• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 08.12.2020 г

Отправить по почте

1

"Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы № 55 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 14 ақпанда № 7426 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 8 желтоқаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-205/2020 Бұйрығына сәйкес
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің 2010 жылғы № 6 бюллетенінде жарияланған, 376-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штататтары мен штат нормативтерінде:
«§ 8. Трансфузиология бөлімшесінің (кабинетінің) штат нормативтері
80. Персоналдың лауазымы осы Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтеріне 4-қосымшаға сәйкес медициналық ұйымдарда жүзеге асырылатын жылдық қан компоненттерінің транзфузиясы (құю) мөлшерінен белгіленеді.
81. Трансфузиология бөлімшесі (кабинеті) қан компоненттерін пайдаланатын барлық медициналық ұйымдарда ұйымдастырылады.
81-1. Трансфузиология бөлімшесі (кабинетінің) штат бірлігінің саны қан және оның компоненттеріне аутологиялық дайындауды енгізу және ренфузия жүргізу есебінен ұлғаюы мүмкін. Аутоқанның және оның компоненттерінің бір жыл ішінде дайындалған әрбір 100 дозасына қосымша 1 трансфузиолог-дәрігер, мейірбике, кіші медицина қызметкер лауазымы енгізіледі.»;
«544. Жылына қанды және оның компоненттері донация мөлшеріне байланысты қан орталықтардың 4 санатқа бөлінеді:
Қан орталықтарының (бұдан әрі - ҚО) штат кестесі санаттарға сәйкес айқындалады.»;
«545. Плазманы фракциялау әдісімен қан препараттарына қайта өңдеумен айналысатын ҚО қайта өңдеу көлеміне қатысты қосымша штаттар белгіленеді. Донор қанының өнімдері мыналардан тұрады:
1) донор қанының емдік мақсатқа жарамды компоненттері (өндірудің, бақылаудың сатыларынан өткен және емдеу желісіне беру үшін өнімдерді беру бөлімшесіне немесе экспедицияға берілген дайын өнім);
2) диагностикалық стандарттар дайындауға арналған донор қанының компоненттері (диагностикалық стандарттар дайындауға пайдаланылған, емдеу желісінде қолдануға жарамды, өндіру, бақылау сатыларынан өткен және емдеу желісіне беру үшін дайын өнімдер қоймасына немесе экспедицияға тапсырылған донор қанының компоненттері (шикізат);
3) қан препараттарын өндіруге берілген донор қанының компоненттері (қан препараттарын өндіруге жарамды және дайындаушы-ұйымдарға берілген плазманың барлық түрлері (шикізат);
4) зертханалық зерттеулерге арналған консервантсыз дайындалған қан.»;
«546. Директордың мейірбике ісі жөніндегі орынбасары - 1-2-санаттағы ҚО - 1 лауазым, бас мейірбике - 3-4-санаттағы ҚО - 1 лауазым. Инфекциялық бақылау мейірбикесі 1-санаттағы ҚО - 1,5 лауазым, 1-санаттағы ҚО - 1 лауазым. Шаруашылық бикесі - 1-4-санаттағы ҚО - 1 лауазым.»;
Мынадай мазмұндағы 546-1 және 546-2 тармақтармен толықтырылсын:
«546-1. Ғылыми зерттеулер менеджменті бөлімі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында (бұдан әрі - Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы) құрылады және 1 бөлім меңгерушісі лауазымы және 3 ғылыми қызметкер лауазымы көзделеді.
546-2. Өңірлермен жұмыс істеу бөлімі Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында құрылады және 1 бөлім меңгерушісі лауазымын және 3 дәрігер (қызметкер) лауазымы көзделеді.»;
«547. Бөлімше меңгерушісінің лауазымы әр ҚО-да белгіленеді.»;
«548. Терапевтердің, трансфузиологтардың лауазымдары ҚО санатына қарамастан күніне 30 донор қабылдауға 1 лауазым есебінен белгіленеді.»;
«551. Халықты үгіттеуге және донорлыққа жоспарлы даярлауға арналған донорлықты ұйымдастыру жөніндегі маман лауазымы 1-2-санаттағы ҚО 2 лауазым есебінен белгіленеді.»;
«552. Мейірбикелер лауазымдары барлық ҚО-да 1-санаттағы ҚО үшін 3,5 лауазым, 2-4-санаттағы ҚО үшін 2 лауазым есебінен белгіленеді.»;
«553. Медициналық тіркеуші лауазымдары 1-санаттағы ҚО үшін 3,5 лауазым, 2-санаттағы ҚО - 3 лауазым, 3-4-санаттағы ҚО - 2,5 есебінен белгіленеді.»;
«554. Санитар лауазымдары 1-2-санаттағы ҚО - 2 лауазым, 3-4-санаттағы ҚО - 1,5 лауазым есебінен белгіленеді.»;
«555. Санитар-буфетші лауазымдары 1-2-санаттағы ҚО-да 2 лауазым және 3-4-санаттағы ҚО-да 1 лауазым есебінен белгіленеді.»;
«556. Бірыңғай донорлық орталық (бұдан әрі - БДО) әрбір ҚО-да құрылады. 1-2-санаттағы ҚО БДО-да фельдшер (мейірбике) 3 лауазымы және 3 медициналық тіркеуші лауазымы көзделген. 20000-нан артық донацияның әр 5000-на фельдшердің (мейірбике) қосымша 1 лауазымы және медициналық тіркеушінің 1 лауазымы енгізіледі. 3-4-санаттағы ҚО БДО-да фельдшер (мейірбике) 1 лауазымы және 1 медициналық тіркеуші лауазымы қарастырылған. 5000-нан артық донацияның әр 2500-на медициналық тіркеушінің қосымша 1 лауазымы енгізіледі.»;
«557. Трансфузиолог-дәрігердің 1, мейірбикенің 1,5, зертханашының 1,5, медициналық тіркеушінің 1,5 және санитардың 2 лауазымы 1 бригада есебінен белгіленеді. Бригадалар саны көшпелі жағдайдағы қан тапсырудың жылдық санына байланысты белгіленеді: жылына 5 мыңға дейінгі донацияға - 1 бригада, жылына 5 мыңнан 10 мыңға дейінгі донацияға - 2 бригада, 10 мыңнан артық донацияға - 3 бригада.»;
«561. Бөлімше меңгерушісінің, аға мейірбикенің және шаруашылық бикесінің лауазымдары әр ҚО-да белгіленеді.»;
«562. Қан дайындау тобы үшін мына лауазымдар белгіленеді: 1) трансфузиолог-дәрігер, операция мейірбикесі (эксфузионист), санитар лауазымдары ҚО санатына қарамастан күніне 20 донорды қабылданғанда қызметкердің әр санатына 1 лауазым;
2) медициналық тіркеуші лауазымы қан орталықтарының санатына қарамастан күніне 20 донорды қабылдауға 1,0 ставка есебінен.»;
«563. Плазмацитаферез тобы үшін мына лауазымдар белгіленеді: трансфузиолог-дәрігер, операция мейірбикесі (эксфузионист), медициналық тіркеуші, аппаратшы және санитар лауазымдары қан ҚО санатына қарамастан, күніне 20 донор қабылданғанда қызметкерлердің әр санатына 1,5 ставка есебінен белгіленеді.
Плазманы дискретті әдіспен дайындағанда 0,5 трансфузиолог-дәрігердің және 1 ставка мейірбике (эксфузионист) лауазымдары енгізіледі.»;
«§ 2. Қан компоненттерін карантиндеу, іріктеу және уақытша сақтау бөлімінің үлгі штаттары
564. Трансфузиолог-дәрігер, мейірбике, медициналық тіркеуші, санитар лауазымдары ҚО санатына қарамастан, жылына 5000 қан тапсырғанда қызметкерлердің әр санатына 1 ставка есебінен белгіленеді. Белгіленген трансфузиолог-дәрігері лауазымдарынан бөлімше меңгерушісінің 1 лауазымы айқындалады.»;
«§3. Қан компоненттерін өндіру бөлімшесінің үлгі штаттары
565. Трансфузиолог-дәрігер лауазымы ҚО санатына байланысты, сондай-ақ басқа компоненттерін (тромбоконцетрат, лейкоциттері мен тромбоциттері азайтылған эритроциттер массасы, криопреципитат және тағы басқаларды) дайындау үшін 1-санаттағы ҚО-да - 1,5 лауазым, 2-санаттағы ҚО-да - 1,25 лауазым, 3-4-санаттағы ҚО-да - 1 ставка есебінен белгіленеді.
Қан компененттерін қайта өңдеудің қосымша әдістерін - лейкофильтрлеу, вирусинактивациялау, гамма-сәулелендіру үшін трансфузиолог-дәрігердің қосымша 1 ставкасы енгізіледі.
566. Мейірбике лауазымы 1-2-санаттағы ҚО-да - 3, 3-4-санаттағы ҚО-да - 1,5 ставка есебінен ҚО санатына қарай белгіленеді.
Қан компоненттерін лейкофильтрлегенде 1-2-санаттағы ҚО-да мейірбикенің 1,5, 3-4-санаттағы ҚО-да - 1 ставкасы; қан компоненттерін гамма-сәулендіру жүргізгенде 1-2-санаттағы ҚО-да мейірбикенің 1,5, 3-4-санаттағы ҚО-да - 1 ставкасы; қан компоненттеріне вирустазартуды жүргізгенде 1-2-санаттағы ҚО-да мейірбикенің 1,5 және 3-4-санаттағы ҚО-да - 1 ставкасы қосымша енгізіледі.
567. Медициналық тіркеуші лауазымы трансфузиолог-дәрігері лауазымына сәйкес белгіленеді.
568. Аппаратшы (центрифугалау, ішкі тасымалдау және тағы басқалары) және санитар лауазымдары ҚО санатына байланысты 1 дәрігер ставкасына 1,25 ставка есебінен белгіленеді.»;
«569. Бөлім меңгерушісінің лауазымы 1-4-санаттағы ҚО үшін 1 ставка есебінен белгіленеді. Трансфузиолог-дәрігер (консультант) лауазымы 1-2-санаттағы ҚО-да 1 ставка және 3-4-санаттағы ҚО-да 0,5 ставка есебінен белгіленеді.»;
«570. Аға мейірбике лауазымы 1-4-санаттағы ҚО үшін 1 ставка есебінен белгіленеді.»;
«572. Санитар лауазымы 1-2-санаттағы ҚО-да - 1,5 ставка, 3-санаттағы ҚО-да 1,25 лауазым, 4-санаттағы ҚО-да - 1 ставка есебінен белгіленеді.»;
«§1. Қанды тестілеу бөлімшесінің үлгілік штаттары мен штат нормативтері
573. Бөлімше меңгерушісінің лауазымы әр қан орталығында белгіленеді.
574. Зертханашы-дәрігер (зертхана мамандары) лауазымдары ҚО санатына байланысты клиникалық және клиникалық-биохимиялық зерттеулер үшін 1-санаттағы ҚО-да - 4 лауазым, 2-санаттағы ҚО-да - 3 лауазым, 3-санаттағы ҚО-да - 2, 4-санаттағы ҚО-да - 1 лауазым есебінен белгіленеді.
575. Аға фельдшер-зертханашы (зертханашы) лауазымы бөлім меңгерушісі лауазымына сәйкес белгіленеді.
576. Фельдшер-зертханашы (зертханашы) лауазымы барлық ҚО-да, дәрігердің бір ставкасына 2 фельдшер-зертханашы (зертханашы) ставкасы есебінен белгіленеді.
577. Медициналық тіркеуші және санитар лауазымдары барлық ҚО дәрігердің және фельдшерлердің (жиынтық) 5 ставкасына медтіркеушінің бір ставкасы есебінен белгіленеді.
578. Диагностикалық стандарттар тобының зертханашы-дәрігердің (зертхана мамандары) лауазымдары 1-2-санаттағы ҚО-да 2 ставкадан, 3-4-санаттағы ҚО-да 1 ставкадан белгіленеді.
579. Үлгілеу және іріктеу тобының зертханашы-дәрігер (зертхана мамандары) лауазымдары 1-2-санаттағы ҚО-да 2 лауазымнан, 3-санаттағы ҚО-да 1,5 лауазымнан, 4-санаттағы ҚО-да 1 лауазымнан белгіленеді.
580. Фельдшер-зертханашы (зертханашы) лауазымдары зертханашы-дәрігері лауазымының санына сәйкес белгіленеді.
581. Аппаратшы (зертханашы) лауазымы 1-4-санаттағы ҚО-да бөлімшеге (құю, дәнекерлеу, белгілеу, қаптау) 1 ставка есебінен белгіленеді.
582. Диагностикалық стандарттары тобының санитар лауазымдары 1-2-санаттағы ҚО-да 2 лауазымнан, 3-4-санаттағы ҚО-да - 1 лауазым есебінен белгіленеді. Үлгілеу және іріктеу тобының санитар лауазымы 1-3-санаттағы ҚО-да 1 лауазымнан, 4-санаттағы ҚО-да - 0,5 лауазымнан белгіленеді.»;
«586. Бөлімше меңгерушісі және аға зертханашы лауазымдары әр қан орталығында белгіленеді.»;
«587. Зертханашы-дәрігер (зертхана маманы), провизор лауазымдары 1-санаттағы ҚО-да 2 лауазымнан, 2-4-санаттағы ҚО-да 1 лауазымнан белгіленеді.»;
«588. Сапа жөніндегі менеджер лауазымы 1-санаттағы ҚО-да 2 лауазым, 2-4-санаттағы ҚО-да 1 лауазым есебінен белгіленеді.»;
«589. Фельдшер-зертханашы (зертханашы) лауазымы 1-2-санаттағы ҚО-да 3 лауазым, 3-4-санаттағы ҚО-да 1,5 лауазым есебінен белгіленеді.»
«590. Санитар лауазымы 1-2-санаттағы ҚО-да 2 лауазым, 3-4-санаттағы ҚО-да 1 лауазым есебінен белгіленеді.
Бактериологиялық бақылау тобы үшін мынадай лауазымдар белгіленеді:
1) бактериолог-дәрігер лауазымы 1-2-санаттағы ҚО-да - 1 ставка, 3-4-санаттағы ҚО-да 0,5 ставка және әр 5000 литр плазмаға қан препараттарын дайындалғанда қосымша 0,25 ставка есебінен белгіленеді;
2) зертханашылар, фельдшер-зертханашы лауазымдары (жиынтық) ҚО санатына байланысты 1-2-санаттағы ҚО үшін 2 ставка, 3-4-санаттағы ҚО 1 ставка және әр 5000 литр плазмаға қан препараттарын дайындалғанда қосымша 1 ставка есебінен белгіленеді;
3) санитар лауазымдары ҚО санатына байланысты 1-2-санаттағы ҚО 3 ставка, 3-4-санаттағы ҚО 1,5 ставка, ал әр 5000 литр плазмаға қан препараттарын дайындау өндірісі болғанда, қосымша 0,25 ставка есебінен белгіленеді.»;
«591. Зертханашы дәрігер (зертхана маманы) лауазымы ҚО-ның санатына байланысты, 3-4-санаттағы ҚО-да - 0,25 ставка, 2-санаттағы ҚО-да - 0,5 ставка және 1-санаттағы ҚО-да 1 ставка есебінен белгіленеді.»;
«592. Зертханашы (фельдшер-зертханашы) лауазымы ҚО-ның санатына байланысты, 3-4-санаттағы ҚО-да - 0,5 ставка, 2-санаттағы ҚО-да - 1 ставка және 1-санаттағы ҚО-да 1,5 ставка есебінен белгіленеді.»;
«593. Зертхана меңгерушісі лауазымы 1 ставка есебінен белгіленеді. Дәрігер-зертханашы (зертхана маманы) лауазымы зертханаға арналған 3,5 ставка есебінен бекітіледі.»;
«596. Зертхана қызметкерлері лауазымдары екі ауысымды жұмыс және бір бригадаға күніне 180 сериялы ИФА (ИХЛА) және 9 ПТР (6-дан біріктіру) жүктемесін есепке алғанда, 5 дәрігердің ставкасы, 7 зертханашы (зертханашы-фельдшер) ставкасы, 3 тіркеуші ставкасы, 2 санитар ставкасы есебінен белгіленеді.»;
Зертханашы-дәрігердің лауазымы - 0,5 ставка, фельдшер-зертханашы - 1 ставка, медициналық тіркеуші - 1 ставка, санитар - 0,5 ставка.»;
«598. Материалдарды және ерітінділерді дайындау тобы үшін мынадай лауазымдар белгіленеді:
2) жуу бөлмесінің (пробиркалар, бөтелкелер, жамылғы әйнектер және тағы басқалары) аппаратшысы лауазымы ҚО санатын есепке ала отырып 3-4-санаттағы ҚО үшін 1,5 ставка және ҚО санатына байланысты бұдан әрі 1 ставкаға ұлғаю есебінен белгіленеді.»;
«599. Ерітінділерді дайындау бөлмесі үшін мынадай лауазымдар белгіленеді:
1) зертханашы-дәрігерлер (провизор) лауазымы 1-2-санаттағы ҚО үшін 1 ставка есебінен белгіленеді;
2) фармацевт (зертханашы, мейірбике) лауазымдары 1-2-санаттағы ҚО үшін 1 ставка және 3-4-санаттағы ҚО үшін 0,5 ставка есебінен белгіленеді;
3) санитар лауазымдары 1-2-санаттағы ҚО үшін 1,5 ставка және 3-
санаттағы ҚО үшін 1 ставка, 4-санаттағы ҚО-да 0,5 ставка есебінен  белгіленеді.»;
«600. Дистиллятор бөлмесі үшін мынадай лауазымдар белгіленеді:
1) мейірбике лауазымы 1-3-санаттағы ҚО үшін 1 ставка, 4-санаттағы ҚО үшін 0,5 ставка есебінен белгіленеді;
2) аппаратшы-автоклавер лауазыммы әр орталықта белгіленеді;
3) аппаратшы лауазымы 1-2-санаттағы ҚО үшін 1 ставка және 3-4-санаттағы ҚО үшін 0,5 ставка есебімен белгіленеді.»;
«601. «Автоклав бөлмесі үшін мынадай лауазымдар белгіленеді:
1) мейірбике (автоклавер) лауазымы 3-4-санаттағы ҚО-да - 1,5 ставка және 1-2-санаттағы ҚО-да - 2,5 ставка есебінен белгіленеді;
2) санитар лауазымы 1-3-санаттағы ҚО-да 1 ставка және 4-санаттағы ҚО-да 0,5 ставка есебінен белгіленеді.»;
«602. Медициналық қалдықтарды кәдеге жарату тобы үшін мынадай лауазымдар белгіленеді:
1) мейірбике лауазымы барлық санаттағы ҚО-да 1 ставка есебінен белгіленеді;
2) аппаратшы-автоклавер лауазымы 1-3-санаттағы ҚО-да 1,5 ставка және 4-санаттағы ҚО-да 1 ставка есебінен белгіленеді;
3) санитар лауазымы 1-4-санаттағы ҚО үшін 1 ставка есебінен белгіленеді.»;
«655. Ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі барлық қан орталықтарында құрылады.
1) 1-санаттағы ҚО үшін: бөлім меңгерушісі - 1 лауазым; жүйелік бас әкімші - 1 лауазым; жүйелік инженер - 2 лауазым; бағдарламашы - 1 лауазым; дерекқор жөніндегі маман - 2 лауазым;
2) 2-4-санаттағы ҚО үшін: бөлім меңгерушісі - 1 лауазым; жүйелік бас әкімші - 1 лауазым; жүйелік инженер - 1 лауазым; бағдарламашы - 1 лауазым: мәліметтер базасы жөніндегі маман - 1 лауазым есебінен анықталады.»;
Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерге 4Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерге 4 және 9-қосымшалары осы бұйрыққа 1 не 2-қосымшалырына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ.Төлеғалиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті (Г.С.Төлебаева) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә.Байжүнісовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрінің
 2012 жылғы 27 қаңтардағы
 № 55 бұйрығына
 1-қосымша
Денсаулық сақтау ұйымдарының
 үлгі штаттары мен штат
 нормативтеріне
 4-қосымша
Трансфузиология бөлімшесінің (кабинетінің) штат нормативтері
Медициналық қызметкерлер Жылына трансфузия көлеміне байланысты лауазымдар саны
500 трансфузияға дейін 500-ден 1 мың трансфузияға дейін 1 мыңнан 5 мыңға дейінгі трансфузия 5 мыңнан артық трансфузия
Бөлімше меңгерушісі (трансфузиолог-дәрігер) 1 1 1 1
Трансфузиолог-дәрігер - - 0,5 1
Зертханашы-дәрігер - - 0,5 0,5
Аға мейірбике - - 1 1
Мейірбике 1 1,5 4 4
Зертханашы (фельдшер-зертханашы) 0,5 0,5 1 1
Медициналық тіркеуші 0,5 1 1 1
Санитар 1 1 1,5 2
Ескертпе: трансфузияның жылдық саны 1 мыңнан артық болып ұлғайғанда орта медициналық қызметкерлердің тәулік бойы жұмыс режимі енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрінің
 2012 жылғы 27 қаңтардағы
 № 55 бұйрығына
 2-қосымша
Денсаулық сақтау ұйымдарының
 үлгі штаттары мен штат
 нормативтеріне
 9-қосымша
Қан орталықтарының әкімшілік-шаруашылық және жалпы аурухана қызметкерлерінің үлгі штаттары мен штат нормативтері
Лауазым атаулары Лауазымдар саны
1 Директор әр ұйымда 1 лауазым
2 Директордың медицина бөлімі жөніндегі орынбасары 1-4 санаттағы ҚО-да 1 лауазым
3 Директордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары (бас дәрігер) 1-2 санаттағы ҚО-да 1 лауазым
4 Директордың өндіріс жөніндегі орынбасары РҚО-да 1 лауазым
5 Директордың ғылым жөніндегі орынбасары ТҒӨО-да 1 лауазым
6 Директордың сапаны бақылау жөніндегі орынбасары 1-4 санаттағы ҚО-да 1 лауазым
7 Директордың әкімшілік шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасары 1-2 санаттағы ҚО-да 1 лауазым
8 Директордың мейірбике ісі жөніндегі орынбасары 1-2 санаттағы ҚО-да 1 лауазым
9 Жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджер 1-2 санаттағы ҚО-да 1 лауазым
10 Жұмылдыру жұмыс жөніндегі маман 1-2 санаттағы ҚО-да 1 лауазым,
3-4 санаттағы ҚО-да 0,5 лауазым
11 ТЖ және АҚ маманы 1-2 санаттағы ҚО-да 1 лауазым,
3-4 санаттағы ҚО-да 0,5 лауазым
12 Шаруашылық меңгерушісі 1-4 санаттағы ҚО-да 1 лауазым
13 Эпидемиолог 1-4 санаттағы ҚО-да 1,5 лауазым
4-5 санаттағы ҚО 0,5 лауазым
14 Кадр бөлімінің бастығы, кадр жөніндегі маман, кадр жөніндегі аға инспектор, кадр жөніндегі инспектор осы денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтеріне 7-қосымшаның 7 және 8-тармақтарында көзделген нормативтер бойынша
15 Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі маман ТҒӨО-да жэне РҚО-да 2 лауазым,
ОҚО-да және ҚҚО-да 1 лауазым
16 Іс жүргізуші 1-4 санаттағы ҚО-да 1 лауазым
17 Хатшы-референт 1-4 санаттағы ҚО-да 1 лауазым
18 Экономист 1-4 санаттағы ҚО-да 1 лауазым
19 Қаржылық жұмыс жөніндегі экономист осы денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтеріне 7-қосымшаның 14-тармағында көзделген нормативтер бойынша
20 Инженер 1-4 санаттағы ҚО-да 1 лауазым
21 Инженер-энергетик 1-4 санаттағы ҚО-да 1 лауазым
22 Медициналық жабдық жөніндегі инженер 1-2 санаттағы ҚО-да 2 лауазым,
3-4 санаттағы ҚО-да 1 лауазым
23 Электрондық (компьютерлендірілген) жабдық жөніндегі инженер 1-2 санаттағы ҚО-да 1 лауазым,
3-4 санаттағы ҚО-да 0,5 лауазым
24 Гараж меңгерушісі 5 және одан да артық автөкөлік болған кезде 1 лауазым
25 Автослесарь 1-2 санаттағы ҚО-да 1,5 лауазым,
3-4 санаттағы ҚО-да 1 лауазым
26 Жүргізуші 1 бірлік автокөлікке 1 ставкадан (немесе тәулік бойы жұмыс режимі есебінен 5,75 ставка)
27 Жұмысшы 1-2 санаттағы ҚО-да 4 лауазым,
3-4 санаттағы ҚО-да 2 лауазым
28 Сантехник 1-2 санаттағы ҚО-да 2 лауазым,
3-4 санаттағы ҚО-да 1 лауазым
29 Электрик Тәулік бойы жұмыс есебінен 5,75 ставка
30 Аула сыпырушы 1-2 санаттағы ҚО-да 2 лауазым,
3-4 санаттағы ҚО-да 1 лауазым
31 Үй-жайды жинаушы 250 ш.м. 1 лауазым
32 Гардеробшы 1-2 санаттағы ҚО-да 1 лауазым,
3-4 санаттағы ҚО-да 0,5 лауазым
33 Техник 1-2 санаттағы ҚО-да 2 лауазым,
3-4 санаттағы ҚО-да 1 лауазым
34 Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер қызметкерлерінің саны 50 және одан жоғары және/немесе плазмалардың ақуыздарын фракцияландыратын өндірісі бар ұйымдарда 1 лауазым
35 Метрология жөніндегі инженер 1-2 санаттағы ҚО-да 1 лауазым,
3-4 санаттағы ҚО-да 0,5 лауазым
36 Қойма меңгерушісі бір қоймаға қоймашы лауазымының орнына 1 лауазым, бірақ бір ұйымға 4 лауазымнан артық емес
37 Заң кеңесшісі ҚО-да 1 лауазым
38 Мұрағатшы 1-2 санаттағы ҚО-да 1 лауазым,
3-4 санаттағы ҚО-да 0,5 лауазым
39 Тігінші 3-4 санаттағы ҚО-да 0,5 лауазым,
1-2 санаттағы 1 лауазым
40 Киімді жуу және тігу жөніндегі машинист 1-2 санаттағы ҚО-да 2 лауазым, 3-4 санаттағы ҚО-да 1 лауазым
41 Маркетинг және мемлекеттік сатып алу бөлімінің меңгерушісі 1-2 санаттағы ҚО-да 1 лауазым
42 Мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер 1-4 санаттағы ҚО-да 1 лауазым
43 Бағдарламашы (жүйелік әкімші) 1-4 санаттағы ҚО-да 1 лауазым