• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі көрсететін электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 04.03.2014 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 3

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі көрсететін электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының м.а. 2012 жылғы 2 қазандағы № 294 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 17 қарашада № 8088 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 2 қаңтардан бастап ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 04.03.2014 жылғы № 73 Бұйрығына сәйкес
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Стратегиялық даму департаменті (Д. Қамзебаева):
1) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынуды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Баспасөз-хатшы (Г.Б. Жәлелитдинова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі
төрағасының міндетін атқарушы                          Ә. Пірметов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрі
__________________ А. Жұмағалиев
2012 жылғы «___» _______________
Қазақстан Республикасы
 Спорт және дене шынықтыру
 істері агенттігі төрағасының
 міндетін атқарушының
 2012 жылғы 2 қазандағы
 № 294 бұйрығына
 1-қосымша
«Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу,
 лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет
 регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Электрондық мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - қызмет) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (бұдан әрі – қызмет беруші) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Орталық) арқылы, сонымен қатар тұтынушыда электронды цифрлық қолтаңба болған жағдайда «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы көрсетеді.
2. Электрондық мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 981 қаулысымен бекітілген «Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты » (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
3. Қызметтің автоматтандырылу дәрежесi: iшiнара автоматтандырылған.
4. Қызмет көрсету түрi: транзакциялық.
5. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар:
1) ақпараттық жүйе – ақпараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, беру және ұсынуға арналған жүйе (бұдан әрі – АЖ);
2) бизнес-сәйкестендіру нөмірі - заңды тұлға (филиал және өкілдік) үшін және бірлескен кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – БСН);
3) «Е-лицензиялау» веб-порталы – берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған, қайта басталған және қолданысын тоқтатқан лицензиялар, сонымен қатар қызметтің лицензияланатын түрін (кіші түрін) жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері (объектілері, пункттері, учаскелері) туралы мәліметтерден тұратын, лицензиар беретін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірін орталықтан қалыптастыратын ақпараттық жүйе;
4) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры - ақпаратты автоматты түрде жинау, сақтау және өңдеуге, Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаларды бірыңғай біріздендіру мақсатында жеке сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізілімін жасауға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және олардың өкілеттігі шегінде олар туралы мемлекеттік басқару органдарына және басқа субъектілерге өзекті және сенімді мәліметтер ұсынуға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЗТ МДҚ);
5) жеке сәйкестендіру нөмірі - жеке тұлға үшін, соның ішінде жеке кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – ЖСН);
6) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры – ақпаратты автоматты түрде жинау, сақтау және өңдеуге, Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғаларды бірыңғай біріздендіру мақсатында бизнес сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізілімін жасауға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және олардың өкілеттігі шегінде олар туралы мемлекеттік басқару органдарына және басқа субъектілерге өзекті және сенімді мәліметтер ұсынуға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЖТ МДҚ);
7) казино - құмар ойындарды ұйымдастыру және өткізу үшін ойын үстелдері пайдаланылатын ойын мекемесі;
8) пайдаланушы – өзіне қажетті электрондық ресурстарды алу үшін электрондық ақпараттық жүйеге жүгінетін және оны пайдаланатын субъекті (алушы, қызмет беруші);
9) транзакциялық қызмет – пайдаланушыларға электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану арқылы өзара алмасуды талап ететін электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну жөніндегі қызмет;
10) тұтынушы – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке немесе заңды тұлға;
11) электрондық құжат – ақпарат электронды-цифрлық нысанда ұсынылған және ЭЦҚ арқылы куәландырылған құжат;
12) электрондық лицензия – ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы ресімделетін және берілетін, қағаз тасығыштағы лицензияға тең, электрондық құжат нысанындағы лицензия;
13) электрондық мемлекеттік қызмет – ақпараттық технологияларды қолдану арқылы электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
14) «электрондық үкіметтің» веб-порталы - нормативтік базаны қоса алғанда, бүкіл топтастырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімді бірыңғай терезе болып табылатын ақпараттық жүйе;
15) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі – жеке және заңды тұлғаларға төлемдерді жүзеге асыру кезінде екінші деңгейдегі банктер, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелері арасында өзара іс-әрекетті қамтамасыз етуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮТШ);
16) «электрондық үкіметтің» шлюзі – электрондық қызметті іске асыру шеңберінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйесін біріктіруге арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮШ);
17) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдары арқылы және электрондық құжаттың сенімділігін, оның мазмұнының өзгермейтіндігі мен соған тиесілі екендігін растайтын электрондық цифрлық белгілер жиынтығы (бұдан әрі – ЭЦҚ).
2. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызмет беруші
 іс-әрекетінің тәртібі
6. ЭҮП арқылы қадамдық әрекет және қызмет берушiнiң шешiмi (қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара iс-қимылдың № 1-диаграммасы ) осы Регламентке 1-қосымшада келтiрiлген:
1) тұтынушы өзінің компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен ЭҮП-те тіркелуді жүзеге асырады (ЭҮП-те тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-үдеріс - тұтынушының компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ тіркеу куәлігін тіркеу және тұтынушының ЭҮП-те қызметті алу үшін пароль енгізуі (авторизациялау үдерісі);
3) 1-шарт – ЖСН/БСН мен пароль арқылы тіркелген тұтынушы туралы деректердің шынайлығын ЭҮП-те тексеру;
4) 2-үдеріс - тұтынушының деректеріндегі ауытқушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы ЭҮП хабарламасын жасау;