Елдің экономикасындағы туризмнің рөлін арттыру және туризмді дамытуды үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Отправить по почте
Туризм жөніндегі кеңес құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы N 1631 қаулысы
Құжат мәтініндегі "үйлестiру кеңесiн", "үйлестiру кеңесi" деген сөздер "кеңес" деген сөзімен ауыстырылды ҚР 23.04.2003 жылғы № 387 Қаулысы бойынша (03.04.2002 ж. редакцияны қараңыз) Осы Қаулы күшін жойды 2022 жылғы 3 мамырдан бастап ҚР Үкіметінің 20.04.2022 жылғы № 231 Қаулысына сәйкес
Редакция 12.04.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Елдің экономикасындағы туризмнің рөлін арттыру және туризмді дамытуды үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Туризм жөніндегі кеңес құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Туризм жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 30 қазандағы N 1631 қаулысына қосымша
Қосымша мәтініндегі "Үйлестiру кеңесiнiң" деген сөздер "Кеңестiң" деген сөзімен ауыстырылды ҚР 23.04.2003 жылғы № 387 Қаулысы бойынша (03.04.2002 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.01.2013 жылғы № 55 Қаулысымен (13.11.2012 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.12.2013 жылғы № 1371 Қаулысымен (29.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (20.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Туризм жөніндегі кеңестің құрамы
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.02.2017 жылғы № 85 Қаулысымен (04.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.03.2021 жылғы № 145 Қаулысымен (22.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, төраға
Жол жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.02.2017 жылғы № 85 Қаулысына сәйкес (04.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі, төрағаның орынбасары
Жол жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.02.2017 жылғы № 85 Қаулысына сәйкес (04.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы, хатшы
Жол жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.02.2017 жылғы № 85 Қаулысына сәйкес (04.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі
Құрам жолмен толықтырылды ҚР Үкіметінің 22.02.2017 жылғы № 85 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Құрам жолмен толықтырылды ҚР Үкіметінің 22.02.2017 жылғы № 85 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі
Құрам жолмен толықтырылды ҚР Үкіметінің 22.02.2017 жылғы № 85 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша)
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары
Ақмола облысы әкімінің орынбасары
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары
Алматы қаласы әкімінің орынбасары
Түркістан облысы әкімінің орынбасары
Алматы облысы әкімінің орынбасары
«Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Туристік қауымдастығының президенті (келісім бойынша)
Қазақстандық қонақүйлер және мейрамханалар қауымдастығының президенті (келісім бойынша)
«Табиғат» Қазақстанның қауымдастықтары мен кәсіпорындары экологиялық одағының төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстанның туристік ұйымдарының ұлттық конфедерациясының президенті, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы жәрдемдесу қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша)
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғи ресурстар факультетінің деканы (келісім бойынша)
Қазақстанда қолөнер мен этнотуризмді дамыту орталығының директоры (келісім бойынша)
«Менің елім» ішкі туризмді дамыту қауымдастығының директоры (келісім бойынша)
«Көкше» академиясының өкілі (келісім бойынша)
«Арман Тур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)
Дүниежүзілік туристік ұйымның іскерлік кеңесінің мүшесі (келісім бойынша)
«Фирма Саят» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы (келісім бойынша)
«KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Жол жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.06.2017 жылғы № 385 Қаулысына сәйкес (22.02.2017 ж. редакцияны қараңыз)
«Қазақстан мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы жеңіл авиациясы қауымдастығының президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Туризм» мамандығы бойынша республикалық оқу-әдістемелік комиссиясының мүшесі (келісім бойынша)
«Елордалық туризм қауымдастығы Астана, Қазақстан» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
«Хан Тәңірі» туристік компаниясының бас директоры (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 30 қазандағы N 1631 қаулысымен бекiтiлген
Туризм жөніндегі кеңес туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Туризм жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - Кеңес) "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабын iске асыру мақсатында құрылды.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.04.2003 жылғы № 387 Қаулысымен (03.04.2002 ж. редакцияны қараңыз)
2. Кеңес Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
3. Кеңес қызметiнiң басты мақсаты туризмдi дамыту жөнiндегі мәселелер бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ елдiң туристiк кешенiн дамытуды жандандыруға бағытталған мемлекеттiк органдар қызметiн үйлестiру жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеу болып табылады.
4. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, өзге де нормативтiк құқықтық кесімдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.04.2003 жылғы № 387 Қаулысымен (03.04.2002 ж. редакцияны қараңыз)
5. Кеңестiң шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.
