Toggle Dropdown
Ақпараттық технологияларды қолдану бойынша облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 25 шілдедегі № 457 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 желтоқсанда № 8177 тіркелді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу ережесінің 16-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ақпараттық технологияларды қолдану бойынша облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (Қ.Б. Елеусізова):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң оның ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. «Ақпараттық технологияларды қолдану бойынша облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 14 маусымдағы № 168 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7044 болып тіркелген және «Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы» 2011 жылғы № 36 актіде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму
және сауда министрі
_____________Е. Досаев
2012 жылғы 12 қараша
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2012 жылғы 25 шілдедегі
№ 457 бұйрығымен
бекітілген
Ақпараттық технологияларды қолдану бойынша облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау әдістемесі
1. Осы Ақпараттық технологияларды қолдану бойынша облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiне бағалау жүргiзу ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 573 қаулысын іске асыру мақсатында әзірленген.
2. Әдістеме атқарушы органның қызметінің айқындығын арттыру және үдерістерін оңтайландыру үшін облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органдардың (бұдан әрі – атқарушы орган) ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалау бойынша рәсімдерінің жиынтығын анықтауға арналған.
3. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беру үшін арналған жүйе;
2) ақпараттық технологиялар – ақпаратты жинауды, құруды, сақтауды, толтыруды, өңдеуді, іздеуді, шығаруды, көшіруді, тапсыруды және таратуды қамтамасыз ететін технологиялық кешендерді біріктіретін әдістердің, өндірістік үдерістердің және бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы;
3) электрондық түрде ғана ведомствоаралық электрондық құжат айналымы – бұл қағаз тасығышта қайталаусыз, мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың - мемлекеттік басқарудың әртүрлі салаларындағы ЭҚЖ қатысушыларының арасындағы 5 жылға дейін сақтау мерзімімен электрондық құжат форматында электрондық құжат айналымы жүйесінің (ЭҚЖ) қатысушысында – атқарушы орган қызметінде пайда болатын атқарушы органмен бекітілген құжаттар мен істер номенклатурасы тізбесінің құрамына кіретін электрондық құжаттар алмасуы.
4) интернет-ресурс – ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде жұмыс істейтін электрондық ақпараттық ресурс, оны жүргізу және (немесе) пайдалану технологиясы, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылым;
5) тек қана электрондық түрдегі ішкі құжат айналымы – ол қағаз тасығыштарда қайталаусыз бір атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі - мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы электрондық құжат айналымы жүйесінің қатысушысы арасындағы 5 жылға дейін сақтау мерзімімен электрондық құжат нысанында атқарушы орган – электрондық құжат айналымы жүйесінің қатысушысының қызметінде туындайтын атқарушы органмен бекітілген құжаттар мен істер номенклатурасы тізбесінің құрамына енетін электрондық құжаттармен алмасу;
6) электрондық құжат айналымының жүйесі (бұдан әрі - ЭҚЖ) – электрондық құжаттармен алмасу жүйесі, қатысушылар арасындағы қарым-қатынас «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңымен және «Электрондық құжат айналымы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен реттеледі.
4. Атқарушы органдардың ақпараттық технологияларды қолдануын құрамы облыс (Астана және Алматы қалалары) әкімімен (бұдан әрі - Әкім) бекітілген бағалауды ақпараттық технологияларды қолдануды бағалау жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – Жұмыс тобы), есептілік күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша жүзеге асырады.
5. Бағалау Әкіммен бекітілген атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалауды жүргізудің кестесіне (бұдан әрі – Кесте) сәйкес жүзеге асырылады.
6. Атқарушы органдар ақпараттық технологияларды қолдануды бағалау бойынша есепті Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалану жөніндегі есепті Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдігіне (бұдан әрі - Әкімдік) ұсынады.
7. Жұмыс тобы есептік мерзімде бақылаушы органдар тексерулердің нәтижелерін пайдалану және электрондық құжат айналымының ақпараттық жүйелерінен алынған деректермен салыстыру арқылы, олардың нақтылық мәніне, атқарушы органдардан алынған мәліметтердің талдауын жүргізеді.
8. Жұмыс тобы бағалау үдерісінде алынған мәліметтердің бұзылмаушылығына және құпиялығына жауапты.
9. Жұмыс тобы ағымдағы жылдың 1 маусымынан кешіктірмей тиісті бағыттар бойынша қорытындыны бағаланған атқарушы органдарға жолдайды.
10. Жұмыс тобы ағымдағы жылдың 15 маусымынан кешіктірмей атқарушы органның шығымдану нәтижесін ескере отырып, түзетілген ақпараттық технологияларды қолдануды бағалау нәтижелері туралы қорытындыны Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік жоспарлау бойынша облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың уәкілетті органына ұсынады.
11. Әкім ағымдағы жылдың 25 шілдеден кешіктірмей атқарушы органмен ақпараттық технологияларды қолдануды бағалауды өткізу туралы есептік ақпаратты мемлекеттік жоспарлау бойынша орталық уәкілетті органға ұсынады.
12. Атқарушы орган ақпараттық технологияларды қолдануды бағалауды мынадай критериялар бойынша жүзеге асырады:
1) Атқарушы органда ақпараттық технологияларды қолдану жөніндегі жоспарланған іс-шаралардың сапасы;
2) интернет-ресурстың тиімділігі;
3) ведомствоаралық ақпараттық жүйелерді пайдалану;
4) атқарушы органның функцияларын автоматтандыру;
5) ақпараттық жүйелерді енгізудің сапасы;
Әрбір критерий бойынша көрсеткіштер анықталады, оған сәйкес тиісті баллдар қойылады. Баллдар Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес ақпараттық технологияларды қолданудың тиiмдiлiгiн бағалаудың критерийлері мен көрсеткіштеріне сәйкес қойылады.
Баллдар ақпараттық технологияларды қолдану жөніндегі критериялардың маңыздылығы дәрежесін ескере отырып қойылады. Атап айтқанда:
1) «Атқарушы органда ақпараттық технологияларды қолдану жөніндегі жоспарланған іс-шаралардың сапасы» критерийі бойынша атқарушы орган өзінің ақпараттық технологияларды қолдану жөніндегі іс-шараларын анықтау мен бекітуді, сондай-ақ олардың іске асырылуын қамтамасыз етуді ескере отырып, 10-ға тең балл қойылады;
2) «Интернет-ресурсының тиімділігі» критериясы бойынша қоғамның алдында атқарушы органдардың айқындылығын және бағыныстылығын қамтамасыз етуге бағытталған осы критериядан шыға отырып 20-ға тең балл қойылды;
3) «Ведомствоаралық ақпараттық жүйелерді пайдалану» критериясы бойынша қағаз құжат айналымы үлестерін азайту, құжатты жасаудың, өңдеудің және жөнелтудің уақытын азайту, құжаттармен жұмыс жасаған кезде жеделдікті арттыру, атқарушы орган қызметін оңтайландыруға бағытталған осы критерияны ескере отырып, 25-ке тең балл қойылды;
4) «Атқарушы органның функцияларын (үдерістерін) автоматтандыру» критериясы бойынша атқарушы органмен халық пен бизнестің тікелей байланысын және әкімшілік кедергілерді қысқарту, халық пен бизнеске қызметтер көрсеткен кезде атқарушы орган функцияларын автоматтандыруға бағытталуы тиіс бірінші кезекте ақпараттық технологияларды қолдануды ескере отырып, 45-ке тең баллдардың ең көп саны қойылды;
5) «Ақпараттық жүйелерді енгізудің сапасы» критериясы бойынша ақпараттық технологиялар саласындағы қолданыстағы стандарттарға ақпараттық жүйелерді құру кезеңдерінің сәйкессіздігін сипаттайтын көрсеткіштер анықталды, ол өзімен бірге баллдардың азаюына әкеледі. Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес баллдарды шегеру, 15 балл сомасын құрайды және 100 баллға тең баллдардың барынша көп санынан жүргізіледі.
Атқарушы орган ақпараттық технологияларды қолдануды бағалауды мынадай формула бойынша Әдістемеге 4-қосымшада көрсетілген белгілі бір салмақты баллдармен сәйкес критериялар мағынасы сомасы ретінде анықтайды:
бұнда N – атқарушы орган ақпараттық технологияларды қолдануды бағалаудың жалпы баллы, P – критерияның мағынасы.
14. Критериялар мағынасының есебі мынадай формула бойынша Әдістемеге 4-қосымшаның кестесінде көрсетілген баллдардың көрсеткішімен сәйкес осы критерияның барлық көрсеткіштер сомасынан шыға отырып жүзеге асырылады:
P = (Сi *Vi ) + (Сi +1*Vi+1 ) + (Сi +2*Vi+2 ) + …
P бар жерде – критерияның мағынасы, C – көрсеткіштің мағынасы, V – көрсеткіштің баллы, i – осы критерия үшін 1-ден бастап көрсеткіштердің санына дейін аралығы.