• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 06.06.1997 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 2 шiлде 1992 ж. N 575. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.06.06. N 934 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қорғаныс комитетiн Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi етiп қайта құру туралы" 1992 жылғы 7 мамырдағы N 738 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi туралы ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр). 
2.  
#$2-тармақтың күшi жойылды - ҚРМК-нiң 12.01.1993. № 30
       қаулысымен.  
3.  
#$3-тармақтың күшi жойылды - ҚРМК-нiң 26.01.1993. № 65
       қаулысымен.  
4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне Министрдiң 9 орынбасары, оның iшiнде 3 бiрiнші орынбасар және 19 адамнан құралатын алқасы болуына рұқсат етiлсiн. 
5. Қорғаныс министрлiгiнiң аппаратын орналастыру бұрынғы Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қорғаныс комитетiнiң үйiнде және Тимирязев көшесiндегi 48, Байзақов көшесiндегi 300, Правда көшесiндегi (10040 әскерлер бөлiмiнiң басқармасы) үйлерде жүзеге асырылсын. 
6. Қазақстан Республикасының Материалдық ресурстар министрлiгi белгiленген тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне қажеттi материалдық-техникалық ресурстар бөлiнуiн қамтамасыз етсiн. 
7. Республикалық валюта комитетi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң құзырына жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру үшiн жыл сайын валюта қаржысы бөлiнуiн көздейтiн болсын. 
8. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлігi мен Ұлттық хауiпсiздiгi комитетi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң өтiнiмi бойынша қажеттi мөлшерде байланыс арналарын, сондай-ақ телефон, телекс және телефакс оның iшiнде үкiметтiк, халықаралық байланыс құралдарын бөлсiн. 
9. Қарулы күштер жөнiнде Қазақстан Республикасының нормативтi актiлерi қабылданғанға дейiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Бiрiккен Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерiне көзделген ақшалай үлес, әлеуметтiк-хұқылық қорғау жөнiндегi жеңiлдiктер мен басқа да жеңiлдiктер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери қызметшiлерiне сақталсын. 
Тәуелсiз мемлекеттер Достастығы Бiрiккен Қарулы Күштерi қызметкерлерiнiң тиiстi категорияларына көзделген еңбекке ақы төлеу шарттары Қорғаныс министрлiгi орталық аппаратының жұмысшылары мен қызметшiлерiне қолданылсын. 
10. Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттiк қорғаныс комитетiнiң Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар басқармасы негiзiнде Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабы құрылсын.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрiне штабтар мен
азаматтық қорғаныс бөлiмдерi әскери қызметшiлерiнiң мiндеттi әскери
қызметтi өткеру мәселелерiн шешу хұқы берiлсiн.
     Азаматтық қорғаныс штабы аппаратын қаржыландыру республикалық
бюджет есебiнен жүзеге асырылсын.
     11. Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң "Қазақ КСР Мемлекеттiк
Қорғаныс комитетiн құру туралы" 1991 жылғы 20 қарашадағы N 712
қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
        Қазақстан Республикасының
           Премьер-министрi
                                             Қазақстан Республикасы
                                             Министрлер Кабинетiнiң
                                             1992 жылғы 2 шiлдедегi
                                                N 575 қаулысына
                                                   қосымша
          Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi аппаратының
            лауазымды адамдары мен қызметкерлерi жалақыларының
                          С Х Е М А С Ы
Министр                                                     7000
Министрдiң бiрiншi орынбасарлары                            6500
Министрдiң орынбасарлары                                    6000
Штаб бастығының бiрiншi орынбасары                          5800
Басқармалар бастықтары                                      5500
Басқармалар бастықтарының орынбасарлары,
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң
ТМД Бiрiккен Қарулы Күштерiндегi өкiлдерi                   5300
Бөлiм және қызмет бастықтары, кеңесшiлер                  4500-5000
Әскери алқаның хатшысы                                      4800
Бөлiм және қызмет бастықтарының орынбасарлары             4200-4500
Бөлiмше, топ және бағыт бастықтары                        3900-4200 
Кеңсе бастығы, әскери цензура бастығы                     3600-3900
Аға офицер                                                3600-3900
Офицер                                                    3200-3600
Қорғаныс министрiнiң аға адъютанты                           3600
Әскери автоинспекция бастығы                                 3400
Комендант, адъютант, инспектор, дәрiгерлiк
пункт бастығы, ақпарат және бақылау бөлiмiнiң
бастығы, оркестр қызметiнiң бастығы                          3200
Әскери алқа хатшысының орынбасары                      4000
Бас маман                                            3400-3700
Жетекшi маман                                        2900-3200
I категориялы маман                                  2500-2700
II категориялы маман                                 2200-2500
Маман                                                1800-2100
Архив, кеңсе, iс жүргiзу, аптека меңгерушiлерi       1600-2000
Мәшине бюросының меңгерушiсi                         1400-1800
Аға инспектор                                        1400-1800
Қойма, шаруашылық, экспедиция меңгерушiлерi,
инспектор, кассир                                    1200-1600
Комендант, үйлердi бақылаушы-техник                  1200-1400
I категориялы мәшинесшi                              1200-1400
II категориялы мәшинесшi                             1100-1300
Iс жүргiзушi, архивариус                             1100-1200
Экспедитор                                           1000- 1100            
   
      Қорғаныс министрлiгi орталық аппаратының жұмысшылары
мен қызметшiлерiне ерекше жұмыс режимi үшiн лауазымдық жалақысынан
30 процентке дейiнгi мөлшерде үстемеақы төленедi. Ерекше жұмыс режимi
мен үстемеақы мөлшерiн басшы белгiлейдi.
     Сыйлық және материалдық көмек төлеудi есептеу кезiнде айлық
лауазымды жалақы аталған үстемеақыны ескерiп анықталады.
     Мамандарға категория беру хұқы басшыға берiлген.
                                         Қазақстан Республикасы
                                                Министрлер Кабинетiнiң
                                                1992 жылғы 2 шiлдедегi
                                                  N 575 қаулысымен 
                                                    Бекiтiлген
               Қазақстан Республикасының Қорғаныс                       министрлiгi туралы 
                 Е Р Е Ж Е 
I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн (1) басқаратын орган болып табылады. 
<1> Осы арада және мұнан әрi Қазақстан Республикасы Армиясы: құрлықтағы әскер; әуе шабуылына (ғарыштық) қарсы қорғаныс әскерi; әскери-әуе күштерi; әскери-теңiз флотының бөлiмшелерi, сондай-ақ жауынгерлiк қамтамасыз ету, көлiктiк және материалдық-техникалық жабдықтау құрамалары мен бөлiмдерi туралы айтылады. 
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Қарулы Күштердiң жағдайы мен дамуы, олардың Қазақстан Республикасының егемендiгi мен территориялық тұтастығын қорғау үшiн үнемi жауынгерлiк және жұмылдырушылық жағынан әзiр болуы үшiн жауап бередi. 
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қорғаныс мәселелерi жөнiндегi келiсiмдердiң қағидаларын және осы Ереженi басшылыққа алады. 
Қорғаныс саясаты мәселелерiнде Қорғаныс министрлiгi Бiрiккен
Қарулы Күштердiң Бас қолбасшылығымен, Достастыққа қатысушы елдердiң
қорғаныс министрлiктерiмен (комитеттерiмен) өзара iс-қимыл жасайды.
     Қазақстан Республикасының Қорғаныс Күштерiне басшылықты 
Жоғарғы Бас қолбасшы - Қазақстан Республикасының Президентi жүзеге
асырады. 
     Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiн Қазақстан
Республикасының Қорғаныс министрi басқарады, ол Қазақстан 
Республикасының Қарулы Күштерiне тiкелей басшылық жасауды жүзеге
асырады.
      
               II. Қазақстан Республикасы Қорғаныс
                     министрлiгiнiң мiндеттерi
     3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi:
     әскери доктринаны әзiрлеуге қатысады;
Қарулы Күштердi дамытудың жоспарлы жобалары мен оларды қолданудың оралымды жоспарын, қару-жарақ пен әскери техниканы дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын, сондай-ақ қорғаныс мұқтажына қаржы бөлу туралы ұсыныстар әзiрленiп, Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне бередi; 
мемлекетте бiртұтас әскери-техникалық саясат жүргiзедi, қару-жарақты, әскери техника мен басқа да әскери мүлiктi жасау, өндiру мен жөндеу жөнiндегi мемлекеттiк тапсырушы болып табылады, олардың әзiрленуiне, сынақтан өткiзiлуiне, өндiрiлуi мен сапасына бақылау жасауды жүзеге асырады; 
әскери ғылымның дамуына басшылық жасайды, әскери-ғылыми зерттеулердi ұйымдастырады және жүргiзедi; 
Қарулы Күштер мен әскер түрлерiнiң жеке құрамның санын белгiлейдi, өз құзырының шегiнде әскери кадрларды даярлау мен орналастыруды жүзеге асырады; 
адам ресурстарын тиiмдi пайдалана отырып, Қарулы Күштердi ұстауға бөлiнген қаржы мен материалдық құралдардың ұтымды жұмсалуын қамтамасыз етедi; 
халық шаруашылығының жұмылдырушылық даярлығын ұйымдастыруға және халық шаруашылығындағы кәсiпорынның, мекеменiң және ұйымның белгiленген жұмылдырушылық мiндеттердi орындауын бақылауға басшылық жасайды; 
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы негiзiнде әскери оқытудан өткен резервтердi даярлау мен қайта даярлауды жоспарлайды және ұйымдастырады; 
Қазақстан Республикасы мен Достастық елдерiнiң қорғаныс құрылысында әскери саясатты қалыптастыруға қатысады, мемлекеттiк қорғаныстың жеткiлiктi деңгейiн айқындайды; 
азаматтарды мiндеттi әскери қызметке шақырады және белгiленген әскери қызмет мерзiмiн атқарған әскери қызметшiлердi запасқа шығарады, резервтегiлердi жиынға шақырады, сондай-ақ жұмылдыру бойынша азаматтарды әскери қызметке шақырады; 
Қарулы Күштердегi әскери қызметшiлердiң әлеуметтiк және хұқықтық кепiлдiгiн қамтамасыз етедi, оларды керек-жарақтың барлық түрiмен жабдықтайды, офицерлiк құрамдағы адамдарға, прапорщиктерге; 
мерзiмiнен тыс қызметтегi әскери қызметтен босатылған әскери қызметшiлерге зейнетақы төлейдi; 
қаза тапқан (өлген) әскери қызметшiнiң отбасыларына қолданылып жүрген заңға сәйкес еңбекке орналастыру, тұрғын үй алу, материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етiлуi жағынан көмек көрсетедi; 
әскери iс-қимыл театрын оралымды жабдықтау жоспарларын әзiрлейдi; 
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң оперативтiк және жауынгерлiк даярлығын ұйымдастырады және бақылайды; 
шетел мемлекеттерiнiң Қарулы Күштерiмен ынтымақтастықты жүзеге асырады; 
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қорғаныс мәселелерi жөнiнде нормативтiк актiлер шығарады және олардың орындалуын бақылайды. 
         III. Қазақстан Республикасы Қорғаныс                    министрлiгiнiң атқаратын қызметтерi 
4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай қызметтер атқарады; 
Достастыққа қатысушы мемлекеттердiң Қорғаныс министрлерiнiң (комитеттерi төрағаларының) Кеңесiнде өкiлдiк етедi; 
Достастыққа қатысушы басқа мемлекеттердiң қорғаныс министрлiктерiмен (комитеттерiмен) бiрлесiп, қазiргi бар және болжауға болатын әскери қауiптiң сипаты мен деңгейiне сәйкес келетiн Достастықтың қорғаныс дәрежесiнiң жеткiлiктiлiгiн айқындау үшiн әскери-саяси сипаттағы қажеттi ақпараттар жинақтауды, талдау мен саралауды ұйымдастырады; 
Достастықтың Бiрiккен Қарулы Күштерiнiң әскери саясатын, әскери доктринасын және әскери құрылыс бағдарламасын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеп, қатысушы мемлекеттердiң Қорғаныс министрлерi (комитеттерi төрағалары) Кеңесiнiң қарауына тапсырады; 
Қазақстан Республикасының, Достастыққа қатысушы мемлекеттердiң Қорғаныс министрлерi (комитеттерi) Кеңесiнiң делегациялары мен басқа да өкiлдiктерi құрамында қарусыздану, әскерлер мен флот күштерiн қысқарту, оларды орналастыру мен қолдану, әскери салада сенiм шараларын нығайту мәселелерi бойынша келiссөздер жүргiзуге, халықаралық және көпжақты шарттар жасасу рәсiмдерiне қатысады; 
ұжымдық хауiпсiздiк, әскери және балама қызметке шақыру және одан өту тәртiбi, әскери қызметшiлердiң мәртебесi, жеке құрамның саны мен әскери құрамалар мен бөлiмшелердiң республика аумағындағы орналасатын жерлерiн анықтау, Қарулы Күштер үшiн мамандар даярлау жөнiнде, әскери училищелердiң, әскери кафедралардың қызметiн ұйымдастыру мәселелерi бойынша ұсыныстар мен заң құжаттарының жобаларын әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Жоғарғы Кеңес пен Министрлер Кабинетiнiң,Достастықтың Қорғаныс министрлерi (комитеттерi төрағалары) Кеңесiнiң қарауына енгiзедi; 
Достастықтың Бiрiккен Қарулы Күштерi қолбасшылығының Қазақстан Республикасының территориясында ядролық, химиялық қаруды және жаппай қырып-жоятын қару-жарақтың басқа да түрлерiн орналастыруға және жоюға, сондай-ақ қару-жарақтың кәдiмгi түрлерiн сынау мен жетiлдiруге қатысты ұсыныстарын әзiрлеп Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынады; 
Қорғаныс мақсатында жоспарланған және өткiзiлетiн шаралар мен шекарадағы iс жағдайы туралы Достастықтың Бiрiккен Қарулы Күштерiнiң Бас қолбасшылығымен (Достастыққа қатысушы мемлекеттердiң қорғаныс министрлiктерiмен (комитеттерiмен) өзара хабарлар алмасуды қамтамасыз етедi; 
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Қарулы Күштер бiрлестiктерiн, құрамалары мен бөлiмшелерiн оралымды қолдану жоспарларын Бiрiккен Қарулы Күштердiң қолбасшылығымен келiсiп отырады, олардың орындалуын бақылайды және үйлестiредi; 
басқару органдарын оралымды даярлау жоспарын әзiрлейдi; республиканың Қарулы Күштерi бiрлестiктерiнiң, құрамалары мен бөлiмшелерiнiң оперативтiк және жауынгерлiк әзiрлiк шараларының жоспарлануы мен орындалуына ұйымдық-әдiстемелiк басшылықты қамтамасыз етедi; 
әскерлердiң оқу-жаттығуы және басқа да оперативтiк әзiрлiк жүргiзу мақсатында өткiзiлетiн Достастықтың Бiрiккен Қарулы Күштерiнiң құрамалары мен бөлiмдерiнiң Қазақстан Республикасы аумағында орын алмастырылуын үйлестiредi және оған бақылауды ұйымдастырады; 
Қазақстан Республикасында қорғаныс шараларын басқару мен байланыс жүйелерiнiң материалдық базасын жасау, дамыту мен басқарудың қосалқы пункттерiнiң тұрақты және жылжымалы құрылысын жүргiзу мен жаңғырту жөнiндегi жұмысты бақылап, бағыттайды; 
жұмылдырушылық жұмыстың даярлануы мен өткiзiлуiн жоспарлап, бақылайды, Қарулы Күштердiң мүддесiне орай адамдар мен халық шаруашылық ресурстарының есебiн және даярлығын ұйымдастырады; 
әскери мiндеттiлердi шақыру мен Қарулы Күштерге халық шаруашылығынан техника беру жөнiндегi жұмылдырушылық жоспарлар мен шараларды әзiрлейдi; әскери комиссариаттардың осы жұмысты жүргiзуiн ұйымдастырады және оған басшылық жасайды; 
Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша Қарулы Күштерге адам, көлiк және материалдық-техникалық ресурстар жұмылдыруды жүргiзедi; 
ядролық қарумен рұқсат етiлмеген iс-қимыл жасауға жол бермеу шараларын әзiрлеп, ұйымдастырады, сондай-ақ олардың орындалуын бақылайды; 
Жоғары Бас қолбасшының бұйрығына сәйкес Достастықтың Бiрiккен Қарулы Күштерiнiң қолбасшысымен өзара iс-қимыл жасай отырып, стратегиялық ядролық күштердi жауынгерлiк басқаруды жүзеге асырады; 
Стратегиялық күштердiң қолбасшылығымен бiрлесiп Достастықтың ядролық стратегиясының негiзiн әзiрлейдi, Стратегиялық күштердi жауынгерлiк қолданудың жоспарлануын жүзеге асырады; 
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан әскери-өнеркәсiптiк кешен кәсiпорындарының есебiн жүргiзедi; 
республикадағы халық шаруашылығының жұмысын әскери уақыттың жұмыс тәртiбiне көшiру жөнiндегi министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және ведомстволардың жұмысын бақылайды; 
әскери -теория мәселелерiнiң әзiрленуiн ұйымдастырады; 
әскери-ғылыми, ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық, рационализаторлық және өнертабыстық жұмыстарға басшылық етедi, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде осы жұмыстардың жоспарлануы мен үйлестiрiлуiн жүзеге асырады, ғылыми-техникалық ақпарат пен ендiрмелердi қамтамасыз етедi; 
Достастық мемлекеттерi мен Қазақстан Республикасының қорғаныс мүддесiне орай мүдделi ұйымдармен бiрлесiп, ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ) жүргiзуге қатысады; 
әскери өнiмдердi сатып алу және өткiзу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; 
Қазақстан Республикасының Қорғаныс өнеркәсiбiн конверсиялау бағытын айқындауға ұсыныс әзiрлейдi және осы жұмысқа қатысады; 
Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылысы мен дамуының, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техника жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламалардың жобасын, қорғаныс мұқтажына жұмсалатын қаржы туралы ұсыныс әзiрлеп, ұсынады; 
әскери техниканы, мүлiктi жасауға, өндiруге және жөндеуге мемлекеттiк тапсырыс бередi, олардың әзiрленуiне, сынақтан өткiзiлуiне, өндiрiлуiне және даярлану сапасына бақылауды жүзеге асырады; 
қару-жарақтың, оқ-дәрi мен әскери техниканың жаңа және жаңғыртылған үлгiлерiн қарулануға (жабдықтау мен пайдалануға) қабылдап алады, сондай-ақ қаруланудан (жабдықтаудан, пайдаланудан) ескiрген үлгiлердi алып тастайды; 
Стратегиялық күштер топтарының құрамы мен жауынгерлiк мүмкiндiктерiне қойылатын оперативтiк-стратегиялық талаптарды айқындайды, әрi оларды ұтымды орналастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi; 
республика Қарулы Күштерi әскери түрлерiнiң оперативтiк құрылымын, жауынгерлiк мүмкiндiктерiн, мiндеттерiн және олардың өз алдына, сонымен қатар Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы әскерлерiмен өзара iс-қимылдарда ұтымды пайдаланылуын айқындайды; 
Қазақстан Республикасының территориясында орналасқан әскери оқу орындарында Қазақстан азаматтарынан әскери кадрлар даярлау процесiн бақылап, бағыттап отырады, Достастыққа қатысушы басқа мемлекеттердiң қорғаныс министрлiктерiмен (комитеттерiмен) келiсiм бойынша Қазақстан азаматтарының республикадан тысқары орналасқан әскери оқу орындарына жiберiлуiн қамтамасыз етедi; 
Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттiк басқару органдарымен, мекемелерiмен және қоғамдық ұйымдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып жастарға әскери және адамгершiлiк тәрбие беру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырып, жүргiзiп отырады; 
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi әскери қызметшiлерiнiң барлық санаттарын хұқықтық даярлауды жоспарлап, ұйымдастырады; 
әскери-оқу орындарына басшылық жасайды, кадрдағы офицерлердi даярлауды жоспарлайды, әскери-оқу орындары үшiн бағдарламалар мен оқу-әдiстемелiк құралдар әзiрлейдi; 
республикадағы бұқаралық қорғаныс және әскери-патриоттық жұмысқа ұйымдық-әдiстемелiк басшылықты қамтамасыз етедi; 
республиканың қорғаныс мүддесiне орай күрделi құрылысты ұйымдастырады және бақылайды; 
республика аумағында радиациялық, химиялық және бактериологиялық зақымдануды анықтау жүйесiн құруға және оның жұмысын қамтамасыз етуге қатысады, гарнизондарға,әскери қалашықтарға, полигондарға, қорғаныс мақсатындағы басқа да объектiлерге мерзiмдi, санитарлық-эпидемиологиялық тексеру жүргiзудi ұйымдастырады; 
Қазақстан Республикасының аумағында орналастырылған сынақ полигондарын, әскери бөлiмшелер мен құрамалар қызметiнiң айналадағы ортаға тигiзген экологиялық зиянын бағамдау мақсатында құрылған арнаулы комиссиялардың жұмысына қатысады; 
кадрлық органдардың жұмысын ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының бөлiмдерi мен мекемелерiнде қолданылып жүрген заңдардың дұрыс iске асырылуын қамтамасыз етедi; 
әскери қызметтi өтеу мәселелерi бойынша Достастыққа қатысушы мемлекеттердiң келiсiмдерi мен шарттарының сақталуы, сондай-ақ әскери қызметшiлердiң олар Бiрiккен Қарулы Күштердiң құрамалары мен бөлiмшелерiнде қызметiн өтеу кезеңiндегi талап-тiлектерiнiң iске асырылу барысын жүзеге асырады; 
Қазақстан Республикасының Президентiне қолбасшылық лауазымдық орындарға тағайындау көзделген генералдар мен офицерлердiң (дивизия командирi, соған тең және одан да жоғары, әскери училищелер бастықтары, полигондардың бастықтары) кандидатураларын ұсынады. 
       IV. Қазақстан Республикасы Қорғаныс                        министрлiгiнiң құрамы 
5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне жүктелгент мiндеттердiң орындалуы үшiн жеке дара жауап бередi; өз өкiлдiгiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, республика Үкiметiнiң шешiмдерiне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады; 
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрiн Республика Конституциясына сәйкес республика Президентi тағайындайды.  
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi республика Қарулы Күштерiнiң Жоғары бас қолбасшысы - Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынады. 
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрiне Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi бағынады. 
#$5-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 29.04.1996.
       N 523 қаулысымен. 
6. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi: 
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Жоғары бас қолбасшысы - Қазақстан Республикасының Президентiне бекiтуге Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiн өз алдына, сонымен қатар Достастықтың Бiрiккен Күштерiнiң құрамында қолдану жоспарын, сондай-ақ жұмылдырушылық жоспарлар мен республика Қарулы Күштерiнiң құрылысы жөнiнде ұсыныстар бередi; 
Қазақстан Республикасының Үкiметiне, Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасының қорғаныс мұқтажына қаржы бөлу туралы ұсыныс енгiзедi және Қарулы Күштердi қару-жарақпен, әскери техникамен, азық-түлiкпен, жанар маймен, басқа да материалдық-техникалық құрал-жабдықпен қамтамасыз ету кредиттерiнiң бағдарламаларының бас өкiмшiсi болып табылады;  
әскер түрлерiнiң оперативтiк жоспарларын бекiтедi; 
қарулануға (жабдықтау мен пайдалануға) қару-жарақтың, оқ-дәрi мен әскери техниканың жаңа және жаңғыртылған үлгiлерiн қабылдап алады, сондай-ақ қаруланудан (жабдықтау, пайдаланудан) ескiрген үлгiлердi шығарады; 
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы негiзiнде әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн атқарған мiндеттi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi Республика Қарулы Күштерiнiң қатарынан босату туралы және азаматтарды мiндеттi әскери қызметке шақыру туралы бұйрық шығарады; 
лауазымға тағайындайды, қызмет бойынша орын алмастыру, әскери атақ беру және офицерлер құрамын Қарулы Күштердiң қатарынан босату мәселелерiн шешедi; 
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жалпы әскери жарғысын бекiтуге Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынады;  
Министрлiктiң құрамына кiретiн басқармалар мен бөлiмдер туралы ереженi бекiтедi, Қорғаныс министрлiгiнiң аппаратындағы генералдар мен офицерлердi қызметке тағайындау және босату туралы бұйрықтар шығарады; 
тiкелей өзiне бағынатын әскер түрлерi бойынша қару-жарақтың, әскери техниканың, күрделi қаржы мен басқа да материалдық-техникалық құрал-жабдықтардың негiзгi түрлерiне жасалатын тапсырыс көлемiнiң бөлiнiсiн бекiтедi;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң басқа мемлекеттердiң
Қарулы Күштерiмен ынтымақтастығын жүзеге асырады;
     Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң шаруашылық және 
қаржылық қызметiне басшылықты жүзеге асырады;
     Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi бойынша бұйрықтар мен
директивалар шығарады.
      6-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.04.29.
              N 523 қаулысымен.
                               
                  V. Қазақстан Республикасы Қорғаныс
                      министрлiгiнiң қолбасшылығы
7. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң орынбасарларын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайды. 
8. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң 9 орынбасары, оның iшiнде 3 бiрiншi орынбасары (штаб бастығы, әскер түрлерiнiң қолбасшылары) және әскери-экономикалық мәселелер (әскери емес адам), кадрлар жөнiндегi, жеке құраммен жұмыс, қару-жарақ және тыл жөнiндегi орынбасарлары болады. 
9. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi жанынан шешiмдердi ақылдасып, түзу үшiн құрамында Қорғаныс министрi (төраға), оның орынбасарлары, жетекшi басқармалардың бастықтары бар коллегия құрылады. Коллегия өткiзген мәжiлiстерiнде әскери басқару органдарының қызметiн жетiлдiру, iстiң орындалуын бақылау, кадрларды iрiктеу,Қорғаныс министрi аппаратының жұмысын жақсарту мәселелерiн қарайды. Басшы қызметкерлердiң есебiн тыңдайды. 
Коллегияның шешiмдерi Қорғаныс министрiнiң бұйрықтарымен iске асырылады. 
10. Штаб бастығы оперативтiк жоспарлау, Қарулы Күштердiң жауынгерлiк және жұмылдырушылық даярлығы, басқаруды ұйымдастыру, бiрлестiктердiң, құрамалардың басқару органдарының оперативтiк және жауынгерлiк даярлығы үшiн, осы Ереже арқылы штабқа жүктелетiн мiндеттер мен мiндеттемелердiң орындалуы үшiн тiкелей жауап бередi. 
Оның Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң бұйрықтарына, сондай-ақ өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес бұйрықтарға, директиваларға және нұсқауларға қол қоюға хұқы бар, ол сондай-ақ бұлардың орындалуын да бақылайды. 
Штаб бастығы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң нұсқауымен республиканың Қарулы Күштерiн тиiстi деңгейдегi жауынгерлiк даярлыққа келтiредi және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн қолдану жоспары мен Қарулы Күштердiң жұмылдырушылық жоспарын iске қосады. 
11. Қорғаныс министрлiгiнiң штабына: 
әскери қимыл театрындағы әскери-саяси ахуалды талдау; 
әскери-саяси мәселелер, сондай-ақ халықаралық және аймақтық хауiпсiздiк, соның iшiнде перспективалық проблемалар жөнiнде тиiстi ұсыныстар дайындау; 
әскери доктрина мен әскери құрылыстың негiзгi қағидалары бойынша ұсыныстарды, республика Қарулы Күштерiн қолдану жоспарын, жұмылдырушылық жоспарын, әскерлердi оперативтi даярлау жоспарын әзiрлеп, оларды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрiне ұсыну; 
республика Қарулы Күштерiнiң жауынгерлiк және жұмылдырушылық даярлығын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жоспарлау мен ұйымдастыру; 
Қарулы Күштердi Басқаруды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң басқару және байланыс жүйесiнiң дамуына басшылық жасау; 
республика аумағын оперативтi жабдықтау жоспарын әзiрлеу; 
әскери барлауды жоспарлау, ұйымдастыру және жүргiзу; 
республика Қарулы Күштерiнiң сыртқы қатынастар мәселелерi жөнiндегi жұмысына басшылық жасау; 
радиоэлектрондық күрестi, оперативтiк-стратегиялық жасырынуды, шетелдiк техникалық барлауға қарсы қимылды, сондай-ақ Қазақтан Республикасының Қарулы Күштерiндегi байланыстың хауiпсiздiгiн ұйымдастыру мен бақылау жоспарын ұйымдастыру жөнiндегi шараларды және басқа оперативтiк қамтамасыз ету шараларын әзiрлеу; 
Достастық мемлекеттерiмен келiсiм бойынша әскерлердiң (күштердiң) орналасуын айқындау, штаттар мен табельдердi бекiту; 
азаматтарды әскери қызметке шақыру жөнiнде ұсыныстар даярлау, сержанттармен және старшиналармен жасақтау, әскери оқудан өткен резервтердi даярлау мен шоғырландыру жоспарын әзiрлеу; 
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң қару-жараққа, оқ-дәрiге, әскери техника мен басқа да материалдық-техникалық құрал-жабдықтарға сұранысын айқындау; осы құрал-жабдықтармен республика Қарулы Күштерiнiң жұмылдырушылық жағынан өрiстетiлуiн қамтамасыз етудi жоспарлау, осы материалдық құрал-жабдықтардың оперативтiк және стратегиялық қорын жинақтау және орналастыру, сондай-ақ өз құзырының шегiндегi басқа да мiндеттердi шешу жүктеледi. 
12. Қорғаныс министрiнiң орынбасарлары, әскер түрлерiнiң қолбасшылары (командирлерi): 
бiрлестiктердiң, құрамалардың және бөлiмдердiң жауынгерлiк қолданылу жоспарын әзiрлейдi; 
жауынгерлiк кезекшiлiктi (жауынгерлiк қызметтi) ұйымдастырады, оперативтiк және жауынгерлiк даярлықты жоспарлап өткiзедi, бағыныстарындағы әскерлердiң жауынгерлiк даярлығын шыңдау жөнiндегi басқа да шараларды орындайды; 
бағыныстарындағы әскерлердi тiкелей жауынгерлiк басқаруды жүзеге асырады; 
әскерлер мен күштердi бейбiт жағдайдан әскери жағдайға жоспарлы түрде көшiрудi ұйымдастыруға бағытталған жұмылдырушылық даярлық жөнiндегi шаралар кешенiн жоспарлап, жүзеге асырады; 
әскерлердiң жауынгерлiк және оперативтiк әзiрлiгiн ұйымдастыру, базалар, қоймалар, арсеналдар, полигондар және қорғаныс мақсатындағы басқа құрылғылар құрылысын жүргiзу барысында экологиялық хауiпсiздiк шаралар кешенiн жоспарлап, жүзеге асырады; 
бағыныстарындағы әскер түрлерi құрылысының перспективалық жоспарларын әзiрлеудi, әскери бюджеттi, әскери техниканың, қару-жарақ пен мүлiктiң ескiрген үлгiлерiн жөндеу мен алмастыру жоспарларын қалыптастыруды жүзеге асырады; 
ядролық қару мен жаппай қырып-жоятын қарудың басқа да түрлерi бойынша халықаралық шарттарды сақтау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады; 
жеке құрамның мұқтаждарының толық қанағаттандырылуын техниканың, қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлiктiң дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етедi; 
жеке құрамның моральдық-психологиялық даярлығын ұйымдастырып, өткiзедi. Әскери ұжымдарды топтастыруға бағытталған кешендi шараларды жүзеге асырады. 
               VI. Қорытынды Ереже 
13. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi. 
14. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi заңды ұйым болып табылады, оның есеп айырысу шоты, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, әрi қазақ және орыс тiлдерiнде атауы жазылған мөрi, бланкiлерi, штамптерi болады. 
15. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет арқылы жүргiзiледi.