Toggle Dropdown
Теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы
Қазақстан Респубикасы Табиғи Монополияларды Реттеу және Бәсекелектік Қорғау жөніндегі агенттігі Төрағаның 2003 жылғы 5 қарашадағы N 262-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 8 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2598
Toggle Dropdown
Редакция 23.02.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1 және 15-баптарына сәйкес, теңiз портының қызметтер тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентiн ұсынудың бiрыңғай тәртiбi мен талаптарын белгiлеу мақсатында бұйырамын:
Toggle Dropdown
1. Қоса берiлiп отырған Теңiз портының реттеліп көрсетілетін қызметтер тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентiн бекіту ережесi бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Көлiк және телекоммуникациялар секторларын реттеу жөнiндегi департаментi (М.А.Дәрiбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы департаментi (Б.Б.Досан) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықты белгiленген тәртiпте ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң және "Ақтау теңiз сауда порты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорынының назарына жеткiзсiн.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының бiрiншi орынбасары Ж.Ж.Ертiлесоваға жүктелсiн.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
Toggle Dropdown
Келiсiлдi:
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Көлік және Коммуникациялар министрі
Toggle Dropdown
2003 жылғы 8 желтоқсан
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Toggle Dropdown
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі
Toggle Dropdown
2003 жылғы 2 желтоқсан
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Toggle Dropdown
Қаржы министрлігі
Toggle Dropdown
Салық комитетінің төрағасы
2003 жылғы 3 қазан
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Табиғи монополияларды реттеу және
бәсекелестікті қорғау жөніндегі
агенттігі төрағасының
2003 жылғы 5 қарашадағы
N 262-НҚ бұйрығымен бекітілген
Toggle Dropdown
Теңiз портының реттеліп көрсетілетін қызметтер тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентiн бекіту Ережесі
Toggle Dropdown
1. Жалпы ереже
Toggle Dropdown
1. Теңiз портының реттеліп көрсетілетін қызметтер тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентiн бекіту ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы", "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрлендi.
Toggle Dropdown
2. Осы Ереже теңiз портының реттеліп көрсетілетін қызметтер тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентiн бекіту тәртiбi мен талаптарын анықтайды. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
Toggle Dropdown
уақытша төмендету коэффициентi - теңiз портының реттеліп көрсетілетін қызметтер тарифiнiң (бағасының, алым ставкасының) мөлшерiне уәкiлеттi орган белгiлеген шама;
Toggle Dropdown
өтеу кестесi - клиенттiң теңiз портына мерзiмi өтiп кеткен несиелiк берешегiн, клиенттiң және теңiз портының бiрiншi басшысының қолымен куәландырылған өтеу кестесi;
Toggle Dropdown
мәлімделген көлем - клиенттің немесе теңіз портының уақытша төмендету коэффициентін бекітуге арналған мәлімдемесінде көрсетілген теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтерінің жоспарланып отырған көлемі;
Toggle Dropdown
клиент - теңiз портының реттеліп көрсетілетін қызметiн пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
Toggle Dropdown
құзыреттi орган - өз құзыретi шегінде сауда мақсатында теңiзде жүзу аясындағы қызметтi үйлестiру және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
Toggle Dropdown
клиенттiң мерзiмi өтiп кеткен несиелiк берешегi - төлем мерзiмдерi туралы шартқа сәйкес клиенттiң теңiз порты алдындағы мерзiмiнде орындалмаған қаржылық мiндеттемелердiң, ақшалай қарыздардың сомасы;
Toggle Dropdown
уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Toggle Dropdown
табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) – табиғи монополия саласындағы табиғи монополия субъектісі ұсынатын және көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгілі бір тауар беру түрінде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне анықталған тауарды беру түрінде қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне жататын көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар).
Toggle Dropdown
Осы Ережеде пайдаланылатын басқа ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы қолданыстағы заңдарына сәйкес қолданылады.
Toggle Dropdown
2. Уақытша төмендету коэффициенттерiн бекітудің принциптерi
Toggle Dropdown
4. Уақытша төмендету коэффициентi бұл шараның экономикалық тиiмдiлiгiн есептеу және оның мемлекет, теңiз порты және клиент үшiн мақсаттылығы негiзiнде белгiленедi.
Toggle Dropdown
Уақытша төмендету коэффициентiн бекітудің экономикалық тиiмдiлiгi реттеліп көрсетiлетiн жұмыстар мен қызметтер көлемiнiң, теңіз портының қолданысқа енгізілмеген немесе толық қолданысқа енгізілмеген қуаттылықтарын пайдалану мүмкіндігімен, теңiз портының және клиенттiң алатын табыстары көлемiнiң ұлғаюымен, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейiмен және мемлекеттiк бюджетке түсетiн табыстың көбеюiмен белгiленедi.
Toggle Dropdown
5. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
6. Уақытша төмендету коэффициенттерiн белгiлеу клиенттiң теңiз портының алдында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) несиелiк берешегi болмаған жағдайда немесе өтеу кестесiне сәйкес несиелiк берешегiн өтеген жағдайда жүргiзiледi.
Toggle Dropdown
7. Уақытша төмендету коэффициентiн пайдаланып, реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсеткен кезде теңiз портының алатын табыстары тиісті реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетумен байланысты шығындарды жабуға тиiс.
Toggle Dropdown
8. Уақытша төмендету коэффициентi айдың бiрiншi күнiнен бастап бiр күнтiзбелiк жылдан аспайтын белгiлi бiр уақытқа қолданысқа енгiзiледi.
Toggle Dropdown
3. Уақытша төмендету коэффициентiн белгiлеу тәртiбi
Toggle Dropdown
9. Клиент немесе теңiз порты (бұдан әрi - өтiнiш берушi) мынадай талаптарды сақтап өтiнiм мен Ереженiң 1-қосымшасына сай негiздеушi құжаттарды ұсынған жағдайда уәкiлеттi орган уақытша төмендету коэффициентiн белгiлейдi:
Toggle Dropdown
әрбiр бетке клиенттiң бiрiншi басшысы, ал қаржылық құжаттарға клиенттiң бас бухгалтерi және қол қояды. Бұл жағдайда көшiрмелiк қолдың күшi жоқ. Бiрiншi басшы мен бас бухгалтер ұсынылған ақпараттың растығына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiк артады;
Toggle Dropdown
алдыңғы жылғы қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижелерi бойынша нақты деректер, сондай-ақ оларды бекітудi сұрап отырған кезеңге уақытша төмендету коэффициенттерiн бекітуден күтiлiп отырған нәтижелер ұсынылады.
Toggle Dropdown
10. Уәкiлеттi орган уақытша төмендету коэффициенттерiн бекітуге өтiнiм түскен күннен бастап 5 жұмыс күн iшiнде өтiнiмдi қабылдау туралы не қабылдаудан бас тарту туралы өтiнiм берушiнi жазбаша түрде хабардар етуi тиiс.
Toggle Dropdown
11. Осы Ережеге сәйкес талап етiлетiн қажеттi құжаттарды ұсынбаған немесе толық көлемде ұсынбаған жағдайда уәкiлеттi орган өтiнiмдi қарауға қабылдаудан бас тартады.
Toggle Dropdown
Мұндай бас тарту жағдайында өтiнiм берушi уәкiлеттi органға бiр айдан кейiн ғана өтiнiммен жүгiнуге құқылы.
Toggle Dropdown
12. Уәкiлеттi органның өтiнiмдi қарауға қабылдағаны туралы хабарлама алғаннан кейiн өтiнiм берушi 5 жұмыс күн iшiнде осы өтiнiмдi қарау үшiн Құзыреттi органға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiне хабарламаны қоса тiркей отырып жiбередi. Клиент жоғарыда көрсетiлген мемлекеттiк органдардан басқа, өтiнiмдi теңiз портына қорытынды ұсыну үшiн жолдайды.
Toggle Dropdown
Құзыреттi орган, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi теңiз порты коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын мәлiметтердi жариялағаны үшiн заңнамада белгiлеген тәртiппен жауапкершiлiк артады.
Toggle Dropdown
13. Қажет болған жағдайда уәкiлеттi орган клиенттен, теңiз портынан және құзыреттi органнан қосымша ақпарат сұратуға құқылы.
Toggle Dropdown
Сонымен бiрге, өтiнiмдi қарау мерзiмi сұратылған ақпаратты алғанға дейiн тоқтатылады, бiрақ 10 жұмыс күнiнен аспауы тиiс.
Toggle Dropdown
14. Құзыреттi орган, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi және теңiз порты өтiнiм берушiден өтiнiм алған күнiнен бастап 10 жұмыс күнiнiң iшiнде уәкiлеттi органға уақытша төмендету коэффициенттерiн бекітудің мақсаттылығы мен ұсынылған деңгейiнiң негiздемесi не оны бекітудің мақсатсыздық негiздемесi көрсетiлетiн қорытынды ұсынады. Көрсетiлген ұйымдар қорытындыларды бекітілген мерзiмде ұсынбаған жағдайда өтiнiмдi уәкiлеттi органда өтiнiмдi қарау мерзiмiн тоқтату тиiстi қорытындылар алғанға дейiн, бiрақ 5 жұмыс күнiнен аспайтын уақытқа ұзартылады.
Toggle Dropdown
Құзыреттi орган, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi және теңiз порты қорытындыларды, сондай-ақ сұратылған қосымша ақпаратты бекітілген мерзiмде ұсынбаған жағдайда, уәкiлеттi орган жазбаша хабарлама арқылы уақытша төмендету коэффициенттерiн белгiлеуден бас тартуға не уақытша төмендету коэффициентiн белгiлеу туралы экономикалық тиiмдiлiктi бағалау негiзiнде дербес шешiм қабылдауға құқылы.
Toggle Dropdown
Уақытша төмендету коэффициенттерiн белгiлеуден бас тартылған жағдайда, уәкiлеттi орган өтiнiм берушiге, құзыреттi органға және клиентке жiберiлетiн тиiстi дәлелденген қорытынды шығарады.
Toggle Dropdown
Уәкiлеттi орган клиенттiң бастамасы, не мемлекеттiк органның өтiнiшi бойынша қосымша ақпарат алған кезде өтiнiмдi қарау мерзiмiн 5 жұмыс күнiнен аспайтын уақытқа ұзартуға құқылы.
Toggle Dropdown
15. Уәкiлеттi орган өтiнiм берушi ұсынған негiздеушi құжаттардың сараптамасын ескере отырып, құзыреттi орган, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi және теңiз порты ұсынған қорытындыларының негiзiнде өтiнiм қарауға қабылданған сәттен бастап 30 күннiң iшiнде шешiм қабылдайды. Осы Ереженiң 13 және 14-тармақтарында көзделген жағдайларда шешiм қабылдау мерзiмi тоқтатыла тұрады не көрсетiлген тармақтарға сәйкес ұзартылады.
Toggle Dropdown
16. Уәкiлеттi орган құзыреттi орган, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi және теңiз порты өкiлдерiнiң, клиенттiң және тәуелсiз сарапшылардың қатысуымен кеңес өткiзуге құқылы.
Toggle Dropdown
17. Өткiзiлген сараптама қорытындысы бойынша уәкiлеттi орган уақытша төмендету коэффициентiн белгiлеу туралы не оларды белгiлеуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Toggle Dropdown
Уақытша төмендету коэффициенттерiн белгiлеу туралы шешiм уәкiлеттi органның бiрiншi басшысының бұйрығы түрiнде қабылданады.
Toggle Dropdown
Уақытша төмендету коэффициенттерiн белгiлеу туралы бұйрық клиентке, теңiз портына және құзыреттi органға бұйрық қолданысқа енгiзiлгенге дейiн кем дегенде 10 күнтiзбелiк күн бұрын жiберiледi.
Toggle Dropdown
18. Теңiз порты тоқсан сайын уәкiлеттi органға осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес әрбiр клиент бойынша уақытша төмендету коэффициенттерiн қолданумен нақты көрсетiлген реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) туралы ақпарат ұсынады.
Toggle Dropdown
4. Уақытша төмендету коэффициенттерiн қолдану тәртiбi
Toggle Dropdown
19. Теңiз порты уәкiлеттi органның бiрiншi басшысының бұйрығымен бекітілген, теңiз порты мен клиент арасында жасалған шарт (шартқа толықтыру) негiзiнде уақытша төмендету коэффициенттерiн қолданады.
Toggle Dropdown
Осы шарт (шартқа толықтыру) уақытша төмендету коэффициентiнiң қолдану мерзiмiн және клиенттiң теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтерін тұтынудың мәлiмделген көлемiн тиiстi уақыт кезеңiнде уақытша төмендету коэффициенттерiн пайдаланбай реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынудың нақты орындалған көлемiне тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) қайта есептеуге байланысты орындамағаны үшiн жауапкершiлiгiн көздейдi.
Toggle Dropdown
Клиентпен теңiз портының арасындағы шарт (шартқа толықтыру) Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртiпте осы Ереженiң 17-тармағында көрсетiлген бұйрықтың күшiне енген күнiнен бастап 7 жұмыс күнiнен кешiктiрмей жасалуға тиiс.
Toggle Dropdown
5. Уақытша төмендету коэффициентiн алып тастау тәртiбi
Toggle Dropdown
20. Уақытша төмендету коэффициентiнiң қолданысы бекітілген мерзiм өткеннен кейiн, сондай-ақ уәкiлеттi орган теңiз портының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) жаңа тарифтер (бағалар, алым ставкалары) бекiткен сәттен бастап тоқтатылады.
Toggle Dropdown
21. Бекітілген уақытша төмендету коэффициентiн уәкiлеттi орган бекітілген мерзiм өткенге дейiн немесе мынадай жағдайлардың бiреуi болғанда алып тастауы мүмкiн:
Toggle Dropdown
1) мемлекет, теңiз порты үшiн уақытша төмендету коэффициентiн бұдан әрi қолданудың экономикалық тиiмсiздiгi;
Toggle Dropdown
2) клиенттiң теңiз портына мерзiмi өтiп кеткен берешегi пайда болған немесе өтеу кестесiн орындамаған жағдайда;
Toggle Dropdown
3) осы Ереженiң 5-тармағында бекітілген критерийлерге сәйкес келмеуi.
Toggle Dropdown
Бұл жағдайда уақытша төмендету коэффициентiн қолдануды тоқтату уәкiлеттi органмен келiсiледi.
Toggle Dropdown
22. Осы Ереженiң 21-тармағында көрсетiлген жағдайлар пайда болған кезде теңiз порты бұл туралы ақпаратты уәкiлеттi органға кешiктiрмей ұсынуы тиіс.
Toggle Dropdown
23. Құзыреттi орган, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгiнiң Салық комитетi, теңiз порты және клиент уәкiлеттi органға уақытша төмендету коэффициентiн алып тастау қажеттiгiн негiздейтiн құжаттарды ұсынып, оны алып тастау туралы ұсыныс жасауға құқылы.
Toggle Dropdown
Уақытша төмендету коэффициенттерiн алып тастау туралы шешiмдi уәкiлеттi орган қабылдайды.
Toggle Dropdown
24. Уәкiлеттi орган бекітілген мерзiм аяқталғанға дейiн уақытша төмендету коэффициенттерiн алып тастау туралы шешiм қабылдаған кезде құзыреттi органнан, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгiнiң Салық комитетiнен, теңiз портынан қорытынды, сондай-ақ клиенттен түсiнiктеме сұрауға құқылы.
Toggle Dropdown
25. Ұсынылған қорытындыларды ескерiп, уәкiлеттi орган уақытша төмендету коэффициентiн алып тастау бойынша негiздеушi құжаттарға, құжаттарды алған сәттен бастап 10 жұмыс күннiң iшiнде сараптама жүргізеді.
Toggle Dropdown
Көрсетiлген ұйымдар және мемлекеттiк органдар қорытындыларды сұраған сәттен бастап 10 жұмыс күннiң iшiнде ұсынбаған жағдайда уәкiлеттi орган бар қорытындыларды ескерiп, 10 жұмыс күннiң iшiнде уақытша төмендету коэффициенттерiн алып тастау бойынша негiздеушi құжаттарға сараптама жүргiзедi.
Toggle Dropdown
26. Жүргiзiлген сараптама қорытындысы бойынша уәкiлеттi орган бұйрық түрiнде уақытша төмендету коэффициенттерiн алып тастау туралы шешiм қабылдайды және бұйрық қолданысқа енгiзiлгенге дейiн 10 күннен кешiктiрмей құзыреттi орган мен теңiз портына хабарлама жолдайды.
Toggle Dropdown
Уақытша төмендету коэффициентiнiң қолданысын тоқтату туралы ақпаратты теңiз порты уәкiлеттi органның бұйрығы қолданысқа енгiзiлген күнге дейiн 7 күнтiзбелiк күн бұрын клиенттiң назарына жеткiзуге тиiс.
Toggle Dropdown
27. Уақытша төмендету коэффициентiн алып тастау туралы ұсыныс қабылданбаған жағдайда уәкiлеттi орган уәждемелi қорытынды шығарады және осындай ұсыныс жасаған тұлғаға жiбередi.
Toggle Dropdown
Теңіз портының реттеліп көрсетілетін
қызметтерінің тарифтеріне
(бағаларына, алым ставкаларына)
уақытша төмендету коэффициенттерін
бекіту ережесiне 1-қосымша
Toggle Dropdown
Уақытша төмендету коэффициентiн бекіту үшiн клиент немесе теңiз порты ұсынатын құжаттар мен ақпараттар тiзiмi
Toggle Dropdown
1. Жүктiң атауы, уақытша төмендету коэффициентiнiң сұралып отырған деңгейi және оны бекіту мерзiмi көрсетiлген өтiнiм (еркiн түрде).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi (заңды тұлға), жеке кәсiпкердiң мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi (жеке тұлға).
Toggle Dropdown
3. Уақытша төмендету коэффициентiнiң сұралып отырған деңгейiнiң есебiн қоса, бекітудің мақсаттылығы (экономикалық және техникалық аспектiлерi) туралы анықтама-негiздеме.
Toggle Dropdown
4. Сұралып отырған кезеңге уақытша төмендету коэффициентiн қолдануды ескере отырып және ескерусiз, өткен жылдың және алдағы аяқталған төрт тоқсанның тоқсандарға бөлумен ұқсас кезеңiмен салыстырғандағы салық мiндеттерiнiң (салық түрлерiнiң бөлiгiнде) өсу (сақталу) динамикасы туралы анықтама-негiздеме.
Toggle Dropdown
5. Алдағы кезеңдегi теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтерінің нақты көлемi. Бұлай болғанда теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтерінің нақты көлемi заттай және құндық көрсеткiште көрсетiлуi қажет.
Toggle Dropdown
6. Уақытша төмендету коэффициентiн қолдануды ескере отырып және ескерусiз мәлiмделген кезеңге арналған теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтерінің жоспарланған көлемi. Бұлай болғанда теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтерінің жоспарланған көлемi заттай және құндық көрсеткiште көрсетiлуi қажет.
Toggle Dropdown
7. Қаржылық есептiлiк (бухгалтерлiк баланс, қаржылық-шаруашылық қызмет қорытындысы туралы есеп, ақшалай қаражат қозғалысы туралы есеп, қаржылық есепке түсiндiрме жазба) және алдыңғы кезеңдегi (төрт аяқталған тоқсандағы және өткен жылдағы) қаржылық-шаруашылық қызмет талдауы.
Toggle Dropdown
8. Егер өтiнiм берушi теңiз порты болған жағдайда - теңiз портының сұралып отырған кезеңде уақытша төмендету коэффициентiн қолданумен және қолданусыз реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша табыстары, шығыстары деңгейiнiң болжалды көрсеткiшi.
Toggle Dropdown
Егер өтiнiм берушi клиент болған жағдайда - сұралып отырған кезеңде айларға бөлумен уақытша төмендету коэффициентiн қолданумен және қолданусыз теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтерін жүзеге асырудан түскен табыстары деңгейiнiң болжалды көрсеткiшi.
Toggle Dropdown
9. Ағымдағы айдың бiрiншi күнiне клиентпен теңiз портының арасындағы өзара есеп айырысуды салыстыру актiсi. Несиелiк берешегi бар болған жағдайда - клиенттiң теңiз портының алдындағы мерзiмi өтiп кеткен несиелiк берешегiн өтеу кестесi.
Toggle Dropdown
Теңіз портының реттеліп көрсетілетін
қызметтерінің тарифтеріне
(бағаларына, алым ставкаларына)
уақытша төмендету коэффициенттерін
бекіту ережесiне 2-қосымша
Toggle Dropdown
Теңiз портының уақытша төмендету коэффициентiн қолдану кезiнде тоқсан сайын ұсынатын ақпараттар тiзiмi
Toggle Dropdown
1. Уақытша төмендету коэффициентi бекітілген теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне клиенттермен жасасқан шарттар туралы ақпарат.
Toggle Dropdown
2. Уақытша төмендету коэффициентi бекітілген теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтерінің әрбiр клиент бойынша нақты орындалған көлемi.
Toggle Dropdown
3. Уақытша төмендету коэффициентiн бекіту нәтижесiнде теңiз портының әрбiр клиент бойынша теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтерінен түскен қосымша табыстарының немесе шығындарының көлемi.