1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 552 Қаулысы
Отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізін қалаушы қағидаттары, міндеттері мен тәсілдері, экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту және қазақстандық тауарлар мен қызметтердің экспортын сыртқы нарықтарға жылжыту жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Кеңес туралы ереже;
2) Кеңестің құрамы бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 552 қаулысымен бекітілген
Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес туралы ереже
Осы Ереже Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес қызметінің міндеттерін, функциялары мен ұйымдастыру негіздерін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) мемлекеттік және жеке сектор арасындағы әріптестік қағидаттарына негізделген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негіз қалаушы қағидаттары, міндеттері мен тәсілдері, экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту және қазақстандық тауарлар мен қызметтердің экспортын сыртқы нарықтарға жылжыту жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылады.
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
4. Кеңестің қызметі елдің экономикасын әртараптандыруға және ырықтандыруға, оның шикізаттық бағытын жеңуге, адами капитал мен техникалық инфрақұрылымды дамытуға кедергі келтіретін түйінді проблемаларды жеңіп шығу мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге, сондай-ақ көрсетілген салаларда ұлттық (жалпымемлекеттік) саясат жүргізу жөнінде нақты ұсынымдар дайындауға бағытталған.
Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестермен өзара іс-қимыл жасайды.
5. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Кеңестің жұмыс органы (бұдан әрі - жұмыс органы) болып табылады.
2. Кеңестің міндеттері мен функциялары
6. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары мынадай мәселелер бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады:
Қазақстанның экономикалық жүйесін реформалау;
Қазақстан Республикасы экономикасының 2015 жылға дейінгі бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерінің сапалық жаңа деңгейіне қол жеткізу;
инновациялар мен тиімділіктің базалық факторлар көрсеткіштерін жақсарту, бизнесті, инфрақұрылымды, денсаулық сақтауды, білім беруді, нарықпен технологиялық прогрестің тиімділігін дамыту арқылы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және монополиялық қызметті шектеу;
экономиканың басым секторларына инвестициялар тарту;
Қазақстанның экономикасын әлемдік сауда үдерістеріне кіріктіру;
қазақстандық бизнестің шетелдік нарықтарға шығу үдерісін нысаналы жүйелік қолдауды ұйымдастыру;
шет елдерде қазақстандық инвесторларды қолдау;
мақсаттарды, басымдықтарды айқындау және экспорт саласында қолайлы жағдайлар жасау, шекаралас ынтымақтастық пен сыртқы инвестицияларды дамыту;
шикізат және шикізаттық емес сектор кәсіпорындары шығаратын қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
әлемдік сауда үдерісі мен өңірлік бірлестіктерге кірігу мақсатында Дүниежүзілік сауда ұйымының нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
арнайы экономикалық, сауда-экономикалық, сондай-ақ шекаралас ынтымақтастық аймақтарын құру;
мемлекеттік органдар мен экспорт және инвестициялар саласындағы жеке сектор ұйымдарының іс-әрекетін үйлестіру;
қазақстандық кәсіпорындардың сыртқы нарықтарға бәсекелестік ұстанымдарын нығайту;
теріс пиғылды бәсекелестік фактілерінің, бірыңғай бағалар мен тарифтерді белгілеу, нарықты аумақтық қағидат бойынша бөлу және басқа да әлеуетті бәсекелестердің нарыққа шығуын шектеу жөніндегі бәсекелестікке қарсы келісімдердің алдын алу.
3. Кеңестің құқықтары
7. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан өз қызметін жүзеге асыруға қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға және алуға;
2) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін Кеңестің отырыстарына шақыруға және қаралатын мәселелер бойынша тыңдауға;
3) қажеттілігіне қарай проблемалық мәселелерді талдау және зерделеу үшін мамандарды, сарапшылар мен ғалымдарды тартуға құқылы.
4. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
8. Кеңесті лауазымы Қазақстан Республикасының Премьер- Министрі болып табылатын төраға басқарады.
Кеңестің төрағасы Кеңестің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, Кеңес мүшелерінің келісімі бойынша отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ оларды өткізу уақыты мен орнын, қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды және нақтылайды, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын үйлестіреді, Кеңес шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметі үшін дербес жауапты болады.
Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
9. Кеңестің хатшысы Кеңес отырысына қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және Кеңес отырысының хаттамасын (бұдан әрі - хаттама) ресімдейді.
Хатшы Кеңестің мүшесі болып табылмайды.
10. Жұмыс органы Кеңес қызметін ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
11. Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде үш айда бір рет өткізіледі.
12. Кеңестің отырыстары Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды болады. Кеңестің мүшелері оның қызметіне алмастыру құқығынсыз қатысады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |