• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 11.06.2003 г

Отправить по почте

1

Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның құрамы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 14 сәуір N 578

1. Қоса беріліп отырған Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның құрамы бекітілсін. 
2. "Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 маусымдағы N 685  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 26, 215-құжат мынадай өзгерістер енгізілсін: 
1) 2-тармақтағы "Қоса беріліп отырған" деген сөздер өзгеріссіз қалдырылсын; 
2) көрсетілген қаулымен бекітілген, Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссия туралы ережедегі: 
5-тармақтың жетінші абзацындағы "Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау комитеті" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтағы "комитетінің" деген сөз "агенттігінің" деген сөзбен 
ауыстырылсын;
     3. "Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның құрамы туралы" 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 сәуірдегі N 389  

 
  
қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 13, 107-құжат) 
1-тармағының күші жойылды деп танылсын.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
                                    Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                        2000 жылғы 14 сәуірдегі
                                      N 578 қаулысымен бекітілген
     
     Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның
                       құрамы
     
     Құлмаханов             - Қазақстан Республикасы Төтенше
     Шалбай Құлмаханұлы       жағдайлар жөніндегі агенттігінің
                              төрағасы, төраға
     
     Бижанов                - Қазақстан Республикасы Төтенше
     Нұрахмет Құсайынұлы      жағдайлар жөніндегі агенттігі
                              төрағасының бірінші орынбасары,
                              төрағаның орынбасары
     
     Омарова                - Қазақстан Республикасы Денсаулық
     Мәриям Нұрғалиқызы       сақтау ісі жөніндегі агенттігінің
                              төрайымы, төрағаның орынбасары
     
     Асқаров                - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
     Альберт Мұхтарұлы        ісі жөніндегі агенттігінің Мемлекеттік
                              санитарлық-эпидемиологиялық қызметі
                              бастығының орынбасары, хатшы
             Комиссия мүшелері:
     
     Алтынбеков             - Қазақстан Республикасы Төтенше
     Сейілбек Алтынбекұлы     жағдайлар жөніндегі агенттігінің
                              Азаматтық қорғаныс және әскери
                              бөлімдер департаментінің директоры
     
     Атшабар                - Қазақ чумаға қарсы ғылыми-зерттеу
     Бахыт Бақиұлы            институтының директоры
     
     Әбіқаев                - Қазақстан Республикасының Сыртқы
     Нұртай Әбіқайұлы         істер бірінші вице-министрі
     
     Бычкова                - Қазақстан Республикасы Әділет
     Светлана Федоровна       министрлігінің Соттық сараптама
                              орталығының директоры
     
     Дүрімбетов             - Қазақстан Республикасының
     Еркін Ермекұлы           Мемлекеттік бас дәрігері, Қазақстан
                              Республикасы Денсаулық сақтау ісі
                              жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары
     
     Жұмабеков              - Қазақстан Республикасы Бас
     Оңалсын Исламұлы         Прокурорының бірінші орынбасары
                              (келісім бойынша)
     
     Кравчук                - Қазақстан Республикасы Төтенше
     Александр Васильевич     жағдайлар жөніндегі агенттігінің
                              Төтенше жағдайлардың алдын алу
                              департаментінің директоры
     
     Мырзахметов            - Қазақстан Республикасының Ауыл
     Асқар Исабекұлы          шаруашылығы вице-министрі
     
     Нүкенов                - Қазақстан Республикасының 
     Маратқали Ордабайұлы     Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден
                              комитетінің төрағасы
     
     Нұрбеков               - Қазақстан Республикасы Ұлттық
     Қосбасар Болатбекұлы     қауіпсіздік комитеті төрағасының
                              бірінші орынбасары
                              (келісім бойынша)
     
     Отто                   - Қазақстан Республикасының Ішкі 
     Иван Иванович            істер вице-министрі
     
     Петров                 - Қазақстан Республикасы Төтенше
     Валерий Викторович       жағдайлар жөніндегі агенттігі
                              төрағасының орынбасары
     
     Сыпатаев               - Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық
     Майдан Бегімбекұлы       станциясының бас дәрігері
     
     Тұрсынқұлов            - Қазақстан Республикасы ауыл
     Шахайдар Жорабекұлы      шаруашылығы министрлігінің
                              Ветеринарлық қадағалау
                              департаментінің директоры
     
     Цой                    - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
     Валерий Николаевич       министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық
                              орталығының бастығы
     
     Чакликов               - СПИД-тен сақтандыру және қарсы күрес
     Тұрар Ескендірұлы        жөніндегі республикалық
                              орталығының бас директоры
     
     
     
     Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Орынбекова Д.К.