1. Қоса берiлiп отырған Теңiз портының күштерiмен және құралдарымен орындалатын жүктердi ауыстырып тиеу жөнiндегi қызметтер тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентiн белгiлеу және алып тастау ережесi бекiтiлсiн.
Отправить по почте
Теңiз портының күштерiмен және құралдармен орындалатын жүктерді ауыстырып тиеу жөнiндегi қызметтер тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффиңиентiн белгiлеу және алып тастау ережесiн бекiту туралы Қазақстан Респубикасы Табиғи Монополияларды Реттеу және Бәсекелектік Қорғау жөніндегі агенттігі Төрағаның 2003 жылғы 5 қарашадағы N 262-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 8 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2598
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1 және 15-баптарына сәйкес, теңiз портының күштерiмен және құралдарымен орындалатын жүктердi ауыстырып тиеу жөнiндегi қызметтер тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентiн ұсынудың бiрыңғай тәртiбi мен талаптарын белгiлеу мақсатында бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған Теңiз портының күштерiмен және құралдарымен орындалатын жүктердi ауыстырып тиеу жөнiндегi қызметтер тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентiн белгiлеу және алып тастау ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Көлiк және телекоммуникациялар секторларын реттеу жөнiндегi департаментi (М.А.Дәрiбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы департаментi (Б.Б.Досан) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн:
1) осы бұйрықты белгiленген тәртiпте ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң және "Ақтау теңiз сауда порты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорынының назарына жеткiзсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының бiрiншi орынбасары Ж.Ж.Ертiлесоваға жүктелсiн.
5. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
Төраға
Келiсiлдi:
Қазақстан Республикасының
Көлік және Коммуникациялар министрі
2003 жылғы 8 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі
2003 жылғы 2 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Салық комитетінің төрағасы
2003 жылғы 3 қазан Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 5 қарашадағы N 262-НҚ бұйрығымен бекітілген
Теңiз портының күштерiмен және құралдарымен орындалатын жүктердi ауыстырып тиеу жөнiндегi қызметтер тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентiн белгiлеу және алып тастау Ережесі
1. Жалпы ереже
1. Теңiз портының күштерiмен және құралдарымен орындалатын жүктердi ауыстырып тиеу жөнiндегi қызметтер тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентiн белгiлеу және алып тастау ережесi (бұдан әрi - Ереже) " Табиғи монополиялар туралы ", " Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрлендi.
2. Осы Ереже теңiз портының күштерiмен және құралдарымен орындалатын жүктердi ауыстырып тиеу жөнiндегi қызметтер тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентiн белгiлеу және алып тастау тәртiбi мен талаптарын анықтайды.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
уақытша төмендету коэффициентi - теңiз портының күштерiмен және құралдарымен орындалатын жүктердi ауыстырып тиеу жөнiндегi қызметтер тарифiнiң (бағасының, алым ставкасының) мөлшерiне уәкiлеттi орган белгiлеген шама;
өтеу кестесi - клиенттiң теңiз портына мерзiмi өтiп кеткен несиелiк берешегiн, клиенттiң және теңiз портының бiрiншi басшысының қолымен куәландырылған өтеу кестесi;
жүктердi ауыстырып тиеудiң мәлiмделген көлемi - клиенттiң немесе теңiз портының уақытша төмендету коэффициентiн белгiлеуге арналған өтiнiмiнде көрсетiлген, теңiз портының күштерiмен және құралдарымен тиеуге-түсiруге жататын жүктiң көлемi;
клиент - теңiз портының қызметiн пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
құзыреттi орган - өз құзыретi шегінде сауда мақсатында теңiзде жүзу аясындағы қызметтi үйлестiру және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
клиенттiң мерзiмi өтiп кеткен несиелiк берешегi - төлем мерзiмдерi туралы шартқа сәйкес клиенттiң теңiз порты алдындағы мерзiмiнде орындалмаған қаржылық мiндеттемелердiң, ақшалай қарыздардың сомасы;
уәкiлеттi орган - табиғи монополия субъектiлерi саласындағы қызметтерге бақылау және реттеу жүргiзетiн мемлекеттiк орган.
