• Менің таңдаулыларым
Назар аударыңыз! Құжаттың 07.09.2015 күші жойылды

Отправить по почте

Порттың мiндетті қызмет көрсетулерiнiң тiзбесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 мамырдағы N 451 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 7 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 622 Қаулысына сәйкес
«Порттың міндетті көрсететін қызметерінің тізбесін бекіту туралы» ҚР инвестициялар және даму министрінің 30.01.2015 жылғы № 75 Бұйрығын қараңыз
"Iшкi су көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi Заңының 8-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса берілiп отырған порттың мiндетті қызмет көрсетулерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2005 жылғы 13 мамырдағы
 N 451 қаулысымен
 бекiтiлген
Кеменiң кейiннен порттан шыға отырып, жүк операцияларын жүргiзуге және (немесе) өзге де мақсаттарда портқа кiруi үшiн қызмет көрсетулер (кеменiң кiруi): 
1) корабельдiк - кеменiң портқа кiруiн және одан шығуын ұсыну; 
2) айлақтық - кемелерге айлақтарда жүк және көмекшi операциялар үшін тұрақтар ұсыну; 
3) зәкiрлiк - iшкi рейдте немесе рейдтiк айлақта кеме тұрағын ұсыну; 
4) арқандап байлау - кеменiң арқандап байлау ұштарын тарату, айлақтан жылжу, кемелердi көшiру және қайта арқандап байлау, тiркеп сүйрегiштер жұмысы; 
5) табиғат қорғау iс-шаралары саласында - портта тұрған уақытта болған ластанудың (балластық сулардан басқа) барлық түрлерiн кемеден қандай да бiр шектеусiз қабылдау; 
карантиндiк жұқпалы аурумен ауыратындарды және жұқпалы ауру таратушы болуы мүмкiн адамдарды уақытша оқшаулау үшiн үй-жай ұсынуды; 
порт аумағы мен объектiлерiн тиiстi санитарлық жай-күйде ұстауды; 
көлiк кемелерiнде, порт объектiлерiнде кемiргiштер мен жәндiктердi алдын ала жоюды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтерi.