Toggle Dropdown
Осы редакция 09.11.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 қарашадағы № 1312 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайларды пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 9 қарашадағы
№ 1312 қаулысымен
бекітілген
Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайларды пайдалану қағидалары
1. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы » 1995 жылғы 21 желтоқсандағы және «Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы » 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Заңға сәйкес Қазақстан Республикасында бақылауға жататын Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімінің есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың (бұдан әрі – есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар) айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайларды пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының аумағында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметтiң барлық түрлерiн Заңның 19 және 20-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті лицензия алғаннан кейiн жеке меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар жүзеге асырады.
3. Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы объектiлер мен үй-жайларды пайдалануға рұқсатты есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік орган бередi.
Осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес техникалық нығайтылу талаптарына, санитарлық нормалар мен ережелерге, сондай-ақ өртке қарсы қауіпсіздік шарттарына сәйкес болған жағдайда объектілер мен үй-жайларды есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында пайдалануға жол беріледі.
4. Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлар үш топқа бөлінеді:
1) бірінші топ – есірткі құралдарын, психотроптық заттарды өндіруші кәсіпорындар, дәріханалар, сынақ зертханалары, ғылыми-зерттеу институттары, көтерме сауда кәсіпорындары, есірткі құралдары, психотроптық заттар айналымы саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілері;
2) екінші топ – құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру мен дайындау жөніндегі объектілер;
3) үшінші топ – прекурсорларды өндіруші және/немесе көтерме сауданы жүзеге асырушы, сондай-ақ оларды өзінің өндірістік қызметінде пайдаланатын кәсіпорындар.
5. Есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайларды жоспарлау:
1) қолда бар есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды, сондай-ақ олардан дайындалған өнiмнің сақталуын;
2) технологиялық байланысқан үй-жайлар арасындағы қысқа арақашықтығы бар үдерістің ағынын;
3) технологиялық ағындар жолының кесiлуiн болдырмауды;
4) тазалық дәрежесi бiрдей үй-жайларды барынша топтастыруды;
5) бастапқы шикiзаттың, жартылай дайын өнiмдер мен дайын өнімдердің алуан түрлерi мен серияларының араласып кетуiн болдырмауды;
6) бастапқы шикiзатты, жартылай өнiмдер мен дайын өнімдерді қозғаған кезде ластанудан қорғауды қамтамасыз етуге тиiс.
6. Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайларды ғимараттың жапсарлас конструкцияларының бүтіндігін бұзуға немесе қиратуға, қасбеттің сақталуы мен сыртқы бөлігінің нашарлауына, өртке қарсы нормалардың бұзылуына әкеп соғатын қайта жабдықтауға және қайта жоспарлауға жол берілмейді.
7. Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайларға рұқсат олармен тікелей жұмыс жасайтын адамдарға беріледі. Бақылаудағы заттармен жұмыс iстеуге рұқсаты бар адамдардың тiзiмi iшкi iстер органдарымен келiсiлгеннен және олардың нашақорлықпен, уытқұмарлықпен және созылмалы маскүнемдiкпен ауруының жоқтығы туралы дәрiгерлердiң (психиатр мен наркологтың) қорытындысын алғаннан кейін заңды тұлға басшысының бұйрығымен бекітіледі.
8. Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы үй-жайлар жұмыс күнi аяқталғаннан кейiн мөрленеді немесе пломбаланады.
Кiлттер, мөр немесе пломбир заңды тұлға басшысының бұйрығымен тағайындалатын жауапты адамда сақталады.
9. Заңды тұлғаның басшысы осы Қағидалардың сақталуына дербес жауапты болады.
Есірткі құралдары, психотроптық
заттар мен прекурсорлар айналымы
саласындағы объектілер
мен үй-жайларды пайдалану
қағидаларына
қосымша