Осы Ережеде пайдаланылатын басқа ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес қолданылады.
2. Уақытша төмендету коэффициенттерiн белгiлеудiң принциптерi
4. Уақытша төмендету коэффициентi бұл шараның экономикалық тиiмдiлiгiн есептеу және оның мемлекет, теңiз порты және клиент үшiн мақсаттылығы негiзiнде белгiленедi.
Уақытша төмендету коэффициентiн белгiлеудiң экономикалық тиiмдiлiгi көрсетiлетiн жұмыстар мен қызметтер көлемiнiң, теңiз портының және клиенттiң алатын табыстары көлемiнiң ұлғаюымен, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейiмен және мемлекеттiк бюджетке түсетiн табыстың көбеюiмен белгiленедi.
5. Уақытша төмендету коэффициенттерi мынадай негiзгi критерийлердiң бiреуiне сәйкес жағдайда белгiленедi:
1) белгiлi бiр кезеңге арналған өтiнiмде көрсетiлген жүктi ауыстырып тиеудiң жоспарланған көлемi өткен жылдың осы кезеңiндегi жүктердi ауыстырып тиеудiң нақты көлемiнен жоғары болған жағдайда;
2) теңiз портының iске қосылмаған немесе әлсiз iске қосылған қуатын пайдалану мүмкiндiгi. Бұлай болғанда теңiз портының iске қосылмаған немесе әлсiз iске қосылған қуатын пайдаланудың мақсатқа сай екенi құзыреттi органмен расталуға тиiс.
6. Уақытша төмендету коэффициенттерiн белгiлеу клиенттiң теңiз портының алдында жұмыстарға, қызметтерге ақы төлеу бойынша несиелiк берешегi болмаған жағдайда немесе өтеу кестесiне сәйкес несиелiк берешегiн өтеген жағдайда жүргiзiледi.
7. Уақытша төмендету коэффициентiн пайдаланып, жүктердi ауыстырып тиеу бойынша жұмыстарды, қызметтердi орындаған кездегi теңiз портының алатын табыстары тиiстi жұмыстар мен қызметтердi көрсетумен байланысты шығындарды жабуға тиiс.
8. Уақытша төмендету коэффициентi айдың бiрiншi күнiнен бастап бiр күнтiзбелiк жылдан аспайтын белгiлi бiр уақытқа қолданысқа енгiзiледi.
3. Уақытша төмендету коэффициентiн белгiлеу тәртiбi
9. Клиент немесе теңiз порты (бұдан әрi - өтiнiш берушi) мынадай талаптарды сақтап өтiнiм мен Ереженiң 1-қосымшасына сай негiздеушi құжаттарды ұсынған жағдайда уәкiлеттi орган уақытша төмендету коэффициентiн белгiлейдi:
әрбiр бетке клиенттiң бiрiншi басшысы, ал қаржылық құжаттарға клиенттiң бас бухгалтерi және қол қояды. Бұл жағдайда көшiрмелiк қолдың күшi жоқ. Бiрiншi басшы мен бас бухгалтер ұсынылған ақпараттың растығына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiк артады;
алдыңғы жылғы қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижелерi бойынша нақты деректер, сондай-ақ оларды белгiлеудi сұрап отырған кезеңге уақытша төмендету коэффициенттерiн белгiлеуден күтiлiп отырған нәтижелер ұсынылады.
10. Уәкiлеттi орган уақытша төмендету коэффициенттерiн белгiлеуге өтiнiм түскен күннен бастап 5 жұмыс күн iшiнде өтiнiмдi қабылдау туралы не қабылдаудан бас тарту туралы өтiнiм берушiнi жазбаша түрде хабардар етуi тиiс.
11. Осы Ережеге сәйкес талап етiлетiн қажеттi құжаттарды ұсынбаған немесе толық көлемде ұсынбаған жағдайда уәкiлеттi орган өтiнiмдi қарауға қабылдаудан бас тартады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |