• Мое избранное
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу туралы нұсқауды бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 12.10.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу туралы нұсқауды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 26 наурыздағы N 167 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 28 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5651 болып енгізілді.

Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 12 қазаннан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.07.2015 жылғы № 4-2/602 Бұйрығына сәйкес
"Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі, "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарын, "Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы N 780 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу туралы нұсқау бекітілсін. 
2. Егіншілік және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр                                  А. Күрішбаев
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2009 жылғы 26 наурыздағы
 N 167 бұйрығымен
 бекітілген
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу туралы нұсқау
      1. Осы Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу туралы нұсқау (бұдан әрі - Нұсқау) Қазақстан Республикасының "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы " 1999 жылғы 13 шілдедегі,   "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңдарына, "Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы N 780 қаулысына сәйкес әзірленген және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын патент қабілеттілігіне және шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізу және бағалау мәселелерін нақтылайды. 
2. Патент беруге арналған өтінімді өтінім беруші мемлекеттік монополияға (селекциялық жетістіктерді қорғау саласында қызметтер көрсету) жатқызылған салаларда қызметті жүзеге асыратын, селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға ведомстволық бағынышты сараптама жасау ұйымына береді. 
Алдын ала жасалған сараптаманың оң нәтижесін алған жағдайда селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган өтінімді одан әрі қарау туралы шешім қабылдайды. Өтінімнің және сорттың сауалнамасының көшірмелері өсімдік сорттарының патент қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығына сараптама жасауды жүзеге асыратын, тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссияға жіберіледі. 
Сорттың патент қабілеттілігі мемлекеттік сынақтың деректері бойынша осы Нұсқауға 1-қосымшада көрсетілген тектер мен түрлер үшін, өтінім берушінің деректері бойынша осы Нұсқауға 2-қосымшада көрсетілген тектер мен түрлер үшін бағаланады. 
3. Сорттарды шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізу мемлекеттік сынақтың деректері бойынша осы Нұсқауға 3-қосымшада көрсетілген тектер мен түрлер үшін, өтінім берушінің деректері бойынша осы Нұсқауға 4-қосымшада көрсетілген тектер мен түрлер үшін жүргізіледі.
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін
 сорттық сынақтан өткiзу туралы
 нұсқауға
 1-қосымша
 Сорттың патент қабiлеттiлiгi мемлекеттік сынақтың деректері бойынша бағаланатын тектер мен түрлер тізбесі          
 
Реттік N Дақылдың атауы Латынша атауы
1. Арпа Hordeum vulgare L.
2. Асқабақ Cucurbita maxima Duch.
3. Басты пияз Allium cepa L.
4. Батун пиязы Allium fistulosum L.
5. Жұмсақ бидай Triticum aestivum L.
6. Қант қызылшасы Beta vulgaris L.ssp.vulgaris var.altissima Doell
7. Қарбыз Citrullus lanatus (Thund.) Matsum. et Nakai
8. Картоп Solanum tuberosum L.
9. Қатты бидай Triticum durum Desf.
10. Қауын Cucumis melo L.
11. Қияр Cucumis sativus L.
12. Күнбағыс Helianthus annuus L.
13. Қызанақ Lycopersicon lycopersicum (L.) Karst ex Farwell
14. Қытайбұршақ Glycine max (L.) Merr.
15. Мақсары Carthamus tinctories L.
16. Ноқат Cicer arietinum L.
17. Порей пиязы Allium porrum L.
18. Сұлы Avena sativa L.
19. Тары Panicum miliaceum L.
20. Тритикале Triticosecale
21. Шалот пиязы Allium ascalonicum L.
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін
 сорттық сынақтан өткiзу туралы
 нұсқауға
 2-қосымша
 Сорттың патент қабiлеттiлiгi өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын тектер мен түрлер тізбесі        
 
Реттік N Дақылдың атауы Латынша атауы
1. Айва Cydonia Mill
2. Ақ қарақат Ribes niveum L.
3. Ақ сексеуіл Haloxylon Н. рersicum
4. Ақбас қырыққабат Вrassica oleracea convar. capitata (L.) Alef. var. capitata f. alba DC.
5. Ақжелкен Petroselinum crispum (Mill.) Nym. ex A.W.Hill.
6. Ақша жусан Artemisia terrae-albae Krasch.
7. Алма Malus domestica Borkh.
8. Алмұрт Pyrus communis L.
9. Алша Prunus cerasifera Ehrh.
10. Асбұршақ Pisum sativum L.
11. Аскөк Anethum graveolens L.
12. Асханалық қызылша Beta Vulgaris L. ssp. vulgaris var. conditiva Alef.
13. Асханалық сәбіз Daucus carota L.
14. Ащы бұрыш Capsicum annuum L. var. longum (DC) Sendt.
15. Байкалдық таран Poligonum divaricatum Z.
16. Балдыркөк Apium graveolens L.
17. Баялды Solanum melongena L.
18. Боз бидайық Agropyrum glacum R. et Sch.
19. Ботташық Pastinaca sativa L.
20. Буасье шытыршығы Sameraria Boissieriana
21. Бүлдірген Fragaria L.
22. Грек жаңғағы Juglans L.
23. Дала атқонағы Phleum pratense L.
24. Дала бедесі Trifolium pratense L.
25. Даур бидайығы Clinelymus dahuricus Nevski.
26. Еркекшөп Agropyron et Schult.
27. Жаздық арыш Camelina sativa (L.) Crantz.
28. Жапырақсыз жүзгін C.aphyllum (Pall) Gurke
29. Жатаған қайың Betula pendula Roth.
30. Жемдік қызылша Beta vulgaris L. ssp. vulgaris var. alba DC.
31. Жемдік шалқан Brassica rapa L. var. rapa (L.) Thell.
32. Жералмұрт Hellianthus tuberosus L.
33. Жеркүнбағыс Hellianthus tuberosus x H. Annus.
34. Жоңышқа Medicado L.
35. Жүгері Zea mays L.
36. Жүзім Vitis L.
37. Изен Kochia p. Schrad.
38. Итқонақ Setaria italica L., ssp. mocharium Alf.
39. Қамысты субидайық Digraphis arandinacca (L.) Trin.
40. Қара сексеуіл Haloxylon aphyllum (Minkw.)
41. Қарабидай Secale cerale
42. Қарақұмық Fagopyrum esculentum Moench
43. Қарлыған Ribes uva-crispa L.
44. Кәді Cucurbita pepo L. var. giraumonas Duch.
45. Кәдімгі бетеге Festuca sulcata Hach.
46. Кәдімгі қарағай Pinus L. Silvestris
47. Кәдімгі өрік Prunus armeniaca L.
48. Кәдімгі шие Prunus cerasus L.
49. Кейреуік (қисық, қатты сораң) Salsola regida Pall.
50. Қияқ Elymus yunceus Fisch.
51. Қонақтары Setaria italica (L.) ssp. maxima Alf.
52. Көкшіл қыша Brassica juncea (L.) Czern.et Coss.in Czern.
53. Күнжіт Sesamum indicum L.
54. Құмай Sorghum bicolor (L.)
55. Құмай-судандық будан Sorghum vulgare x S. Sudanense
56. Қызыл шие Prunus avium L.
57. Қызылбас қырыққабат Brassica oleracea convar. capitata (L.) Alef. var. capitata L. f. rubra (L.) Thell.
58. Қылтықсыз арпабас Bromus inermis Leyss.
59. Қымыздық Rumex L.
60. Қышы Brassica rapa L. var. silvestris (Lam.) Briggs.
61. Майкене Ricinus communis L.
62. Майлы зығыр Linum usitatissimum L. var. intermedia Vav. et. Ell
63. Майлы шалқан Raphanus sativus L. var. oleifornis Pars.
64. Мақта Gossypium L.
65. Маш Phaseolus rabiatus L.
66. Медузаның басы тәріздес жүзгін G.caput Medusae
67. Ноғатық Lathyrus sativus L.
68. Пекин қырыққабаты Brassica pekinensis (Lour).
69. Рапс Brassica napus L. ssp. oleifera (Metzg.) Sinsk.
70. Рауғаш Rheum L.
71. Салат Lactuca sativa L.
72. Салат қышасы Brassica juncea (L.) Czern. et Coss. in Czern
73. Сарымсақ Allium sativum L.
74. Саумалдық Spinacia oleracea L.
75. Сиыржоңышқа Vicia villosa Roth.
76. Сібір бидайығы Clinelymus sibiricus Nevski
77. Субетеге Festuca pratensis Huds.
78. Судан шөбі Sorghum sudanense (Piper.) Stapf.
79. Табақша асқабақ Cucurbita pepo L. var. melopepa d.
80. Тамырсыз бидайық Roegneria trachycaulon Nevski.
81. Таңқурай Rubus L.
82. Тарғақшөп Dactylis glomerata L.
83. Тарна Brassica napus L
84. Таспашөп, түлкітәріздес Т. Astragalus, A. alopecias
85. Темекі Nikotiana tabacum L.
86. Теріскен Eurotia ceratoides (L.) C.A. Mey.
87. Тәтті бұрыш Capsicum annuum L. var. grossum (L.) Sendt.
88. Тік арпабас Bromus arvensis L.
89. Түйежоңышқа Melilotus officinalis L.
90. Түсті қырыққабат Brassica oleracea convar. botrytis (L.) Alef. var. botritis L.
91. Тұт ағашы Morus L.
92. Тұт ағашының жібек құрты Boxbyx mori L.
93. Үй өрігі Prinus domestica L.
94. Үрме бұршақ Phaseolus vulgaris L.
95. Ұшқат Lonicera L.
96. Шабдалы Prunus persica (L.) Batsch
97. Шалғам Raphanus sativus L. var. sativus
98. Шалқан Raphanus sativus L.
99. Шашақгүлді гүлтәжі Amaranthus L.
100. Шетен Philadelphus
101. Шоған Salsola subaphylla C.A. Mey
102. Шомыр Brаssica rapa L.
103. Шығыс ешкібұршағы Galega orientalis Lam.
104. Шырғанақ Hippophae L.
105. Эспарцет Onobrychis viciifolia Scop.
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін
 сорттық сынақтан өткiзу туралы
 нұсқауға
 3-қосымша
Сорттардың шаруашылыққа пайдалылығы мемлекеттік сынақтан өткізу деректері бойынша бағаланатын тектер мен түрлер тізбесі 
 
Реттік N Дақылдың атауы Латынша атауы
1 2 3

ДӘНДІ ДАҚЫЛДАР
1. Дәндік құмай жүгері Sorghum bicolor (L.) Moench
2. Жаздық арпа Hordeum vulgare L. sensu lato
3. Жаздық жұмсақ бидай Triticum aestivum L. emend. Fiori et Paol.
4. Жаздық қатты бидай Triticum durum Desf
5. Жаздық сұлы Avena sativa L.
6. Жүгері Zea mays L.
7. Күздік арпа Hordeum vulgare L. Sensu lato
8. Күздік жұмсақ бидай Triticum aestivum L. Emend. Fiori et Paol.
9. Күздік қарабидай Secale cereale
10. Күздік қатты бидай Triticum durum Desf.
11. Күздік тритикале Triticosecale Wittmack

ЖАРМАЛЫҚ ДАҚЫЛДАР
12. Қарақұмық Fagopyrum esculentum Moench
13. Күріш Oryza sativa L.
14. Тары Panicum miliaceum L.

ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАР
15. Дәнді үрме бұршағы Phaseolus vulgaris L.
16. Егіс асбұршақ Pisum sativum L. sensu lato
17. Қытай бұршағы Glycine max (L.) Merr
18. Маш Phaseolus rabiatus L.
19. Ноғатық Lathyrus sativus L.
20. Ноқат Cicer arietinum L.

МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАР
21. Жаздық рапс Brassica napus L. ssp. оleifera (Metzg) Sinsk
22. Көкшіл қыша Brassiсa juncea (L.) Czern. еt Coss. In Czern.
23. Күздік рапс Brassica napus L. ssp. оleifera (Metzg) Sinsk
24. Күнбағыс Helianthus annuus L.
25. Майлы зығыр Linum usitatissimum L. var. intermedia Vav. еt. Ell.
26. Мақсары Carthamus tinctorius L.

ТЕХНИКАЛЫҚ ДАҚЫЛДАР
27. Қант қызылшасы Beta vulgaris L. ssp. vulgaris var.altissima Doell
28. Темекі Niсotiana tabacum L

ТОҚЫМАЛЫҚ ДАҚЫЛДАР
29. Мақта Gossypium L.
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін
 сорттық сынақтан өткiзу туралы
 нұсқауға
 4-қосымша
Сорттардың шаруашылыққа пайдалылығы өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын тектер мен түрлер тізбесі 
 
Реттік N Дақылдың атауы Латынша атауы
1 2 3

МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАР
1. Жаздық арыш Camelina sativa (L.) Crantz.
2. Күнжіт Sesamum indicum L.
3. Майкене Ricinus communis L.

КАРТОП, КӨКӨНІС және БАҚША ДАҚЫЛДАРЫ
4. Ақбас қырыққабат Brassica oleracea convar. capitata L. Alef. var.capitata
5. Ақжелкен Petroselinum crispum (Mill.) Nym. еx. A.W.Hill
6. Асқабақ Cucurbita maxima Duch.
7. Аскөк Anethum graveolens L.
8. Асханалық қызылша Beta vulgaris L. ssp. vulgaris var. conditiva Alef.
9. Асханалық сәбіз Daucus carota L
10. Асханалық тарна Brassica napus L. var napobrassica (L) Rchb
11. Ащы бұрыш Capsicum annum L. var. longum (DС) Sendt.
12. Балдыркөк Apium graveolens L.
13. Басты пияз Allium cepa L.
14. Батун пиязы Allium fistulosum L.
15. Баялды Solanum melongena L.
16. Ботташық Pastinaca sativa L.
17. Қант жүгерісі Zea mays L. convar. saccharata Korn.
18. Қарбыз Citrullus lanatus (Thund.) Matsum. et. Nakai
19. Картоп Solanum tuberosum (L.) alef. var.capitata f. alba DC.
20. Қауын Cucumis melo L.
21. Кәді Cucurbita pepo L. var. giraumonas Duch.
22. Қияр Cucumis sativus L.
23. Көкөністік асбұршақ Pisum sativum (L.) partim.
24. Көкөністік үрме бұршақ Phaseolus vulgaris L.
25. Қызанақ Lycopersicon lycopersicum (L.) Karst ex Farwell
26. Қызылбас қырыққабат Brassica oleracea convar. capitata (L.) Alef. var. capitata L. f. rubra (L.) Thell.
27. Қымыздық Rumex L.
28. Табақша асқабақ Cucurbita pepo L. var. melopepa d.
29. Пекиндік қырыққабат Brassica pekinensis (Lour.) Rupr.
30. Рауғаш Rheum L.
31. Салат Lactuca sativa L.
32. Салатқа арналған қыша Brassica juncea (L.) Czern. et Coss. in Czern
33. Сарымсақ Allium sativum L.
34. Саумалдық Spinacia oleracea L.
35. Тәтті бұрыш Capsicum annum L. var. grossum (L.) Sendt.
36. Түсті қырыққабат Brassica oleracea convar botrytis (L.) Alef.var. botritis L.
37. Шалғам Raphanus sativus L. var. sativus
38. Шалқан Brаssica rapa L.
39. Шалот пиязы Allium ascalonicum L.
40. Шомыр Raphanus sativus L.

МАЛ АЗЫҚТЫҚ ДАҚЫЛДАР
41. Азықтық қымыздық Rumex patientia
42. Азықтық тарна Brassica napus L. var. napobrassica (L.) Rchb.
43. Ақ бас түйежоңышқа Melilotus albа Меdik.
44. Ақ топырақты жусан Artemisia terrae-albae Krasch,
45. Байкалдық таран Poligonum divarikatum Z.
46. Боз бидайық Agropyron glacum R. et Sch
47. Вайда Буасье Sameraria Boissieriana
48. Даур бидайығы Clinelymis dahuricus Nevski.
49. Дала атқонағы Phleum pratense L.
50. Дала бедесі Trifolium pratense L.
51. Елекшөпті ломкоколоснигі Elymus yunceus Fisch.
52. Еркекшөп Agropyron et Schult.
53. Жаздық сиыржоңышқа Vicia villosa Roth.
54. Жапырақсыз жүзгін C.aphyllum (Pall) Gurke
55. Жатық жусан Artemisia L. glabella Kar.et.Kir
56. Жемдік асбұршақ Pisum sativum L. sensu lato.
57. Жемдік қызылша Beta vulgaris L.ssp.vulgaris var.alba DС.
58. Жемдік сәбіз Daucus carota L.
59. Жиматарғақ Dactylis glomerata L.
60. Жоңышқа Medicado L.
61. Жүзгін медуза басы Calligonum caput-medusae.
62. Изен Kochia prostrata (L.) Schrad
63. Итқонақ Setaria italica L. ssp. mocharium Alf.
64. Қара сексеуіл Haloxylon aphyllum (Minkw.)
65. Кейреуік Salsola regida Pall
66. Қонақ тары Setaria italica (L.)ssp. maxima Alt.
67. Күздік беде қыша Brassica rapa L. var. silvestris (Lam.) Briggs.
68. Күздік сиыржоңышқа Vicia villosa Roth.
69. Құмай-судандық будан Sorghum vulgare x S.cudanense
70. Қылтанақсыз мықын Bromus inermis Leyss.
71. Майлы шомыр Raphanus sativus L. var. oleifornis Pars.
72. Мал азықтық шалқан Brassica rapa L. var rapa (L.) Thell.
73. Сары бас түйе жоңышқа Melilotus officinalis (L.) Desr.
74. Сібір бидайығы Clinelymis sibiricus Nevski
75. Сіпсебасты гүлтәжі Amaranthus L.
76. Судан шөбі Sorghum sudanense (Piper.) Stapf.
77. Сүрлемге арналған күнбағыс Hellianthus annuus L.
78. Сүрлемдік құмай жүгері Sorghum v. (L.) Pers.
79. Сыпыртқылық құмай жүгері Sorghum technicum Roshev.
80. Тамырсыз бидайық Roegneria trachycaulon Nevski
81. Теріскен Eurotia ceratoides (L.) C.A. Mey.
82. Тік мықын Bromus arvensis L.
83. Топинамбур Hellianthus tuberosus L.
84. Топинсолнечник Hellianthus tuberosus x H.Annus.
85. Түлкіше таспа Аstragalus, A. alopecias
86. Тұт ағашы Morus L.
87. Тұт көбелек Boxbyx mori L.
88. Шабындық бетеге Festuca pratensis Huds.
89. Шоған Salsola subaphylla C.A. Mey
90. Шығыс ешкібұршағы Galega orientalis Lam.
91. Эспарцет Onobrychis viciifolia Scop

ЖЕМІС-ЖИДЕК және ЖҮЗІМ ДАҚЫЛДАРЫ
92. Айва Cydonia Mill
93. Ақ қарақат Ribes niveum L.
94. Алма Malus domestica Borkh.
95. Алмұрт Pyrus communis L.
96. Алша Prunus cerasifera Ehrh.
97. Анар Punica granatum L.
98. Асханалық жүзім Vitis L.
99. Бүлдірген Fragaria L.
100. Грек жаңғағы Juglans L.
101. Жидек дақылдарының телітушілері
102. Інжір Ficus carica L.
103. Қара қарақат Ribes nigrum L.
104. Қарлыған Ribes uva–crispa L.
105. Кәдімгі өрік Prunus armeniaca L.
106. Кәдімгі шие Prunus cerasus L.
107. Қожақат Rubus L.
108. Қызыл қарақат Ribes sylvestre (Lam.) Mert. Et W. Koch
109. Қызыл шие Prunus avium L.
110. Таңқурай Rubus L.
111. Техникалық жүзім Vitis L.
112. Үй өрігі Prunus domestica L.
113. Ұшқат Lonicera L.
114. Шабдалы Prunus persica (L) Batsch
115. Шетен Philadelphus
116. Шырғанақ Hippophae L.

ГҮЛДІ-СӘНДІК ДАҚЫЛДАР және КӨГАЛ АЛАҢЫНЫҢ ШӨПТЕРІ
117. Бақытгүл Chrysanthemum L.
118. Барқытгүл Tagetes L.
119. Дәрілік түймедақ Matricaria chamomilla
120. Әсем құртқашаш Gladiolus L.
121. Жапаргүл Syringa L.
122. Канна Canna L.
123. Клематис Clematis L.
124. Қызғалдақ Tulipa L.
125. Лалагүл Lilium L.
126. Лилей Hemerocallis L.
127. Нәркес Narcissus L.
128. Раушангүлдер Rosa L.
129. Сарыгүл Iris L.
130. Сәлдегүл Paeonia L.
131. Сүмбіл Hyacinthus L.
132. Түрлі жапырақты бетеге Festuca L.
133. Фрезия Freesia Eckl.
134. Циния Zinnia L.
135. Шабындық көдешөп Poa pratensis L.
136. Шилен Zizipfus sativa Gaerth