
2.1. | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ эмиссиялайтын облигацияларға тәуекелдердің барабар деңгейін беру | ҚҚА | ҚҚА қаулысы | 2009 жылғы ақпан |
2.2. | Қаржымині мен "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның ішкі нарықта қарыз алудың келісілген, көлемі мен шарттарын бекіту | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, Қаржымині | Үкіметке ақпарат | 2009 жылғы 1 ақпанға |
2.3. | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның 2008 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілігінің аудитін жүргізу | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | Аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілікті шығару | 2009 жылғы 1 шілдеге |
2.4. | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның 2009 жылдың бірінші жарты жылдығындағы шоғырландырылған қаржылық есептілігіне шолу жүргізу | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | Шоғырландырылған қаржылық есептілікті шығару | 2009 жылғы 1 қыркүйекке |
2.5. | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның 480 млрд. теңге сомасындағы облигациялық бағдарламасын мемлекеттік тіркеу және 120 млрд. теңге сомасындағы дебютті шығарылымды тіркеу | ҚҚА, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | Облигациялық бағдарлама мен бірінші шығарылымды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алу | 2009 жылғы 15 қыркүйекке |
2.6. | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ облигацияларын шығару және оның қазақстандық КАSЕ қор биржасында листингтен өтуі | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, КАSЕ | Үкіметке ақпарат | 2009 жылғы 1 қазанға |
2.7. | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ облигацияларын орналастыру (ипотекалық кредит беру және тұрғын үй секторын дамыту бағдарламасын қаржыландыру үшін ЖЗҚ қаражатын тарту) | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | Үкіметке ақпарат | 2009 жылғы 15 қазанға |
Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу жөніндегі қолданыстағы тетіктерді іске асыру | ||||
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1039 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын іске асыру шеңберінде, елдің ипотека нарығындағы тұрақтылығын қамтамасыз ету, үлескерлер құқықтарын қорғау және құрылыс объектілерін аяқтау мақсатында жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешудің мынадай тетіктері жүзеге асырылады. | ||||
3. | Объектілер салуды аяқтауға құрылыс салушыларға одан әрі кредит беру үшін екінші деңгейдегі банктерде негізделген депозиттер орналастыру үшін қаражат бөлу. "Қазына" ОДҚ" АҚ-ға 95 млрд. теңге бөлінді. "Қазына" ОДҚ" АҚ 2008 жылы Астана қаласындағы 31 объектіні 40,8 млрд. теңге сомасына және Алматы қаласындағы 14 объектіні 23,1 млрд. теңге сомасына қаржыландыруды жүзеге асырды. | |||
3.1. | ЕДБ-де негізделген депозиттер орналастыру жолымен Астана және Алматы қалаларында объектілер салуды аяқтаудың қаржыландырылуын жалғастыру | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, ЕДБ | Үкіметке ақпарат | Ай сайын |
4. | Мемлекеттің пәтерлер сатып алуы. Құрылыс салушылардан Астана қаласындағы құрылыс объектілерінен пәтерлер сатып алуды жүзеге асыру үшін Астана қаласының әкімдігіне 41 млрд. теңге бөлінді, соның ішінде 2008 жылы - 21 млрд. теңге. Астана қаласының әкімдігі 47 объектіден 6223 пәтер сатып алуға шарт жасасты, қаражатты игеру сомасы 21,5 млрд. теңгені құрайды. пайдалануға берілетін тұрғын үй (барлығы 2224 пәтер) мынадай тәртіппен: 1) 2124 пәтерді кейіннен орталық мемлекеттік органдардың арасында бөлу орталық мемлекеттік органдардың арасында бөлу және оларды мемлекеттік қызметшілерге, оның ішінде елордаға қоныс аударғандарға беру үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілген Астана қаласының бұрынғы мектепке дейінгі ұйымдарының ғимараттарында тұрып жатқан тұлғаларды заңнамаға сәйкес тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 124 (бір жүз жиырма төрт) пәтер (ҚМ-47, ІІМ-30, ҰҚК-17, РҰ-30) "Астана қаласының тұрғын үй басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық жылжымайтын мүлік" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына (бұдан әрі - "Қалалық жылжымайтын мүлік" МКК) берілетін болады. Іс-шаралар жоспардың шеңберінде Астана қаласының әкімдігі сатып алған тұрғын үйлерді іріктеу және бөлу мәселелері бойынша ұсынысты әзірлеу мақсатында тиісті Комиссия құрылады. Комиссия осы Жоспарға және Комиссия туралы ережеге сәйкес Астана қаласының әкімдігі ұсынған пайдалануға берілген тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) туралы материалдарды зерделеуді сол жерге барып жүзеге асырады, кейіннен оларды мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде елордаға қоныс аударғандар арасында бөлу үшін орталық мемлекеттік органдарға берілетін пәтерлердің тізбесін жасайды. Орталық мемлекеттік органдар бойынша пәтерлер санының квотасын Премьер-Министрмен келісім бойынша Комиссия айқындайды. Комиссия әрбір тұрғын үй (тұрғын ғимарат) бойынша пәтерлердің жалпы санына пайыздық қатынасы бойынша әрбір мемлекеттік органға бөлінетін пәтер санын айқындайды. "Қалалық жылжымайтын мүлік" МКК-ға берілетін тұрғын үй қоныс аударған мемлекеттік қызметшілерге басым тәртіппен беріледі, олардың құқықтық режимі қызметтік тұрғын үйге теңестірілуі мүмкін, бұл ретте, орталық мемлекеттік органдардың басқа мемлекеттік қызметшілеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілген Астана қаласының бұрынғы мектепке дейінгі ұйымдарының ғимараттарында тұрып жатқан тұлғаларға тұрғын үй тұрғын үйді жалдау шартымен берілетін болады. Елорданы көшіруге байланысты Астана қаласына қоныс аударған және тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген (бөлме санына қажеттілікті көрсете отырып) мемлекеттік қызметшілердің тізімін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жасайды және тиісті шешім қабылдау үшін Комиссияның қарауына енгізеді. Қоныс аударған мемлекеттік қызметшілер берілген пәтерден бас тартқан жағдайда орталық мемлекеттік орган оны қайта бөлуі мүмкін. Тұрғын үй беруге ұсыныс жасалған (жалдау шарттарымен) мемлекеттік қызметшілердің тізімі жыл сайын орталық мемлекеттік органның тұрғын үй комиссиялары отырыстарының хаттамаларымен бекітіледі және "Қалалық жылжымайтын мүлік" МКК-ға тапсырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілген Астана қаласының бұрынғы мектепке дейінгі ұйымдарының ғимараттарында тұрған тұлғалардың тізімін берілген ғимараттардың теңгерім ұстаушылары болып табылған орталық мемлекеттік органдар "Қалалық жылжымайтын мүлік" МКК-ге ұсынатын болады. Жалдау (жалға алу) шарттары бір жылдан аспайтын мерзімге жасалады, бұл ретте, жалдау (жалға алу) шартын бұзуға негіз болмаған жағдайда, орталық мемлекеттік орган ұсынатын тізімге сәйкес ол келесі мерзімге ұзартылуы мүмкін. Пәтер мемлекеттік қызметшінің жалдау (жалға алу) шартының талаптарын орындамауына байланысты және өзге де себептер бойынша босатылған жағдайда орталық мемлекеттік орган оны тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшілердің арасында қайта бөлуі мүмкін. 2) кейіннен «Қазақ ұлттық өнер университеті» MM (бұдан әрі - «ҚазҰӨУ» MM) профессор-оқытушылық құрамының арасында бөлу үшін 100 (жүз) пәтер. Бұл ретте, кейіннен «ҚазҰӨУ» MM профессор-оқытушылық құрамының арасында бөлу үшін көрсетілген 100 (жүз) пәтер жалдау шартымен берілетін болады. Тұрғын үй беруге ұсыныс жасалған (жалдау шарттарымен) «ҚазҰӨУ» MM профессор-оқытушылық құрамы қызметкерлерінің тізімі жыл сайын «ҚазҰӨУ» ММ-ның тұрғын үй комиссиясы отырыстарының хаттамаларымен бекітіледі және «Қалалық жылжымайтын мүлік» МКК-ға тапсырылады. Жалдау (жалға алу) шарттары бір жылдан аспайтын мерзімге жасалады, бұл ретте жалдау (жалға алу) шартын бұзуға негіз болмаған жағдайда «ҚазҰӨУ» MM ұсынатын тізімге сәйкес ол келесі мерзімге ұзартылуы мүмкін. «ҚазҰӨУ» MM профессор-оқытушылық құрамының қызметкері берілген пәтерден бас тартқан жағдайда «ҚазҰӨУ» ММ оны қайта бөлуі мүмкін. Пәтер «ҚазҰӨУ» MM профессор-оқытушылық құрамы қызметкерінің жалдау (жалға алу) шартының талаптарын орындамауына байланысты және өзге де себептер бойынша босатылған жағдайда «ҚазҰӨУ» ММ оны тұрғын үйге мұқтаж «ҚазҰӨУ» MM профессор-оқытушылық құрамының өзге қызметкерлері арасында қайта бөлуі мүмкін. | |||
4.1. | Астана қаласы әкімдігінің пәтерлер сатып алуды аяқтауы (әкімдіктің пәтерлерді меншікке қабылдауы) | Астана қаласының әкімдігі | Үкіметке ақпарат | 2009 жыл |
5. | Проблемалы объектілер салуды аяқтау үшін Астана, Алматы қалаларының әкімдіктеріне ақша бөлу. Проблемалы объектілер салуды аяқтау үшін Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері ЖШС-лар құрды және тиісінше 17,2 млрд. және 10 млрд. теңге бөлінді. Теріс пиғылды құрылыс салушылардан мүлікті талап ету және ТҚК беру туралы Астана қаласы бойынша берілген 19 сот талабы бойынша соттың шешімдерімен залалдың орнын толтыру ретінде үлескерлерге аяқталмаған үлестік құрылыс объектілерінің барлығына құқықтар берілді. Алматы қаласы бойынша 2009 жылы 1058 пәтердің құрылысын аяқтауға конкурс өткізілді, соның 660-ы істердің соттарда қаралуы бойынша алданған үлескерлер үшін көзделуде. | |||
5.1. | Астана және Алматы қалаларындағы проблемалы объектілер құрылысын аяқтау (объектілерді мемлекеттік қабылдау) | Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | Үкіметке ақпарат | Ай сайын |
6. | ЕДБ-дағы ипотекалық кредиттер бойынша талап ету құқықтарын сатып алуды жүзеге асыру үшін "Қазақстандық ипотекалық компания" АҚ-ны қорландыру. "Қазақстандық ипотекалық компания" АҚ-ның бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын іске асыру шеңберінде ЕДБ-дағы ипотекалық кредиттер бойынша талап ету құқықтарын сатып алуды жүзеге асыру үшін 20,5 млрд. теңге бөлінді, соның 10,5 млрд, теңгесі игерілді. | |||
6.1. | "ҚИК" АҚ-ның ипотекалық кредиттері бойынша ЕДБ-ден талап ету құқықтарын сатып алу (тиісті шарттар жасасу) | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | Үкіметке ақпарат | Ай сайын |
Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу жөніндегі жаңа тетіктерді іске асыру | ||||
Тетіктері: 1) Тұрғын үйді тіркелген баға бойынша өткізе отырып, тұрғын үй объектілері құрылысын ЕДБ арқылы қаржыландыру. Осы бағыт шеңберінде ЕДБ арқылы өтетін қаражат салынған тұрғын үйді сатып алу үшін заңды тұлғаларға кейіннен ипотекалық кредиттер бере отырып, объектіні салуды аяқтау үшін құрылған жобалау компаниясына беріледі; 2) тұрғын үйді еркін бағамен сата отырып құрылысты ЕДБ арқылы қаржыландыру. Бұл тетік кейіннен ЕДБ-ның тұрғындарға мерзімінен бұрын өтеу құқығымен жылдық 10,5%-бен 15 жыл мерзімге дейін ипотекалық кредиттер беру және бұрын берілген ипотекалық қарыздарды жылдық 11%-ға дейін қайта қаржыландыру ставкасы бойынша қайта қаржыландыру мүмкіндігімен ЕДБ-да 15 жылға кредиттік желілер (банк салымдары шарттары) ашу жолымен іске асырылатын болады. Бағдарламаның қолданылу мерзімі - шектеулі. Ипотека ЕДБ арқылы мынадай тәртіппен берілетін болады: құрылыс салушылар ипотекалық кредит беру схемасы бойынша пәтер сатып алушылардың пулдарын қалыптастырады. Сатып алушылардың қалыптасқан пулдары жалпы сомада салынып жатқан объектідегі сатылмаған пәтерлердің жалпы санының кемінде 30%-ын жабуы тиіс; ЕДБ сатып алушыларға ипотекалық кредит беру туралы шешім қабылдайды; "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ ЕДБ-мен келісілген құжаттар тізбесіне сәйкес одан әрі ипотекалық кредит беру үшін ЕДБ қалыптастырады; 3) құрылысты "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның еншілес ұйымдары арқылы қаржыландыру. Осы бағыт шеңберіндегі қаражат "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның еншілес ұйымы арқылы салынған тұрғын үйді сатып алу үшін жеке тұлғаларға кейіннен ипотекалық кредиттер бере отырып объектіні салуды аяқтау үшін құрылған жобалау компаниясына беріледі; 3-1) "Стресті активтер қоры" акционерлік қоғамы арқылы құрылысты аяқтауды қаржыландыру. "Global building contract" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Алматы қаласындағы "Сайран" мега ауданының, "Үш төбе" тұрғын үй кешенінің және Астана қаласындағы "Гранд Алатау" тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауы "Стресті активтер қоры" акционерлік қоғамының 20 млрд. теңге сомасындағы мерзімді банктік салымын "Казкоммерцбанк" акционерлік қоғамына орналастыру арқылы оған мынадай шарттарда кредит беру жолымен жүзеге асырылатын болады: 1) орналастыру - бір жолғы, бір траншпен; 2) салым мерзімі - 20 (жиырма) жыл; 3) салым бойынша сыйақы ставкасы - жылдық 1 % (бір пайыз); 4) негізгі борыш бойынша жеңілдік кезеңі - 10 жыл; негізгі борышты төлеу - жеңілдікті кезең өткеннен кейін бірдей жылдық төлемдермен; 5) сыйақы бойынша жеңілдікті кезең - құрылыс кезеңіне; сыйақы төлеу - жеңілдікті кезең өткеннен кейін бірдей жарты жылдық төлемдермен. Алматы қаласында "Тау Самал" тұрғын үй кешенінің бірінші кезегін салуды қаржыландыру "Стресті активтер қоры" акционерлік қоғамы арқылы былайша жүзеге асырылатын болады "БТА Банкі" акционерлік қоғамының Алматы қаласындағы "Тау Самал" тұрғын үй кешені бірінші кезегі түріндегі кепілзат мүлкі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіріп алынады және Алматы қаласындағы "Тау Самал" тұрғын үй кешенінің бірінші кезегінің құрылысын 7 млрд. теңге сомасына аяқтауды қамтамасыз ететін "Стресті активтер қоры" акционерлік қоғамына беріледі. Алматы қаласындағы «Күн квартал» және «Шаңырақ» тұрғын үй кешендерінің құрылысын қаржыландыру «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамы арқылы 3 млрд. теңге сомасында жүзеге асырылады, оның ішінде «Күн квартал» тұрғын үй кешенін қаржыландыруға - 2 млрд. теңге, «Шаңырақ» тұрғын үй кешеніне - 1 млрд. теңге бөлінеді. 4) ипотекалық кредиттерді қайта қаржыландыру | ||||
7. | Тұрғын үйлерді тіркелген бағамен сата отырып құрылысты ЕДБ арқылы қаржыландыруды ұйымдастыру | |||
Ағымдағы шаралар | ||||
7.1. | ЕДБ қаржыландырылуы жоспарланған объектілерді іріктеуді жүргізеді | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ және құрылыс салушы | 2009 жылғы 1-тоқсан бойы | |
7.2. | ЕДБ мен "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Өзара іс-қимыл туралы меморандум жасасады | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | Меморандум | 2009 жылғы 1-тоқсан бойы |
Орта мерзімді шаралар | ||||
7.3. | Құрылыс салушы жобалау компаниясын (бұдан әрі ЖК) құрады | Құрылыс салушы | ЖК тіркеу, құқықтар мен активтер беру | 2009 жылғы 1-жарты жылдық бойы |
7.4. | ЕДБ Кредит комитеті ЖК-ге кредит беру туралы шешім қабылдайды | ЕДБ | ЕДБ Кредит комитетінің шешімі | 2009 жылғы 1-жарты жылдық бойы |
7.5 | ЕДБ тоқсандық қаржыландыру қажеттілігін ескере келе қажетті қаражат сомасын көрсете отырып және ҚМЖ кестесімен "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ға өтінім жібереді | ЕДБ | Тапсырыс хат | 2009 жылғы 1-жарты жылдық бойы |
7.6. | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ мен ЕДБ Жедел банктік салым туралы шарт жасасады | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | Жедел банктік салым туралы шарт | 2009 жылғы 1-жарты жылдық бойы |
7.7. | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ ҚМЖ кестесі мен техникалық қадағалау жөніндегі тәуелсіз сараптама ұйымдарының өткен тоқсанның қаражатын нысаналы жұмсау және іс жүзінде игеру туралы қорытындыларына сәйкес тоқсан сайын ЕДБ-де қаражат орналастыруды жүзеге асырады | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | Шарт жасалғаннан кейін 10 күн ішінде | |
7.8. | ЖК объект құрылысын аяқтайды және объектіні мемлекеттік қабылдау актісін алады | Жобалау компаниясы | Мемлекеттік қабылдау актісі | ҚМЖ кестесіне сәйкес |
7.9. | ЕДБ мен "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Объектіге ипотекалық кредит беруді ұйымдастыру туралы шарт жасасады | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | Объектіге ипотекалық кредит беруді ұйымдастыру туралы шарт | Актінің алынуына қарай |
7.10. | ЕДБ ай сайынғы негізде азаматтардың объектіден тұрғын үй сатып алу бойынша қолда бар өтініштер санын ескере келе "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ға ипотекалық кредит беруді ұйымдастыруға қажетті сомаға өтінім береді | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | Тапсырыс хат | Шарт жасалғаннан кейін ай сайын |
7.11. | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ алынған өтінімге сәйкес ай сайын ЕДБ-де қаражат орналастыруды жүзеге асырады | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | ЕДБ-де қаражат орналастыру | Шарт жасалғаннан кейін ай сайын |
7.12. | ЕДБ бір ай өткен соң "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ға берілген ипотекалық қарыздар туралы растаушы ақпарат береді | ЕДБ | ЕДБ-ден есептік ақпарат | Шарт жасалғаннан кейін ай сайын |
7.13. | ЖК ипотекалық қарыз алушыларға тұрғын үйлердің сатылуына орай Банктің кредитін өтейді | Жобалау компаниясы | Сатылуына қарай | |
7.14. | Банк Жедел банктік салым туралы шарт бойынша "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ қаражатын қайтаруды жүзеге асырады | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | Жедел банктік салым туралы шарттың мерзімі өтуіне қарай | |
7.15. | Банк Тұрғындарға ипотекалық кредит беруді ұйымдастыру туралы шарт бойынша "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ қаражатын қайтаруды жүзеге асырады | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | Ипотекалық кредит беруді ұйымдастыру туралы шарттың мерзімі өтуіне қарай | |
7.16. | ЕДБ Бірлескен іс-қимылдар жоспарында баяндалған шарттарға сай келетін ипотекалық қарыз алушылар объектісі бойынша "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ға қайта қаржыландыру туралы өтінім береді | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | Тапсырыс хат | 2009 жылғы 1-тоқсан бойы |
7.17. | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ қарызды өтеудің қалған мерзіміне объекті бойынша бұрын берілген ипотекалық кредиттерді қайта қаржыландыру үшін ЕДБ-де қаражат орналастырады | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, ЕДБ | Жедел банктік салым туралы шарт | Сараптаудан кейін 15 күн ішінде |
8. | Тұрғын үйді еркін бағамен сата отырып құрылысты ЕДБ арқылы қаржыландыруды ұйымдастыру | |||
Ағымдағы шаралар | ||||
8.1. | ЕДБ-нің ипотекалық кредит беру үшін объектілер тізбесін қалыптастыруы | ЕДБ | ЕДБ-нің кредит комитетінің тізбені бекіту туралы шешімі | 2009 жылғы 1-тоқсан |
8.2 | Ипотеканы қорландыру үшін қажетті құжаттар тізбесін келісу | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | Құжаттар тізбесі | 2009 жылғы 1-тоқсан |
8.3. | ЕДБ мен "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ арасында Банктік салым шартын жасасу | "Самұрық-Қаз ына" ҰӘҚ" АҚ | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ мен ЕДБ арасындағы Банктік салым шарты | 2009 жылғы 1-тоқсан |
Орта мерзімді шаралар | ||||
8.4. | Ағымдағы кезеңде ипотекалық кредит беру үшін қажетті соманы көрсете отырып ЕДБ-ден ай сайын өтінімдер алу | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | ЕДБ өтінімі | Ай сайын |
8.5. | Ағымдағы кезеңде ипотекалық кредит беру үшін ЕДБ-нің ай сайынғы қажеттілігін жабу | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | ЕДБ-де қаражат орналастыру | Ай сайын |
9. | Тұрғын үйді тіркелген баға бойынша сата отырып, құрылысты "Даму" КДҚ" АҚ мен "ТҚЖБ" АҚ, "ҚИК" АҚ арқылы қаржыландыруды ұйымдастыру | |||
Ағымдағы шаралар | ||||
9.1. | "Даму" КДҚ" АҚ құрылыс секторы субъектілерін тікелей кредит беруді қамтамасыз ету үшін өзінің нормативтік-құқықтық базасын сәйкестендіреді | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Даму" КДҚ" АҚ | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ мен "Даму" КДҚ" АҚ басқармалары уәкілетті органдарының шешімі | 2009 жылғы қаңтар |
Орта мерзімді шаралар | ||||
9.2. | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ қаржыландырылуы жоспарланған объектілерді іріктейді | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, құрылыс салушы | 2009 жылғы 1-тоқсан бойы | |
9.3. | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ мен құрылыс салушы Өзара іс-қимыл туралы меморандум жасасады | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, құрылыс салушы | Меморандум | 2009 жылғы 1-тоқсан бойы |
9.4. | Құрылыс салушы жобалау компаниясын (бұдан әрі - ЖК) құрады | Құрылыс салушы | ЖК тіркеу, құқықтар мен активтер беру | 2009 жылғы 1 -жарты жылдық ішінде |
9.5. | Құрылыс салушы мен "Даму" КДҚ" АҚ құрылыс объектілерінің техникалық аудитін жүргізеді | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Даму" КДҚ" АҚ, құрылыс салушы | 2009 жылғы 1-жарты жылдық ішінде | |
9.6. | "Даму" КДҚ" АҚ Кредит комитеті ЖК кредит беру туралы шешім қабылдайды | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Даму" КДҚ" АҚ | ЕДБ Кредит комитетінің шешімі | 2009 жылғы 1-жарты жылдық ішінде |
9.7. | "Даму" КДҚ" АҚ тоқсандық қаржыландыру қажеттілігін ескере келе қажетті қаражат сомасын көрсете отырып және ҚМЖ кестесімен "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ға өтініш жібереді | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Даму" КДҚ" АҚ | Тапсырыс хат | 2009 жылғы 1-жарты жылдық ішінде |
9.8. | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ мен "Даму" КДҚ" АҚ Қарыз шартын жасасады | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Даму" КДҚ" АҚ | Жедел банктік салым туралы шарт | 2009 жылғы 1-жарты жылдық ішінде |
9.9. | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ қаражатты ҚМЖ кестесі мен техникалық қадағалау жөніндегі тәуелсіз сараптама ұйымының өткен тоқсанның қаражатын нысаналы пайдалану және іс жүзінде игеру туралы қорытындыларына сәйкес тоқсан сайын "Даму" КДҚ" АҚ-ға орналастыруды жүзеге асырады | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | Шарт жасасқаннан кейін 10 күн ішінде | |
9.10. | ЖК объектіні салуды аяқтайды және объектіні мемлекеттік қабылдау актісін алады | Жобалау компаниясы | Мемлекеттік қабылдау актісі | ҚМЖ кестесіне сәйкес |
9.11. | "ТҚЖБ" АҚ не "ҚИК" АҚ, Құрылыс салушы мен "Даму" КДҚ" АҚ тұрғын үй құрылыс жинақтарын немесе объектіге ипотекалық кредит беруді ұйымдастыру туралы шарт жасасады | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "ТҚЖБ" АҚ, "ҚИК" АҚ, құрылыс салушы мен "Даму" КДҚ" АҚ | Объектіге ипотекалық кредит беруді ұйымдастыру туралы шарт | Актінің алынуына қарай |
9.12. | "ТҚЖБ" АҚ не "ҚИК" АҚ ай сайынғы негізде азаматтардың объектіден тұрғын үй сатып алу бойынша қолда бар өтініштер санын ескере келе тұрғын үй құрылыс жинағына немесе объектіге ипотекалық кредит беруді ұйымдастыруға қажетті сомаға тапсырыс береді | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "ТҚЖБ" АҚ, "ҚИК" АҚ | Тапсырыс хат | Шарт жасасқаннан кейін ай сайын |
9.13. | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ алынған өтінімге сәйкес қаражаттың "ТҚЖБ" АҚ не "ҚИК" АҚ-та ай сайын орналастырылуын жүзеге асырады | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | Шарт жасасқаннан кейін ай сайын | |
9.14. | ЖК тұрғын үйлерді "ТҚЖБ" АҚ арқылы тұрғын үй құрылыс жинағы субъектілеріне немесе ипотекалық қарыз алушыларға сатуына қарай "Даму" КДҚ" АҚ-ға кредитті өтейді | Жобалау компаниясы | Сатылуына қарай | |
9.15. | ЕДБ Бірлескен іс-қимылдар жоспарында баяндалған шарттарға сай келетін ипотекалық қарыз алушылар объектісі бойынша "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ға қайта қаржыландыру туралы тапсырыс береді | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | Тапсырыс хат | 2009 жылғы 1-тоқсан бойы |
9.16. | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ қарызды өтеудің қалған мерзіміне объекті бойынша бұрын берілген ипотекалық кредиттерді қайта қаржыландыру үшін ЕДБ-де қаражат орналастырады | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, ЕДБ | Жедел банктік салым туралы шарт | Өтінім сараптамадан өткеннен кейін 15 күн ішінде |
10. | Ипотеканы қайта қаржыландыру: Екінші деңгейдегі банктер қаражатының бір бөлігі қарыз алушының басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда өткен кезеңдерде тұрғын ауданы 120 шаршы метрден аспайтын үй-жайды сатып алуға және салуға ипотекалық қарыз алған және осы ипотекалық қарыздарға қызмет көрсету жөніндегі өз міндеттемелерін адал орындаған қарыз алушылар үшін ипотекалық қарыздар бойынша пайыздық ставкаларды 9 % (мемлекеттік қызметшілерге, мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлеріне, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға, зейнеткерлер мен мүгедектерге) - 11 %-ға дейін (қалған барлық қарыз алушыларға) төмендетуге жібереді. Бағдарламаның жалпы сомасы - 120 млрд. теңге. | |||
10.1 | ЕДБ-дегі ипотекалық қарыздың көлемі мен құрамы туралы ақпаратты жинау және талдау, ипотека бойынша қайта қаржыландыру алатын адамдардың тізімін бекіту | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, әкімдіктер, "ҚИК" АҚ, ЕДБ | Қайта қаржыландыруды алатын адамдардың тізімі | 2009 жылғы ақпан |
10.2 | Қайта қаржыландыруды жүзеге асыру үшін ЕДБ қорландыру көлемін айқындау | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | Үкіметке есеп | 2009 жылғы 1 наурызға дейін |
10.3 | Ипотекалық қарыздардың портфелін қайта қаржыландыру үшін ЕДБ қарыз беру | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | ЕДБ қаражат орналастыру | Тиісті шарттардың жасалуына қарай |
Қосымша шаралар | ||||
Ағымдағы шаралар | ||||
11. | Тұрғын үй құрылысы объектілерін қаржыландырудың өзге тетіктерін әзірлеу және Үкіметтің қарауына енгізу | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | Үкіметпен қаржыландыру тетіктерін келісу | 2009 жылғы 1 наурызға дейін |
