• Мое избранное
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу ережелерін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 19

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 327 Жарлығы

Тақырыб өзгертілді ҚР Президентінің 22.03.2013 жылғы № 527 Жарлығымен (16.11.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 26.03.2013 жылдан бастап)
Осы Жарлық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 152 Жарлығына сәйкес
Редакция 22.03.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу ережелері бекітілсін. 
2. "Мемлекеттік қызметшілерді аттестациядан өткізудің тәртібі мен шарттары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 20 тамыздағы N 3088 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 30, 268-құжат) күші жойылған деп танылсын. 
3. Осы Жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының 
Президенті
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2000 жылғы 21 қаңтардағы
 N 327 Жарлығымен
 бекітілген
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидалары
17-тармақты қоспағанда, бүкіл мәтін бойынша "Мемлекеттік органның басшысы", "мемлекеттік органның басшысы", "мемлекеттік орган басшысының", "мемлекеттік орган басшысы", "мемлекеттік орган басшысына", "Мемлекеттік орган басшысының" сөздер "Осы Ережелердің 5-2-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлға", "осы Ережелердің 5-2-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлға", "осы Ережелердің 5-2-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлғаның", "осы Ережелердің 5-2-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлға", "осы Ережелердің 5-2-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлғаға", "Осы Ережелердің 5-2-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлғаның" сөздермен ауыстырылды ҚР Президентінің 27.11.2007. № 446 Жарлығымен. (21.04.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
Қағида өзгертілді ҚР Президентінің 22.03.2013 жылғы № 527 Жарлығымен (16.11.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 26.03.2013 жылдан бастап)
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізудің осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 16-бабына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу тәртібін айқындайды.
2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – қызметін бағалау) олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін өткізіледі.
3. Аттестаттау «Б» корпусы қызметшілерінің кәсіби даярлық деңгейі мен оларға жүктелген лауазымдық міндеттерін уақтылы және сапалы, тиісті деңгейде орындау қабілетін айқындау болып табылады.
  • 1
2. «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау тәртібі
  • 1
4. «А» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау, «А» корпусында мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап үш айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.
5. «А» корпусының балалы (балалары) болуына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты демалыстағы «А» корпусының қызметшілері қызметін бағалаудан жұмысқа шыққаннан кейін алты айдың ішінде, бірақ көрсетілген мерзім басталғанға дейінгі үш айдан ерте емес мерзімде өтеді.
  • 1
6. «А» корпусы қызметшісінің қызметіне бағалауды «А» корпусы қызметшісін лауазымға тағайындау және лауазымнан босатуға құқығы бар тұлға (орган) жүргізеді. Осы тұлғаның (органның) тапсырмасы бойынша «А» корпусы қызметшісінің қызметіне бағалауды өзге лауазымды тұлға жүргізе алады.
      Орталық атқарушы орган жауапты хатшысының қызметін бағалауды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүргізеді.
7. «А» корпусы қызметшілерінің қызметіне бағалау жүргізуге дайындықты мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) не осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген тұлға (орган) айқындайтын өзге құрылымдық бөлімше ұйымдастырады.
8. «А» корпусы қызметшілерінің қызметіне бағалау жүргізуге дайындық осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мерзім басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады және «А» корпусы қызметшілерінің қызметіне бағалау жүргізуге қажетті материалдарды дайындау мен «А» корпусы қызметшілерінің қызметіне бағалау жүргізу кестесін айқындауды қамтиды.
9. Мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) не осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген тұлға (орган) айқындайтын өзге құрылымдық бөлімше «А» корпусы қызметшісін оның қызметіне бағалау жүргізілетіні туралы бағалау басталардан он бес жұмыс күн бұрын хабарландырады.
10.Қажетті материалдарға:
      1) орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау нәтижелері;
      2) мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің, олардың бағынысындағы ұйымдарының не «А» корпусы қызметшісі қызметіне жетекшілік ететін мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпарат;
      3) бағалау кезеңінде «А» корпусының қызметшісі қызметін сипаттайтын кез келген нысандағы мәлімет;
      4) осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген тұлғаның (органның) шешімі бойынша өзге ақпарат жатады.
11. «А» корпусының қызметшілері бағалау жүргізілгенге дейін мемлекеттік органға олардың кәсіби деңгейі мен жеке қасиеттеріне қатысты қосымша ақпарат бере алады.
12. «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау әдістемесін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
13. «А» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау нәтижелерін көрсету үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысандағы бағалау парағы қолданылады.
14. «А» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау нәтижелері келесі мәндегі шкала бойынша қойылады: «қанағаттанғысыз», «қанағаттанарлық», «тиімді».
15. «А» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау нәтижелері көтермелеу, оқыту, мансаптық жоспарлау, ротация жөнінде шешімдер қабылдауға негіз болып табылады. Бағалау нәтижелері бойынша «А» корпусы қызметшілерінің қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттары айқындалады.
16. «А» корпусы қызметшісінің қызметін бағалау нәтижесі оның қызметтік тізіміне енгізіледі.
17. «А» корпусының бағаланатын қызметшісі жұмыс істейтін мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) оны қызметін бағалау нәтижелерімен бағалау аяқталған күннен кейін екі жұмыс күні ішінде таныстырады.
18. «А» корпусының қызметшісі қызметін бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызметін бағалау нәтижелерімен танысқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде тиісті өтінішпен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияға (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) жүгінуге құқылы.
19. Мемлекеттік орган бағалау аяқталған сәттен соң он жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға мынадай материалдарды жолдайды:
      1) «А» корпусы қызметшісінің қызметін бағалау нәтижелері;
      2) «А» корпусы қызметшісінің қызметі туралы пікір.
«А» корпусы қызметшісінің қызметі туралы пікірге «А» корпусы қызметшісін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар тұлға (орган) қол қояды.
      Орталық атқарушы органның жауапты хатшысының қызметі туралы пікірге бағаланушы қызметші жұмыс істейтін мемлекеттік органның бірінші басшысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі қол қояды.
20. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган ұсынылған материалдарға талдау жасауды жүзеге асырады және оларды Ұлттық комиссияның жұмыс органына енгізеді.
21. Ұлттық комиссияның жұмыс органы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган ұсынған материалдар негізінде оларды Ұлттық комиссияның қарауына ұсыну туралы шешім қабылдайды.
22. Ұлттық комиссия жұмыс органы ұсынған материалдарды қараудың және «А» корпусы қызметшісімен әңгімелесу өткізудің нәтижелері бойынша келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
1) атқаратын лауазымына сәйкес;
      
2) атқаратын лауазымына сәйкес емес.
23. «А» корпусының бағаланушы қызметшісі жұмыс істейтін мемлекеттік орган үшін Ұлттық комиссия қабылдаған шешім «А» корпусы қызметшісімен еңбек шартын ұзарту не оны бұзу туралы шешім қабылдауға негіз болып табылады.
3. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау
3.1. Бағалау жүргізу шарттары мен тәртібі
24. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау мемлекеттік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, ол басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ сол лауазымға тұрған күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.
25. Мемлекеттік қызметке мемлекеттік қызмет өтіліндегі үзіліспен кірген «Б» корпусы қызметшілері мемлекеттік қызметте үзіліссіз бір жыл болғаннан кейін осы Қағидалардың 24-тармағында белгіленген мерзімде «Б» корпусы қызметшілері қызметін бағалаудан өтеді.
      
Бұл ретте «Б» корпусы қызметшiсінiң қызметін бағалау жүргізу үшін бiр мемлекеттiк органнан жұмыстан шыққан күнiнен бастап, басқа мемлекеттік органға қызметке тағайындалған күнiне дейiн үш ай өтпеген және оның аталған кезеңде өзге заңды (мемлекеттiк органдарды қоспағанда) және жеке тұлғалармен еңбек қатынастары болмаған жағдайда, мемлекеттiк қызмет өткеру үзiлiссiз болып саналады.
26. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметіне бағалау өткізу бойынша жұмысты үйлестіруді персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) жүзеге асырады.
  • 9
27. Мемлекеттік органдар «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен үлгілік әдістеменің негізінде әзірлейді және бекітеді.
28. Мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Б» корпусы қызметшісін оның қызметін бағалау жүргізілетіні туралы бағалау басталардан бір ай бұрын хабарландырады.
  • 1
29. «Б» корпусы қызметшісінің қызметін бағалау үшін Бағалау жөніндегі комиссия құрылады.
30. Бағалау жөніндегі комиссияны «Б» корпусы қызметшілерін лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар тұлға үш мүшеден кем емес, соның ішінде төрағасы бар құрамда құрады.
      
31. Бағалау жөніндегі комиссиясының отырысы, егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, құқылы деп есептеледі.
32. Бағалау жөніндегі комиссиясының шешімі комиссияның қарауы бойынша ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы қабылданады.
33. Дауыс берудің нәтижесі Бағалау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен айқындалады. Дауыстар тең түскен жағдайда комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.
34. «Б» корпусы қызметшісін бағалау нәтижелері мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысандағы бағалау нәтижелерінің тиісті хаттамасында көрсетіледі.
35. «Б» корпусы қызметшісіне бағалау нәтижелері келесі мәндегі шкала бойынша қойылады: «қанағаттанғысыз», «қанағаттанарлық», «тиімді».
36. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысандағы бағалау парағы қолданылады.
3.2. Бағалау қорытындысы бойынша шешім қабылдау
37. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау нәтижелері көтермелеу, оқыту жөнінде шешім қабылдауға негіз болып табылады. Бағалау нәтижелері бойынша «Б» корпусы қызметшілерінің қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, «Б» корпусы қызметшілеріне тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
      38. Мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Б» корпусының қызметшісін оны қызметін бағалау нәтижелерімен бағалау аяқталған күннен кейін екі жұмыс күні ішінде таныстырады.
      39. «Б» корпусы қызметшілерін бағалау нәтижесі олардың қызметтік тізіміне енгізіледі.
      40. «Б» корпусы қызметшісінің соңғы үш жыл бойы екі «қанағаттанғысыз» деген баға алуы аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
      Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
3.3. Бағалау нәтижелеріне шағымдану
41. «Б» корпусының қызметшілері Бағалау жөніндегі комиссия шешіміне бағалау нәтижелерімен танысқан күнінен кейін он жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға шағымдануға құқылы.
42. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган «Б» корпусының қызметшісінен шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде оны қарауды жүзеге асырады және осы Қағидалар бұзылған жағдайда мемлекеттік органға Бағалау жөніндегі комиссияның шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
43. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға береді.
44. «Б» корпусының қызметшісін бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурс қорытындысы бойынша тағайындаған жағдайда «Б» корпусы қызметшісінің бұрынғы жұмыс орнындағы бағалау нәтижесі аттестаттау өткізу туралы шешім қабылдауда ескерілмейді.
  • 1
4. Аттестаттау
4.1. Аттестаттау өткізу шарттары мен тәртібі
45. Жүкті әйелдер аттестаттаудан өтпейді.
      46. «Б» корпусы қызметшілері осы Қағидалардың 48-тармағында көрсетілген тұлға аттестаттаудан өткізу туралы оң шешім қабылдаған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей аттестаттаудан өтеді.
      Алдыңғы жұмыс орнында аттестаттаудан өткізуге жататын, бірақ босатылуына байланысты аттестаттаудан өтпеген, мемлекеттік қызметке үзілісті мемлекеттік қызмет өтілімен кірген «Б» корпусы қызметшілері аттестаттаудан өтпейді.
47. Аттестаттау бiрқатар дәйектi кезеңдi қамтиды:
      1) аттестаттау өткізуге дайындық;
      2) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аттестаттауға жататын «Б» корпусы қызметшісін тестілеу;
      3) аттестаттау комиссиясы өткізетін «Б» корпусы қызметшісімен әңгімелесу;
      4) аттестаттау комиссияның шешім шығаруы.
48. Аттестатталуға тиіс «Б» корпусы қызметшілерінің аттестаттаудан өту мәселелерін «Б» корпусы қызметшілерін лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар тұлға (бұдан әрі – лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар тұлға) шешеді.
      Орталық атқарушы органда, еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған «Б» корпусы қызметшілерін қоспағанда, орталық атқарушы орган қызметшілерінің аттестаттаудан өту мәселелерін орталық атқарушы органның жауапты хатшысы немесе орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері белгіленген тәртіппен жүктелген лауазымды тұлға, ал орталық атқарушы органның жауапты хатшысы немесе көрсетілген лауазымды тұлға болмаған жағдайда – орталық атқарушы органның басшысы шешеді.
      Бұл ретте орталық атқарушы органның жауапты хатшысы немесе орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері белгіленген тәртіппен жүктелген лауазымды тұлға аумақтық органдар басшыларының және басшылары орынбасарларының аттестаттаудан өту мәселелерін шешеді.
Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын орталық атқарушы органның «Б» корпусы қызметшілерінің аттестаттаудан өту мәселелерін жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар шешеді.
49. Мемлекеттік қызметте кемiнде он бес жыл өтілі бар «Б» корпусы қызметшілері тестiлеуге жатпайды.
4.2. Аттестаттау өткізуге дайындықты ұйымдастыру
50. Аттестаттау өткізуге дайындықты, лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар тұлғаның тапсырмасы бойынша персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) ұйымдастырады.
      Аттестаттау өткізуге дайындық мынадай шараларды қамтиды:
      1) аттестаттаудан өтушіге қажетті құжаттарды дайындау;
      2) аттестаттау өткізудің кестесін әзірлеу;
      3) аттестаттау комиссиясының құрамын айқындау;
      4) аттестаттау өткізу мақсаты мен тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
      5) мемлекеттiк қызмет істерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлiмшелерiмен тестілеу мерзiмдерiн келiсу.
51. Бағалау жөніндегі комиссия аттестатталуға тиіс «Б» корпусы қызметшілерін айқындайды.
52. Лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар тұлға персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) ұсынысы бойынша аттестатталуға тиіс қызметшілердің тізімі бекітіліп, аттестаттау өткізу мерзімі мен аттестаттау комиссиясының құрамы, сондай-ақ оның жұмыс кестесі белгіленетін бұйрық шығарады.
53. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) аттестатталуға тиіс тұлғаларды аттестаттау өткізу мерзімі туралы оның өткізілуіне дейін кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар етеді.
54. Аттестатталуға тиіс қызметшінің тікелей басшысы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қызметтік мінездемені ресімдеп, оны персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жолдайды.
55. Қызметтік мінездеме аттестатталушы қызметшінің мемлекеттік қызметті үзіліссіз үш жыл өткеруінен тұратын кезең ішіндегі кәсіби, жеке басының қасиеттері мен қызметтік іс-әрекеті нәтижелерінің негізделген бағасын қамтуға тиіс.
56. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Б» корпусы қызметшісін аттестаттау комиссиясының отырысына дейін үш апта мерзімнен кешіктірмей оған берілген қызметтік мінездемемен таныстырады.
57. «Б» корпусы қызметшісі өзіне берілген қызметтік мінездемемен өзінің келіспейтіні туралы мәлімдеме жасауға және өзін сипаттайтын ақпаратты кадр қызметіне беруге құқылы.
58. Аттестатталушы қызметшіге персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша аттестаттау парағын ресімдейді.
59. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) жинақталған аттестаттау материалдарын аттестаттау комиссиясына жолдайды.
4.3. Аттестаттау комиссиясы
60. Аттестаттау комиссиясын персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) ұсынысы бойынша лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар тұлға құрады және комиссия оның мүшелері мен хатшысынан тұрады. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) қызметкері не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) функцияларын атқару жүктелген тұлға міндетті түрде аттестаттау комиссиясының мүшесі болып енгізіледі.
61. Мемлекеттік органның басшысы немесе оның орынбасарлары болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілерді аттестаттау комиссиясының құрамына кіргізуге жол берілмейді.
      «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметіне жатқызылатын аумақтық бөлімшелер басшылары лауазымдарын қоспағанда, орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің басшысы қызметін атқаратын қызметшіге аттестаттау өткізетін аттестаттау комиссиясын оны осы лауазымға тағайындау құқығы бар тұлға, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі орган белгілеген тәртіппен құрады.
62. Мемлекеттік орган жұмысының функциясы бағыттарының ерекшеліктеріне байланысты бірнеше аттестаттау комиссиялары құрылуы мүмкін.
63. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) қызметкерін қоспағанда, аттестаттау комиссиясының төрағасы мен оның мүшелері аттестатталуға тиіс қызметшілермен тең лауазым немесе неғұрлым жоғары лауазымды атқаруға тиіс.
      64. Аттестаттау комиссиясының мүшелері аттестаттаудан жалпы негізде өтеді.
      65. Аттестаттау комиссиясының құрамына мемлекеттік органның әр түрлі бөлімшелерінің басшылары, кадр және заң қызметтерінің өкілдері, сондай-ақ өзге де мемлекеттік қызметшілер енгізіледі.
      66. Аттестаттау комиссиясының отырысы, егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.
      67. Дауыс берудің нәтижесі комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен айқындалады. Дауыстар тең түскен жағдайда комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.
4.4. Аттестаттау өткізу
68. Аттестаттау комиссиясы аттестаттауды аттестатталушы «Б» корпусы қызметшісінің қатысуымен өткізеді.
      Аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелді себептермен қатыспаған «Б» корпусы қызметшісі, жұмысқа шыққаннан кейін аттестаттаудан өтеді.
      Аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелсіз себептермен қатыспаған «Б» корпусы қызметшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
69. Аттестаттау комиссиясы табыс етiлген материалдарды зерделеп және тестілеуден өту кезiнде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі орган осы лауазымдар санаты үшін белгілеген шектi мәннен (бұдан әрі – шекті мән) төмен емес баға алған «Б» корпусы қызметшiсімен әңгiмелескеннен кейін мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
      1) атқаратын лауазымына сәйкес;
      2) қайтадан аттестатталуға тиiс;
      3) атқаратын лауазымына сәйкес емес.
70. Тестілеуден өтуде шектi мәннен төмен баға алған «Б» корпусы қызметшiсі әңгiмелесуге жiберiлмейдi.
      Бұл ретте мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен «Б» корпусы қызметшісіне қайта тестілеуден өту құқығы беріледі.
      Егер қайта тестілеуден өту кезiнде «Б» корпусы қызметшісі тағы да шектi мәннен төмен баға алса, аттестаттау комиссиясы мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
      1) қайтадан аттестатталуға тиiс;
      2) атқаратын лауазымына сәйкес емес.
      71. Аттестаттау комиссиясының «Б» корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымына сәйкес келмейтіні туралы қабылдаған шешімі аттестаттаудың теріс нәтижесі болып табылады.
      72. «Б» корпусы қызметшісінің кәсіби деңгейін және оның атқаратын лауазымына сәйкестігін айқындау үшін аттестаттау комиссиясы сауалнама және топтық пікірсайыс әдістерін де қолданады.
      Лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар тұлғаның шешімімен «Б» корпусы қызметшісін аттестаттауға қазақстандық және шетелдік сарапшылар, сараптамалық және консалтингтік ұйымдар тартылады.
      73. Аттестаттау комиссиясының шешімі аттестаттау комиссиясының қарауы бойынша ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы қабылданады. Аттестаттау комиссиясының құрамында бар «Б» корпусының аттестаттаудан өтуші қызметшісі өзіне қатысты дауыс беруге қатыспайды.
74. Қайта аттестаттау алдыңғы аттестаттау өткізілген күннен бастап үш айдан кейін осы Қағидалармен айқындалатын тәртіпте өткізіледі. Алдыңғы аттестаттауда тестілеуден өткен кезде шектi мәннен жоғары баға алған «Б» корпусы қызметшісі қайта аттестаттау кезiнде әңгiмелесуге қайта тестілеуден өткiзiлмей жiберіледi.
      Аттестаттау комиссиясы қайта аттестаттау өткiзiп, мынадай шешімдердiң бiрiн қабылдайды:
      1) атқаратын лауазымына сәйкес;
      2) атқаратын лауазымына сәйкес емес.
      Алдыңғы аттестаттауда тестілеуден өту кезiнде шектi мәннен төмен баға алған «Б» корпусы қызметшісіне қайта аттестаттаудан өту кезінде тестілеуден өту құқығы бір рет қана беріледі. «Б» корпусы қызметшісі осы тестілеуден өту кезiнде шектi мәннен төмен баға алса, аттестаттау комиссиясы атқаратын лауазымына сәйкес келмейтіні туралы шешім қабылдайды.
      75. Аттестаттау комиссиясының шешімдері оның мәжілісіне қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелері мен хатшысы қол қойған хаттамамен ресімделеді.
      76.Қызметші аттестаттау комиссиясының шешімімен таныстырылуы тиіс.
      77. Аттестаттау комиссиясының шешімінің көшірмесі бір ай ішінде мемлекеттік қызмет істері жөнінде уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне жолданады.
      78. Аттестаттау комиссиясының шешімі «Б» корпусы қызметшісінің қызметтік тізіміне және аттестаттау парағына енгізіледі.
      79. Аттестаттаудан өткен «Б» корпусы қызметшісінің аттестаттау парағы және оның қызметтік мінездемесі жеке ісінде сақталады.
      80. Аттестаттаудың теріс нәтижелері «Б» корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызметті тоқтату не лауазымын төмендету үшін негіз болып табылады.
4.5. Аттестаттау комиссияның шешіміне шағымдану
81. «Б» корпусының қызметшілері аттестаттау комиссиясының шешіміне мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе сотқа шағымдана алады.
82. Осы Қағидалардың бұзылуы анықталған жағдайда мемлекеттік қызмет істері жөнінде уәкілетті орган мемлекеттік органға аттестаттау комиссиясының шешімін өзгерту және (немесе) аттестаттау өткізу шараларын қолдану жөнінде ұсыныс жасайды.
83. Мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органды қабылданған шешім туралы хабардар етеді