Toggle Dropdown
6
Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қарашадағы N 1061 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 08.11.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 8 қарашадағы
N 1061 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесі
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының астанасында жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
Toggle Dropdown
2. Ереже Қазақстан Республикасы астанасының аумағында қолданылады.
Toggle Dropdown
3. Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Toggle Dropdown
1) астананың көлік органы – астана аумағында көлік саласындағы реттеуді жүзеге асыруға астана әкімі уәкілеттік берген жергілікті атқарушы орган;
Toggle Dropdown
2) маршрут – жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру процесінде айқындалған, белгіленген бастапқы, аралық және соңғы пункттер мен қозғалыс кестелерінің арасында жүретін жол;
Toggle Dropdown
3) маршруттың схемасы – аялдама пункттері, олардың арасындағы арақашықтық, сондай-ақ оларға тән бағдарлар (жол айрықтары, қиылыстар, теміржол өтпелері, көпірлер және тоннельдер) көрсетіле отырып, бағытты графикалық түрде шартты бейнелеу;
Toggle Dropdown
4) борт журналы – жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асырған кезде автокөлік құралының рейс алдында техникалық қарап-тексеруден әрі жүргізушінің рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап-тексеруден өткені туралы белгілер қойылатын, автокөлік құралында болатын нөмірленген және тігілген журнал;
Toggle Dropdown
5) жол жүру құжаты (билет) – ресімдеу арқылы жолаушыны тасымалдау шарты жасалатын қағаз немесе электрондық нысандағы құжат (бұдан әрі – билет);
Toggle Dropdown
6) жол полициясы – астанада жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы арнайы функцияларды жүзеге асыратын аумақтық ішкі істер органы;
Toggle Dropdown
7) жолаушыларды отырғызу және түсіру пункті (аялдама пункті) – осы Ереженің талаптарына сәйкес жайластырылған, жолаушыларды отырғызу және түсіру мақсатында автокөлік құралдарының аялдауына арналған орын;
Toggle Dropdown
8) багаж – Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларында белгіленген нормалар шегінде буып-түйілген және автобустың, шағын автобустың багаж бөлімшесінде немесе автобусқа, шағын автобусқа ілесіп жүретін багаж автомобилінде, сондай-ақ тасымалдаушымен қосымша келісім негізінде таксимен тасымалданатын жолаушы мүлкі;
Toggle Dropdown
9) қозғалыс кестесі – жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршрутының әрбір аялдама пункті бойынша автобустардың, шағын автобустардың қозғалыс орны мен уақыты туралы мәліметтер қамтылған кесте.
Toggle Dropdown
4. Ұйымдастыру сипатына қарай жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау тұрақты, тұрақты емес және таксимен тасымалдау болып бөлінеді.
Toggle Dropdown
5. Жолаушыларды және жүкті автомобильмен тұрақты тасымалдауды астананың көлік органы бекіткен бағыттар бойынша автобустар мен шағын автобустар жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Қалалық бағыттарда жолаушыларды және жүкті автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдауды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын көлік құралдары (автобустар немесе шағын автобустар) күні бұрын белгіленеді.
Toggle Dropdown
6. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды жүзеге асырған кезде тасымалдаушы автокөлік құралына жол парағын ресімдеп, жүргiзушiнің рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап-тексеруден, сондай-ақ автокөлік құралының техникалық қарап-тексеруден өткені туралы мәліметтерді енгізеді.
Toggle Dropdown
6-1. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты және тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылар автокөлік құралдарын тасымалдауды ұйымдастырушыға автокөлік құралының қазіргі тұрған жері туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде беретін спутниктік навигация аппаратурасымен жабдықтауды қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
7. Жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау лицензиарға берілген лицензияға қосымшада көрсетілген автобустармен, шағын автобустармен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жолаушылар тасымалы жүзеге асырылатын автобустардың, шағын автобустардың жылжымалы құрамының бірлігі өзгерген жағдайда лицензияға қосымша қайта ресімделуге тиіс.
Toggle Dropdown
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 3, 4, 5, 6, 7, 8-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
8. Жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдау біржолғы сипаты бар тасымалдау, тапсырыс берілген автобустармен, шағын автобустармен тасымалдау болып бөлінеді.
Toggle Dropdown
9. Жолаушыларды және жүкті автомобильмен тасымалдауға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық тексеруден өткен автокөлік құралдары жіберіледі.
Toggle Dropdown
10. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаған кезде техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келетін және кемінде екі жолаушы есігі бар автобустар мен шағын автобустар пайдаланылады.
Toggle Dropdown
11. Астананың тұрақты қалалық бағыттарында қызмет көрсету мерзімі 14 жылдан аспайтын автобустар пайдаланылады.
Toggle Dropdown
12. Жолаушылар мен багажды қалада автомобильмен тұрақты тасымалдау кезінде пайдаланылатын автокөлік құралдарының салонында мыналарды:
Toggle Dropdown
1) тасымалдаушының толық атауын;
Toggle Dropdown
2) тасымалдаушының, тасымалдауды ұйымдастырушының, сондай-ақ жол полициясының байланыс телефондарының нөмірлерін;
Toggle Dropdown
3) маршрут схемасының көшірмесі мен қозғалыс кестесін;
Toggle Dropdown
4) маршрут бойынша жол жүруге және багажды алып жүруге белгіленген тарифті;
Toggle Dropdown
5) ақы төлемей жол жүргені және/немесе багажды алып жүргені үшін белгіленген айыппұлдың мөлшерін;
Toggle Dropdown
6) жолаушылардың құқықтары мен міндеттерін;
Toggle Dropdown
7) тыйымдар туралы ақпарат бар және арнайы орындар белгіленген пиктограммаларды қамтитын ақпараттық табло орналастырылады.
Toggle Dropdown
Жолаушылар мен багажды қалада автомобильмен тұрақты тасымалдау кезінде пайдаланылатын автокөлік құралдары аялдамаларды жариялайтын автоматтандырылған дауыс зорайтқыш құрылғымен жабдықталады.
Toggle Dropdown
13. Жолаушылардың және жүктің қалалық тұрақты автомобиль тасымалдары кезінде пайдаланылатын автобустардың алдыңғы және артқы жақтарында бағыт нөмірі көрсетіле отырып, белгіленген үлгідегі трафареттер орнатылады.
Toggle Dropdown
Бағыттың нөмірі ашық сары түсті аяда қара түспен (қаріптің биіктігі кемінде 120 мм) жазылуы тиіс. Жедел тасымалдауды жүзеге асырған жағдайда трафаретте бағыт нөмірінің астында қызыл түсті (қаріптің биіктігі кемінде 60 мм) "Жедел" деген жазу болуы тиіс.
Toggle Dropdown
14. Жолаушылардың және жүктің тұрақты қалалық бағыттардағы автомобиль тасымалдарында пайдаланылатын автобустар салонының оң жағында жолаушы есіктерінің бірінің жанында бағыттың нөмірі мен мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қысқаша сипаттамасы (бағыт өтетін аралық және соңғы аялдамалардың, қоғамдық маңызы бар орындардың) бар трафарет орнатылуы тиіс.
Toggle Dropdown
15. Жолаушылардың және жүктің тұрақты қалалық бағыттардағы автомобиль тасымалдарында пайдаланылатын автобустардың алдыңғы жағында, жанында және артқы жақтарында белгіленген нысандағы гараждық нөмірлері қойылады.
Toggle Dropdown
16. Балалардың ұйымдастырылған топтарын тасымалдау кемінде екі есігі бар автобустармен жүзеге асырылуы тиіс. Бұдан басқа, бұл автобустардың алдында және артында "Балаларды тасымалдау" деген айырым белгілері мен сары түсті жарқырауық шамдар орнатылады. Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауға жасы кемінде жиырма бестегі, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар жүргізушіге рұқсат етіледі.
Toggle Dropdown
17. Жолаушыларды және жүкті автомобильмен тұрақты тасымалдауда пайдаланылатын автобустар салонының алдыңғы бөлігінде мүгедектігі бар адамдарға, зейнеткерлерге, жүкті әйелдерге және мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушыларға арналған орындар көзделеді. Осы орындардың тұсында олардың пайдаланылу мақсатын көрсететін ақпараттық тақташа орнатылады.
Toggle Dropdown
18. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты және тұрақты емес тасымалдауды, сондай-ақ таксимен тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының салондарында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салынады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарын ашу, жабу және өзгерту тәртібі