12. | "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына" халық үшін тұрғын үйдің кол жетімділігін қамтамасыз ету бөлігінде өзгерістер енгізу | ИСМ, Қаржымині, ЭБЖМ, ЖАО | Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы | 2009 жылғы қаңтар |
13. | Үлестік құрылыс мәселелері жөніндегі заңнамаға үлескерлердің құқықтарын қорғауды арттыру бөлігінде өзгерістер енгізу | ИСМ | "Кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау | 2009 жылғы ақпан |
13-1. | Астана, Алматы қалаларындағы және Алматы облысындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің құрылысын аяқтау үшін Қор өтеусіз уақытша пайдалануға ақша беретін құрылыс салушылардың тізбесін Үкіметке енгізу | ИСМ, ЭБЖМ, Әділетмині, Қаржымині, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | Үкімет қаулысы | 2009 жылғы сәуір |
13-2. | "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" акционерлік қоғамы сатып алатын тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың құнын айқындау тәсілдерін Үкіметтің мақұлдауына енгізу | ИСМ, ЭБЖМ, Әділетмині, Қаржымині, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | Үкімет қаулысы | 2009 жылғы сәуір |
13-3. | "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" акционерлік қоғамы сатып алатын тұрғын үй құрылысы объектілерінің тізбесін Үкіметтің мақұлдауына енгізу | ҚІжТКША, Әділетмині, Қаржымині,"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | Үкімет қаулылары | 2009 жылғы шілде-желтоқсан |
13-4. | "Қосымша шаралар" кіші бөлімін реттік нөмірі 13-4-жолмен толықтыру көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.28 № 659 Қаулысымен (жариялануға жатпайды). | |||
Орта мерзімді шаралар | ||||
14. | Ипотекалық және тұрғын үй нарығын қолдауға бөлінген мемлекеттік қаражаттың нысаналы және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету және оның мониторингі | Қаржымині, ЭБЖМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), ЖАО | Үкіметке есеп | 2009 жыл |
15. | Жалға берілетін тұрғын үй салу | ҚжТКШІА, ЖАО | Үкіметке ақпарат | Ай сайын |
16. | Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынған объектілерді тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасының жүйесі арқылы басымды санаттарға өткізу | "ТҚЖБ" АҚ, ЖАО | Үкіметке ақпарат | Ай сайын |
17. | Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және мемлекет қатысатын не ұлттық басқарушы холдинг немесе ұлттық холдинг қатысатын акционерлік қоғамдардың Астана және Алматы қалаларындағы аяқталмаған объектілердегі пәтерлерді сатып алуы. Үкіметке ақпарат (ай сайын 10-күнге) Пәтерлердің құны Мемлекет басшысының белгілеген Астана қаласында әрленбеген қалпында 1 шаршы метрі 96 мың теңге және Алматы қаласына 120 мың теңге құнын негізге ала отырып айқындалады. Толығымен әрленген пәтерлерді сатып алу кезінде баға арттыру жағына қарай, бірақ 1 шаршы метрін 24 мың теңгеден асырмай түзетілуі мүмкін. Осы бағыт шеңберінде пәтерлер сатып алу процесін қаржыландыру ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және мемлекет қатысатын не ұлттық басқарушы холдинг немесе ұлттық холдинг қатысатын акционерлік қоғамдардың түзілген таза пайдасының немесе байланысты тараптар ұсынатын арнайы қаржы көмегінің есебінен жүзеге асырылатын болады. | |||
17.1. | Мемлекет қатысатын ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдардың пәтерлерді сатып алуының жалпы қағидаттары мен схемаларын бекіту. | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ", "ҚазАгро" холдингі" АҚ | Акционерлік қоғамдар Директорлар кеңесінің шешімі | 2009 жылғы 1 ақпан |
17.2 | Ұлттық компаниялардың өз қызметкерлеріне сатып алуларына жататын аяқталмаған құрылыс объектілерін айқындау. Қызметкерлердің тізімін қалыптастыру және әрбір қызметкерге пәтер сатып алу үшін оларға берілетін қарыздың мөлшерін айқындау | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ", "ҚазАгро" холдингі" АҚ | ҰК мен АҚ құрылыс объектілері мен қызметкерлердің тізімін іріктеу жөніндегі тұрғын үй комиссиясының шешімі Іріктелген объектілердің құрылысына ҰК мен АҚ қызметкерлерінің үлестік қатысу шарттары туралы келісімдер жасасу | 2009 жылғы 15 ақпан |
17.3 | Тұрғын үй сатып алу жөніндегі шарттық қатынастарды ресімдеу және құрылыстың барысын бақылауды одан әрі жүзеге асыру | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ", "ҚазАгро" холдингі" АҚ | Ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдар және қызметкер арасында қарыз алу шарттарын жасасу. Қызметкер мен құрылыс салушылар арасында құрылысқа үлестік қатысу шартын жасасу. Ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдар және қызметкер арасында кепілдік шартын жасасу | 2009 жылғы ақпан-сәуір |
IV. Шағын және орта бизнесті, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру ұйымдарын қолдау | ||||
1. | ЕДБ арқылы шағын және орта бизнеске және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру ұйымдарына 240 млрд. теңге көлемінде кредит беру, оның 70%-ы ағымдағы жобаларды, кемінде 30%-ы жылдық 12,5%-дан аспайтын тиімді ставка бойынша жаңа жобаларды қайта қаржыландыруға бағытталатын болады. Азық-түлік нарығындағы проблемаларды шешу үшін және отандық тамақ өнімдерін өндірушілерді қолдау мақсатында, бөлінетін 30 % шеңберіндегі қаражатты ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі жобаларды қаржыландыруға жіберу ұсынылады. Бұл ретте ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді және тамақ өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын көрсетілген қарыз алушылар тек қана шағын және орта бизнес субъектілеріне жатқызылмауы мүмкін. Шағын және орта бизнесті және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру ұйымдарын қолдауға бөлінетін қаражат банктерге "Даму" КДҚ" АҚ арқылы беріледі, бұл ретте «Даму» КДҚ мен ЕДБ арасындағы жасалған шарттар бойынша «Даму» КДҚ-ның ЕДБ-ге қоятын талап ету құқықтары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімі бойынша «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ алдындағы оның міндеттемелері бойынша қайта табыстау ретінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «ДАМУ» КДҚ» АҚ арасында орналастырылатын ақша қаражатын ЕДБ-ның игеруі мен мақсатты пайдалануының мониторингін жүзеге асыру жөнінде қызметтерді «Даму» КДҚ» АҚ-ға қалдыруды көздейтін талап ету құқықтарын қайта табыстау және беру туралы тиісті шарт (цессия) жасасу жолымен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның пайдасына берілуі мүмкін. Стресті активтер қоры" акционерлік қоғамы қаражатының 2 млрд. теңге сомасындағы бір бөлігі банктер мен лизингілік компаниялар арқылы қаржылық лизингке жабдық сатып алуға кейіннен кредит беру мақсатында қаржы ұйымдарына кредит беруге бағытталатын болады. | |||
Ағымдағы шаралар | ||||
1.1. | Шағын және орта бизнесті және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру ұйымдарын қолдау жөніндегі бағыттар шеңберіндегі жұмыстар үшін ЕДБ тізбесін айқындау | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ" | Осы бағыттар шеңберінде ынтымақтастық үшін ЕДБ тізбесін айқындайтын Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімі | 2009 жылғы 25 қаңтарға |
1.2. | Бағдарламаға қатысушы ЕДБ-ны іріктеу және әрбір банкке лимиттер белгілеу | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ" | Үкіметке бағдарламаға қатысушы әрбір ЕДБ бойынша қаржыландыру сомасын айқындайтын ақпарат | 2009 жылғы 1 ақпанға |
1.3. | ШОБ және АШӨҚӨжТӨӨК қаржыландырудың басталуы және қаржыландыру шарттары туралы БАҚ арқылы кең ауқымды жариялау | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ" | Мақалалар, телебағдарламалар, хабарландырулар, ЕДБ-мен бірге баспасөз-конференцияларын шығару | 2009 жылғы қаңтар |
1.4. | ЕДБ өтінімдеріне сәйкес ай сайынғы қаржыландыру кестесін жасау | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ", "Даму" КДҚ" АҚ | ЕДБ-ны қаржыландыру кестесін Үкіметке ұсыну | 2009 жылғы 15 ақпанға |
1.5. | ЕДБ-мен шарттар жасасу | "Даму" КДҚ" АҚ | Шарттар | 2009 жылғы ақпанға |
Орта мерзімді шаралар | ||||
1.6. | Кестеге сәйкес ЕДБ-ны қаржыландыру | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ" | Үкіметке есеп | 2009 жылғы наурыздан бастап |
1.7. | Бұрын берілген кредиттерді (ЕДБ алған сомадан 70%-ға дейін) қайта қаржыландыру арқылы ШОБ және АШӨҚӨжТӨӨК қаржыландыру және ШОБ жаңа жобаларына кредит беру (ЕДБ алған соманың кемінде 30%-ы) | "Даму" КДҚ" АҚ | ЕДБ мен ШОБ және АШӨҚӨжТӨӨК арасындағы кредит шарттары, Үкіметке есеп | 2009 жылғы наурыздан бастап |
1.8. | "Даму" КДҚ" АҚ-ның өңірлік филиалдарынан ШОБ дағдарысқа қарсы бағдарламасы бойынша қаражат алған қарыз алушылар мониторингі | "Даму" КДҚ" АҚ | Мониторингтік тексерулердің актілері, Үкіметке есеп | 2009 жылғы наурыздан бастап тоқсан сайын |
2. | Ауылдық жерлерде шағын кредит берудің қол жетімділігін арттыру, оның ішінде "Қазпочта" АҚ өңірлік желісін пайдалана отырып арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу | |||
2.1. | "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" АҚ, "Қазпочта" АҚ, "Даму" КДҚ" АҚ өңірлік желісі және шағын кредит беру ұйымдары арқылы ауылдық жерлерде шағын кредит беруді кеңейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ", "Қазпочта" АҚ, "Даму" КДҚ" АҚ, АШМ, "ҚазАгро" холдингі" АҚ, шағын кредит беру ұйымдары | Үкіметке ұсыныстар | 2009 жылғы ақпан |
2.2. | "Почта туралы" Қазақстан Республикасының Заңына "Қазпочта" АҚ-ға кредиттік қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру бөлігінде өзгерістер енгізу | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ", ҚҚА, ҰБ | Заң жобасы | 2009 жылғы 1 наурыз |
2.3 | "Қазпочта" АҚ өңірлік желісі арқылы шағын кредит беру операцияларын жүзеге асыру | "Қазпочта" АҚ | Үкіметке ақпарат | 2009 жылғы 1 шілде |
3. | Шағын және орта бизнестің және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру ұйымдарының мемлекеттік сатып алуға қол жетімділігін кеңейту | |||
Ағымдағы шаралар | ||||
3.1. | Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық басқарушы компаниялардың, ұлттық компаниялардың және олар аффилиирлеген заңды тұлғалардың барлық деңгейлердегі отандық өндірістерге сатып алуды бірінші кезекті орналастыруды көздейтін сатып алуды өткізудің үлгі тәртібін айқындау | Қаржымині, ИСМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ", "ҚазАгро" холдингі" АҚ | Үкімет қаулысы | 2009 жылғы 1 наурызға дейін |
3.2. | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ" сатып алуындағы қазақстандық қамтуды дамыту бағдарламасын әзірлеу | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ" (келісім бойынша) | Үкімет қаулысы | 2009 жылғы ақпан |
3.3. | Импорттық жабдықтардың ірі партиясын сатып алуға арналған шарттарды жасау кезінде міндетті шарттар енгізу, оларға Қазақстанда осы жабдықтарды жинау, жөндеу және қызмет көрсету бойынша өндірісті ашу жөніндегі өнім берушінің міндеттерін енгізу | ИСМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар (келісім бойынша) | Уәкілетті мемлекеттік органдар басшыларының бұйрықтары, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "ҚазАгро" холдингі" АҚ Директорлар кеңестерінің шешімдері | 2009 жылғы қаңтар-наурыз |
3.4. | Уәкілетті мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың акцияларының (үлестерінің) 50%-дан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың олардың еншілес, аффилиирленген және бірлесіп бақылаушы ұйымдарының сатып алудың жылдық көлемінде қазақстандық қамту үлесі бойынша нысаналы көрсеткіштерін стратегиялық жоспарлар, даму жоспарларында және қаржы-шаруашылық қызмет жоспарларында бекіту | ИСМ, уәкілетті мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "ҚазАгро" холдингі" АҚ (келісім бойынша) | Бекітілген стратегиялық жоспарлар мен даму жоспарлары | 2009 жылғы қаңтар-наурыз |
Орта мерзімді шаралар | ||||
3.5. | Шағын және орта бизнестің және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру ұйымдарының мемлекеттік сатып алуға қатысу көрсеткіштерінің мониторингі | Қаржымині | Үкіметке есеп | жарты жылдықта 1 рет |
3.6. | Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық басқарушы компаниялардың, ұлттық компаниялардың және олар аффилиирлеген заңды тұлғалардың сатып алуларына шағын және орта бизнестің және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру ұйымдарының қатысу көрсеткіштерінің мониторингі | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ", "ҚазАгро" холдингі" АҚ | Үкіметке есеп | жарты жылдықта 1 рет |
4. | Әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі шаралар | |||
Ағымдағы шаралар | ||||
4.1. | 3 рәсім бойынша меншікті тіркеу уақытын 19 күннен 12 күнге дейін, құнын 26 280 теңгеден 20 280 теңгеге дейін қысқарту | |||
4.1.1. | Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мерзімін қысқарту (жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама беру мерзімін 3 күннен 1 күнге дейін қысқарту есебінен) | Әділетмині | "Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен мәмілелерді халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызметтер көрсету регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2008 жылғы 28 наурыздағы N 83 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрық | 2009 жылғы қаңтар |
4.1.2. | Нотариалдық қызметтер төлемінің тарифтерін азайту | Әділетмині | Депутаттар бастамашылық жасаған "Заңнамалық актілерге нотариат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасына Үкіметтің қорытындысы | 2009 жылғы ақпан |
4.2. | 4 рәсім бойынша кәсіпорын ашуға уақытты 12 күннен 6 күнге дейін, құнын 14 780 теңгеден 11 280 теңгеге дейін азайту | |||
Тіркеу мерзімін 3 күнге дейін азайту | Әділетмині | "Кейбір заңнамалық актілерге заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | 2009 жылғы қаңтар | |
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі N 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрық | 2009 жылғы наурыз | |||
"Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеудің кейбір мәселелері туралы" бұйрық | 2009 жылғы наурыз | |||
4.3. | Рәсімдерді 38-ден 11-ге дейін қысқарту, рәсімдер бойынша уақытты 231 күннен 81 күнге дейін, құрылысқа рұқсат алу бойынша құнын 10 536 652 теңгеден 385 332 теңгеге дейін қысқарту | |||
4.3.1. | Рәсімдерді жеңілдету және құрылысқа рұқсат алу үшін құн мерзімін қысқарту | ИСМ | "Кейбір заңнамалық актілерге қала құрылысы, сәулет-құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы | 2009 жылғы ақпан |
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 қазандағы N 1328 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы | 2009 жылғы наурыз | |||
"Қазақстан Республикасында сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 шілдедегі N 840 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы | 2009 жылғы наурыз | |||
"Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы N 425 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы | 2009 жылғы наурыз | |||
"Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техникалық-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы N 918 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы | 2009 жылғы наурыз | |||
4.4. | Мәміле туралы ақпаратты ашу индексін жақсарту, директорлардың жауапкершілігін, акционерлердің сот процесіне қатысу қабілетін арттыру | |||
4.4.1. | Акционерлік қоғамның қаржылық есебінде мүдделі тараптармен мәмілелер туралы ақпараттың ашықтығын арттыру | ҰБ (келісім бойынша), ҚҚА (келісім бойынша), Қаржымині | "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2009 жылғы ақпан |
4.5. | 3 құжатты рәсімдерге арналған уақытты 3 есе, экспорт операцияларын жүргізуге арналған шығыстарды 25% қысқарту. 3 құжатты, рәсімдерге арналған уақытты 30%-ға, импорт операцияларын жүргізуге арналған шығыстарды 25% қысқарту | |||
4.5.1. | Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде "Кеден ісі саласындағы кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын кедендік ресімдеуді оңайлату бөлігінде мыналарды көздейтін пысықтау: қағаз тасығышты алып тастап тауар жеткізуді бақылайтын құжат ретінде тауарларға ілеспе құжаттарды қабылдау; сыртқы экономикалық қызметке қатысушының есеп карточкасын бермей сыртқы экономикалық қызметке қатысушыны электронды тіркеуді жүзеге асыру және кедендік ресімдеу кезінде құжаттарды ұсынғанда оны тізімнен алып тастау | Қаржымині, ЭБЖМ | Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған "Кеден ісі саласындағы кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2009 жылғы наурыз |
4.5.2. | Экспорт және импорт бойынша лицензиялар алу үшін мерзімдерді қысқарту | ИСМ, Қаржымині | "Тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 578 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | 2009 жылғы қаңтар |
4.5.3. | Сертификаттау және рұқсат беру жүйесі саласында экспорт-импорт операцияларын жүргізуге ықпал ететін, санитарлық-эпидемиологиялық және бақылаудың басқа да түрлерін жүзеге асыру бөлігінде рәсімдерді, мерзімдерді оңайлату және нақтылау | ИСМ | "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы N 90 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | 2009 жылғы қаңтар |
ДСМ | "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 14 қарашадағы N 841 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрық | 2009 жылғы қаңтар | ||
АШМ | "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оларға ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі N 199 және "Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілеріне диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптау нәтижелері бойынша ветеринариялық зертханалардың сараптау актісін беру ережесін бекіту туралы" Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 399 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрық | 2009 жылғы наурыз | ||
4.5.4. | Тіркеу сынақтарын жүргізу үшін қажетті үлгілерді қоспағанда, мемлекеттік тіркелуге тиісті тамақ өнімдерін әкелуге (импорттауға) рұқсат беруді алып тастау | ДСМ | "Мемлекеттік тіркелуге тиіс тамақ өнімдерін әкелу (импорттау) ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы N 165 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | 2009 жылғы қаңтар |
Орта мерзімді шаралар | ||||
4.6. | Әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі жұмысты жалғастыру | ЭБЖМ | Үкімет қаулысы | Тоқсан сайын |
5. | Шағын және орта бизнес және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру ұйымдары субъектілері үшін екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттерді "Даму" КДҚ" АҚ-ның кепілдік беру тетігін енгізу | |||
5.1. | Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде шағын және орта бизнес және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру ұйымдары субъектілеріне кредиттерге кепілдік беру тетігін пысықтау | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | Кейіннен Үкіметке ақпарат ұсына отырып, ЕДБ-мен тиісті шарттарға қол қою. "Даму" КДҚ" АҚ ішкі құжаттарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу | 2009 жылғы қаңтар-ақпан |
V. "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" бағдарламасының екінші бағытын іске асыру | ||||
Тетіктері: Тетіктері: жобаларды іске асыру мынадай бағыттарда жүзеге асырылатын болады: астықты тереңдете қайта өңдеуді дамыту; ет пен сүтті қайта өңдеу; балық шаруашылығын және балық өнімін қайта өңдеуді дамыту; жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу және басқалары Осы бағыттардағы іске асырылатын жобаларға мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетілетін болады: инвестициялық жобаны іске асыруды, инфрақұрылымды салуды, ілеспе өндірістерді дамытуды қаржылай қолдау; институционалдық қолдау (заңнаманы өзгерту, жер және жер қойнауын пайдалануға құқықтар беру, еңбек ресурстарын дамыту және ҒЗТКЖ). Үйлестіру тұрғысынан алып қарағанда "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ және әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар осы бағыттың негізгі операторлары болып табылады. Осы бағыттағы жобалар бойынша инфрақұрылымдар салуды қаржыландыру тікелей бюджеттік бағдарламалар әкімшілері (жергілікті атқарушы органдар) арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен және/немесе республикалық бюджеттен капиталдандыруға бөлінетін қаражат есебінен "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның еншілес ұйымдары жүзеге асыратын болады. Инвестициялық жобаны сыртқы инфрақұрылымға байланыстырмай қаржыландыру "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның еншілес ұйымдары және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы қарыз қаражаты және/немесе капиталдандыруға және/немесе бюджет қарызы түрінде бөлінетін республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылуы мүмкін. | ||||
1. | Ықпалдасқан, өзара байланысты және ілеспе өндірістер кешенін құру үшін мастер-жоспарлар әзірлеу бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға қаражат бөлу | ЭБЖМ | Үкімет қаулысы | 2009 жылғы сәуір |
2. | Ықпалдасқан, өзара байланысты және ілеспе өндірістер кешенін құру үшін мастер-жоспарлар әзірлеу | "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық" АҚ | мастер-жоспарлар | 2009 жылғы қазан |
3. | Жобаларды іске асыру үшін қажетті жер учаскелерін бөлу, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ӘКК | Үкіметке ақпарат | 2009 жылғы маусым |
4. | Мастер-жоспарларды Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның қарауына енгізу | ЭБЖМ, "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық" АҚ | Мемлекеттік комиссия шешімі | 2009 жылғы қараша |
5. | Жобаларды іске асыруға конкурс жариялау | "Самұрық-Қазына" АҚ, ӘКК | БАҚ-қа ақпарат | 2009 жылғы қараша |
6. | Жобаларды іске асырудың басталуы | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, ӘКК, АШМ, "ҚазАгро" холдингі" АҚ | Үкіметке ақпарат | 2010 жылғы қаңтар |
VI. Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру | ||||
Тетіктері: жобаларды іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады: 1) энергетикалық жобалар; 2) халықтың жұмыспен қамтылуын қолдауға арналған инфрақұрылымдық жобалар; 3) өңдеуші өнеркәсіптегі кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру. Осы бағыттар бойынша жобаларды іске асыру экономика үшін энергетикалық тапшылық проблемаларын шешеді және дағдарыс жағдайларында еңбек нарығын тұрақтандырады әрі экономиканың нақты секторын қолдауды қамтамасыз етеді. Экономикалық жағынан ақталатын инфрақұрылымдық жобалар бойынша операторлар "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның еншілес ұйымдары болады. Экономикалық жағынан ақталатын жобаларды қаржыландыру қарыз қаражатын және/немесе капиталдандыру түрінде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат және/немесе бюджеттік кредиттер есебінен жүзеге асырылатын болады. Осы бағыттың шеңберінде Ұлттық қордан капиталдандыруға бөлінген қаражаттың 120 млрд. теңгесін жіберу ұйғарылып отыр, сондай-ақ "Стресті активтер қоры" акционерлік қоғамының 40 млрд. теңге мөлшеріндегі қаражаты пайдаланылатын болады. Жобаларды іріктеу мен қаражатты бөлуді "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның басқару органдары жүзеге асыратын болады. Экономикалық жағынан ақталмайтын, бірақ әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымдық жобалар бойынша операторлар бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілері болады. Экономикалық жағынан ақталмайтын жобаларды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады. | ||||
Ағымдағы шаралар | ||||
1. | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін қаражат шеңберінде басым инфрақұрылымдық жобаларды таңдайды | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның хаттамалық шешімімен мақұлданған инфрақұрылымдық жобалардың қарауға арналған тізбесі | 2009 жылғы 1 ақпан |
Орта мерзімді шаралар | ||||
2. | Жобаларға сараптама жүргізу және тиісті рәсімдерді жүзеге асыру | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ" | Сараптама жүргізудің барысы туралы есеп | 2009 жылғы сәуір |
3. | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ" жобаларды қаржыландыру жөніндегі уәкілетті органының шешімі | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ" | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ уәкілетті органының шешімі | 2009 жылғы мамырдан бастап (жобаның дайын болуына қарай) |
4. | Қарыз шарттарына қол қою немесе жобаларды тікелей қаржыландыру | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | Шарттарға қол қою | 2009 жылғы мамырдан бастап (жобаның дайын болуына және Директорлар кеңесінің шешімді қабылдауына қарай) |
5. | Жобалардың бірлескен инвесторларының қаражатын тарту | Ұлттық компаниялар немесе ӘКК | Жобалау компаниясының шотына қаражат аудару | 2009 жылғы маусым |
6. | "Самұрық-Қазына ҰӘҚ" АҚ" қаражатын игеру | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | Жобалау компаниясының шотына "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ қаражатын аудару | 2009 жылғы маусым |
7. | Жобаларды іске асыру: объектілерді салу, өндірісті ұйымдастыру, пайдалануға беру | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "ҚДБ" АҚ, ұлттық компаниялар | Объектілерді пайдалануға беру | 2009 жылдан бастап (жобалардың дайын болуына қарай) |
8. | Инвестициялық жобалардың іске асырылу барысына мониторинг | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ" | Үкіметке ақпарат | тоқсан сайын |
9. | Электр энергияға және табиғи монополиялардың басқа да қызметтеріне тарифтердің шекті деңгейін бекіту | ТМРА, ЭМРМ | Үкіметтің қаулысы | 2009 жылғы 1 мамырға |
10. | Көксарай су қоймасын, басқа ирригациялық құрылыстарды салуды жалғастыру | ТЖМ, АШМ | Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | 2009 жылғы желтоқсан |
11. | Атырау облысында алғашқы біріктірілген газ-химия кешенін салуды бастау | ЭМРМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | 2009 - 2011 жылдар шілде, қаңтар |
12. | Мойнақ СЭС-ін салу, Екібастұз ҚТЭС-2 кеңейту және қайта жаңарту және Балқаш ЖЭС-ін салу | ЭМРМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | 2009 - 2011 жылдар шілде, қаңтар |
13. | "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автожол транзит дәлізін қайта жаңарту | ККМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері | Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | Жыл сайын, 2009 - 2011 жылдар желтоқсан |
14. | Атырау, Шымкент, Павлодар мұнай өңдеу зауыттарын қайта жаңарту және жаңғырту | ЭМРМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | 2009 жылғы 15 шілде, 2010 жылғы 15 қаңтар |
15. | "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-ны капиталдандыру жолымен инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру | "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ | Үкіметке ақпарат | Тоқсан сайын |
VII. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту | ||||
1. | "ҚазАгро" холдингі" АҚ 1 млрд. АҚШ доллары сомасында облигацияларды шығару жолымен Ұлттық қордан қарыз алуды жүзеге асыру | |||
1.1. | "ҚазАгро" холдингі" АҚ облигацияларын Ұлттық қордың қаражатын инвестициялауға арналған рұқсат етілген қаржылық құралдар тізбесіне қосу туралы ұсыныс | ЭБЖМ, АШМ, Қаржымині, ҰБ, "ҚазАгро" холдингі" АҚ | Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің шешімі | 2009 жылғы 15 қаңтарға |
1.2. | Облигацияланған қарыздың негізгі өлшемдері мен шарттарын бекіту | ҰБ,"ҚазАгро" холдингі" АҚ, ЭБЖМ, Қаржымині, ҚҚА | Параметрлер мен облигациялық қарыз шарттарын бекіту | 2009 жылғы 20 қаңтарға |
1.3. | Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі N 1641 Жарлығына Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасын нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізу | ЭБЖМ, Қаржымині, ҰБ | Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы | 2009 жылғы 16 ақпанға |
1.4. | Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген шетелдік қаржы құралдарының тізбесіне Ұлттық қор активтерін қазақстандық эмитенттердің бағалы қағаздарына инвестициялауға рұқсат беру бөлігінде өзгерістер енгізу | Қаржымині, ҰБ | Үкіметтің қаулысы | 2009 жылғы 16 ақпанға |
1.5. | "ҚазАгро" холдингі" АҚ Директорлар кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын тарту үшін облигацияларды шығару туралы шешім қабылдау | "ҚазАгро" холдингі" АҚ | "ҚазАгро" холдингі" АҚ Директорлар кеңесі отырысының хаттамасы | 2009 жылғы 20 қаңтарға |
1.6. | Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын тарту үшін облигацияларды шығаруды мемлекеттік тіркеу | ҚҚА, "ҚазАгро" холдингі" АҚ | Облигацияларды шығарудың мемлекеттік тіркеуі туралы мәлімет | 2009 жылғы 5 ақпанға |
1.7. | Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының портфеліндегі "ҚазАгро" холдингі" АҚ облигацияларын Ұлттық Банктің сатып алуы | ҰБ, Қаржымині, "ҚазАгро" холдингі" АҚ | Облигацияларды сатып алу-сату шарттары: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі ақша қаражатын "ҚазАгро" холдингі" АҚ шотына аудару | 2009 жылғы 1 наурызға |
2. | Инвестицияларды жұмыс істеп тұрған және жаңа экспортқа бағдарланған секторларды қолдауға бағыттау, оның ішінде: астық секторы ет және сүт өнімдерін қайта өңдеу жеміс-көкөніс дақылдарын қайта өңдеу жылыжай шаруашылықтарының, көкөніс қоймаларының, құс фабрикаларының, экспорттың инфрақұрылымын дамыта отырып тауарлы-сүт фермаларының, семірту алаңдары мен сойыс пункттерінің желілерін құру қазіргі заманғы ет өңдеу кешендерін ұйымдастыру, тамшылатып суару технологияларын қолданып жеміс-көкөніс дақылдарын өндіруді және жіңішке жүн талшығын терең өңдеуді дамыту, Қазақстан астығы экспортының инфрақұрылымын дамыту, аграрлық техникалық маркеттерді құру және дамыту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру жөніндегі жобаларды іске асыру "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның инвестициялық бағдарламасының жаңа бағыттарын түзету және/немесе таңдау "ҚазАгро" холдингі" АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады | |||
2.1. | Жобаларды іске асыру қажеттігінің негіздемесі (жобалар құнын және оларды сатып алу есебін айқындау, нақты жобалары іске асыру орындарын айқындау және т.б.) | "ҚазАгро" холдингі" АҚ | "ҚазАгро" холдингі" АҚ Директорлар кеңесінің шешімі | 2009 жылғы 15 ақпанға |
2.2. | Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қарыз алушыларды таңдау | "ҚазАгро" холдингі" АҚ | Қоғамдық комиссияның шешімі | Жыл бойы |
2.3. | Жобаларды қаржыландыру және іске асыру | "ҚазАгро" холдингі" АҚ | Шарттар жасасу әрі кепілдік және кепілгерлік қамтамасыз етуді ресімдеу | 2009 жылғы 25 наурыздан бастап |
2.4. | Жобаларды басқару және мониторинг | АШМ, ЭБЖМ, "ҚазАгро" холдингі" АҚ | Үкіметке ақпарат | Қаражатты қайтару аяқталғанға дейін |
2.5. | Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінен астық сатып алу агроөнеркәсіптік кешені субъектілеріне, оның ішінде көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге және ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуды жүзеге асыру жолымен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді кейіннен қаржыландыруға кредит беру арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қарызға алынған және инвестициялық жобаларды іске асыруға уақытша тартылмаған қаражат есебінен агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыру | АШМ, "ҚазАгро" холдингі" АҚ | Үкіметке ақпарат | 2009 жылдың, 2010 жылдың қорытындылары бойынша |
2.6. | Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді және қайта өңдеу саласын барынша біріктіру мақсатында мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру | АШМ, ЭБЖМ | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар | 2009 жылғы маусым |
2.7. | Жүйелі мемлекеттік қолдау шараларын көрсету жолымен соя мен жүгері егіс алқаптарын кеңейту | АШМ, "Жетісу", "Оңтүстік" ӘКК" АҚ (келісім бойынша), Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2009 жылғы шілде |
2.8. | Жұмыс істеп тұрған соя мен жүгері өңдеу зауыттарының қуатын арттыру | АШМ, "ҚазАгро" холдингі" АҚ (келісім бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдіктері | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2010 жылғы қазан |
2.9. | Астықты тереңдете өңдеудің қосылған құны жоғары тауарларын өндіру қуаттарын арттыру | АШМ, "ҚазАгро" холдингі" АҚ (келісім бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2010 жылғы қыркүйек |
2.10. | Ауыл шаруашылығы, оның ішінде жеміс-көкөніс өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарының техникалық және технологиялық жабдықтарын жаңғыртуды жүзеге асыру | АШМ, "ҚазАгро" холдингі" АҚ (келісім бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдіктері | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2010 жылғы наурыз |
2.11. | Тауарлық балық өсіруді және аква дақылдарды дамытуды мемлекеттік ынталандыру және қолдау тетіктерін әзірлеу | АШМ | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар | 2009 жылғы маусым |
2.12. | Балық аулау, балық өсіру кәсіпорындары мен балықты қайта өңдеу кәсіпорындары арасындағы тігінен біріктірілген байланыстарды дамыту | АШМ, облыстардың әкімдіктері | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | жыл сайын, жыл қорытындылары бойынша |
3. | Бірлескен іс-қимылдар жоспарында көзделген іс-шараларды табысты іске асыру үшін "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның қызметін нормативтік реттеу мәселелерін шешу | |||
3.1. | "Кейбір заңнамалық актілерге Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Қазақстан инвестициялық қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы" заң жобасына қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу | ЭБЖМ, АШМ, Қаржымині, Әділетмині, ҚҚА, "ҚазАгро" холдингі" АҚ | Үкіметке ақпарат | 2009 жылғы 1 ақпанға дейін |
3.2. | "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ға ұлттық басқарушы холдингі мәртебесін беруді көздейтін "Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы" Үкімет қаулысының жобасын әзірлеу | АШМ, МЭБП, Қаржымині, Әділетмині, ҚҚА, "ҚазАгро" холдингі" АҚ | Үкімет қаулысы | 2009 жылғы 15 ақпанға дейін |
3.3. | "ҚазАгро" холдингіне ұлттық басқарушы холдингі мәртебесін беруді көздейтін "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1247 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Үкімет қаулысының жобасын әзірлеу | АШМ, ЭБЖМ, Қаржымині, Әділетмині, ҚҚА, "ҚазАгро" холдингі" АҚ | Үкіметтің қаулысы | 2009 жылғы 15 ақпанға дейін |