5-1. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-1-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.01.2013 жылғы № 55 Қаулысымен (13.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
2. Кеңестiң негiзгі функциялары мен құқықтары
2-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.04.2003 жылғы № 387 Қаулысымен (03.04.2002 ж. редакцияны қараңыз)
6. Кеңестiң негізгi мақсаттары мен мiндеттерi:
1) туризм саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға министрлiктердiң, ведомстволардың және өзге де ұйымдардың қатысуы жөнiнде ұсынымдарды әзiрлеу;
2) туристiк рынокта қалыптасқан процестердi талдау мен болжау негiзiнде шешiмдер қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң туризм саласындағы қызметiнiң негiзгi бағыттарын жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстарды әзiрлеу;
3) туристiк қызметi экспорттау және импорттау саласындағы демпингке қарсы саясат жөнiнде ұсыныстарды әзiрлеу;
4) туризмнiң басым түрлерi мен туристiк аймақтарды қалыптастыру және дамыту жөнiнде келiсiлген ұсыныстарды әзiрлеу;
5) мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың туризмнiң қауiпсiздiгi және туристiк лектердi бақылауды қамтамасыз ету бойынша қызметтi үйлестiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.
6-1. Кеңестiң функциялары мынадай мәселелер бойынша ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады:
2-бөлім 6-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 23.04.2003 жылғы № 387 Қаулысына сәйкес
1) Қазақстан Республикасында туризмді дамыту
2) экономиканың осы салаларына инвестициялар тарту;
3) Қазақстан Республикасына келудiң қолайлы режимiн қамтамасыз ету және туристердiң шет елдерге шығуы үшiн жағдайлар жасау;
4) республиканың туристік беделiн қалыптастыру;
5) туристiк қызмет саласында мамандар даярлау;
7. Негiзгi мiндеттердi және өз функцияларын iске асыру мақсатында Кеңес заңнамада белгiленген тәртiппен:
өз құзыретi шегiнде:
1) туризмдi дамыту мәселелерi жөнiнде мемлекеттiк органдардың және өзге де органдардың қызметiн үйлестiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеуге;
2) туристiк ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауды жүзеге асыруға;
3) туризм саласындағы заңдық және нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеу қажеттiгi туралы ұсыныстар енгізуге;
4) өз функцияларын орындау үшiн қажетті ақпаратты мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардан сұратуға және алуға;
5) Кеңестiң құзыретiне жататын қажетті материалдар әзiрлеуге ғалымдар мен жоғары бiлiктi мамандарды тартуға;
6) орталық және жергіліктi атқарушы органдардың ақпараттық деректер банкiн пайдалануға;
6-1) туристік қызметтердi тұтынушыларды қызметтер көрсетудiң сапасы туралы ақпараттандыру мақсатында оларға бекiтiлген тәртiп бойынша туристiк ұйымдардың рейтингiн жүргiзедi;
7-тармақ 6-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 23.04.2003 жылғы № 387 Қаулысына сәйкес
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы ережеге сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асыруға құқылы.
3. Кеңес қызметiн ұйымдастыру
8. Кеңес төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, Кеңес мәжілістерінде төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Кеңес жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіруге және Кеңес әзірлеген шешімдерге дербес жауап береді. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.11.2007 жылғы № 1155 Қаулысымен (28.02.2005 ж. редакцияны қараңыз)
9. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.04.2003 жылғы № 387 Қаулысымен (03.04.2002 ж. редакцияны қараңыз) 9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (20.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) 9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) 9-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.02.2017 жылғы № 85 Қаулысына сәйкес (04.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Кеңестің жұмыс органы Кеңес жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Кеңес отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Кеңес отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Кеңес мүшелеріне жіберілуі тиіс.
10. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
10-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 23.04.2003 жылғы № 387 Қаулысымен (03.04.2002 ж. редакцияны қараңыз)
11. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
11-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (20.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)
12. Кеңес мәжiлiсi қажеттілігiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi.
13. Кеңестiң кезектi мәжiлiсiнiң күн тәртiбiн, сондай-ақ оның өткiзiлетiн орны мен уақытын Кеңестiң Төрағасы белгiлейдi.
14. Кеңестiң кезектен тыс мәжiлiсiн төраға өз бастамасымен, немесе Кеңес мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екi бөлiгінiң өтiнiшi бойынша шақырылады.
15. Кеңестiң мәжiлiсi оған Кеңес мүшелерiнің жалпы санының кемiнде үштен екi бөлiгi қатысса, өкiлеттi болып саналады.
16. Кеңес отырысы өткізілгеннен кейін Кеңес хатшысы хаттама ресімдейді.
16-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (20.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Хатшы Кеңес мүшесі болып табылмайды.
17. Кеңес шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға қатысып отырған Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Кеңес отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
17-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (20.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Кеңес мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген Кеңестің есеп-хатына қоса берілуі тиіс.
Кеңес отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Кеңес хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Кеңес мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Кеңес мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
18. Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiм қабылдауға тиiстi мәселелер бойынша ұсыныстар Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiнде белгiленген тәртiппен ресiмделедi және оның мәжілісiне енгiзiледi.
19. Дауыс беру парақтарымен қоса, Кеңес материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.
19-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.02.2005 жылғы № 173 Қаулысымен (30.07.2004 ж. редакцияны қараңыз) 19-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.11.2007 жылғы № 1155 Қаулысымен (28.02.2005 ж. редакцияны қараңыз) 19-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (20.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)
4. Кеңес қызметiн тоқтату
20. Кеңес өз қызметін Нұсқаулықта көзделген негіздер бойынша тоқтатады.
20-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (20.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |