• Мое избранное
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын әзірлеудің ережесін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2009 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 14 маусым N 647

Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.08.2009. № 1251 Қаулысымен. (12.11.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
Тақырыбында және мәтiнiнде "индикативтiк" сөз "орта мерзiмдi" сөздермен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 01.07.2004. № 723 қаулысымен. (26.11.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 12.11.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Орта мерзiмдi және бюджеттiк жоспарлау процестерiн үйлестiрудi, орталық, жергiлiктi атқарушы және өзге мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын қалыптастыру жөнiндегi өзара iс-қимылын ұйымдастыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн. 
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкiмдерi Ережеге сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әлеуметтiк-экономикалық дамуының алдағы және кейiнгi кезеңдерге арналған орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудi қамтамасыз етсiн.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.07.2004. № 723 қаулысымен. (26.11.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Ұлттық компаниялар: 
1) үстiмiздегi жылдың 15 маусымына дейiн 2002 жылға арналған Даму жоспарларын Қазақстан Республикасының Yкiметiне бекiтуге енгiзудi; 
2) бұрын бекiтiлген 2002 жылға арналған даму жоспарларын Ережеге сәйкес келтiрудi қамтамасыз етсiн. 
4. "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының  орта мерзiмдiжоспарларын әзiрлеудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 21 наурыздағы N 432   қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 жыл, N 17, 170-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2002 жылғы 14 маусымдағы
 N 647 қаулысымен
 бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық
 дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң
 ЕРЕЖЕСI Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бөлiм. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың  әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын (бұдан әрi - орта мерзiмдi жоспарлар), акционерi ұлттық холдинг немесе ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын ұлттық компанияларды (бұдан әрi - ұлттық компаниялар) қоспағанда, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзiрлеу ұғымын және әдiснамалық негiздерiн, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге мемлекеттiк органдардың, ұлттық компаниялардың оларды қалыптастыру жөнiндегi өзара іс-қимылының тетiгiн белгiлейдi.  
Әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспары - Қазақстан Республикасының Yкiметi немесе мәслихат бекiтетiн, республиканың немесе өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының үш жылдық кезеңге арналған негізгі көрсеткiштерi мен бағыттарын және оларды iске асыру жөнiндегі шараларды айқындайтын құжат. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.07.2004. № 723, 15.11.2004. № 1201, 20.07.2005. № 748, 17.08.2006. № 780, 12.11.2008. № 1048 қаулыларымен. (26.11.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Орта мерзiмдi жоспар: 
ел экономикасының сыртқы және iшкi факторларға байланысты таяудағы үш жылдағы даму қарқынын негiздейтiн және индикативтi сипаты бар; 
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге де мемлекеттiк органдардың экономиканың жеке меншiк және мемлекеттiк секторларын дамыту және Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарларына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауына Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Бағдарламасына сәйкес жоспарланатын кезеңде Қазақстан халқының әл-ауқатының өсуi үшiн қолайлы жағдайлар жасау жөнiндегi iс-қимылдарын айқындайтын; 
әлеуметтiк-экономикалық дамудың мемлекеттiк реттеуiштерiнiң көрсеткiштерi (индикаторлары) мен тiзбесiн қамтитын құжат болып табылады.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.07.2004. № 723 қаулысымен. (26.11.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Орта мерзiмдi жоспардың мақсатты параметрлерi ретiнде экономиканың серпiнiн, құрылымын және тиiмдiлiгiн сипаттайтын әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерi (индикаторлары) пайдаланылады. 
Мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң (индикаторларының) нақты тiзбесiн белгiлейдi.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.11.2006. № 1080 қаулысымен. (17.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Белгiленген мақсаттарға жету үшiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң экономикалық қызметiне ықпал етудi реттейтiн негiзгi құралдар құқықтық регламенттеу және экономикалық тұтқалар жүйесi болып табылады. 
Экономикалық реттеу тұтқаларының тiзбесi және iс-әрекетiнiң бағыттылығы, нақты сандық мәндер орта мерзiмдi жоспарлау процесiнде айқындалады. 
5. Орта мерзiмдi жоспарлау - Yкiмет пен облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдiктерiнiң жоспарланатын кезеңде Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарларында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауында, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Бағдарламасында белгiленген мақсаттарға жетуге бағытталған шаралар кешенiн әзiрлеу процесi. 
6. Орта мерзiмдi жоспарлау: 
1) әлемдiк және отандық экономиканы, сыртқы, iшкi тауар және қаржы рыноктарын дамытуды экономикалық талдау мен болжауға негiзделедi; 
2) елдiң және оның өңiрлерiнiң экономикасын серпiндi дамыту үшiн шарттарды айқындайды; 
3) жоспарланатын кезеңде Қазақстан Республикасы дамуының әлеуметтiк-экономикалық проблемаларын шешу кезiнде кешендi көзқарасты қамтамасыз етедi; 
4) аймақаралық ықпалдастықты дамытуға және халық кiрiстерiнiң артуына ықпал етедi; 
5) нарықтық тетiктердiң iс-әрекетi негiзiнде экономиканың өздiгiнен реттелуiнiң жоғары деңгейiн қамтамасыз етуге ықпал етедi.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.07.2004. № 723 қаулысымен. (26.11.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
2-бөлiм. Орта мерзiмдi жоспарлау жүйесi
7. Шешiлетiн мiндеттердiң маңыздылығына қарай орта мерзiмдi жоспарлар республикалық және аймақтық деңгейлерде әзiрленедi. 
Республикалық деңгейде әзiрленетiн, экономиканың аясы мен салаларындағы мемлекеттiк реттеу шараларын қамтитын орта мерзiмдi жоспар Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспары (бұдан әрi - Республикалық орта мерзiмдi жоспар) деп аталады. 
Республикалық орта мерзiмдi жоспарды Министрлiк Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының, сондай-ақ өзге де мемлекеттiк органдарының қатысуымен әзiрлейдi. 
Аймақтық деңгейде әзiрленетiн, облыстарды, Астана және Алматы қалаларын тиiмдi дамытуға бағытталған экономикалық және әлеуметтiк шаралар кешенiн қамтитын орта мерзiмдi жоспар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспары (бұдан әрi - Облыстың орта мерзiмдi жоспары) деп аталады. 
Облыстардың орта мерзiмдi жоспарларының әзiрлеушiлерi экономикалық жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар (бұдан әрi - жергiлiктi уәкiлеттi органдар) болып табылады. 
Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары, сондай-ақ өзге мемлекеттiк органдары Республикалық орта мерзiмдi жоспардың және Облыстардың орта мерзiмдi жоспарларының басты құралдары және құрамдас бөлiгi болып табылатын мемлекеттiк, салалық (секторалдық) және аймақтық бағдарламаларды әзiрлейдi. Мемлекеттік, салалық (секторалдық) және аймақтық бағдарламалардың жоспарлы кезеңде жүзеге асыруға белгiленген негiзгi iс-шаралары Республикалық орта мерзiмдi жоспардың және Облыстардың орта мерзiмдi жоспарларының тиiстi бөлiмдерiнде баяндалады. 
Ұлттық компанияны тиiмдi дамытуға бағытталған экономикалық және инвестициялық шаралардың бүкіл кешенiн қамтитын орта мерзiмдi даму жоспары Ұлттық компанияның даму жоспары деп аталады. 
Ұлттық компаниялар акцияларының мемлекеттiк пакеттерін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзiрлеушiлер болып табылады. 
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.07.2004. № 723 қаулысымен. (26.11.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
8. Орта мерзiмдi жоспарлар жыл сайын жоспарланатын кезеңнiң бiр жылға ұзартылуын көздейтiн жылжымалы негiзде үш жыл мерзiмге әзiрленедi. 
9. Республикалық орта мерзiмдi жоспарды Облыстардың орта мерзiмдi жоспарларын және Ұлттық компаниялардың даму жоспарларын өздерiнiң құзыретi шегiнде орталық және жергiлiктi атқарушы, сондай-ақ өзге мемлекеттiк органдар iске асырады. 
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.07.2004. № 723 қаулысымен. (26.11.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
10.  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
10-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 01.07.2004. № 723 қаулысымен. (26.11.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
3-бөлiм. Орта мерзiмдi жоспарлардың құрылымы
11. Республикалық орта мерзiмдi жоспар мынадай бөлiмдерден тұрады: 
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының негізгi бағыттары (бұдан әрi - негiзгi бағыттар); 
2) әлеуметтiк-экономикалық дамудың мемлекеттік реттеуiштерi - табиғи монополиялардың өнімдерi мен көрсететiн қызметтерi тарифтерiнiң серпiнi; жалақының, зейнетақылардың, мемлекеттiк жәрдемақылардың ең төменгi мөлшерлерi, күнкөрiстiң ең төмен деңгейi, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер импортына кедендiк тарифтердiң өзгеруi; жұмыс күшiнiң импортына квоталар; өнiмдер (тауарлар, көрсетілетiн қызметтер) өндiрiсiнiң стандарттары; 
3) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткiштерiнiң болжамы; 
4) қолданыстағы әрi әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тiзбесi; 
5) қолданыстағы әрi әзiрленетiн мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлiнiсiндегi басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесi; 
6) ұлттық компанияларды, оның iшiнде акционерi ұлттық холдинг болып табылатын ұлттық компанияларды дамытудың негiзгi бағыттары мен негiзгi көрсеткiштерiнiң болжамы.
11-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 01.07.2004. № 723, өзгертілді - 17.08.2006. № 780 қаулыларымен. (26.11.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
12. Облыстың орта мерзiмдi жоспары мынадай бөлiмдерден тұрады: 
1) облыстың (қаланың) әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттары; 
2) облыстың (қаланың) әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткiштерінің болжамы; 
3) қолданыстағы және әзiрленетiн аймақтық бағдарламалардың тiзбесi; 
4) қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламалар бөлінісiнде басым жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесi. 
12-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 01.07.2004. № 723 қаулысымен. (26.11.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
13. Орта мерзiмдi жоспардың құрылымы, нысандары және көрсеткiштерiнiң тiзбесi Министрлiктiң бұйрығымен бекiтiледi.
4-бөлiм. Орта мерзiмдi жоспарларды әзiрлеудiң және бекiтудiң тәртiбi
4 бөлім жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 01.07.2004. № 723 қаулысымен. (26.11.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
1-бөлiмше. Республикалық орта мерзiмдi жоспарды әзiрлеудiң және бекiтудiң тәртiбi
14. Республикалық орта мерзiмдi жоспарды әзiрлеу екi кезеңде жүзеге асырылады. 
Республикалық орта мерзiмдi жоспардың жобасы орта мерзiмдi фискалдық саясат жобасын, алдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын қалыптастырудың негiзi болып табылады. 
Республикалық орта мерзiмдi жоспардың жобасын қалыптастыру бiрiншi кезеңде мынадай тәртiппен жүзеге асырылады: 
1) Министрлiк жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 наурызына дейiн Республикалық орта мерзiмдi жоспар бөлiмдерiнiң нысандарын, көрсеткiштерiнiң тiзбесiн және құрылымын орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға, өзге де мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ ұлттық компанияларға жiбередi; 
2) Министрлiк орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдардың қатысуымен жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 мамырына дейiн Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың алдағы үш жылдық кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткiштерiнiң болжамдарын (бұдан әрi - аса маңызды көрсеткiштердiң болжамы) әзiрлейдi және Республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрi - бюджет комиссиясы) қарауына енгiзедi. 
