• Мое избранное
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 178 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 03.01.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 178 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 18 сәуірдегі N 138. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 21 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1860.

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 3 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 199 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол жасалмайтын ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 178  қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесіне: 
кіріспедегі "Қазақстан Республикасындағы банктер банк қызметі туралы" Заң күші бар Жарлығына, "Ақша төлемі мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына," деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Ақша төлемі мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және" деген сөздермен ауыстырылсын; 
2-тармақтың он үшінші азатжолы мынадай редакцияда жазылсын: 
"Өтем жасалған аккредитив - аккредитив ашылған кезде бұйрық беруші эмитент банктің басқаруына аккредитив сомасына тең ақша сомасын (өтемді) осы ақшаны аккредитив бойынша төлеу үшін пайдалануға болатын шарттармен аккредитивтің қолданылу мерзіміне береді."; 
1-тарау мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Банк Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларда ұсынушыға аккредитив ашады."; 
5-тармақ мынадай редакциядағы азатжолмен толықтырылсын: 
"Ұсынушыға аккредитив ашқан кезде бұйрық беруші аккредитив ашу өтінішінде бенефициардың атауын және мекен-жайын, сондай-ақ оның банктік деректемелерін көрсетпеуге құқылы."; 
8-тармақ мынадай редакциядағы азатжолмен толықтырылсын: 
"Егер ұсынушыға аккредитив ашқан кезде бенефициардың деректемелері белгісіз болса, эмитент банк аккредитивте және Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген шарттар орындалғанға дейін мұндай аккредитивті өзінде қалдырады."; 
7-тарау мынадай редакциядағы 77-1-тармақпен толықтырылсын:
"77-1. Ұсынушыға арналған аккредитивтің орындалуы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.". 
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді. 
3. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.): 
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жангелдинге жүктелсін.
Ұлттық Банк Төрағасы