• Мое избранное
Әкімшілік реформаны одан әрі жүргізу жөніндегі кейбір шаралар туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 6

Әкiмшiлiк реформаны одан әрi жүргiзу жөнiндегi кейбiр шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы N 304 Жарлығы

Редакция 09.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Президентi
мен Үкiметi актiлерінің жинағында
жариялануға тиiс
Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру және оларға жүктелген функциялар мен мiндеттердiң сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес (27.09.2010 ж. редакцияны қараңыз)
  • 2
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетi және Ұлттық Банкi сметасының (бюджетi) есебiнен қамтылған органдардың (бұдан әрi – мемлекеттiк органдар) басшыларына:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.09.2018 жылғы № 745 Жарлығына сәйкес (05.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)
1) мыналар:
мемлекеттік органдардың, ведомстволардың, олардың аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің штат санын қысқарту;
мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (бұдан әрі – ұйымдар) штат санының лимиттерін белгілеу;
мемлекеттік органдардың, ведомстволардың, олардың аумақтық бөлімшелерінің қызметін қамтамасыз етуге көзделген қаражатты, сондай-ақ ұйымдардың әкімшілік шығыстарын қысқарту туралы шешімдерді дербес қабылдау;
2) мемлекеттік органдардың, ведомстволардың, олардың аумақтық бөлімшелерінің, ұйымдардың штат санын және олардың қызметін қамтамасыз етуге көзделген қаражатты қысқарту нәтижесінде босаған мемлекеттiк бюджеттiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi сметасының (бюджетiнiң) қаражатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үстемеақылар белгілеу жолымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi сметасының (бюджетi) есебiнен қамтылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің еңбегіне төленетін ақыны арттыруға пайдалану құқығы берілсін.
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығына сәйкес (18.09.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
2. Мыналар:
1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР Президентінің 27.09.2010 жылғы № 1072 Жарлығымен (29.03.2007 ж. редакцияны қараңыз)
2) мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң санын қысқартқан кезде бекітілген штат санының лимиттеріне сәйкес есептелген, мемлекеттiк органдардың қызметiн қамтамасыз етуге көзделген қаражат мөлшерi мемлекеттiк органдарда тиісті және кейiнгi жылдарда сақталады; 
  • 1
3) осы Жарлыққа сәйкес қызметкерлер санының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған кезде өтемақылар төлеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 27.09.2010 № 1072 Жарлығымен (29.03.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(01.11.2010 бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.09.2018 жылғы № 745 Жарлығына сәйкес (05.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет және Ұлттық Банкi сметасының (бюджетi) есебiнен қамтылған мемлекеттік органның басшысы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп босайтын қызметкерлерді қайта даярлау және жұмысқа орналастыру бойынша шараларды қабылдайды.
3. Мемлекеттiк органдардың қызметiн қамтамасыз етуге көзделген, осы Жарлықтың 2-тармағына сәйкес есептелген және сақталған қаражат тиiстi мемлекеттiк органдар басшыларының билiгiнде қалады және олар осы Жарлықтың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген мақсаттарда пайдалана алады.
4. Мемлекеттiк органдар осы Жарлықты iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасының Yкiметi: 
1) мемлекеттiк органдарға өз қызметкерлерiнiң 2007 жылғы 1 қаңтарға белгiленген штат санының лимиттерiн ұлғайтуды талап ететiн қосымша функциялар мен өкiлеттiктер беру туралы заң жобаларын Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзудi және шешiмдер қабылдауды шектесiн; 
2) 2008 жылғы 1 қаңтарға дейiн осы Жарлықты iске асыру практикасын талдасын және қажет болған кезде мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесiн одан әрi жетiлдiруге бағытталған ұсыныстар берсiн; 
3) осы Жарлықтан туындайтын заң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзсiн; 
4) осы Жарлықты iске асыру жөнiнде өзге де қажеттi шаралар қабылдасын.
6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
7. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының 
Президенті