Бюджет комиссиясы мақұлдаған Республикалық орта мерзiмдi жоспардың аса маңызды көрсеткiштерiнiң болжамын Министрлiк үш күн мерзiмде орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға, өзге де мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ ұлттық компанияларға жiбередi; 
3) орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де мемлекеттiк органдар Республикалық орта мерзiмдi жоспар бөлiмдерiнiң құрылымына және көрсеткiштерiнiң нысандарына сәйкес жоспарланатынның алдындағы жылдың 15 мамырынан кешiктiрмей, Республикалық орта мерзiмдi жоспардың тиiстi бөлiмдерi мен көрсеткiштерiне және басымдылық тәртiбiмен олардың бөлiнiсiнде қолданыстағы әрi әзiрленетiн мемлекеттiк, салалық (секторалдық) бағдарламалар мен басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесi бойынша Министрлiкке ұсыныстар бередi; 
4) Министрлiк жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 маусымына дейiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан, сондай-ақ өзге де мемлекеттiк органдардан алынған материалдардың негiзiнде Республикалық орта мерзiмдi жоспардың жоспарланатын кезеңге арналған жобасын қалыптастырады және бюджет комиссиясына енгiзедi. Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдардың ұсыныстарында алшақтықтар туындаған жағдайда, келiспеушiлiктер хаттамасы қоса берiледi. 
Екiншi кезеңде қолданыстағы әрi әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тiзбелерiн, қолданыстағы әрi әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлiнiсiндегi басым бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды), ұлттық компанияларды, оның iшiнде акционерi ұлттық холдинг болып табылатын ұлттық компанияларды дамытудың негiзгi бағыттары мен негiзгi көрсеткiштерiнiң болжамын қалыптастыру және ел экономикасын дамытудың болжамды бағалауды нақтылау, Республикалық орта мерзiмдi жоспардың бөлiмдерiн түзету жүргiзiледi; 
1) жоспарланатынның алдындағы жылдың маусымында Министрлiк орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге де мемлекеттiк органдардың қатысуымен Республикалық орта мерзiмдi жоспардың бөлiмдерiн пысықтауды жүргiзедi; 
2) орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдар Республикалық орта мерзiмдi жоспардың тиiстi бөлiмдерi мен көрсеткiштерiн жергiлiктi атқарушы органдармен кезең-кезеңiмен келiсудi және нақтылауды жүргiзедi және бөлiмдер мен көрсеткiштердiң пысықталған нұсқасын жоспарланатынның алдындағы жылдың 10 шiлдесiнен кешiктiрмей Министрлiкке ұсынады; 
3) жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 тамызына дейiн Министрлiк Республикалық орта мерзiмдi жоспардың жобасын қалыптастырады және оны мүдделi орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарға келiсуге жiбередi; 
4) Республикалық орта мерзiмдi жоспар жоспарланатынның алдындағы жылдың 15 тамызына дейiн алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бiр мезгiлде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзiледi және жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 қыркүйегiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi.
14-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 15.11.2006. № 1080 қаулысымен. (17.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
2-бөлiмше. Облыстардың орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң және бекiтудiң тәртiбi
15. Облыстардың орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеу екi кезеңде жүзеге асырылады. 
Бiрiншi кезеңде жергiлiктi уәкiлеттi органдар: 
1) алынған материалдар мен экономикалық жоспарлау жөнiндегi аудандық және қалалық бөлiмдердiң ұсыныстары негiзiнде экономикалық қызмет түрлерi бөлiнiсiнде облыстардың орта мерзiмдi жоспарларының iрiлендiрiлген параметрлерiн әзiрлейдi және жоспарланатынның алдындағы жылдың 15 мамырына дейiн бюджет комиссиясына ұсынылатын Республикалық орта мерзiмдi жоспардың жобасына енгiзу үшiн Министрлiкке ұсынады; 
2) жоспарланатынның алдындағы жылдың 10 маусымына дейiн жергiлiктi уәкiлеттi органдар облыстардың орта мерзiмдi жоспарларының жобаларын тиiстi жергiлiктi бюджет комиссиясының қарауына жiбередi; 
3) жоспарланатынның алдындағы жылдың 10 шiлдесiне дейiн жергiлiктi уәкiлеттi органдар облыстардың орта мерзiмдi жоспарларының жобаларын Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң бұйрығымен бекiтiлген кестеге сәйкес Министрлiкпен және басқа мүдделi орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдармен келiсудi жүзеге асырады. 
Екiншi кезеңде қолданыстағы және әзiрленетiн өңiрлiк бағдарламалардың тiзбелерiн, басым жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қалыптастыру және өңiрдiң дамуын болжамды бағалауды нақтылау, облыстардың орта мерзiмдi жоспарларының бөлiмдерiн түзету жүргiзiледi: 
1) жоспарланатынның алдындағы жылдың қыркүйегiнде жергiлiктi уәкiлеттi органдар облыстардың орта мерзiмдi жоспарларын пысықтауды жүзеге асырады және оларды облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкiмдiктерiнiң қарауына енгiзедi; 
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкiмдiктерi жылдың 15 қазанына дейiн мүдделi орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдармен келiсiлген облыстардың орта мерзiмдi жоспарларын алдағы қаржы жылына арналған тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң жобаларымен бiр мезгiлде тиiстi мәслихаттардың бекiтуiне ұсынады.
15-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 15.11.2006. № 1080 қаулысымен. (17.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
5-бөлiм. Ұлттық компаниялардың Даму жоспарларын әзiрлеудiң және бекiтудiң құрылымы, тәртiбi
16. Ұлттық компаниялар өздерінің Даму жоспарларын жылжымалы негiзде жыл сайын үш жыл мерзiмге әзiрлейдi (бұдан әрi - Ұлттық компаниялардың жоспарлары).
16-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.11.2004. № 1201, 20.07.2005. № 748 қаулыларымен. (01.07.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
17. Ұлттық компаниялардың жоспарлары мынадай бөлiмдердi қамтиды: 
1) ұлттық компанияны (даму институтын) дамытудың жай-күйi және перспективалары туралы баяндама; 
2) ұлттық компанияның инвестициялық бағдарламасы; 
3) дамудың аса маңызды көрсеткiштерiнiң болжамы.
17-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.11.2004. № 1201 қаулысымен. (01.07.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
18. Ұлттық компаниялар жоспарлары бөлiмдерiнiң құрылымы, нысандары мен көрсеткiштерiнiң тiзбесi Министрлiктiң бұйрығымен бекiтiледi. 
19. Ұлттық компаниялардың жоспарларын әзiрлеу және бекiту мынадай тәртiппен жүзеге асырылады: 
1) Министрлiк бекiткен Ұлттық компания жоспарының нысандары, көрсеткiштер тiзбесi және құрылымы негiзiнде жоспарланатынның алдындағы жылдың наурызында ұлттық компаниялар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар Ұлттық компания жоспары жобасының әзiрленуiн ұйымдастыруды қамтамасыз етедi; 
2) салалық мемлекеттiк органда қаралғаннан кейiн Ұлттық компания жоспарының жобасы жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 маусымынан кешiктiрмей Министрлiкке тапсырылады; 
3) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 17.08.2006. № 780 қаулысымен. (20.07.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
4) жоспарланатынның алдындағы жылдың тамызында Ұлттық компаниялар жоспарларының жобалары заңнамада белгiленген тәртiппен мүдделi мемлекеттiк органдармен, соның iшiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiмен (табиғи монополиялар субъектiлерi болып табылатын ұйымдар үшiн) және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiмен (тиiстi тауар нарығында үстем жағдайға ие ұйымдар үшiн) келiсiледi; 
5) жоспарланатынның алдындағы жылдың төртiншi тоқсанында ұлттық компаниялар акцияларының мемлекеттiк пакеттерін иеленудi және пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар Ұлттық компаниялардың жоспарлары жобаларын Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiту (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен бекiтуге ұсыну) үшiн енгiзудi қамтамасыз етедi.
19-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.11.2003. № 1184, 01.07.2004. № 723, 15.11.2004. № 1201, 17.08.2006. № 780, 15.11.2006. № 1080 қаулыларымен. (14.06.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
6-бөлiм. Орта мерзiмдi жоспарларды әзiрлеудi әдiснамалық және ақпараттық қамтамасыз ету
20. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге мемлекеттiк органдардың орта мерзiмдi жоспарларды әзiрлеу кезiндегi жұмыстарына әдiснамалық басшылықты және оларды үйлестiрудi Министрлiк жүзеге асырады. 
21. Министрлiк өзiнiң шешiмдерiмен бағалар дамуының және тауарлар мен қызмет көрсетулер өндiрiсi серпiнiнiң болжамдық көрсеткiштерiн анықтауды қоса алғанда, орта мерзiмдi жоспардың тиiстi бөлiмдерiн қалыптастыру жөнiнде әдiстемелiк ұсыныстар әзiрлейдi және бекiтедi. 
22. Орта мерзiмдi жоспарлау Қазақстан Республикасы Статистика жөнiндегi агенттiгiнiң деректерiне, мемлекеттiк органдар жүзеге асыратын мониторингтерге, халықаралық қаржы институттарының есептерiне және басқа да ресми ақпаратқа негiзделедi. 
23. Министрлiк орталық және жергiлiктi атқарушы органдардағы, сондай-ақ өзге мемлекеттiк органдардан орта мерзiмдi жоспарларды әзiрлеу және оларды осы Ережеде белгiленген мерзiмдерде iске асырудың барысын талдау үшiн қажеттi ақпараттық-статистикалық материалдар алуға құқылы. 
24. Министрлiк және жергiлiктi уәкiлеттi органдар орта мерзiмдi жоспарларды әзiрлеу үшiн өздерiнiң құзыреті шегінде меншiк нысанына қарамастан ұйымдардан қажеттi ақпарат алуға құқылы. 
Егер сұратылатын ақпарат ұйымның пiкiрi бойынша коммерциялық құпия болып табылатын және жариялауға жатпайтын жағдайда Министрлiкке бұл туралы хабарланады. 
Коммерциялық құпияның бар екендiгi туралы мәлiметтер расталғаннан кейiн ақпаратты пайдалану және беру "қызмет бабында пайдалану үшiн" белгiсiмен жүзеге асырылады, бұл ретте Министрлiк және жергiлiктi уәкiлеттi органдар қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес оны пайдаланудың белгiленген режимiн сақтау үшiн жауапты болады.
7-бөлім. Орта мерзiмдi және бюджеттiк жоспарлауды үйлестiру
25. Республикалық орта мерзiмдi жоспар және Облыстардың орта мерзiмдi жоспарлары тиiстi жылға арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде негiз болып табылады. 
26. Орта мерзiмдi жоспардың аса маңызды макроэкономикалық көрсеткiштерiнiң болжамы негiзiнде мемлекеттiк бюджеттiң алдағы үшжылдық кезеңге арналған болжамдық көрсеткiштерi әзiрленедi. 
27. Республикалық орта мерзiмдi жоспар және Облыстардың орта мерзiмдi жоспарлары қолданылып жүрген және әзiрленетiн мемлекеттiк, салалық (секторалдық) және аймақтық бағдарламалардың тiзбесiн, сондай-ақ республикалық және жергiлiктi бюджеттерге енгiзу үшiн басым инвестициялық жобалардың тiзбесiн белгiлейдi.
8-бөлiм. Орта мерзiмдi жоспарларды iске асыруды бақылау
28. Министрлiк орта мерзiмдi жоспарлардың iске асырылуын бақылауды жүзеге асырады. 
29. Министрлiк тоқсан сайын елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйi туралы Yкiметтi хабардар етедi.
29-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.11.2006. № 1080 қаулысымен. (17.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
30. Yкiмет экономика мен әлеуметтiк сала дамуының жай-күйi және аса маңызды проблемаларды шешу жөнiнде қабылданатын шаралар туралы Қазақстан Республикасының Президентiн хабардар етедi. 
31. Әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспары макроэкономикалық көрсеткiштер болжамы нақтылау кезiнде түзетiледi.
31-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 15.11.2006. № 1080 қаулысымен.