3.4. | "ҚазАгро" холдингінің құрылтай құжаттарына, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингі мәртебесіне байланысты өзге де құжаттарға қажетті өзгерістер енгізу | АШМ, Әділетмині, "ҚазАгро" холдингі" АҚ | Үкіметке ақпарат | 2009 жылғы 1 наурызға дейін |
VIII. Халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарын жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және қолдау | ||||
Ағымдағы шаралар | ||||
1. | Әлеуметтік төлемдерді, зейнетақыларды және бюджет саласы қызметкерлерінің жалақыларын ұлғайту бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру | ЭБЖМ, Еңбекмині, мүдделі мемлекеттік органдар | 2009-2010 жылдары зейнетақыларды, жалақыны және стипендияны 25%-ға ұлғайту Базалық зейнетақы төлемдерін 2011 жылға қарай күнкөрістің ең төменгі деңгейінен 50 %-ға дейін жеткізу Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен арнайы мемлекеттік жәрдемақылар мөлшерін жыл сайын 9% ұлғайту 2010 жылдан бастап 4-ші және одан көп баланың туылуына бір жолғы жәрдемақыны 50 айлық есептік көрсеткішке дейін 2010 жылдан бастап бір жасқа толғанға дейін бала күтімі жөніндегі ай сайынғы жәрдемақылардың мөлшерін 2007 жылға қарағанда 2,5 есеге ұлғайту 2010 жылдан бастап әлеуметтік төлемдердің - ата-аналарға, қамқоршыларға, мүгедек балалар тәрбиелеушілерге 1 ең төменгі жалақы мөлшерінде жәрдемақылардың жаңа түрін енгізу | 2009 жылғы қаңтар, жыл сайын |
2. | 2009 жылға арналған біліктілігі жоқ шетелдік жұмыс күшін тартуға мораторий енгізу және заңсыз көші-қонға бақылауды қатаңдату | Еңбекмині, ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша) | Еңбекминінің бұйрығы, Үкіметке ақпарат | 2009 жылғы қаңтар |
3. | Әлеуметтік жобаларды қаржыландыру бойынша және олардың отандық тауар өндірушілерден сатып алатын тауарлар (жұмыс, қызмет) үлесін ұлғайту бойынша жекеменшік сектордағы ірі және орта кәсіпорындармен әлеуметтік әріптестік туралы меморандумдар жасасу | Еңбекмині, ИСМ, ЭМРМ, ЖАО | Үкіметке ақпарат | 2009 жылғы ақпан |
4. | Жұмыс күшіне болжанып отырған сұранысқа сәйкес қысқа мерзімді даярлау және қайта даярлаудың оқу бағдарламаларын әзірлеу және босайтын қызметкерлерді қысқа мерзімді даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыру бойынша базалық оқу орындарын айқындау | БҒМ, Еңбекмині, ЖАО | Үкіметке ақпарат | 2009 жылғы ақпан |
4-1. | Жоғары оқу орындарының ақылы негізде білім алатын үшінші және келесі курстарының үздік білім алушылары үшін білім беру гранттарын тағайындау | БҒМ, ДСМ | БҒМ-нің бұйрығы | 2009 жылғы ақпан |
5. | Жанар-жағармай материалдарына бағаның өсуін болдырмау жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру | |||
5.1. | Жанар-жағармай материалдарына бағаның өсуін болдырмау жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру бойынша ТМРА, ЭМРМ, "Самұрық-Қазына ҰӘҚ" АҚ" ақпараттарын жинау және қорыту | БҚА, ТМРА, ЭМРМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | Үкіметке ақпарат | 2009 жылғы 15 ақпанға дейін |
5.2. | Жанар-жағар май материалдарына бағаның негізсіз өсуін болдырмау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және Үкіметке ұсыну | БҚА, ТМРА, ЭМРМ "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ" | Үкіметке ұсыныстар | 2009 жылғы 15 наурызға дейін |
Орта мерзімді шаралар | ||||
6. | Өндіріс көлемінің төмендеуі нәтижесінде босатылған персоналдарды толық жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнінде ірі компаниялармен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасу | |||
6.1. | Ірі компаниялармен келіссөздер жүргізу және меморандумдарға қол қою | ЖАО, Еңбекмині | Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдерімен, ірі компаниялар басшыларымен және кәсіподақ ұйымдарымен меморандумдар жасасу, Үкіметке есеп | 2009 жылғы ақпан |
6.2. | Қол қойылған меморандумдардың есебі мен олардың орындалу мониторингін жүргізу | Еңбекмині, ЖАО | Меморандумдарды жасасудың және олардың орындалу барысы туралы ақпаратты Үкіметке ұсыну. Босату тәуекелі кезінде еңбек заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек құқығы қамтамасыз етіледі. Өндіріс көлемінің қысқаруына байланысты әлеуметтік салдарларды азайту. | Ай сайын, айдың 5-күніне дейін |
7. | Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнінде тұрақтандыру шараларын бірінші кезекте қабылдауды талап ететін өңірлерді айқындау | Еңбекмині, ЖАО, ЭБЖМ, ИСМ, ККМ, ЭМРМ, АШМ | Үкіметке ақпарат | Ай сайын |
8. | Жаңа өндірістерді ашуды есепке ала отырып, жұмыс күшіне сұранысты бағалау | Еңбекмині, ЖАО, ЭБЖМ, ИСМ, ККМ, ЭМРМ, АШМ | Үкіметке ақпарат | Ай сайын |
9. | Өңірлер бөлінісінде босатылған жұмысшыларды және жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлауға бюджет қаражатының қосымша талап етілуін, сондай-ақ әлеуметтік қолдаудың қосымша түрлерін (атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі және мемлекеттік балалар жәрдемақысы) болжау | ЭБЖМ, Еңбекмині, ЖАО | Үкіметке ақпарат | 2009 жылғы қаңтар, кейіннен жаңарту - ай сайын |
10. | Босатылған қылмыскерлерді және жұмыссыздарды кәсіби даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру | БҒМ, Еңбекмині, ЖАО | Үкіметке ақпарат | Жыл бойы |
11. | Жұмыспен қамтудың тұрақтылығын, оның ішінде халықты қоғамдық жұмыстарға тарту жолымен қамтамасыз ету бойынша өңірлік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру | Еңбекмині, ЭБЖМ, ЖАО | Өңірлік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы Үкіметке ақпарат | Тоқсан сайын |
12. | Өңірлер бөлінісінде жұмыспен қамтудың жедел мониторингі мен әлеуметтік қолдаудың (атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі және мемлекеттік балалар жәрдемақысы) қосымша нысандарын жүргізу | Еңбекмині, ЖАО | Үкіметке ақпарат | Ай сайын, есептіден кейінгі айдың 10-күніне дейін |
13. | Мектептердегі тегін тамақтануды кеңейту | БҒМ, ЖАО | Үкіметке ақпарат | 2009 жылғы наурыздан бастап |
14. | Балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейін ұлғайту | БҒМ, ЖАО | Үкіметке есеп | 2009 жылғы наурыздан бастап |
14-1. | Күндізгі оқыту нысанында ақылы негізде білім алатын, оқытудың бүкіл кезеңінде "жақсы" және "үздік" деген бағалардың баламасына сәйкес келетін немесе ҰБТ/КТ нәтижелері бойынша 65 балдан төмен емес бағалары бар, көп балалы, толық емес және табысы аз отбасыдан шыққан, жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүгедек не ата-аналары мүгедек не зейнеткерлік жасқа жеткен студенттер мен магистранттарға ұзақ мерзімді білім беру кредиттерін ұсыну | БҒМ, ДСМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) | Үкіметтің қаулылары | 2009 жылғы наурыз, қараша |
15. | Отандық өнім берушілер картасын әзірлеу және мемлекеттік сектор мен бизнес үшін өнім берушілерді қалыптастыру | ИСМ, АШМ, ЭМРМ | Картаны Үкіметке ұсыну | бастапқы ұсыну - 2009 жылғы ақпан, келесі жаңарту - тоқсан сайын |
16. | Бастапқы қажеттілік (ет, құрғақ сүт, өсімдік майы, қант және күріш) тауарлары қорларын тұрақтандыруды қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастыру | АШМ, ТЖМ, ЖАО | Үкіметке бастапқы қажеттілік тауарларының тұрақтандыру қорларын қалыптастыру жөніндегі жұмыстардың барысы туралы ақпарат | жарты жылда 1 рет |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ПМК - Премьер-Министр Кеңсесі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Мәдениетмині - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
ҰҚК ШҚ - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
БҚА - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі
"Самұрық-Қазына" - "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры"
ҰӘҚ" АҚ акционерлік қоғамы
"ҚазАгро" холдингі" АҚ - "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы
"Даму" КДҚ" АҚ - "Даму" шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
ЖАО - облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары
ХҚЕС - Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары
ЕДБ - Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері
САҚ - "Стресті активтер қоры" акционерлік қоғамы
"ҚИК" АҚ - "Қазақстандық ипотекалық компания" акционерлік қоғамы
ЖК - жобалау компаниясы
"ТҚЖБ" АҚ - "Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі" акционерлік қоғамы
ҚМЖ - құрылыс-монтаждау жұмыстары
ШОБ - шағын және орта бизнес
ҰК - ұлттық компания
АҚ - акционерлік қоғам
АШӨҚӨжТӨӨК - ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру кәсіпорны
ӘКК - әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
РҰ - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы
ҚжТКШІА - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |