Toggle Dropdown
1
Мемлекеттiк қызметшiлердi аттестациядан өткiзудiң тәртiбi мен шарттары туралы ереженi бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 20 тамыздағы N 3088.
Toggle Dropdown
"Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Заң күшi бар Жарлығын
атқару мақсатында қаулы етемiн:
1. Мемлекеттiк қызметшiлердi аттестациядан өткiзудiң тәртiбi мен
шарттары туралы қоса берiлiп отырған ереже бекiтiлсiн.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1996 жылғы 20 тамыздағы
N 3088 Жарлығымен
бекiтiлген
Мемлекеттiк қызметшiлердi аттестациядан өткiзудiң
тәртiбi мен шарттары туралы
ЕРЕЖЕ
Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Мемлекеттiк қызметшiлердi аттестациялау олардың атқаратын лауазымына сәйкестiгi мен қызметтегi перспективасын анықтау, олардың кәсiптiк даярлығының, құқықтық мәдениетiнiң деңгейiн, азаматтармен жұмыс iстеу қабiлетiн бағалау мақсатымен жүргiзiледi.
Toggle Dropdown
2. Жоғары, бiрiншi және екiншi санаттағы мемлекеттiк лауазымдардағы мемлекеттiк қызметшiлер аттестациялаудан өткiзiлмейдi.
Toggle Dropdown
3. Аттестация мемлекеттiк қызметшiнiң бастамашылығымен кейiн басқа қызметке ауыстырмастан оған аттестациялау нәтижесi бойынша кезектi бiлiктiлiк сыныбын беру үшiн өткiзiлуi мүмкiн.
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттiк қызметшiлер кемiнде үш жылда бiр рет
Toggle Dropdown
аттестациялаудан өтедi. Жүктi әйелдер, жас мамандар мен атқарып
отырған қызметiнде бiр жылдан аз уақыт жұмыс iстеген адамдар кезектi
аттестациялаудан босатылады. Баланы күтуге байланысты демалыста жүрген
әйелдер, сондай-ақ белгiлi себептерге байланысты орнында болмаған
адамдар жұмысқа шыққаннан кейiн аттестациялаудан өтедi.
Аттестациялауды дайындау мен өткiзу тәртiбi
5. Аттестациялауды өткiзуге дайындықты тиiстi мемлекеттiк
органдардың басшылығы ұйымдастырады.
Ол мынадай шараларды қамтиды:
аттестациялаудан өтетiн адамдарға қажеттi құжаттарды дайындау;
аттестациялау өткiзу кестелерiн әзiрлеу;
аттестациялық комиссияның құрамын белгiлеу;
аттестация өткiзудiң мақсаты мен тәртiбi туралы түсiнiк жұмысын
ұйымдастыру.
Toggle Dropdown
6. Аттестациялаудан өтуге тиiс әрбiр қызметшiге аттестация өткiзiлетiннен кемiнде екi апта бұрын қызметшiнiң тiкелей басшысы ұсыныс әзiрлейдi, онда қызметшiнiң кәсiби даярлығының қызметi бойынша бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгiне, оның кәсiптiк құзыретiне, жұмысқа және қызметтiк мiндеттерiн орындауға деген көзқарасына, өткен кезеңдегi еңбек көрсеткiштерiне баға беру қамтылады.
Toggle Dropdown
7. Аттестациялаудан өтетiн мемлекеттiк қызметшi аттестациялауға дейiн кемiнде екi апта бұрын ұсыныспен тапсырылуға тиiс.
Toggle Dropdown
8. Аттестациялық комиссия ұсынысты қарайды, қажет болған жағдайда аттестациялаудан өтетiн адамды және ол жұмыс iстейтiн бөлiмшенiң бастығын тыңдайды. Аттестациялаудан өтетiн адамның жұмысын талқылау субъективизмге жол бермейтiн талапшылдық, объективтiлiк пен тiлектестiк жағдайында жүргiзiлуге тиiс.
Toggle Dropdown
9. Аттестациялау өткiзудiң нақты мерзiмдерiн, сондай-ақ кестесi мен аттестациялық комиссияның құрамын тиiстi мемлекеттiк органның басшысы бекiтедi, ол туралы аттестациялаудан өтетiн қызметкерлерге аттестация басталардан кемiнде екi апта бұрын хабарланады.
Toggle Dropdown
Аттестация өткiзу кестесiнде аттестациялаудан өтетiн адам iстейтiн бөлiмшенiң атауы, оның тегi, лауазымы, аттестациялау өткiзiлетiн және аттестациялық комиссияға қажеттi құжаттар ұсынылатын мезгiл, сондай-ақ оларды әзiрлеуге жауапты қызметкерлердiң лауазымдары мен тегi көрсетiледi.
Toggle Dropdown
Әдетте, бiрiншi кезекте бөлiмше бастықтары, содан кейiн олардың қол астындағы қызметкерлер аттестациялаудан өткiзiледi. Аттестациялық комиссия мүшелерiн аттестациялаудан өткiзу жалпы негiздерде жүргiзiледi.
Toggle Dropdown
Аттестациялық комиссияның құрамы және
Toggle Dropdown
оның жұмыс регламентi
Toggle Dropdown
10. Аттестациялық комиссияны мемлекеттiк органның басшысы сол органның кадр қызметiнiң ұсынуы бойынша құрады.
Toggle Dropdown
11. Аттестациялық комиссия төрағадан (әдетте, тиiстi мемлекеттiк орган басшысының орынбасары), хатшы мен комиссия мүшелерiнен тұрады. Комиссия құрамына бөлiмше басшылары, заңгерлер және басқа да бiлiктiлiгi жоғары мамандар енгiзiледi.
Toggle Dropdown
Қажет болған жағдайда бiрнеше аттестациялық комиссия құрылуы мүмкiн.
Toggle Dropdown
12. Қызметшiнiң қызметiн бағалау мен комиссия ұсыныстары аттестациялаудан өткiзiлетiн адамның қатысуынсыз ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Аттестациялау және дауыс беру мәжiлiске аттестациялық комиссия құрамының кемiнде үштен екiсi қатысқанда жүргiзiледi. Дауыс беру нәтижесi дауыстың көптiгiмен айқындалады. Дауыстар тең түскен жағдайда, қызметшi белгiлi бiр лауазымға берiлген немесе берiлетiн сыныпқа лайықты деп танылады.
Toggle Dropdown
Аттестациялық комиссияның мүшесi болып отырған қызметшi аттестациялаудан өткiзiлген жағдайда, аттестациялаудан өтушi адам дауыс беруге қатыспайды.
Toggle Dropdown
Аттестациялау қорытындысы дауыс беруден соң қызметшiге бiрден хабарланады.
Toggle Dropdown
13. Аттестациялық комиссия:
Toggle Dropdown
мемлекеттiк қызметшiнiң атқарып отырған лауазымына сәйкестiгi туралы;
Toggle Dropdown
комиссия ұсыныстарын мiндеттi түрде орындаған жағдайда, мемлекеттiк қызметшiнiң комиссия белгiлеген мерзiм өткеннен кейiн қайта аттестациялаудан өткеннен кейiнгi сәйкестiгi туралы;
Toggle Dropdown
атқарып отырған лауазымына сәйкес еместiгi туралы шешiм қабылдайды.
Toggle Dropdown
14. Аттестациялық комиссия мемлекеттiк қызметшiнi атқарып отырған мемлекеттiк лауазымына сәйкес келмейдi деп тапқан жағдайда ол кәсiптiк қайта даярлауға жiберiлуi немесе оның лауазымы не бiлiктiлiк сыныбы төмендетiлуi мүмкiн.
Toggle Dropdown
Аттестациялық комиссияның қорытындысын ескере отырып кемiнде бiр ай мерзiм iшiнде тиiстi мемлекеттiк органның басшысы түпкiлiктi шешiм қабылдайды.
Toggle Dropdown
15. Аттестациялау нәтижелерi (баға мен ұсыныстар), аттестациялық
Toggle Dropdown
параққа (қоса берiледi) енгiзiледi, ол бiр данада жасалады және оған
аттестациялық комиссияның төрағасы, хатшысы мен дауыс беруге қатысқан
мүшелерi қол қояды.
Аттестациялық парақ пен аттестациялаудан өткен қызметкер туралы
ұсыныс оның жеке iс қағазында сақталады.
16. Мемлекеттiк қызметшiлердi бағыныстылығына қарай
аттестациялаудан өткiзу тәртiбiнiң сақталуына жоғары тұрған тиiстi
мемлекеттiк орган бақылау жасайды.
17. Аттестациялаудан өткiзуге байланысты даулар қолданылып
жүрген заңдарға сәйкес шешiледi.
Қосымша
Аттестациялық парақ
1. Тегi, аты, әкесiнiң аты ___________________________________
2. Туған жылы ________________________________________________
3. Бiлiм мен бiлiктiлiгiн көтергенi туралы мәлiметтер ________
______________________________________________________________
(қай оқу орнын және қашан бiтiрдi, бiлiмi бойынша мамандығы мен
бiлiктiлiгi, ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы )
4. Аттестациялау сәтiндегi атқарып отырған лауазымы және осы
лауазымға тағайындалған (сайланған, бекiтiлген) күнi__________
______________________________________________________________
5. Жалпы еңбек стажы _________________________________________
6. Аттестациялаудан өтушi адамға қойылған сұрақтар мен
қайтарған жауаптары __________________________________________
______________________________________________________________
7. Аттестациялық комиссия мүшелерi айтқан лер мен
ұсыныстар ____________________________________________________
8. Аттестациялаудан өтушi қызметшi айтқан лер мен
ұсыныстар ____________________________________________________
9. Дауыс беру нәтижесi бойынша қызметшi жұмысына берiлген баға:
Лауазымына сәйкестiгi __________________________________
сынып беру жөнiндегi ұсыныстар _________________________
Жақтап дауыс бергендер _________
Қарсы дауыс бергендер _________
10. лер _______________________________________________
Аттестациялық комиссия төрағасы
Аттестациялық комиссия хатшысы
Аттестациялық комиссияның мүшелерi
Аттестациялау мезгiлi ________________________________________
Аттестациялық парақпен таныстым ______________________________
(аттестациялаудан өткен
адамның қолы мен аттестациялық
парақпен танысқан мезгiлi)