Toggle Dropdown
1
Сумен жабдықтауға және (немесе) суды бұруға және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне қызмет көрсететiн табиғи монополия субъектiлерi үшiн iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы N 17-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 6 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2154.
Toggle Dropdown
Редакция 24.07.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10561 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 177 бұйрығымен бекітілген Өз қызметiн концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн қалыптастыру ережесінің 10-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 120) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Сумен жабдықтауға және (немесе) суды бұруға және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтерді реттелетін базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Энергетика секторын реттеу жөніндегі департаменті (С.П.Григорьева) осы бұйрықты заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (А.Т.Шабдарбаев) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
Toggle Dropdown
осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
Toggle Dropdown
осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Б.Ә.Сағынтаевқа жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестікті қорғау
жөніндегі агенттігінің
2003 жылғы 27 қаңтардағы
N 17 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
Сумен жабдықтауға және (немесе) суды бұруға және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне қызмет көрсететiн табиғи монополия субъектiлерi үшiн iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөнiндегi нұсқаулық
Toggle Dropdown
Сумен жабдықтауға және (немесе) суды бұруға және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне қызмет көрсететiн табиғи монополия субъектiлерi үшiн iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда ставкаларын (таза табысты) есептеу бойынша осы Нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) сумен жабдықтауға және (немесе) суды бұруға және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне қызмет көрсететiн табиғи монополия субъектiлерiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау мақсатында әзiрлендi.
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Нұсқаулық "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы ", "Электр энергетикасы туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді.
Toggle Dropdown
2. Нұсқаулық сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерiн көрсететiн табиғи монополия субъектiлерiнің, оның ішінде өз қызметiн концессия шарттары бойынша жүзеге асыратындар құрамына кiретiн және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілерінің және тарифтерді (бағаларды, ағымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін есептеу және бекіту кезінде ескерілетін пайданың (таза табыстың) қол жетiмдi деңгейiн есептеуді нақтылайды.
Toggle Dropdown
3. Нұсқаулық сумен жабдықтауға және (немесе) суды бұруға және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне (бұдан әрi - Субъект) қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсететiн табиғи монополия субъектiлерiнің тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн пайданы (таза табысты) негiздi есептеу және алу мүмкiндiгi мақсатында енгiзiледi.
Toggle Dropdown
Бұл ретте инвестицияларды қаржыландыру көздері өзіндік және (немесе) заемдық қаражаттар - пайда (таза табыс) және амортизациялық аударымдар болып табылады.
Toggle Dropdown
4. Осы Нұсқаулық табиғи монополия субъектілерінің Мемлекеттік тіркеліміне енгізілген Субъектілердің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн қалыптастыру кезінде қолданылады.
Toggle Dropdown
5. Осы Нұсқаулықта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) активтердiң iске қосылғандық коэффициентi табиғи монополия саласына жататын қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) өндiру және ұсыну кезiнде Субъектiнiң негiзгi құралдарының iс жүзiнде пайдаланылуын (iске қосылуын) сипаттайтын, олардың технологиялық қуатынан пайыздық түрдегi көрсеткiш;
Toggle Dropdown
2) капиталдың құны - табиғи монополия саласына қатысты қызметтi жүзеге асыруға байланысты инвестициялық тәуекелдi көрсететiн заемдық және өз қаражаттарына сыйақы ставкасын сипаттайтын шама;
Toggle Dropdown
3) меншiк капиталы - Субъектiнiң қатысушылары немесе акционерлерiне тиесiлi, Субъектiнiң қатысушылары мен акционерлерiне белгiлi бiр табыс алуға құқық беретiн үлестердiң немесе акцияларды белгiлi бiр санынан тұратын, сондай-ақ жинақталған бөлiнбейтiн пайда мен резерв капиталын, қосымша төленген және қосымша төленбеген капиталды қамтитын капитал;
Toggle Dropdown
4) пайданың (таза кірістің) жол берілетін деңгейi - Субъектінің тиiмдi жұмыс iстеуi және тұтынушыларға өткізілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) сапасын жақсарту үшiн алуға құқығы бар тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) құрамына кiретiн және уәкiлеттi органның ведомствосы бекiтуi (келісуі) тиіс пайда (салық салынғаннан кейiнгi таза кіріс);
Toggle Dropdown
5) «тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шектi деңгейi – қажеттілігіне қарай жылдарға бөліп ұзақ мерзiмдi кезеңге бекiтiлетiн табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметiне (тауарына, жұмысына) арналған тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) ең жоғары шамасы;
Toggle Dropdown
6) iске қосылған активтердiң реттелетiн базасы - Субъектiнiң меншiгiнде орналасқан және Субъектiнiң немесе пайда алуға құқығы бар қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) өндiру және ұсыну кезiнде пайдаланылатын активтердiң реттелетiн құны;
Toggle Dropdown
7) энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерi - табиғи монополия саласына жатқызылған қызметтiң мынадай түрлерiн:
Toggle Dropdown
тауарлық газды сақтауды, жалғастырушы, магистральдық газ құбыржолдары және (немесе) газ тарату жүйелерi арқылы тасымалдауды, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалануды, сондай-ақ шикi газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдауды;
Toggle Dropdown
электр энергиясын беруді және (немесе) таратуды;
Toggle Dropdown
топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып, өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау;
Toggle Dropdown
электр энергиясын желiге босатуды техникалық диспетчерлендіруді және тұтынуды;
Toggle Dropdown
электр энергиясын өндiрудiң-тұтынудың теңгерiмдеуді ұйымдастыруды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілері.
Toggle Dropdown
8) уәкілетті органның ведомствосы – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.
Toggle Dropdown
1
2. Пайданың (таза табыстың) ұйғарынды деңгейін айқындау тәртібі
Toggle Dropdown
6. Пайданың (таза табыстың) ұйғарынды деңгейі іске қосылған активтердің реттелетін базасының шамасына пайда ставкасының туындысы ретінде, мынадай формула бойынша айқындалады:
Toggle Dropdown
ПҰД = АРБ х ПС, мұндағы, ПҰД - пайданың ұйғарынды деңгейі (теңге), АРБ - іске қосылған активтердің реттелетін базасы (теңге), ПС - пайда ставкасы (%).
Toggle Dropdown
3. Табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған реттелетін базаны айқындау тәртібі
Toggle Dropdown
1
7. "Халықтық IPO" бағдарламасының шеңберінде акцияларын құнды қағаздар нарығына шығаруды жүзеге асыратын субъектілерді қоспағанда, бақылау пакеттерi мемлекетке тиесілі Кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдардың, сондай-ақ олар мен аффилиирленген заңды тұлғалардың iске қосылған активтерiнiң реттелетiн базасы активтердiң iске қосылған коэффициентiне активтердiң нақты құнының туындысы ретiнде мынадай формула бойынша айқындалады:
Toggle Dropdown
АРБ = АҚ х К іа , мұндағы, АҚ - активтердің нақты құны (теңге), К іа - активтердің іске қосылғандық коэффициенті.
Toggle Dropdown
8. Активтердің іске қосылғандық коэффициенті Субъектінің қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) негізгі құралдарымен өндіретін және (немесе) көрсететін нақты көлемінің (алдындағы төрт тоқсан үшін немесе алдыңғы күнтізбелік жыл үшін) олардың технологиялық қуатына арасалмағы ретінде айқындалады.
Toggle Dropdown
9. Қолданысқа енгізілген активтердің коэффициентін Субъекті уәкілетті орган ведомствосының келісімі бойынша айқындайды.
Toggle Dropdown
10. Активтердің нақты құны конкурстық негізде таңдап алынған тәуелсіз бағалау ұйымдарының негізгі құралдарды қайта бағалау нәтижесінде алынған Субъектілердің негізгі құралдарының қалдық құнының негізінде айқындалады. Субъектінің негізгі құралдарына қайта бағалау уәкілетті орган ведомствосының келісімі бойынша жүргізіледі.
Toggle Dropdown
11. Осы Нұсқаулықтың 7-тармағында көрсетiлмеген Субъектiлер негiзгi құралдары сенiмдi басқаруға, мүлiктiк жалға, лизингi бойынша немесе өзге мәмiлелер нәтижесiнде алынған Субъектiлер, сондай-ақ "Халықтық IPO" бағдарламасының шеңберінде құнды қағаздар нарығына акцияларды шығаруды жүзеге асыратын Субъектілер үшiн:
Toggle Dropdown
1) іске қосылған активтердің реттелетін базасы Субъектілердің негізгі құралдарын сатып алудың (сатып алу және сатып алудың басқа тәсілдері) құнының негізінде иелену және (немесе) пайдалану кезеңі үшін, негізгі құралдардың бастапқы құнының өсуіне әкеп соқтыратын іс жүзінде өндірілетін (жыл сайынғы) инвестицияларды, жұмыстың жөндеу және басқа да түрлерін иелену және (немесе) пайдалану кезеңі үшін (жыл сайынғы) іс жүзінде есептелетін амортизациялық аударымдарды шегеруді ескере отырып айқындалады;
Toggle Dropdown
2) акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі мемлекеттiк мекемелердiң, акционерлiк қоғамдардың, сондай-ақ олармен үлестес заңды тұлғалардың iске қосылған активтерінің реттелетiн базасы осы Нұсқаулықтың 7, 8, 9, 10-тармақтарымен анықталады.
Toggle Dropdown
4. Іске қосылған активтердің реттелетін базасына пайда ставкаларын есептеу тәртібі
Toggle Dropdown
12. Іске қосылған активтердің реттелетін базасына пайда ставкасы пайданың (салық салынғаннан кейінгі таза табыс) ұйғарынды деңгейін есептеу үшін пайдаланылады.
Toggle Dropdown
13. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін пайда мөлшерлемесі 30%-ға дейінгі мөлшерде қабылданады.
Toggle Dropdown
Қаржыландыру көздерін инвестициялар көлемдерінен асырған кезде, пайда инвестицияларды қаржыландыру көздері ретінде амортизациялық аударымдар мен қарыз қаражаттарды ескере отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға қажет деңгейге дейін төмендету жағына түзетіледі.
Toggle Dropdown
Егер сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөнінде көрсетілетін қызметтерге тарифтердің жоспарлы деңгейі 1 м3 үшін қосымша құн салығынсыз 200 теңгеден асатын болса, пайда мөлшерлемесі тарифті немесе оның шекті деңгейін бекітуге өтінімді беру күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің деңгейінде қабылданады.
Toggle Dropdown
14. Энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерi үшiн пайда мөлшерлемесі капиталдың орташа өлшенген құнының (бұдан әрi - КОӨҚ) әдiсi арқылы есептеледi және мынадай формула бойынша айқындалады:
Toggle Dropdown
ПМ (КОӨҚ) = ((1 - g) x re) + (g x rd), мұндағы:
Toggle Dropdown
g - қаржыландырудың жалпы құрылымындағы Субъектiнiң қарыз және меншiк капиталының арасалмағын сипаттайтын шама болып табылатын леверидж, яғни негiзгi құралдарға жүргiзiлген соңғы қайта бағалау ескерiліп, барлық капитал құрылымындағы (меншiкті және қарыз капиталының сомасы) нақты қарызға алынған қаражаттардың үлесi. Леверидждiң деңгейi нөлден кем емес шама болып табылады. Субъектiнiң меншікті капиталының теріс мәнi жағдайында леверидж деңгейi 1-ге тең шамада қабылданады;
Toggle Dropdown
rе - меншікті капиталға сыйақының мөлшерлемесі (%);
Toggle Dropdown
rd - қарыз қаражатына сыйақының мөлшерлемесі (%).
Toggle Dropdown
Қарыз қаражатына сыйақы мөлшерлемесі мынадай формула бойынша айқындалады:
Toggle Dropdown
rd = rf + БС, мұндағы:
Toggle Dropdown
rf – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесіне сүйене отырып айқындалатын тәуекелсіз мөлшерлеме;
Toggle Dropdown
БС – Субъекті шығаратын және сол мерзімде айналымдағы мемлекеттік құнды қағаздарға қатысты айналымда болған борыштық міндеттемелерге, егер борыштық міндеттемелерді шығару орын алған жағдайда, сыйлықақы негізінде айқындалатын Субъекті бойынша тәуекел үшін борыштық сыйлықақы. Басқа жағдайда ол осыған ұқсас қызмет түрімен айналысатын және Қазақстан Республикасының аумағында осындай кредиттік рейтингі бар басқа Субъектілердің борыштық сыйақыларын ескере отырып айқындалады.
Toggle Dropdown
Меншiкті капиталға сыйақы мөлшерлемесі мынадай формула бойынша айқындалады:
Toggle Dropdown
re = rf + ra, мұндағы:
Toggle Dropdown
ra - меншікті капиталға тәуекел үшiн сыйлықақы. Меншікті капиталға тәуекел үшiн сыйлықақы Қазақстан Республикасының қор нарығы бойынша тәуекел үшiн сыйлықақының негiзiнде тұтастай айқындалады және салалық бета-коэффициентке мынадай формула бойынша түзетiледi:
Toggle Dropdown
r а = b х (15,7% - r f), мұндағы:
Toggle Dropdown
b - энергетикалық сектордың салалық бета-коэффициентi.
Toggle Dropdown
Салалық бета-коэффициенті 1,3 деңгейiнде қабылданған «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде бағалы қағаздар нарығында акциялар шығаруды жүзеге асыратын Субъектілерді қоспағанда, энергетикалық сектор ұйымының қолданысқа енгізілген активтеріне пайда мөлшерлемесін есептеу үшін салалық бета-коэффициент 0,89 деңгейінде қабылданған.
Toggle Dropdown
Акционерлік капиталға арналған сыйақы құны қарыз қаражатына арналған сыйақы құнынан кем болмайтын шама болып табылады.