«Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 69-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының азаматтық және мемлекеттiк авиациясының бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарын пайдалану қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі 2011 жылғы 18 наурыздағы № 128 және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі 2011 жылғы 25 ақпандағы № 91 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 26 сәуірде № 6922 тіркелді
«Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 69-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық және мемлекеттiк авиациясының бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарын пайдалану қағидасы бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі Көлік және коммуникация
__________Ә. Жақсыбеков министрі ______Ә. Құсайынов
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 128 және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 91 бірлескен бұйрығымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының азаматтық және мемлекеттік авиациясының бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарын пайдалану қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.06.2019 жылғы № 360 және ҚР Қорғаныс министрінің 14.06.2019 жылғы № 467 Бірлескен бұйрығына сәйкес (23.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасының азаматтық және мемлекеттiк авиациясының бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарын пайдалану қағидасы (бұдан әрi - Қағида) меншiк нысанына қарамастан бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарын пайдалану тәртiбiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарында ұшуды ұйымдастыруды, жүргiзудi және қамтамасыз етудi белгiлейдi.
2. Осы Қағидада мынадай анықтамалар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 23.07.2015 жылғы № 782 және ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2015 жылғы № 508 Бірлескен бұйрығына сәйкес (25.02.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) алыс аймақ - әуеайлақ ауданының шегiнен тыс әуе қозғалысын басқару ауданының шекарасына дейiн мемлекеттiк авиацияның әуе қозғалысын басқару жауапкершiлiгiнiң аймағы;
3) әуеайлақтың бақылау нүктесi - әдетте әуеайлақтың ұшу-қону жолағы орталығының географиялық орнымен (геодезиялық координаттармен) айқындалатын нүкте;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.06.2019 жылғы № 360 және ҚР Қорғаныс министрінің 14.06.2019 жылғы № 467 Бірлескен бұйрығына сәйкес (23.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) әуе қозғалысын басқару органы (бұдан әрі – ӘҚБ органы) – өз құзыреті шегінде және оған белгіленген аймақ пен аудандарда әуе қозғалысын басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік авиацияның басқару орталығы немесе басқару пункті;
5) әуе қозғалысына қызмет көрсету (бұдан әрі – ӘҚҚ органы) – әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету органы, ұшу ақпараты орталығы немесе аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсетуіне қатысты хабарламаларды жинау пункті;
6) әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерi (бұдан әрi - ӘҚҚ диспетчерi) - ӘҚҚ диспетчерiнiң (жақындау, айналым, қону, мұнара, сөре, бұру диспетчерi) күшi бар куәлiгi бар және ӘҚҚ диспетчерлiк пункттерiнiң бiрiне жұмысқа жiберiлген маман;
7) бірлесіп орналастыру әуеайлақтары – азаматтық, мемлекеттік және (немесе) эксперименттік авиация ұйымдары бірлесіп орналасатын әуеайлақтар;
8) көрiну (көрiну қашықтығы) – күндіз жарықтандырылмаған объектілер (бағдарлар) және түнде жарық бағдарлар (жарықтандырылған объектілер) көрінетін және танылатын ең үлкен арақашықтық;
9) қону белгіленген әуеайлақ – ұшу жоспарында және ұшу тапсырмасында қонуы белгіленген әуеайлақ ретінде көрсетілген әуеайлақ;
10) қосалқы әуеайлақ – қону белгiленген әуеайлаққа бару немесе оған қону мүмкiн болмаған немесе мақсатқа сәйкес болмаған жағдайда, әуе кемесi бара алатын әуеайлақ;
11) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және мемлекеттік авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
12) орналастыру әуеайлағы (базалық әуеайлақ) - әуе кемелерi тұрақты орналасатын және осы мақсаттар үшiн қажеттi құрылыстары бар әуеайлақ;
13) таяу аймақ - әуеайлақ ауданында мемлекеттiк авиацияның әуе қозғалысын басқару жауапкершiлiгiнiң аймағы;
14) ұшу-қону жолағы (бұдан әрі - ҰҚЖ) - әуе кемелерінің қонуы мен ұшуына дайындалған құрылықтық әуеайлағының ұшу жолағының белгілі бір тік бұрышты учаскесі;
14-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.06.2019 жылғы № 360 және ҚР Қорғаныс министрінің 14.06.2019 жылғы № 467 Бірлескен бұйрығына сәйкес (23.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15) ұшу жоспары – әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) әуе қозғалысын басқару органдарына пилот (ұшқыш), экипаж немесе пайдаланушы ұсынатын әуе кемесiнiң белгiленген ұшуы немесе ұшуының бiр бөлiгi туралы белгiлi бiр мәлiметтер;
16) ұшуға және қонуға бет алу аймағы – ұшу және қонуға бет алу кезінде әуе кемелерінің маневр жасауын қамтамасыз ететін әуеайлақ деңгейінен екінші эшелонның биіктігіне дейінгі шекараны қосқандағы әуе кеңістігі;
17) ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету пайдаланушы – эксплуатанттарға, ұшу экипажының мүшелеріне ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарына, іздеу-құтқару қызметтеріне, әуежайлар әкімшілігіне және халықаралық аэронавигацияны жүзеге асыруға немесе дамытуға байланысты басқа орғандарға олардың міндеттерін орындауға қажетті сапалы метеорологиялық ақпаратты уақтылы беру болып табылады;
18) ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету – әуе кемелерінің құстармен соқтығысуының алдын алуды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешені.
3. Бiрлесiп орналастыру әуеайлақтары тиесiлiгi бойынша азаматтық немесе мемлекеттiк авиацияға жатады.
4. Бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарын пайдалану осы Қағидаға сәйкес пайдаланушылар арасында жасалатын шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік авиацияның бірлесіп орналастыру әуеайлағын пайдалану ерекшеліктері Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 744 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16210 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуды жүргізу қағидаларына сәйкес әзірленетін аэронавигациялық паспортпен айқындалады.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 23.07.2015 жылғы № 782 және ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2015 жылғы № 508 Бірлескен бұйрығына сәйкес (25.02.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.06.2019 жылғы № 360 және ҚР Қорғаныс министрінің 14.06.2019 жылғы № 467 Бірлескен бұйрығына сәйкес (23.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Бiрлесiп орналастыру әуеайлақтары қону белгіленген әуеайлақтар және/немесе қосалқы әуеайлақтар ретiнде пайдаланылады.
7. Азаматтық авиацияға тиесiлiгi бойынша жататын бiрлесiп орналастыру әуеайлақтары әуе кеңiстiгiн барлық пайдаланушының әуе кемелерi үшiн қосалқы әуеайлақ ретiнде пайдаланылады.
2-тарау. Ұшуды жоспарлау және ұйымдастыру тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.06.2019 жылғы № 360 және ҚР Қорғаныс министрінің 14.06.2019 жылғы № 467 Бірлескен бұйрығына сәйкес (23.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Бірлесіп орналастыру әуеайлақтары ауданындағы әуе кеңістігін пайдалануды жоспарлау және үйлестіруді олар орналасқан жауапкершілік аймақтарында (аудандарында) Қазақстан Республикасы Қорғаныс Күштері Әуе қорғанысы күштерінің аудандық әуе қозғалысын басқару орталығы, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы әуе кеңістігің пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабында (бұдан әрі – Заң) белгіленген әуе кеңістігін пайдаланудағы басымдықтарға сәйкес осы әуеайлақтардың ӘҚБ органдары және (немесе) ӘҚҚ органдары жүзеге асырады.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 23.07.2015 жылғы № 782 және ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2015 жылғы № 508 Бірлескен бұйрығына сәйкес (25.02.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
9. Бірлесіп орналастыру әуеайлақтары аудандарында азаматтық авиацияның әуе кемелерінің әуе қозғалысына, сондай-ақ мемлекеттік авиацияның әскери-көліктік және (немесе) көліктік әуе кемелерінің жекелеген ұшуына және ұшып өтуіне қызмет көрсетуді ӘҚҚ органының (қызметінің) кезекші ауысымы жүзеге асырады.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 23.07.2015 жылғы № 782 және ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2015 жылғы № 508 Бірлескен бұйрығына сәйкес (25.02.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.06.2019 жылғы № 360 және ҚР Қорғаныс министрінің 14.06.2019 жылғы № 467 Бірлескен бұйрығына сәйкес (23.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Әуе қозғалысына қызмет көрсету «Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7006 болып тіркелген) (бұдан әрі - ӘҚҰ жөніндегі нұсқаулық) сәйкес жүзеге асыралады.
