Toggle Dropdown
9
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 қарашадағы N 3205 Жарлығы
Toggle Dropdown
1
Редакция 23.01.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 14-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қаулы етемiн:
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереже (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 21 желтоқсандағы N 1469 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 48, 579-құжат);
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережеге өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 22 ақпандағы N 2856 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 7, 38-құжат).
Toggle Dropdown
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Президентi
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1996 жылғы 11 қарашадағы
N 3205 Жарлығымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1
1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының тұрақты жұмыс істейтін мемлекеттік органы болып табылады, Республика сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне басшылық етеді.
Toggle Dropdown
2. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
3. Комиссия мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарында шоттары болады.
Toggle Dropdown
4. Комиссия азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Toggle Dropdown
5. Комиссия, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Toggle Dropdown
6. Комиссия өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаулылар қабылдайды.
Toggle Dropdown
7. Комиссия аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Toggle Dropdown
3
8. Комиссияның заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.
Toggle Dropdown
1
9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы» мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
10. Осы Ереже Комиссияның құрылтай құжаты болып табылады.
Toggle Dropdown
11. Комиссияның қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
12. Комиссияға кәсіпкерлік субъектілерімен Комиссияның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Toggle Dropdown
Егер Комиссияға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Toggle Dropdown
2-тарау. Комиссияның миссиясы, негізгі міндеті, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Toggle Dropdown
13. Комиссияның миссиясы: еркін және әділ сайлау мен республикалық референдумдар өткізу жолымен азаматтардың тікелей немесе өз өкілдері арқылы мемлекет істерін басқаруға қатысу құқықтарын қамтамасыз ету.
Toggle Dropdown
14. Комиссияның негізгі міндеті Қазақстан Республикасында әділ, шынайы және еркін сайлаулар мен республикалық референдумдар өткізу болып табылады.
Toggle Dropdown
15. Комиссия өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының аумағында сайлау және республикалық референдум туралы заңнаманың орындалуын бақылауды және оның бірыңғай қолданылуын қамтамасыз етуді;
Toggle Dropdown
1
2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында міндетті, сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша шешімдер, сондай-ақ өзге де құқықтық актілер қабылдайды;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізуді ұйымдастырады;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге басшылық етеді;
Toggle Dropdown
5) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді, Президенттікке кандидатты тіркеуден бас тартады немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жояды, Президенттікке кандидаттарды тіркегеннен кейін жетінші күннен кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралдарында Президенттікке әрбір кандидаттың тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын, атқаратын лауазымын (кәсібін), жұмыс және тұрғылықты орнын, сондай-ақ Президентікке кандидаттың қалауы бойынша, оның қоғамдық бірлестікке, ұлтына қатысты мәліметтерді көрсете отырып тіркелгені туралы хабар жариялайды;
Toggle Dropdown
6) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілейді;
Toggle Dropdown
7) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, медициналық қорытындыға қойылатын талаптарды және Республика Президенттігіне кандидатты тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың тізбесін белгілейді;
Toggle Dropdown
8) Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 2-тармағын ресми түсіндіру туралы Республика Конституциялық Кеңесінің шешіміне сәйкес Президенттікке кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергенін белгілеу рәсімін айқындайды;
Toggle Dropdown
9) партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының бір бөлігін және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауға саяси партияларды қатыстыруға рұқсат беру туралы мәселені қарайды;
Toggle Dropdown
9-1) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерін құрады және олардың шекараларын белгілейді, сайлау округтерінің тізімін және олардың шекаралары туралы мәліметті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
Toggle Dropdown
10) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі партиялық тізімдерді тіркейді және оларды тіркегеннен кейін оныншы күннен кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралдарында саяси партияның атауы мен партиялық тізімге енгізілген адамдар саны, сондай-ақ, партиялық тізімге енген әрбір адамның тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын, атқаратын лауазымын (кәсібін), жұмыс және тұрғылықты орнын көрсете отырып, тіркеу туралы хабар жариялайды;
Toggle Dropdown
11) тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
12) тіркеу кезінде Қазақстан Республикасының Мәжілісі депутаттығына кандидатқа тиісті куәлік береді;
Toggle Dropdown
13) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі партиялық тізімді тіркеуден бас тартады немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жояды;
Toggle Dropdown
14) тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
15) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі партиялық тізімге енгізілген адамды аталған тізімнен алып тастау туралы шешім қабылдайды;
Toggle Dropdown
16) Қазақстан Республикасы бойынша тұтас алғанда Президентті және Парламент депутаттарын сайлау қорытындыларын шығарады, сайланған Қазақстан Республикасы Президентін және Парламентінің депутаттарын тіркейді, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;
Toggle Dropdown
17) Парламент Мәжілісінің партиялық тізімдері бойынша дауыс беру қорытындылары бойынша депутаттық мандаттарды бөлу үшін квота белгілейді;
Toggle Dropdown
18) Республика Парламенті депутаттарын сайлау қорытындыларын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаған соң әрбір депутатқа Комиссия белгілеген үлгідегі куәлік пен омырауға тағатын белгіні тапсырады;
Toggle Dropdown
19) Қазақстан Республикасының Президентін сайлау кезінде қайта дауыс беру мен қайта сайлауды тағайындайды және өткізілуін ұйымдастырады;
Toggle Dropdown
20) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген жағдайларда тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністе Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауын жарамсыз деп таниды, қайта дауыс беруді тағайындайды;
Toggle Dropdown
21) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын қайта сайлауды тағайындайды;
Toggle Dropdown
22) Қазақстан Республикасы Парламентінің шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды тағайындайды;
Toggle Dropdown
23) депутаттарға жазалау шараларын колдануға, олардың Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 3-тармағының талаптарын, депутаттық әдеп ережелерін сақтауына, сондай-ақ депутаттың өкілеттіктерін тоқтатуына және өкілеттіктері мен депутаттық қолсұғылмаушылықтан айыруға байланысты мәселелерді қарауға дайындайды.
Toggle Dropdown
Депутаттардың Парламент Палаталарының және олардың органдарының отырыстарына қатысуын, сондай-ақ депутаттың өз дауысын басқа біреуге бермеуін бақылауды Комиссия мүшелері жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Жоғарыда көрсетілген мәселелерді Қазақстан Республикасы Парламентінде қарау және қарауға енгізу тәртібі Комиссия бекітетін тиісті ережемен регламенттеледі;
Toggle Dropdown
24) Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының өкілеттіктерін тоқтатуға әкелетін негіздердің туындау фактісін көрсететін қаулы және тиісті адамның Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты өкілеттіктерін жоғалту фактісін көрсететін қаулы қабылдайды;
Toggle Dropdown
25) таңдаушылардың шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының өкілеттіктерін тоқтату бойынша дауыс беру қорытындыларын белгілейді; таңдаушылардың шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының өкілеттіктерін тоқтату жөніндегі құжаттардың үлгілерін бекітеді;
Toggle Dropdown
26) жаңа шақырылымды қалыптастыру кезінде әкімшілік-аумақтық бірліктер халқының санына сәйкес олардан сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын айқындайды;
Toggle Dropdown
27) мәслихаттар депутаттарының кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды;
Toggle Dropdown
28) мәслихаттар депутаттарын, аудан, облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде аумақтық сайлау комиссиялары қызметінің «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңын бұзушылықтар анықталған кезде олардың шешімдерінің күшін жояды;
Toggle Dropdown
28-1) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп аудан, облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің әкімдігіне кандидаттың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру үшін қажетті құжаттардың тізбесін белгілейді;
Toggle Dropdown
29) мерзімді баспа басылымдарының республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен сайлау комиссияларының хабарларын орналастыру тәртібі мен көлемін айқындайды;
Toggle Dropdown
30) Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын сайлау бойынша сайлауалды науқан барысы туралы сайлаушыларды хабардар етеді;
Toggle Dropdown
31) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттарының депутаттарын, аудан, облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау алдындағы үгітті және сайлауды ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
Toggle Dropdown
32) бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар берген сайлау алдындағы үгітті жүргізу үшін эфир уақытын, баспасөз бетінен орын және ақпарат көлемін ұсынудың төлем мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметті өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
Toggle Dropdown
33) сайлауалды пікірталастарды өткізу тәртібі мен шарттарын айқындайды;
Toggle Dropdown
1
34) Президенттікке кандидаттар, Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар үшін теледидарда сайлауалды пікірталастарды ұйымдастырады;
Toggle Dropdown
35) сенім білдірілген адамдарды тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Toggle Dropdown
1
36) тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
37) сайлау құжаттарын сақтау тәртібін белгілейді;
Toggle Dropdown
38) Президентті және партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған бюллетеньдердің нысаны мен мәтінін, Парламент Сенатының, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын, мәслихат депутаттарын, аудан, облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған бюллетеньдердің нысанын, оларды дайындау тәртібін, сондай-ақ қорғалу дәрежесін белгілейді;
Toggle Dropdown
39) Комиссия белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетеніне саяси партиялардың атауларын енгізудің кезектілігін белгілеу бойынша жеребе тартуды өткізеді;
Toggle Dropdown
40) Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарын сайлау бойынша сайлау бюллетеньдерін дайындауды қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
41) кандидатура алып тасталған, кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күші жойылған, кандидаттарды, партиялық тізімдерді тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайларда сайлау бюллетеньдеріне өзгерістер енгізу тәртібін айқындайды;
Toggle Dropdown
42) сайлаушылар (таңдаушылар) тізімдерінің, Президенттікке кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға, Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды қолдайтын таңдаушылардың қолдарын жинауға және аудан, облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің әкімдігіне кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарының, бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихатының депутаттарын кері шақырып алу үшін азаматтардың қолдарын жинауға арналған қол қою парағының, өзге де сайлау құжаттарының нысанын белгілейді;
Toggle Dropdown
43) Республика Парламенті депутатының куәлігі мен омырауға тағатын белгісі туралы ережені, олардың үлгілері мен сипаттамасын бекітеді;
Toggle Dropdown
44) Президент, мәслихат депутаттары үшін куәліктің және омырауға тағатын белгінің үлгісін, сондай-ақ аудан, облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі және өзге жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелері куәлігінің үлгісін белгілейді;
Toggle Dropdown
45) электрондық сайлау жүйесін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында регламенттелмеген бөлігінде пайдалану тәртібін белгілейді;
Toggle Dropdown
46) электрондық сайлау жүйесі немесе оның жекелеген элементтері пайдаланылатын сайлау округтері мен сайлау учаскелерін айқындайды;
Toggle Dropdown
47) электрондық сайлау жүйесін іске қосу уақытын белгілейді;
Toggle Dropdown
48) Қазақстан Республикасының сайлаушы азаматтарының бірыңғай электрондық тізілімін жүргізеді;
Toggle Dropdown
49) сайлаушылар және сайлау учаскелерінің шекаралары туралы электрондық түрдегі мәліметтерді салыстыру мен ұсыну тәртібін айқындайды;
Toggle Dropdown
50) дауыс беру үшін сайлаушылар тізімдерін түзу, сондай-ақ оларды сайлау комиссияларына ұсыну тәртібін айқындайды;
Toggle Dropdown
51) дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін дайындауды ұйымдастырады, оларды беру және есепке алу тәртібін айқындайды;
Toggle Dropdown
52) сайлау жүйелері саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
53) аккредиттелген байқаушылар үшін куәліктің үлгісін белгілейді;
Toggle Dropdown
13
54) шет мемлекеттердегі сайлауды байқау үшін Қазақстан Републикасының азаматтарын жіберу жөніндегі тәртіпті айқындайды және жұмысты ұйымдастырады;
Toggle Dropdown
55) Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнаманы түсіндіруді ұйымдастырады;
Toggle Dropdown
56) Комиссияның ресми интернет-ресурсында Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасы жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, сайлауды тағайындау және өткізу, сондай-ақ өткен сайлаудағы дауыстарды санау нәтижелері туралы ақпаратты орналастырады;
Toggle Dropdown
57) субъект заңнамалық акт жобасының заңнамалық бастама құқығын ресми енгізуі үшін сайлау практикасын зерделеу және Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмысты жүргізеді;
Toggle Dropdown
58) ақпараттық бюллетенді мезгіл-мезгіл жариялайды;
Toggle Dropdown
59) сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастырады және жүргізеді;
Toggle Dropdown
60) саяси партиялардың өкілдерімен және сайлау процесіне басқа қатысушылармен сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөнінде семинарлар өткізеді;
Toggle Dropdown
61) электрондық сайлау жүйесін пайдалана отырып сайлау өткізу кезінде тиісті сайлау комиссияларының мүшелеріне оны қолдануға оқытуды жүргізеді;
Toggle Dropdown
62) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлауда электрондық сайлау жүйесін пайдалануға халықты оқытуды ұйымдастырады;
Toggle Dropdown
63) Комиссия айқындайтын тәртіппен аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған бюджеттік өтінімдер негізінде сайлау науқанын өткізуге арналған шығыстардың үлгі сметасын жасайды және Республика Үкіметіне ұсынады;
Toggle Dropdown
64) сайлау науқанын өткізуге бөлінген республикалық бюджет қаражатын сайлау комиссияларының арасында бөледі;
Toggle Dropdown
65) арнаулы уақытша шотты ашу, сайлау қорларының қаражатын жұмсау тәртібін және тиісті банктік мекемені айқындайды;
Toggle Dropdown
66) кандидаттарға сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу тәртібі мен көлемін айқындайды;
Toggle Dropdown
67) Қазақстан Республикасының Президентін, Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін бес күн ішінде сайлау қорына түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
Toggle Dropdown
68) саяси партияларды қаржыландыру тәртібін айқындайды;
Toggle Dropdown
69) сайлау комиссияларының қызметі үшін қажетті материалдық-техникалық жағдайлардың жасалуын бақылайды;
Toggle Dropdown
2
70) мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру үшін жағдайлар жасау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
Toggle Dropdown
71) сайлау учаскесінде, дауыс беру пунктінде дауыс беруге арналған үй-жайды жарақтандыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Toggle Dropdown
72) мөлдір материалдан дауыс беруге арналған жәшіктердің нысанын және сайлау комиссиялары мөрлерінің үлгілерін белгілейді;
Toggle Dropdown
73) «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін, интернет-ресурсты құру, дамыту, енгізу, сүйемелдеп отыру, әкімшілік ету, пайдалану және жүйелік-техникалық қызмет көрсету және сайлау қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алады;
Toggle Dropdown
74) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын сайлау жөніндегі, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған Парламент Мәжілісінің депутаттарын кері шақырып алу бойынша сайлау комиссияларына басшылық етеді;
Toggle Dropdown
75) сайлау комиссияларының шешiмдерi мен әрекеттерiне (әрекетсiздігіне) арыздар мен шағымдарды қарайды;
Toggle Dropdown
76) сайлау комиссиялары шешiмдерiнiң күшiн жояды және оларды тоқтата тұрады;
Toggle Dropdown
77) сайлау комиссиясының қызметін тоқтату туралы сотқа арызбен жүгінеді;
Toggle Dropdown
78) Референдумның орталық комиссиясының функцияларын орындайды;
Toggle Dropdown
79) республикалық референдум туралы заңнаманы бұзушылықтар туралы арыздар мен шағымдарды қарайды;
Toggle Dropdown
80) азаматтарды референдумға дайындық барысы туралы хабардар етеді;
Toggle Dropdown
81) референдумның бастамашыл тобын тіркеу туралы куәліктің нысанын бекітеді;
Toggle Dropdown
82) референдумның бастамашыл тобын және оның референдумға ұсынатын мәселесін (мәселелерін) тіркейді және ол туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми хабар жариялайды;
Toggle Dropdown
83) бір уақытта қол қою парақтарын бере отырып, референдумның бастамашыл тобын тіркеу туралы куәлікті береді;
Toggle Dropdown
84) «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген жағдайларда референдумның бастамашыл тобы мүшелерінің қызметін, бастамашыл топтың қызметiн тоқтату туралы және оны тiркеу туралы куәліктi қайтарып алу туралы шешiм қабылдайды;
Toggle Dropdown
85) «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген жағдайларда жекелеген учаскелерде (әкiмшілік-аумақтық бөліністерде) референдум өткiзудi жарамсыз деп таниды;
Toggle Dropdown
86) Қазақстан Республикасы бойынша тұтас алғанда референдумның қорытындыларын шығарады, ол туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар берiлуiн қамтамасыз етедi;
Toggle Dropdown
87) дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң, сайлаушылар тiзiмдерiнiң, қол қою парақтарының, референдум өткiзу үшiн қажеттi өзге де құжаттардың нысандары мен мәтiндерiн; дауыс беру уақытын, сондай-ақ референдум құжаттарын сақтау тәртiбiн белгiлейдi;
Toggle Dropdown
88) қол қою парақтары мен референдумның бастамашыл тобының қол жинау нәтижелерi жөнiндегi қорытынды хаттамаларын сақтаудың тәртiбi мен мерзiмдерiн белгiлейдi;
Toggle Dropdown
89) референдум комиссияларына басшылық жасайды, олардың шешімдерінің күшін жояды және тоқтата тұрады, сондай-ақ олардың арасында референдумды ұйымдастыруға және өткізуге арналған қаражатты бөледі;
Toggle Dropdown
90) референдум комиссияларының материалдық-техникалық қамтамасыз етілу жай-күйін бақылайды;
Toggle Dropdown
91) консультативтік-кеңесші органдар құрады;
Toggle Dropdown
91-1) жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Toggle Dropdown
91-2) жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын республикалық қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
91-3) сайлауды, референдумды әзірлеу мен өткізу кезеңінде сайлау комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметі үшін қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Toggle Dropdown
91-4) аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
Toggle Dropdown
92) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.».
Toggle Dropdown
16. Комиссия өз құзыреті шегінде мынадай құқықтарға ие:
Toggle Dropdown
1) сайлау мен республикалық референдумдарды әзірлеу мен өткізуге байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есептерін, сондай-ақ сайлау және республикалық референдум туралы заңдардың сақталуы мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктер органдарының ақпаратын тыңдау;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
Toggle Dropdown
3) Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасы заңдарында, Президенттің және Үкіметтің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Toggle Dropdown
3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
Toggle Dropdown
16-1. Комиссия:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын сақтауға және Қазақстан Республикасының сайлау жөніндегі заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға;
Toggle Dropdown
2) сайлау комиссияларының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) өтініштер мен шағымдарды уақтылы қарауға;
Toggle Dropdown
3) мемлекеттік аудит барысында анықталған (анықталудағы) бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдауға;
Toggle Dropdown
4) әрбір азаматқа оның құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысуға мүмкіндікті қамтамасыз етуге;
Toggle Dropdown
5) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті.
Toggle Dropdown
17. Комиссия Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген тәртіппен Төраға және алты мүшеден тұратын құрамда құрылады.
Toggle Dropdown
18. Комиссияның Төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Toggle Dropdown
19. Комиссияның мүшелерін екі-екіден тиісінше Қазақстан Республикасының Президенті және Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары тағайындайды.
Toggle Dropdown
20. Комиссия Төрағасының орынбасары мен хатшысы комиссияның бірінші отырысында сайланады.
Toggle Dropdown
Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы, мүшелері және оның аппаратының қызметкерлері өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
21. Комиссияға басшылықты Төраға жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
22. Комиссияның Төрағасы:
Toggle Dropdown
1) Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Президентке Комиссия белгілеген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгіні, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің байрағын және ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» («Золотой Орел») орденін тапсырады;
Toggle Dropdown
3) Комиссия аппаратының құрылымы мен штат кестесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде және еңбекақы төлеу қоры шегінде бекітеді.
Toggle Dropdown
4) Парламенттің бірінші сессиясында, Мәжіліс Төрағасын сайлағанға дейін, Қазақстан Республикасы Мәжілісінің отырыстарында төрағалық етеді;
Toggle Dropdown
5) сотта және басқа мемлекеттік органдарда Комиссияның мүдделерін білдіреді, сондай-ақ Комиссияның мүдделерін білдіру жөніндегі өкілеттіктерді тиісті сенімхатты беру арқылы басқа адамдарға беруге құқылы.
Toggle Dropdown
Комиссияның Төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
23. Комиссияның отырыстары сайлау науқанын әзірлеу мен өткізу кезеңінде кемінде екі аптада бір рет өткізіледі. Өзге уақытта Комиссияның отырыстары қажеттігіне қарай Комиссия Төрағасының немесе мүшелерінің кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша өткізіледі.
Toggle Dropdown
Комиссияның отырыстары, егер оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болады. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы » және «Республикалық референдум туралы » Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарында белгіленген өзге жағдайларды қоспағанда, Комиссияның шешімдері оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Toggle Dropdown
Оның шешімімен келіспеген Комиссияның мүшелері айрықша пікір білдіруге құқылы, ол жазбаша түрде Комиссия отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.
Toggle Dropdown
24. Комиссия қызметінің ұйымдастырушылық және ақпараттық-құқықтық қамтамасыз етілуін оның аппараты жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
25. Комиссияның аппаратын Комиссияның Төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Комиссия аппаратының басшысы басқарады.
Toggle Dropdown
4-тарау. Комиссияның мүлкі
Toggle Dropdown
26. Комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Toggle Dropdown
Комиссияның мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Toggle Dropdown
27. Комиссияға бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Toggle Dropdown
28. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Комиссия өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Toggle Dropdown
5-тарау. Комиссияны қайта ұйымдастыру және тарату
Toggle Dropdown
29. Комиссияны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік- техникалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны».