• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтердің реттелетін базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 23.05.2003 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтердің реттелетін базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы N 17-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 6 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2154.
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 қарашадағы N 1713 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі туралы ереженің 11-тармағының 4) тармақшасына сәйкеc, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтердің реттелетін базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 
2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Энергетика секторын реттеу жөніндегі департаменті (С.П. Григорьева) осы бұйрықты заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 
3. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (А.Т. Шабдарбаев) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін: 
осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін; 
осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін. 
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Б.Ә.Сағынтаевқа жүктелсін. 
5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға
Қазақстан Республикасы
 Табиғи монополияларды реттеу
 және бәсекелестікті қорғау
 жөніндегі агенттігінің
 2003 жылғы 27 қаңтардағы
 N 17 бұйрығымен
 бекітілген
Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтердің реттелетін базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөніндегі нұсқаулық
Су шаруашылығы және канализациялық жүйелерге және (немесе) энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтердің реттелетін базасына арналған пайда ставкаларын (таза табысты) есептеудің тәртібі туралы осы Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау мақсатында әзірленді.
1. Жалпы ережелер
1. Нұсқаулық " Табиғи монополиялар туралы ", " Электр энергетикасы туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Нұсқаулық су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторының табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілер тарифтерінің (бағаларының, алым ставкаларының) құрамына кіретін, тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) есептеу және бекіту кезінде ескерілетін пайданың (таза табыстың) ұйғарынды деңгейін есептеу тәртібін айқындайды. Олар: 
тарифтер (бағалар, алым ставкалары); 
орта мерзімді кезеңге арналған тарифтер (бағалар, алым ставкалары); 
энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйымдар болып табылатын табиғи монополия субъектілерінің бөлшектеп тұтынушыларына арналған босату тарифтері (сонымен бірге энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйымдар ұғымы "Электр энергиясы туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалған мәндерде қолданылады); 
энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйымдар болып табылатын уәкілетті органға өтініш беруші ретінде қабылданатын бөлшектеп тұтынушылар үшін орта мерзімге арналған босату тарифтері (сонымен бірге энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйымдар ұғымы "Электр энергиясы туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалған мәндерде қолданылады).
3. Нұсқаулық су шаруашылығы мен канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне (бұдан әрі - Субъект) қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсететін табиғи монополия субъектілерін тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін пайданы (таза табысты) негізді есептеу және алу мүмкіндігі мақсатында енгізіледі.
4. Осы Нұсқаулық табиғи монополия субъектілерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізілген Субъектілердің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкалар) немесе қолданылу мерзімі шектеулі тарифтер (бағалар, алым ставкалар) қалыптастыру кезінде қолданылады.