10. Тиесiлiгi бойынша мемлекеттік авиацияға жататын бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарының ауданында жоспарлы мемлекеттік авиация ұшуларын және азаматтық әуе кемелерінің ұшуын бір мезгілде орындау кезінде әуе кемелерінің әуе қозғалысын басқаруды, сондай-ақ тиесілігі бойынша азаматтық авиацияға жататын бірлесіп орналастыру әуеайлағында мемлекеттік авиация әскери әуе кемелерінің ұшуын басқаруды авиациялық әскери бөлімнің (ӘҚБ органының) ұшу басшылығы тобынан және азаматтық авиация ӘҚБ қызметі диспетчерлерінің ауысым кезекшісінен тұратын әуе қозғалысын басқарудың бiрлескен тобы (бұдан әрі - ӘҚБ БТ) жүзеге асырады.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 23.07.2015 жылғы № 782 және ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2015 жылғы № 508 Бірлескен бұйрығына сәйкес (25.02.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Авиациялық әскери бөлімнен (ӘҚБ органынан) ӘҚБ БТ құрамы ұшу нұсқаларына, авиациялық әскери бөлiм шешетiн мiндеттерге және әуе кемелерi әуе қозғалысының жиiлiгiне байланысты анықталады және авиациялық әскері бөлімнің командирі тағайындайды.
11. Мемлекеттік авиацияның әуе кемелерімен жоспарлы ұшуды орындау кезінде авиациялық әскери бөлімнен (ӘҚБ органынан) ӘҚБ БТ құрамына мыналар тағайындалады:
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 23.07.2015 жылғы № 782 және ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2015 жылғы № 508 Бірлескен бұйрығына сәйкес (25.02.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.06.2019 жылғы № 360 және ҚР Қорғаныс министрінің 14.06.2019 жылғы № 467 Бірлескен бұйрығына сәйкес (23.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) ұшу басшысы (бұдан әрі - ҰБ);
2) ұшу басшысының көмекшісі (бұдан әрі - ҰБК);
3) таяу аймақтың басшысы (бұдан әрі - ТАБ);
4) қону аймағының басшысы;
5) алыс аймақ басшысы (әскери басқару офицері) (бұдан әрі - ААБ).
11-1. ӘҚҚ органынан (қызметінен) ӘҚБ БТ құрамына әуеайлақтық диспетчерлік орталықтың (бұдан әрі - ӘДО) немесе ӘҚҚ органының (қызметінің) кезекші ауысымының әуеайлақ ауданы диспетчерлік пунктінің (бұдан әрі - ӘАДП) персоналы кіреді. Әуе кеңістігінің құрылымына байланысты ӘҚБ БТ құрамына аралас әуе қозғалысында жауапкершілік ауданында ұшу жүргізілетін ӘҚҚ аралас пункттерінің диспетчерлері де кіруі мүмкін, олар ӘҚБ БТ басшысына жедел бағынады.
Қағида 11-1-тармақпен толықтырылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 23.07.2015 жылғы № 782 және ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2015 жылғы № 508 Бірлескен бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 11-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.06.2019 жылғы № 360 және ҚР Қорғаныс министрінің 14.06.2019 жылғы № 467 Бірлескен бұйрығына сәйкес (23.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12. ӘҚҚ органының (қызметінің) ӘДО диспетчерлік пункттерінің (ӘАДП) және әскери бөлімнің ӘҚҚ органы мемлекеттік авиацияны басқару пункттерінің арасында әуе қозғалысына қызмет көрсету және басқаруды үйлестіру құжатталған ақпарат құралдарымен қамтамасыз етілген байланыс арналары арқылы жүзеге асырылады.
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 23.07.2015 жылғы № 782 және ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2015 жылғы № 508 Бірлескен бұйрығына сәйкес (25.02.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Байланыс арналары арқылы таратылатын барлық келіссөздер мен хабарламалардың құжатталған ақпараты 30 күнтізбелік күн бойы сақталады.
13. Тиесілігі бойынша мемлекеттік авиацияға жататын бірлесіп орналастыру әуеайлақтарында ӘҚБ БТ басшысы:
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 23.07.2015 жылғы № 782 және ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2015 жылғы № 508 Бірлескен бұйрығына сәйкес (25.02.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.06.2019 жылғы № 360 және ҚР Қорғаныс министрінің 14.06.2019 жылғы № 467 Бірлескен бұйрығына сәйкес (23.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) жоспарлы мемлекеттік авиация әуе кемелерінің ұшуларын және азаматтық әуе кемелерінің ұшуларын бір мезгілде жүргізу кезінде – азаматтық авиация ҰБ, мемлекеттік авиация ҰБ ӘҚБ БТ басшысының көмекшісі;
2) азаматтық әуе кемелерінің әуе қозғалысына және олармен бірге орындалатын мемлекеттік әуе кемелерінің жекелеген ұшуына (ұшып өтуіне) қызмет көрсету кезінде - азаматтық авиация ҰБ, мемлекеттік авиация ҰБ ӘҚБ БТ басшысының көмекшісі болып табылады.
Тиесілігі бойынша азаматтық авиацияға жататын бірлесіп орналастыру әуеайлақтарында ӘҚҚ органының (қызметінің) ҰБ (аға диспетчері) ӘҚБ БТ басшысы болып табылады, ал авиациялық әскери бөлімнің (ӘҚБ органының) ҰБ ӘҚБ БТ басшысының көмекшісі болып табылады.
14. Мемлекеттік және азаматтық авиация әуе кемелерiнiң бiр мезгiлдегi ұшуына тiкелей басқару жасауды авиациялық әскери бөлiм (ӘҚБ органы) мен азаматтық авиация ӘҚҚ органы (қызметі) өкiлдерi ӘҚБ БТ басшысының жалпы басқаруымен жүзеге асырады. ӘҚБ БТ басшысы өз жауапкершілігі аймағында әуе кемелерінің әуе қозғалысына тікелей қызмет көрсетуді (ұшуды басқаруды) ұйымдастырады және әуе кемелерінің әуе қозғалысына қызмет көрсетуді (ұшуды басқаруды) үйлестіреді.
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 23.07.2015 жылғы № 782 және ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2015 жылғы № 508 Бірлескен бұйрығына сәйкес (25.02.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
14-1. Мемлекеттік және азаматтық авиация әуе кемелерiнiң бiр мезгiлдегi ұшуын орындау кезінде әуе кеңістігін пайдаланудағы басымдық Заңының 25-бабына сәйкес беріледі.
Қағида 14-1-тармақпен толықтырылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 23.07.2015 жылғы № 782 және ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2015 жылғы № 508 Бірлескен бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
15. Бірлесіп орналастыру әуеайлағы ауданында мемлекеттік және азаматтық авиация әуе кемелерiнiң бiр мезгiлдегi ұшуын орындау кезінде әуе қозғалысына қызмет көрсетуді (ұшуды басқару) олар үшін жауапкершілік аймақтарында белгіленген шекараларда ӘҚҚ (ӘҚБ) органы жүзеге асырады:
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 23.07.2015 жылғы № 782 және ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2015 жылғы № 508 Бірлескен бұйрығына сәйкес (25.02.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.06.2019 жылғы № 360 және ҚР Қорғаныс министрінің 14.06.2019 жылғы № 467 Бірлескен бұйрығына сәйкес (23.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) ұшу және қону аймағында:
мемлекеттік авиацияның ҰБ немесе ҰБК және азаматтық авиация ӘҚҚ органының (қызметінің) ӘДО (ӘАДП) диспетчері - көзбен көрiнетiн шекте;
мемлекеттік авиацияның ұшу және қону аймағының басшысы мен азаматтық авиация ӘҚҚ органының (қызметінің) ӘДО (ӘАДП) диспетчері – қону бағытындағы ҰҚЖ осінен +/- 25 градус секторында және ҰҚЖ басынан 60 км қашықтықта.
2) ұшу және қону аймағының басшысы және азаматтық авиация ӘҚҚ органының (қызметінің) ӘДО (ӘАДП) диспетчері - таяу аймақта (әуеайлақтың бақылау нүктесiнен 50-60 км радиуста) мемлекеттік авиацияның ТАБ немесе таяу аймақтың штаттық басшысы жоқ болмаған кезде;
3) мемлекеттік авиацияның ААБ әскери басқару офицері мен азаматтық авиацияның жақындау диспетчері - алыс аймақта (әуеайлақтың бақылау нүктесінен 75 км қашықтықтан және әуеайлақ ауданында ҰЖН белгіленген шекараға дейін).
ӘҚБ БТ құрамына кіретін ӘҚҚ органының (қызметі) диспетчерлік пункттерінің жауапкершілік аймақтары және әуе қозғалысына қызмет көрсететін қабылдау-өткізу шекарасы тиісті диспетчерлік пунктер қызметін регламенттейтін технологияға сәйкес белгiленедi.
15-1. Жергілікті орналастыру жағдайларына және әуе қозғалысына қызмет көрсетуді (ұшуды басқару) ұйымдастыру ерекшеліктеріне қарай әуеайлақ ауданында ұшуды жүргізу нұсқаулықтарында әуе қозғалысына қызмет көрсету (ұшуды басқару) аймақтарының осы Қағидаларының 15-тармағында көрсетілгеннен өзге шекаралары белгіленуі мүмкін.
Қағида 15-1-тармақпен толықтырылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 23.07.2015 жылғы № 782 және ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2015 жылғы № 508 Бірлескен бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
16. ӘҚБ БТ басшысы мен ӘҚБ БТ басшысының көмекшісі ұшудың қауіпсіздігін, тұрақтылығын және үнемділігін қамтамасыз етеді.
16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 23.07.2015 жылғы № 782 және ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2015 жылғы № 508 Бірлескен бұйрығына сәйкес (25.02.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
17. Осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес ӘҚБ БТ ұйымдастырылған бірлесіп орналастыру әуеайлағындағы авиациялық әскери бөлімде жоспарлы ұшу болмаған кезде және мемлекеттік авиация әуе кемелерінің (тікұшақтар мен әскери-көлік ұшақтарын қоспағанда) жекелеген ұшуы немесе ұшып өтуі ғана болған кезде авиациялық әскери бөлім атынан ӘҚБ БТ құрамына:
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 23.07.2015 жылғы № 782 және ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2015 жылғы № 508 Бірлескен бұйрығына сәйкес (25.02.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.06.2019 жылғы № 360 және ҚР Қорғаныс министрінің 14.06.2019 жылғы № 467 Бірлескен бұйрығына сәйкес (23.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) әуе кемелерiн қабылдау және шығару жөнiндегi кезекшi;
2) ұшу және қону аймағының басшысы немесе таяу аймақ басшысы тағайындалады.
ӘҚҚ органынан ӘҚБ БТ құрамына ӘҚҚ диспетчерлерiнiң кезекшi ауысымы толық құрамда тағайындалады.
ӘҚБ БТ басшысы ӘҚҚ органының ҰБ (аға диспетчер), ал әуе кемелерiн қабылдау және шығару жөнiндегi кезекшi – оның көмекшiсi болып табылады.
18. Мемлекеттiк авиацияның әуе кемелерi қозғалысын таяу аймақта және ұшу-қону аймағында басқару, әдетте, ерекше жоғары жиiлiктi (бұдан әрi - ЕЖЖ) радиобайланыстың әртүрлi жиiлiктерiнде жүзеге асырылады. Әскери әуе кемелерiнiң ұшуын таяу аймақта және ұшу-қону аймағында басқару ЕЖЖ радиобайланыстың бiр жиiлiгiнде жүзеге асырылады.
3-тарау. Ұшуды әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.06.2019 жылғы № 360 және ҚР Қорғаныс министрінің 14.06.2019 жылғы № 467 Бірлескен бұйрығына сәйкес (23.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
19. Бiрлесiп орналастыру әуеайлағында ұшуды әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес осы әуеайлақта орналасқан мемлекеттік және азаматтық авиация ұйымдарының құралдарымен жүзеге асырылады.
20. Әуеайлақты пайдаланып ұстауға және ағымдағы жөндеуге арналған шығыстар әуеайлақта орналасқан мемлекеттік және азаматтық авиация ұйымдарының арасындағы шарттармен (келiсiмдермен), есептесудiң нақты шарттарын және орындалатын жұмыстар көлемiн көрсетiп ресiмделедi.
21. Жасалған шарттардың (келiсiмдердiң) негiзiнде әуеайлақты ұстау және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды орындау үшiн әуеайлақта орналасқан мемлекеттік және азаматтық авиация ұйымдарының қажеттi жеке құрамы мен техникасы бөлiнедi.
22. Көлiктiң ұшу алаңы, перрон және әуеайлақ бойынша қозғалысы нормативтiк құқықтық актілердiң талаптарына сәйкес ұйымдастырылады.
23. Ұшу алаңында жұмыстар жүргiзу осы әуеайлақтың мемлекеттік және азаматтық авиация ұйымдарының басшылары бекiтетiн, әуеайлақтың ӘҚБ БТ ұшуын қамтамасыз ететiн әуеайлақтық және басқа қызметтердiң өзара iс-қимыл тәртiбiнiң талаптарына сәйкес ұйымдастырылады.
24. Бiрлесiп орналастыру әуеайлағын жөндеуге жабу әуеайлақта орналасқан мемлекеттік және азаматтық авиация ұйымдарының басшылары арасында алдын ала келiсiлген жоспар бойынша жүзеге асырылады.
25. Азаматтық авиацияда пайдаланылатын әуеайлақтар (тікұшақ әуеайлақтары), сондай-ақ бірлесіп пайдалану және орналастыру әуеайлақтары азаматтық авиация әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) пайдалануға қойылатын жарамдылық нормаларына сәйкес келуі тиіс.
26. Күрделі шығындарды талап өтетін бірлесіп орналастыру әуеайлақтарындв навигацияның және қонудың объектілерін салу (қайта жаңарту) жөніндегі жұмыстарды объектілер тиесілі ұйымдар ұйымдастырады.
26-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 23.07.2015 жылғы № 782 және ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2015 жылғы № 508 Бірлескен бұйрығына сәйкес (25.02.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4-тарау. Байланысты, ұшуды радиотехникалық және электржарықтехникалық қамтамасыз етудi ұйымдастыру тәртібі
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.06.2019 жылғы № 360 және ҚР Қорғаныс министрінің 14.06.2019 жылғы № 467 Бірлескен бұйрығына сәйкес (23.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
27. Балансында ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және байланыс жабдығы бар бөлімше басшысы бірлесіп орналастыру әуеайлақтарында жабдықтың баланстық тиесілігі шегінде ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етуді және байланысты ұйымдастырады.
27-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 23.07.2015 жылғы № 782 және ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2015 жылғы № 508 Бірлескен бұйрығына сәйкес (25.02.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
28. Ұшуды және байланысты РТҚ жер бетiндегi құралдары осы жабдықты пайдаланудың белгіленген тәртiбiне сәйкес орналастырылады.
28-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.06.2019 жылғы № 360 және ҚР Қорғаныс министрінің 14.06.2019 жылғы № 467 Бірлескен бұйрығына сәйкес (23.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
29. Ұшуды және байланысты РТҚ құралдарын бiрлесiп пайдалану, оларды дайындықта ұстау осы әуеайлақта орналасқан ұйымдар арасындағы шарттар мен келiсiмдер негiзiнде жүзеге асырылады және Әуеайлақ ауданында ұшуды орындау жөнiндегi нұсқаулықта белгiленген тәртiппен регламенттеледі, онда бұдан басқа:
1) әуеайлақта ұшудың және байланыстың РТҚ ұйымдастыру сызбасы;
2) ұшуды және байланысты РТҚ негiзгi және резервтiк құралдары, объективтi бақылау құралдары, электрмен қоректендiру көздерi;
3) қызметтердiң өзара iс-қимыл тәртiбi, олардың жұмыс режимі көрсетiледi.
30. Шарттар мен келісімдерде келісілген ұшу және байланыс РТҚ құралдарының Шарттар мен келісімдерде келісілген профилактикалық және жоспарлы регламенттiк жұмыстарын, сондай-ақ оларды ауыстыруды және күрделi немесе орташа жөндеудi әуеайлақта орналасқан мемлекеттік және азаматтық авиация ұйымдарының басшыларымен келiсiлген жоспарлар бойынша олардың иелерi жүргiзеді.
30-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 23.07.2015 жылғы № 782 және ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2015 жылғы № 508 Бірлескен бұйрығына сәйкес (25.02.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
31. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
31-тармақ алынып тасталды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 23.07.2015 жылғы № 782 және ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2015 жылғы № 508 Бірлескен бұйрығымен (25.02.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
32. Техникалық жай-күйдi тексерудiң және ұшып тексерудiң актілерін, оларға қажеттi қосымшаларымен бiрге, әуеайлақта орналасқан ұшуды және байланысты РТҚ құралдары тиесiлi ұйымдардың басшылары бекiтедi.
Бiрлесiп орналасу әуеайлақтарындағы ұшуды және байланысты РТҚ жер бетiндегi құралдарының ұшып тексерудiң уақтылығына, толықтығына және оған дайындығына құралдардың тиесiлiгiне қарай авиациялық бастықтар - мемлекеттік және азаматтық авиация РТҚ мен байланыс құралдарын пайдалану қызметтерiнiң бастықтары қамтамасыз етеді.
33. Бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарындағы ұшу және байланыс РТҚ жерүсті құралдарын техникалық пайдалану Заңның 34-бабының талаптарына сәйкес ұйымдастырылады.
33-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 23.07.2015 жылғы № 782 және ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2015 жылғы № 508 Бірлескен бұйрығына сәйкес (25.02.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Бірлесіп орналастыру әуеайлақтарындағы РТҚ және байланыс құралдарына техникалық қызмет көрсетуді тиісті шарттар негізінде басқа ұйымның мамандары жүзеге асырады.
34. Осы әуеайлақта орналасқан ұйымдардың ұшы мен байланысын РТҚ жердегі құралдарын пайдалану мемлекеттік және азаматтық авиация ұйымдары арасындағы шарттар негізінде ұшу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
35. Мемлекеттік және азаматтық авиация ұйымдары шарттар немесе келісімдерде келісілген өзінің радиотехникалық құралдарын пайдаланудан екінші тараппен келісім бойынша шығарады.
35-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 23.07.2015 жылғы № 782 және ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2015 жылғы № 508 Бірлескен бұйрығына сәйкес (25.02.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
36. Бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарында әуеайлақ (аэроторап) ауданында ӘҚБ-ның авиациялық радиобайланыс арналары осы әуеайлақта орналасқан ұйымдардың қаржысы есебінен ұйымдастырылады. Оларды мемлекеттiк авиацияның үлгi схемасы бойынша толық жабдықтау Заңның 66-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес авиациялық әскери бөлiмдердiң күшiмен және қаражатымен жүзеге асырылады.
36-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 23.07.2015 жылғы № 782 және ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2015 жылғы № 508 Бірлескен бұйрығына сәйкес (25.02.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
37. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
37-тармақ алынып тасталды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 23.07.2015 жылғы № 782 және ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2015 жылғы № 508 Бірлескен бұйрығымен (25.02.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
38. Тұрақты жарық-техникалық жабдықты азаматтық авиация ұйымы азаматтық әуеайлақтардың пайдалануға жарамдық нормаларының талаптарына сәйкес орнатады. Оларды мемлекеттiк авиацияның үлгi сызбасы бойынша жабдықтай түсу мемлекеттік авиация әуеайлақтарының пайдалануға жарамдық нормаларының талаптарына сәйкес мемлекеттік авиация ұйымдарының күшімен және қаражатымен жүзеге асырылады. Жылжымалы жарық-техникалық жабдықты осы жабдық тиесiлi ұйымдардың мамандары орнатады және пайдаланады.
5-тарау. Әуе кемелерiне инженерлік-авиациялық қызмет көрсету тәртібі
5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.06.2019 жылғы № 360 және ҚР Қорғаныс министрінің 14.06.2019 жылғы № 467 Бірлескен бұйрығына сәйкес (23.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
39. Бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарында әуе кемелерiне инженерлiк-авиациялық қызмет көрсету осы әуеайлақта әуе кемелерi орналасқан ұйымдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
40. Әуе кемелерi әуеайлақта орналасқан ұйымдардың инженерлiк-авиациялық қызметтерi арасындағы әуе кемелерiн техникалық пайдалану мәселелерi бойынша өзара iс-қимылдар шарттарға (келiсiмдерге) сәйкес жүзеге асырылады.
6-тарау. Әуеайлақты күзету және қорғау тәртібі
6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.06.2019 жылғы № 360 және ҚР Қорғаныс министрінің 14.06.2019 жылғы № 467 Бірлескен бұйрығына сәйкес (23.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
41. Қазақстан Республикасының бiрлесiп орналастыру әуеайлағы объектiлерiн күзету және әуеайлақтарын қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасына және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) ұсынымдарына сәйкес қамтамасыз етiледi.
42. Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының әуе кемелерiн және объектiлерiн күзету әуеайлақтың ұшу алаңына, ұшақтар мен тiкұшақтарға, әуе кемелерiнiң ұшуын қамтамасыз ететiн объектiлерге, сондай-ақ оларға ену бақыланатын ғимараттар мен үй-жайларға бөгде адамдардың өтуiн болдырмайтын тәртiптi қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылады.
43. Әуеайлақтың әуе кемелерi мен объектiлерiн күзетудi азаматтық авиация ұйымдары дербес немесе күзет қызметi субъектiлерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
44. Әуеайлақта орналасатын мемлекеттік және азаматтық авиация ұйымдарының басшылары бiрлесiп орналастыру әуеайлағының әуе кемелерiн, объектiлерiн және қорғанысын күзету жоспарын бiрлесе әзiрлейдi және бекiтедi.
45. Авиациялық техникада жұмыс iстеу кезiнде тұрақтарда орналасқан әуе кемелерiнiң, жабдықтардың және мүлiктердiң сақталуына осы әуе кемесiне қызмет көрсететiн инженерлiк-техникалық құрамы жауапты болады.
46. Күзетке алынған әуе кемелерiнiң, соның iшiнде ұшып өтетiндерiнiң тұрақ орнына экипаждар мен қызмет көрсетушi персоналды жiберу Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
7-тарау. Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз етудi ұйымдастыру тәрті
7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.06.2019 жылғы № 360 және ҚР Қорғаныс министрінің 14.06.2019 жылғы № 467 Бірлескен бұйрығына сәйкес (23.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
47. Бiрлесiп орналастыру әуеайлағында мемлекеттiк авиацияның ұшуын метеорологиялық қамтамасыз ету мемлекеттік авиацияның штаттық метеорологиялық бөлiмшелерi нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіпте жүзеге асырады.
47-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.06.2019 жылғы № 360 және ҚР Қорғаныс министрінің 14.06.2019 жылғы № 467 Бірлескен бұйрығына сәйкес (23.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Бiрлесiп орналастыру әуеайлағында азаматтық авиацияның ұшуын метеорологиялық қамтамасыз етуді аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілер жүзеге асырады.
48. Әуеайлақта тек бiр ғана метеорология бөлiмшесi бар болғанда, ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету осы бөлiмше Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарттардың негiзiнде әуе кемелерiнiң мемлекеттiк және азаматтық авиацияға тиесiлiгiне қарамастан жүзеге асырады.
49. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
49-тармақ алынып тасталды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.06.2019 жылғы № 360 және ҚР Қорғаныс министрінің 14.06.2019 жылғы № 467 Бірлескен бұйрығына сәйкес (23.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
50. Мемлекеттік және авиацияның метеорологиялық бөлiмшелерi өзара қарым-қатынаста жұмыс iстейдi және метеорологиялық ақпаратпен тұрақты алмасуды және ҰБ мен диспетчерлерге әуе кемелерiнiң экипаждарына жiберiлетiн метеорологиялық бақылаулардың нәтижелерiн берудi жүзеге асырады. Метеорология бөлiмшелерiнiң арасында тікелей телефон не дауыс зорайтқыш байланысы орнатылады.
50-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.06.2019 жылғы № 360 және ҚР Қорғаныс министрінің 14.06.2019 жылғы № 467 Бірлескен бұйрығына сәйкес (23.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |